Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2014 в 22:06, реферат

Краткое описание

Мемлекет басшысы өзінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында еңбек нарығының тиімділігін арттыру, табысы аз адамдарды, жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен айналысушыларды жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларына тарту міндеттерін жүктеді.

Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы.

Содержание

Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу.
Жұмыспен қамтудың өсуі.
2016 жылға арналған жұмыс жағдайы.
Жалпы жұмыс туралы түсінік.

Прикрепленные файлы: 1 файл

жұмыспен қамту.doc

— 129.50 Кб (Скачать документ)

 

облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаның орындалуы туралы есептерін тыңдайды.

 

Аудандық (қалалық) комиссиялар:

 

жергілікті жұмыспен қамту органдары ұсынатын ақпараттар мен құжаттар негізінде Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларына іріктеу жүргізеді және тиісті ұсыныстарды қарау үшін өңірлік комиссияларға жібереді; 

 

 жеке кәсіпкерлікті дамытудың  басым бағыттарына келісім береді;

 

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру туралы шешім қабылдайды.

 

Облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар:

 

аудандар мен қалалардың әкімдері ұсынған жобаларға және Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын іс-шаралар жоспарларына келісім береді;

 

Бағдарламаның өңірлік құрамдас бөліктерін қаржыландыру лимиттері жөніндегі ұсыныстарды  өңірлік комиссияның және Бағдарлама операторының  қарауына енгізеді;

 

ауыл шаруашылығы және экономикалық даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орталық органдармен келісім бойынша  экономикалық әлеуеті төмен елді мекендердің тізбесін айқындайды және Бағдарламаға қатысушылардың көшу жоспарын әзірлейді.

 

            Өнімді еңбекке ынталылықты және  экономикалық белсенділікті күшейту  жөнінде халықпен жұмыс жүргізу  тиімділігін арттыру үшін аудандық (қалалық) маңызы бар жергілікті  атқарушы органдардың жұмыспен  қамту қызметі жаңғыртылатын  болады.

 

            2011 жылы (пилоттық кезең) аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімдерінде мемлекеттік  мекеме нысанында Жұмыспен қамту  орталықтарын құру жоспарланған, олардың қызметкерлері (азаматтық  қызметшілер)  Бағдарламаны  іске асыруды қамтамасыз ететін болады.  Бағдарламаны қаржыландыру тиісті қаржы жылдарына арналған мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат шеңберінде, жыл сайын кемінде 100 млрд. теңге мөлшерінде жүзеге асырылатын болады.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

       1.Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.

2.Осипова Г.М., Экономикалық теория негіздері Алматы-2002.

3.Шеденов Ө.К., Сағындыков Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И., Жалпы экономикалық теория Ақтюбе-2004.

4.Макконелл К.Р., Брю С.Л., Экономикс: принципы, проблемы и политика М: Республика,1992

5.Экономикалық теорияның негіздері, оқулық Алматы,2002

 


Информация о работе Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу