Экономикалық теория және саяси экономия ғылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2014 в 08:21, лекция

Краткое описание

Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам еміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардыи табиғи ортада хайуанаттардан белініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция, (Ксенсфэнт, Платон, Аристотель т. б.) ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды.

Содержание

1. Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы...........................................3
2. Экономикалық теория пәні және оның зерттеу әдістері.......................9
2.1. Экономикалық –математикалық модель (үлгі) жасау...............10
3. Экономикалық категориялар мен заңдар.............................................14

Прикрепленные файлы: 1 файл

экон-модель.docx

— 35.57 Кб (Скачать документ)

Бұрын Ресейге қараған барлық аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда заманында аты шыққан, кейін ғмытылған есімдер де аз емес. Қазақ халқының қазір есімдері жаңғыртылып жазба мұра қазыналарында жарық көрген, әдебиет, ғылым саласында, мемлекет басқаруға катысқан қайраткерлердін экономикалық ой-пікірлерін зерттеу болашақтың ісі.

Маркстік емес деген  саяси экономияда XIXғасырдын соңы XXғасырдың басында бірнеше экономикалық мектеп қалыптасты,   олардың   бір   белігі   соңғы   уакытта   елеулі дамып,  кеңінен таныла бастады.  Соларда  XIXғасырдын екінші жартысында шекті пайдалылық пен шекті өнімділік немесе маржйнализм французша (тагёіпаі-шекті) теориясы   тұжырымдалды.   Маржинализм   теориясы — шаруашылық   қатынастарға   тартылған   жеке   субъектіні   (адамды) психология  тұрғысынан экономикалық талдау.  Осы  мек-тептің   екілдері — Менгер   (1840—1921),   Э.   Бем-Баверк (1851 — 1914),   В.   Визер   (1851 — 1926).   Ал "неоклассикалық" деп аталған экономикалық теорияның жаңа бағыты негізінен ағылшын экономисі А. Маршаллдың (1842—1924) шығармаларында тұжырымдалды. Онык басты еңбегі "Экономика   ғылымының   принциптері"    1890   жылы   жарықкөрді. Ол өндіріс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, шектелген  пайда  немесе  шекті  пайда  және  шекті өнімділік теориясын біріктіруге талап жасады. АҚШ-та Дж. Кларк (1847—1938)   шекті өнімділік және өндіріс факторларынық кему заңын тұжырымдады. Ол заң бойынша өндіріс факторлары   неғұрлым   өскен   сайын,   оның   өнімділігі   де кеми   бермек.   Сөйтіп   XIX—XX   ғасырларда   экономика ғылымында математика мектебі пайда болды. Экономикалық теорияның бұл мектебін қайраткерлррі рыноктык экономиканы сұраныс пен ұсыныстық негізінде тепе-тендікке жетуге   қабілетті   жүйе   ретінде   қарайды.   Дж.   Кейнстің (1883—1945) —1936    жылы    жарық    керген    "Жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы" еңбегінде бірқатар практикалык ұсыныстар жасалды. Кейнс Р. Канныңйнвестициядан алынған табыстың динамикасы идеясын ілгері дамытты.

Экономикалық өсу  моделін жасау үшін ол А. Афтальон мен Дж. Кларк ұсынған акселарация принципін қолданды. Экономикалық өсудін кейнстық үлгісі Р. Харрорд, А. Хаисен, Д. Хикс және П. Самуэльсон еңбектерінде ілгері дамытылды. Осыған орай экономикалық тұжырымдама Василий Леонтьев  (1906) еңбектерінде жоғары бағаланды. Экономикалық өсу теориясы У. Ростоудың —"Экономикалық өсу сатылары", Р. Аронның —"Біртұтас индустриалды қоғам" және Д. Беллпосттың —"Индустриалдық қоғам" атты еңбектерінде қарастырылды.

Батыстағы қазіргі  экономикалық ой-пікірдің белгілі өкілі  — Дж. Гэлбрейт (1908 ж.). Оның орыс тіліне аударылган "Жаңа индустриалды қоғам" (М., 1969), "Экономикалық теориялар және қоғамныңмақсатьг" (М., 1976) және "Капитализм, социализм, катар өмір сүру" атты кітаптары (М., 1988), бұрынғы кеңестік С. Меньшиковпен бірлесіп жазылды. Дж. Гэлбрейт экономиканы реттеу мәселелерін елеулі дамытумен бірге, Маркстен бөлек жаңа саяси экономия жасауға, адамзат дамуының әлемдік проблемаларын қарауға талаптанған.

XXгасырдың 20-жылдарында  бұрынғы Кенес Одағының Мемлекеттік  жоспарлау комитетінің жауапты қызметкерлері ғалым — экономистер Г. Фельдман, Н. Кондратьев, А. Чаянов, В. Немчинов, С. Струмилин КСРО экономикасын рынокқа көшіру мәселелеріиің баламалы бағдарламасын жасады. Олардың экономикалық теорияга қосқан үлестері өз алдына зерттеуді қажет етеді. Жалпы бұрынғы ойшыл. экономистердін теорияларын, ғылыми пікірлерді және тұжырымдарды қоғамдық дамудың уақыты мен орнына қарай шығармашылықпен пайдалану өмір талабы дер едік. 

 

3.  ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР МЕН ЗАҢДАР

Адамзат қоғамын, оныңнегізі экономиканы зерттейтін ғылым саласы — экономиялық теория. Бұл теорияның даму сатылары сауатты азаматтардың баршасын да қызықтыратыны, ынталандыратыны  сөзсіз. Өйткені қазіргі дәуірде экономика мәселелерінен мағлұмат алмаған адам өзін білімді маман қатарына. жатқызбақ тұрсын, күнделікті өмірге қажет сауалдарға да жауап бере алмайды. Экономика мен саясат тыгыз байланысты. 1985 жылдан бастап бұрынғы кеңес елінде түбірлі әлеуметтік-экономикалық сапалы өзгерістердің болуы халықтың, жеке ұлттардың қоғамдық сана-сезімін жандандырьіп олардың эконокикалық ой-пікірлерінің жаңаша қалыптасуына жол ашты.

Ғылым догма емес дегенді басшылыққа алсақ, саяси экономия пәнінің орнына экономиялық теорияның жалпынегіздері деп  оку  процесін  жалғастыру  қазіргі  кезеңнің, қоғамдық дамудын ұзақ мерзімге арналған бағытын ескеруге,   онымен   бірге   әлемдік   экономикалык   ой-пікірдін тиімді,    елеулі   деген   үлгісін   пайдалануға   байланысты. Біздің   ойымызша,   тәуелсіз   алған    Қазақстанның   ерекшеліктеріне сай өзінің экономиялық теориясы болу керек. Әрине, тәуелдікке ие болған ел, әлемдік елдер қауымынан, бұрын Кеңес Одағы құрамындагы елдерден оқшау болмақ емес,  керісінше, экономикалық интеграция,  халықаралық еңбек    бөлінісі    артықшылықтарын    пайдалануы    кажет. Кеиес Одағында  Шығыс  Еуропадагы социалистік елдерде қайта құру  кезінде кең  көлемді  экономикалық дағдарыс басталды  да,  оның   көрінісі  қоғамдық өмірдің  салаларын қамтыды. Осы мерзімнен бастап экономикалық ой-пікірдің дамуына көңіл бөлсек,   1985 жылы басталған кайта құру процесінің алғашқы 4—5 жылында әкімшілдіксоциализм моделі орнына социализмді онан әрі жетілдіру қажет деген ұран басшылыққа  алынған саясат жүргізілді.  Бұл  саясат арқылы  экономикалық даму процесін іске асыру мүмкін болмаған соң, экономиканы дағдарыстан шығарудыңбасқа жолы   ізделді.   1991   жылдың   соңында   Кеңес   Одағының ыдырауына  байланысты  бұрынғы  одақтас республикалар, оның   ішінде   Қазақстан  да  ілгері   дамудын,   дағдарыстан жедел шығудың амалын іздей бастады. Осы киын-қыстау кезенде Республика Президентінің стратегиясы жарияланды. Бұл стратегия бойынша Қазақстан Республикасы ал-дағы 15—20 жыл мөлшерінде экономикасы дамыған елдер қатарына   қосылуды,   демократиялық   құқықты   мемлекет болуды көздеп отыр. Осы ізгі мақсатты жүзеге асырудың шешуші      кепілі      экономиканы      өркендету,      ендірістің тиімділігін   арттыру,   сол   сияқты   металл-машина   жасау, отын-энергетика, халық тұтынатын өнеркәсіп бұйымдарын  көбейту. Экономикалық өркендеудің бірден-бір даму жолы тауар-ақша қатынастарын кеңінен дамыту, сауда қатынастарын жетілдіру,  рынок инфрақұрылымын қалыптастыру. Ондаған жылдар адамдар санасына сіңіп қалған социализм саяси экономиясы оқулықтарында тауар-ақша қатынастары женінде   шындыққа   сәйкес   келмейтін   қағида   дәріптеліп келгені белгілі. Бұл қағида бойынша социализмде капиталистік елдерде кең тараған рынок қатынастары болмайды, бұл  жағдайда бір орталықтан басқаратын өндіріс  құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын жоспарлау, бөлу процесі іске асуға тиіс деген ұғым берік  неғұрлым кең қолдану. Экономикасы тиімді дамыган елдер осы қатынастарды жан-жақты пайдаланып келеді.

Қазіргі   тәуелсіз   Қазақстанда   жалпы   табиғи-тарихи заңдылыққа сәйкес ,ХХІ ғасырдын қарсаңында рыноктык қатынасқа бағыт алынды.  Осыған орай кептеген күрделі мәселелерді тұңғыш рет шешуге ұмтылып келеміз. Эко-номикада әкімшілдік-шаруашылық жүйесінен арыла келе рынок    шаруашылығына    қажет    алғы    шарттар    жасау максаты  жүзеге. асырылуда.   Рынок  экономикасына  кешу бір  дүркің  қозғалыс  емес,   ол   тарихи  тұрғыдан  алғанда адамзат   қоғамының   көп   жағдайда   экономикалық   және әлеуметтік прогресін айқындайтын табиғи процесс. Рыноктық катынастар алғашкы қауымнын ыдырау кезінде пайда болды да, оның өркендегеи дәуірі капиталистік қоғам екені де  белгілі.   Капитализмде адамның   "рыноктық"   тәрбиесі бала   кезден- басталып,   бүкіл   өмір   бойы   кәсіпкерлікке, іскерлікке бейімделіп отырады.

Әрине біздің елімізге бүкіл әлемдік рынок экономикасының  тйрихын,  даму  сатыларын басынан өткізу  міндет емес.    Біз   басқа   мемлекеттердің   тәжірибесін   ескеруге тиістіміз.   Қазақстан  экономикасынын  басқа  мемлекеттер ,   тәрізді рыноктык қатынас бағытында дамуы сөзсіз. Осыған орай алға қойған мақсатымыз,  қандай қоғам орнату,  ол қоғамның әлеуметтік бейнесі кандай болмақ? деген сұрақ жиі қойылып жүр. Сондай-ақ кешегі әкімшілдік социализмнен кері қарай капитализмге көшудеміз деушілер де бар. Капитализм дегеніміз тарихи-табиғи калыптасқан, рыноктық тауар-ақша қатынасына жан-жақты дамыған қоғамдық құрылыс.    Еркін   бәсеке    зандылықтарын   зерттеген   аса көрнекті экономистер Адам Смит, Давид Рикардо, Джон Стюарт   Милль,   Карл   Маркс   болса,   бұл   қоғамның   XXғасырдағы ерекшеліктерін талдауда В. И. Лениннің, Джон Мейнард Кейнстің, тағы басқа зерттеушілердің енбектері ерекше рөл атқарды.

Қазақстан экономикасынан капиталистік қоғам туады деген қағида шындыққа жатпайды. Себебі, республика халық шаруашылыгы, оның өндіргіш күштері, ғылыми-техникалық мүмкіндіктері, халықтың тәжірибесі, ой-пікірі капиталистік жолға түсуге жол ашпайды. Демек, біздің экономикамыз әлеуметтік бағыт алған аралас рыноктық экономика болуға тиіс. Мұңдай қоғамды не капиталистік,не социалистік қоғам деп атауға болмайды.

Аралас экономика XIXғасырдың соңғы ширегінде өнеркәсіпті шоғырландыру процесі нәтижесіңде күрделі корпорациялар, монополистік ұйымдар арқылы пайда болды. XXғасырдың 30-жылдарында аралас экономика теориясына Д. М. Кейнс өз үлесін қосты. Кейнс мемлекеттік күрделі қаржылар баскармасын құру кажет деп санады. Сонымен бірге жекеменшік капиталы да керек деген пікір айтты.

Аралас экономиканың бірнеше белгілері бар. Бірінші  белгісі — мемлекеттік меншіктің  экономикада белгілі үлес салмағының сақталуы. Екінші белгісі — бұл экономика құн және жоспарлық қатынастар аркылы реттеледі. Осы тұтқалардықолдануды мемлекеттік жоспарлау орындары жүзеге асырады. Аралас экономиканың елеулі сипаты макро және микроэкономикалық дәрежеде ұйымдастыру, басқарудағы экономикалық тұткаларды кеңінен пайдалану.

Аралас экономикада  рынокты жарнама (реклама), маркетинг, жоспарлау тагы басқа ұйымдастыру  шаралары аркылы күрделі, орташа және ұсақ кәсіпкерлік тиімділігін, жолдарын реттеуге болады. Бірақ аралас экономикада  ендірілетін өнім көлемін мемлекет жоспар арқылы белгілемейді, кайда,қанша, және қандай тауар өндіріп, қызмет көрсету кажеттілігін рынок өзі анықтайды.

Жоғарыда көрсетілген  аралас экономиканың негізгі белгілері  қоғамның қазіргі индустриялык даму дәрежесіне тән экономикалық жүйенің  ерекше зандылықтарына багынышты. Бұл заңдылықтар дегеніміз жеке меншікке негізденген тауар өндірісі мен мемлекеттік меншіктегі тауар-ақша қатынастарының көрінісі. Тауар өндірісшін негізгі заңы — құн заңы. Бұл заңның бастыталабы рынокта тауардың бағасын белгілегевде оны өндіруге жұмсалған еңбек шығыны еске алынады. Еңбекдегеніміз қүштіңақшалай керінісі. Еркін бәсеке үстемдік ететін капиталистік қоғамда жеке тауар ендірушілер өз тауарына баға тағайындағанда оған жұмсалған еңбегіне сай езіне қажет заттар алуды көздейді. Осыған орай тауарлы акша қатынастарына рыноктық экономика қажет болатынына тоқтау керек. Бұл алдағы тақырыптардын міндеті.

Экономикалық категориялар — адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық көрінісі. Өндірістікқатынастардың мәнін  ашу, талдау нәтижесі экономикалык категориялар болып табылады. Мысалы, тауар, құн, косымша құн, акша, капитал, пайда, баға, өндірістік қорлар, рынок т. б. экономикалық категорияларды жіктеп, талдау экономикалық заңдардың объективті сипатын, коғамдық өндірістегі рөлін, экономикалық емірдегі құбы-лыстарды сипаттап қорытындылауга кемектеседі. Экономикалық    категориялар    тарихи    сипатта    болады,     оларқоғамдық формацияныңқалыптасу, даму процесін сипаттайды.

Экономикалық зандар — адам қоғамы дамуынын турлі сатыларыңда өндіру, белу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларында қатынастарды анықтайды. Олар қоғамның экономикалык өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланысын. көрсетеді. Экономикалық зандар объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз туып, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалык жағдайлармен бірге өзгеріп, дамып отырады.

Экономикалық процестер  күрделі және сан алуан, бұлардағы  тұрақтылықпен езгермешелік тарихи тұрғыдан бір-бірімен ұштасып жатады. Осыған сәйкес бұл процестердің ішкі байланыстары мен тәуелсіздіктерін бейнелейтін заңдар да барынша әр түрлі және әр типтес болады.

Табиғат құбылыстары  сияқты, адамзат қоғамының дамуы  белгілі бір объективті заңдарға негізделеді. Құбылыстар менпроцестердің мәніне үңіле отырып, олардын даму зандарын ашамыз. Мұндағы бір маңызды, ескеретін жәйт, заңдар кез келген байланыс пен қатынастарды емес, тек маңызды     катынастарды     ғана     сипаттайды,     жоғарыда айтқанымыздай  заңдар адамдар санасынан туындамайды, ол   объективті   шындықтан   туындайтын   құбылыстар   мен процестердің өзіне тән. Нақты құбылыстарға үңіле отырып заңдардың да мәнін ашуға болады. Экономикалық заңдар экономикалық процестердің, оның ішкі себеп-салдарының өзара   тәуелділігін   сипаттайды.   Олар   табиғат   заңдары сияқты объективті. Солай бола тұрғанымен экономикалық заңдар    табиғат   зандарынан   өзгеше.    Өйткені,    табиғат заңдары оның өзіне тән құбылыстарынан туындап, көрініс алса, экономикалық заңдар адамдардың өндірістік экономикалық іс-қимылымен байланысты туындайды.  Мысалы, әлемдік тартылыс заңы адамдар мен адамзат қоғамы да-мұынан бұрын да орын алып әрекет еткені белгілі.

Экономикалық заңдардың  табиғат заңдарынан ерекшелігі ұзақ мерзімді емес. Олардың көпшілігі белгілі бір тарихи кезенде әрекет етеді де, кейін жаңа экономикалық заңдарға орын береді. Экономикалык зандар мәңгі емес, олар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туып және өзгеріп, немесе жойылып кетіп отырады. Әрдайым ескеретін бір жәйт — ескі экономикалық заңдар адамдар еркімен жойылып кетпейді, тек жаңа экономикалық жағдайлардың туындауымен өз күшін жояды. Яғни адамдар өз еркімен, шешімімен бір экономикалық заңды жоққашығарып, оның орнына жана заңдарды жасай алмайды. Экономикалық зандардың күшінің жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз қогамдағы объективті экономикалық хал-ахуалдын, процестердің өзгерісімен тікелей байланысты.

Экономикалық заңдар өздігінен, адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керісінше, олар тек адамдардың іс-әрекеттері арқасында ғана қалыптастып, көрініс алады. Демек, эко-номикалық заңдар адамдардың санасынан тәуелсіз болғанымен олардын іс-қарекетінен тәуелсіз емес. Адамдар экономикалық заңдарды танып-біліп, олардың объективті талаптарына сай шешімдер қабылдап, санасатын болса ғана заң жүзеге аса алады. Бұл талап-тілектерге кайшы келетін кез келген әрекет, сөзсіз, шаруашылық киындықтарына, орынсыз шығындарға соқтырмай қоймайды. Рыноктық   қатынасқа    ену    жолында   осыны    қатаң    ескеруқажет.

Қандайда болсын қоғамның экономикалық жүйесінің мәнін түсіну үшін ең алдымен бастапқы теориялық ұғымдарды анықтап алу лазым. Элементтер жинағы ол экономикалық қатынастардың ең басты, анықтаушы элементі — әндірістік қатынастар немесе өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну. Тұтас алғанда өндірістік қатынастардың негізін өндіріс құрал-жабдықтарына меншік қатынасы құрайды. Осы арқылы бүкіл  экономика іргелі, түбірлі өзгерістерге ұшырайды.  

 Тұрмыстық мағынада  меншік дегеніміз заттарды иемдену  болса, ал экономикалық мағынада меншік деп нені айтамыз? Адам өмір  сүру үшін-Өндіруі керек, өндіру үшін өндіріс құрал-жабдықтары қажет. Міне, осымен байланысты адамдар бір-бірімен қатынасқа енеді, ол өндіріс құрал-жабдықтарьн  иемденумен байланысты. Мұнда мынадай сұрақтарга жауап беріледі: өндіріс құрал-жабдықтарына, онымен өндірілген екбек өнімдеріне кім иелік етеді? Сонымен, меншік жай ғана зат емес (заттар арқылы мате-риалданганмен)      материалдық игіліктерді, иемденудін   тарихи қалыптасқан нысаны. Меншік қатынасы мыналар:

а) иемдену, иелік  ету;

ә) "материалдық жабдықтарды шаруашылық тұрғыдан пайдалану;

б) экономикалық тұрғыдан өткізу (өткізілсе, "меншік" иесіне табыс әкеледі деген сөз). Меншік көп  қырлы, күрделі түсінік. Оны тек өндірістін заттық факторларына балау дұрыс емес. Ол жұмыс күшінің ендіріс құрал-жабдықтарымен қосылу әдісі мен типін көрсетеді, ал мұның езі, әрбір қоғамның экономикалық жүйесінің маңызды сипаты. Меншік қатынасы бүкіл шаруашылық организімін, яғйи бүкіл ұдайы өндіріс қатынасын (өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну) қамтиды. Меншік қатынасы қандай сипатта болса, ұдайы өндіріс сипаты да сондай болганы. Меншік — тарихи ұғым. Жалпылама меншік деген түсінік жоқ, ол белгілі бір нақты тарихи нысанда орын алады. Тарихта әр түрлі меншік нысандары болғаны белгілі, оны жеке және қоғамдық меншік деп екі түрге топтауға болады:

Информация о работе Экономикалық теория және саяси экономия ғылымы