Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 21:49, научная работа
Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын, ойшылдары мен зерделі зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз.
Балаға берілетін алғашқы тәрбие ата-анасын, туған-туысқандарын, жолдасын сыйлаудан басталады, себебі ата-анасын сыйламайтын жолдасына да, қоғамға да, пайда келтіре алмайды, ал қоғамаға пайда келтіре алмаса бұл тәрбие одан әрі шиеленісіп, ақыры қиын балаларға әкеп соқтырады.
Қиын оқушымен жұмыс.Мақсаты: жеткіншек дамуындағы дағдарысты түсіну үшін жеткіншектің агрессиялық әрекетіне қарсы тұру.
Міндеттері:
1. Бала бойындағы дағдарысты анықтап, сапалы өзгерістерге итермелеу.
2. Баланың тұлғалық тұтастығының бағасын сезіну.
3. Жеткіншекте жеке бастың талаптарымен үйлестіру.
Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің төмендегенін байқауға болады.
А) Ата-анамен келіспеушілік жағдайлар
Б) Мектептегі қиындық пен сәтсіздік.
В) Тәртібі қиын құрбы-құрдастарымен байланыс орнату. Отбасындағы жақсы
қарым-қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы құрбылармен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді, ендеше осы үш элемент: отбасы, мектеп, құрбы-құрдастар.
Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын, ойшылдары мен зерделі зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз.
Балаға берілетін алғашқы тәрбие ата-анасын, туған-туысқандарын, жолдасын сыйлаудан басталады, себебі ата-анасын сыйламайтын жолдасына да, қоғамға да, пайда келтіре алмайды, ал қоғамаға пайда келтіре алмаса бұл тәрбие одан әрі шиеленісіп, ақыры қиын балаларға әкеп соқтырады.
Қиын балалардың басым көпшілігі-бұлар мектеп бағдарламасын дұрыс меңгере алмайтындар, ұжымнан тысқары шығып қалатын балалар. Қиындықпен тәрбиелену-баланың теріс мінез-құлқы, дау-жанжал. Дау-жанжалдардың тууы негізінде балаларда көбінесе мынадай мінез бітістері: қозушылық, ұстамсыздық, кейде ақылға сыймайтын қасарғыштық, кекшілдік, мейрімсіздік т.б. пайда болады.
Қиын балаларда қалай тәрбиелеуге болады? Қиын бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет. Сонда балада жағымды «Мен» бейнесі қалыптасады, өіне деген сенімділігі, өзіндік сезімі туады. Мұндай «Мен» бейнесі кез келген баланың жақсы жағдайда нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді.
Тәрбиеленуі қиын балаларды болдырмау үшін ұстаз бен шәкірт арасында тартыс тумауы қажет.
«Егер » бала бұзақы болса, онда оған бала кінәлі деген А.С. Макаренко. Олай болса мұғалім біріншіден, терең білімді, жауапкершілікті жете түсінетін, сабағын жан-жақты даярлану арқылы саналы, тиімді қызғылықты етіп өткізсе, оқушылар сабаққа зейін аударады да, басқа нәрсеге көңіл бөлмейді.
Екіншіден, оқушының әрбір тәртіпсіздігі мен шәлкем-шалыстығының себебін анықтап көз жеткізіп алып барып, шере мен жазаны соған лайықта қолдау керек.
Үшіншіден мұғалім шыншыл, әділетті болуы керек.
Төртіншіден, ұстаз кекшіл болмай кеңпейілді кешірімді, мейірімді, сабырлы ұстамды болғаны жөн.
«Қиын» деген оқушының өзі бұзылған бала емес екенін ескеру керек.
1. Психологиялық түзету кезеңінде төзімділк қажет.
2. Баланың ішкі дүниесі мен қылықтарын, іс- әрекеттерін білу керек.
3. Мейірім мен сүйіспеншілік екі жақты да адамдық сипатқа жеткізетінін ұғыну керек.
4. Жан жылуын зәруліктен
құтқару, бала құқығымен
5. Жеке тұлға ретінде
дамуына ықпал ету жағын
Осы жайттарды ескере отырып тәрбиеленуі қиын баланың әрқайсысына әр түрлі қатынас жасап, оларды жеке-жеке зерттеулер жүргізіп, кеңес беріп жүйелі жұмыс жүргізу қажет.
Қиын балалармен жұмыс барысында қолданып жүрген әдістемені сіздерге жолдап отырмын. Қиын балалармен жұмыс жүргізуде көмегі тиер деген ойдамын.
Қиындық туғызатын оқушылармен жүргізілетін әңгіме.
Оқушымен әңгімелесу сұрақтары
1. Орта мектепті бітіргеннен кейін кім болғың келеді?
2. Қай пәнді жақсы көресің?
3. Сенің достарың қандай, олар туралы сен не ойлайсың?
4. Үлкендерге деген сенің көзқарасың?
Сынып жетекшімен әңгіме
1. Бұл оқушыны тәрбиелеудегі қиындықтар неден тұрады?
2. Осы оқушының қиын
екендігіне қандай дәлелдер
3. Оқу үлгерімі қандай?
4. Оқушының үйдегі тәртібі қандай?
5. Оқушының мектептегі тәртібі қандай?
Мұғалімдермен әңгіме.
1. Сіздің сабағыңызды оқушының үлгерімі және жүріс-тұрысы қандай?
2. Оқудағы, жұмыстағы оқушының қабілеті қандай?
3. Оқушының тәртіпсіздігін көрсететін жағдай, оған сіздің берген ақыл-кеңесіңіз?
Жолдастарымен әңгіме
1. Қашаннан бері жолдасыңыз?
2. Сенің жолдасыңыздың қандай қасиеті ұнайды?
3. болашаққа құрған жоспарларыңыз?
Ата-анасымен әңгіме.
1. балаңыздың жүріс-тұрысына, оқуына көңіліңіз тола ма?
2. Оның оқудағы жүріс-тұрысында сізді не қиналдырады, сіз оған қалай көмектесесіздер?
3. Болашақ мамандығын таңдауына сіздің ақыл-кеңесіңіз.
4. Ол үйде не істейді, сіздерге көмектеседі ме?
Дивиантты құлықтағы балаларды анықтауға арналған психологиялық тренингтер
Мақсаты: жасөспірімдердің өзіндік анықталуын қалыптастыру. Өзіне баға беру, өз ерекшелігін білу, өз мүмкіндіктерін анықтау, жалпы талдау жасауды меңгеру.
Міндеті:
- Оқушыларды өзіндік диагностикаға үйрету, рефлекцияға үйрету;
- Өз мінез-құлқының реакциясын, қатынасын, қажеттілігін үйрету;
- Өз кемшіліктері мен қателіктерін жете түсінуін қалыптастыру.
Ерекшелігі мен қолдануы.
Қиын оқушылардың өзіндік анықталуынқалыптастыру мектеп психологы, әлеуметтік педагогы, сынып жетекшісі жүргізеді. Берілген тренинг қиын оқушылардың өзіндік анықталуын қалыптастырады.
Тренингтік бағдарламаны жүзеге асыруы үшін 12 жылдық білім беру негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру бағытындағы, ақпараттар мен іскерліктерді меңгерген, каммуникациялық қабілетті, кәсіби психограммамен таныс білікті маман болу керек.
Тренинг жүргізу ұстанымдары мен ережелері.
Тренингтің нәтижесі оны жүргізу принциптерін дұрыс қолдана білуіне байланысты.
Әрбір сабақ белгілі стандартты формада өтеді; амандасу рәсімі, дене сергіту, жаттығулар, кіріспе ақпараттар, тематикалық бөлім, кешіру рәсімі, кері байланыс.
Тренингтік сабақ әдісі ашық қарым-қатынас түрінде; әр қайсысы өз ой пікірлерін айту, көзқарасын білдіру, бір-бірінің сөзін бөлмеу, пікірталасқа айналдырмау. Жүргізуші өз ой пікірін, көзқарасын қатысушыларға бойұсындырмау, екінші бір адамды тыңдап үйрену, шиеленісті жағдайды болдырмау керек.
«Қазір және осы жерде» ұстанымы; топ мүшелері өз назарына дәл қазіргі болған әрекетке шоғырланады.
Орындықтарды шеңбер бойынша тізіп қояды, ыңғайлы жұмыс атмосферасын құру керек. Топ 10-15 адамнан құралуы керек.
Тренингті жүргізу жетістігіне жүргізушінің тұлғасының рөлі зор. Жүргізуші тренинг барысында іс-әрекетімен, ережелерімен таныстыру қажет. Жұмыс басталмас бұрын неге көңіл бөліп, ой тоқтатуға бағыт беруі керек.
Сабақтың тақырыптың жоспары.
№ |
Тақырыбы |
Сабақ мазмұны |
формасы |
Сағат саны |
1 |
«Мен» бейнесін анықтау |
Оқушылардың өзіндік «Мен» бейнесін қабылдануын анықтау. «Мен» бейнесін қабылдатқызу арқылы өзінің әлеуметтік рөлін, статусын түсіндіру. Мен қандаймын? Мен қандай болсам сондаймын. Менің әлеуметтік рөлім қандай? Сұрақтарын ашу. Оқушының әлеуметтік бейнесін қабылдау. |
Жаттығу «танысу» амандасу арқылы, жаттығу «мен кіммін?» жаттығу «мен басқаның көзімін». Дене сергіту жаттығуы «атомдар мен молекулалар» жаттығу «бұл өмірде қандай рөл ойнаймыз?» жаттығу аффирмация кері байланыс. |
2 |
2 |
Менің ерекшеліктерім |
Оқушыларды жан-жақты жағымды (+), жағымсыз (-) жақтарын анықтау. Жағымды және жағымсыз жақтарын тазарлау, талдау. Жағымсыз жақтарын түзетуге бет бұрыс беру. |
Жаттығу «амандасу» жаттығу «таразыны» талдау. Дене сергіту жаттығуы «арқаға жазу» жаттығу «менің құндылықтарым» жаттығу «мені танып ал» жаттығу «жеке ерекшелік» кері байланыс. |
2 |
3 |
Өзіндік бағалау |
Өзіндік бағалауды анықтау, талдау адекватты өзіндік бағалауды қалыптастыру. |
Жаттығу «амандасу» жаттығу «өзін-өзі бағалау». Рубенштейннің әдістемесі. Жаттығу «сезімді тап» жобалау әдістемесі автопортрет жаттығу «мен өз»мді бағалайтыным» кері байланыс. |
2 |
4 |
Болашаққа көз қарасын анықтау |
Оқушының алдына қойған мақсатын, міндетін анықтау, болашаққа көзқарасын анықтау, талдау, қалыптастыруға бет бұрыс жасау. |
Жаттығу «амандасу» жаттығу «болашақты доспарлау» бойжазу жаттығуы «мен ең-ең...» жаттығу «жетістік» жаттығу «мен табысты адаммын» кері байланыс. |
2 |
5 |
Оқу мотивациясын анықтау |
Оқушылардың оқуға деген көзқарасын, қызығушылығын мотивациясын анықтау арқылы оқу дағдысын жан-жақтылығын қалыптастыру. |
Жаттығу «амандасу» жаттығу «мектеп
жолы» жаттығу «күнделік», «жануарлар
мектебі» жолдау әдістемесі бойжазу
жаттығу «паравоз» жаттығу « |
2 |
6 |
Қорытынды |
Өзіндік анықталудың маңызы, нені үйрендік, не алдық, проблемаларды анықтау және оны шешу жолдары қандай? Өзіндік анықталуды қалыптастыру. |
Амандасу қуаныш шеңбері. Жаттығу «мен қандаймын» жаттығу «менің проблемам» жаттығу «сиқырлы көл» релаксация «өзін қабылдау» жаттығу «өзіңе-өзің көмектес» сауалнама толтыру. Жаттығу «қошемет қуыршағы» кері байланыс. |
2 |
|
Сабақтың үлгілері
Амандасу – «танысу».
Әр қатысушы өз есімінің бірінші әріпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы; мен Айгүл ақкөңіл қызбын, серік, сенімді жігітпін,
Мен кіммін?
Жүргізуші «мен»
Мен – тұлғамын
Мен – баламын
Мен – Маратпын
Мен – оқушымын
Мен – доспын....
Әр оқушы өзін әлеуметтік ортаға кім екенін анықтап жазады.
Мен басқаның көзімен.
Ортаға бір оқушыдан кезектеп шығады. Қалған қатысушылар ол жайында қандай ой-пікірді айтады. Оқушы өзін басқаның көзімен қандай адам екенін айтады.
Атомдар мен молекулалар.
Әр қатысушы жеке – атомдар. Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі. Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құрайтынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек. Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады. Ойын бірнеше рет қайталанады.
Қорытынды: неге барлығы кіре алмады?
Ойыннан шыққандар несімен ерекшелінеді.
Бұл өмірде қандай рөл ойнайсыз?
Бүкіл әлем театр, ал адамдар актерлар. Сұраққа көп ойланбай жауап беріңіз. Бұл өмірде қандай рөл ойнайсыз? Қандай рөлде ойнағыңыз келеді?
Қағазға ойнаған рөлдеріңіз бен ойнағыңыз келген рөлдітізіп жазып шығыңыз. Өте табиғи қалыпта ойнап шығыңыз. Жаттығуды орындауда нақтыланыңыз.
Рефлекция: келіңіз талдайық, сізге қандай рөлдерді ойнау сәтті болды. Олардың қасына «+» белгісін қойыңыз. Өзіңіз ойнай алмаған рөлдерді «-« белгісімен белгілеңіз. Сізге ұнаған сүйікті ойындардың астын сызыңыз. Бұл жаттығуды орындап болғаннан кейін қандай сезімде болғаныңызды айтыңыз.
Афирмациялар.
Қазір көптеген психологиялық әдебиеттер шығарылуда. Әр түрлі мәселелерді шешуде көмектесетін афирмациялар ойлап табыңыз.
Мысалы: бір адамның ісі алғабасса, өзіңіздің жұмысыңыз жүрмесе өзіңізге деген қатынасыңызды өзгертіп, «ол жасаған іс менің қолымнанкеледі» афирмацияны қолданыңыз. «Мен жетістіктің адамымын», «Менің жағдайым күннен-күнге жақсаруда» т.с.с.
Менің ерекшеліктерім.
Шеңбер бойынша амандасу.
Көзімізді жұмамыз.
Мен өзімнің сол жағымда
Келесісіде жұмылған көзімен менің сәлемімді қабылдайды да өзінің сол жағындағыға сипап сәлем береді, әрі қарай шеңбер бойынша жалғасады. Осылайша сәлем жүргізушіге қайта айналып келгенше жалғасады.
Мақсаты: оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту, оларды адамгершілікке, шындыққа, достыққа, тәрбиелікке үйрету.
Жоспары:
1. Сәлемдесу . менің тренингтік есімім, визвитка.
2. Мен қандай адаммын?
3. Менің мақсатым?
4. Менің өмірдегі қиыншылықтарым?
5. Есте қалған қызықты оқиға.
6. Ұқсастық шегі.
7. Мен саған сенемін!
8. Ашық айтам.
9. Қорытынды.
Керекті құралдар: визитка, магнитафон, арнайы әуен, А-4 қағаз беттері, доп, тренингтік ереже, қалам.
Жүргізушіге ұсыныс:
1. Топтың жұмыс істеуін бақылап, орындалуын қатаң қадағалау. Жаттығуды түсіндіру.
2. Жаттығуды түсіндіру, сабақ ережесімен таныстыру.
3. Топтың эмоцияналдық жағдайын бақылау, керек жағдайда психологиялық көмек көрсету.
4. Қорытынды жасау.
Жүргізуші: Психолог.
Топтағы қатысушыларға төмендегі тренингтік ережені оқып, түсіндіру:
1. Топтың толық қатысуы;
2. Қатысушылардың жақсы, тату қарым-қатынастары;
3. Қарым-қатынастың ашық, әділ болуы;
4. Белсенді қатысу;
5. Осы жерде айтылғандар, топтың сыртына шығарылмайды.
1-жаттығу. Сәлемдесу. Менің
Шарты: топ дөңгелек болып отырады, қатысушылар кезектесіп сәлемдесіп, өздерінің тренингтік есімін визиткаға жазып қояды. Әрбір сәлемдесуге 3 минут уақыт қажет.
2-жаттығу. Мен қандай адаммын?
Шарты: Әр қатысушы өзінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін айтады. Ойлануға 5 минут беріледі. Топ қатысушылардың айтылған қасиеттері бойынша, жаттығу соңында, қорытынды жүргізеді.
3-жаттығу. Менің мақсатым.
Шарты: Қатысушылар өзінің алдына қойғанмақсатын айтып, сол мақсатты қалай іске асырудың жолдарын түсіндіру керек. Уақыт 5 минут, және сол мақсатқа жете ала ма, деген сұраққа жауап беру керек. -
4жаттығу. Менің
Шарты: Бұл жаттығуда қатысушылар бастарынан өткен қиыншылықтарды еске түсіріп, ортаға салады. Сол қиыншылықты айтқаннан кейін,әр қатысушы өз пікірін айтады.
5-жаттығу. Есте қалған
Шарты: дөңгелек болып отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір-біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады. Әрбір қатысушыға 4 минут беріледі.
6-жаттығу. Ұқсастық шегі.
Шарты: қатысушылар жұптасып отырады, А – форматтағы қағаз және қаламсап алады. Жанындағы жұбына қарап, ұқсастықты тауып, «Біздің ұқсастығымыз!» деп, қағаз бетіне жазады. Ұқсастықты табу үшін 4 минут уақыт керек. Жаттығу орындағаннан кейін, жұп бір-бірінің жазғын ұқсастығын оқып, өз ойларын айтады.
7-жаттығу. Мен саған сенемін.
Шарты: қатысушылар жұп құрып, бір-бірінің көздеріне қарап отырады. Алғашында ыңғайсыз сезінеді, содан кейін өз ойларын кезектесіп, мынадай сөзден бастап айтады, мысалы: «Мен саған сенемін......», өйткені, сен жақсы адамсың..... Осы кезде әуен ойнап тұру керек.