Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2014 в 08:21, лекция
Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам еміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардыи табиғи ортада хайуанаттардан белініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция, (Ксенсфэнт, Платон, Аристотель т. б.) ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды.
1. Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы...........................................3
2. Экономикалық теория пәні және оның зерттеу әдістері.......................9
2.1. Экономикалық –математикалық модель (үлгі) жасау...............10
3. Экономикалық категориялар мен заңдар.............................................14
Жеке меншік — өндіріс құрал-жабдықтарына, оның нәтижесіне жеке бір адамдардың — меншік иесінің иелік етуі. Ол екі нысанда болады: еңбекке негізделген және еа, еңбегіне негізделмеген. Еңбекке негізделген меншіктің субъектілері бір мезгілде әрі қызметкер (өзі еңбек етеді), әр меншік иесі болуы мүмкін, ол еңбек еніміне тек өзі иелік етеді, қанаудың қандайда болсын түрін қолданбайды, Еңбекке негізделмеген жеке меншік, басқа біреудің еңбегіне, жалдамалын еңбекке сүйенёді. Жұмыс күшінің өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылуы, меншік табиғатын ажырата білу, рыноктық қатынасқа еніп келе жатқан біздің республика үшін өте маңызды.
Меншіктін тағы бір түрі — аралас меншік. Мұнда жеке және қоғамдық меншіктің әр қилы ұштасуы орын алады. Мысалы, кооперативтік, акционерлік, мемлекеттік меншік. Рыноктыққатынасқа көшумен байланысты ғылыми әдебиеттерде, баспасөз беттерінде қоғамдық меншікті даттап, жеке меншікті мақтау жиі ұшырасады.Меншіктің бір түрін, екіншісіне қарама-қарсы койып, біреуіне монополиялық айдар тағудың неге соқтыратынын емір өзі көрсетті. Осымен байланысты айтарымыз, біріншіден меншіктің кай түрінің қалыптасуы, дамуы немесе жолын тарихи көонекті етуі (кеңес одағының ыдырауы) адамдардын таңдауы бойынша емес, өндірістің белгілі бір тарихи даму деңгейіне, басқа да себептерге байланысты объективті туындайды. Екіншіден, шындығына келгенде қоғамның дамуында, оның бір экономикалық системадан екіншісіне ауысуы кезеңінде меншіктің көп түрлі нысандарының болуы әбден заңды. Оның үстіне ешбір елде меншіктін бір түрі таза классикалық түрде орныққан емес. Барлық елдердің экономикасында да біз жоғарыда атап өткенменшіктің бірнеше түрлері әр қилы арақатынастан орай алды. Бұл туралы алдағы тақырыптарда кеңірек тоқталатын боламыз.
Информация о работе Экономикалық теория және саяси экономия ғылымы