Жүк стансасының жалпы сипаттамысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 19:43, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты – технико – эксплуатациондық көрсеткіштер есебінің өндірістік бағдарламасын құру, 1м2 жүктік стансасының өзіндік құнын есептеу және практика кезінде қолдана білуді үйрену болып табылады.
Менің курстық жұмысымда теміржол көліктерінде тасымалдауды қамтамасыздандырудың эксплуатациялық шығындар есебін көздейді. Берілген көлеммен тасымалдау ара – қатынастары бойынша жүк айналымы, жүк тиеудің техникалық нормасы, вагон ағымы, жүк операцияларын орындау уақыты мен станса жұмыскерлерінің саны анықталады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой экономика.docx

— 94.02 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

Жүктерді жаппай тиеу немесе түсіру аудандарында жүк стансасын орналастырады. Жүк стансаларының құрылымдық сұлбасы және олардың орналасу аймағы, жұмыстың сипаты мен көлеміне, жердің геологиялық және басқа да ерекшеліктерінде сейкес техникалық – экономикалық есептемелердің негізінде жасалады.

Теміржолдағы жүктік стансаларда жүктер мен жүк вагондарына тасымалдауға қабылдау, сақтау, тиеу – түсіру, жүктерді сұрыптауға беру, тасымалдау құжаттарын рәсімдеу (натур қағазы, жол тізім парағы, жол тізім парағының түбіртегі),  жүктік және коммерциялық операцияларды орындайды.

Курстық жұмыстың мақсаты – технико – эксплуатациондық көрсеткіштер есебінің өндірістік бағдарламасын құру, 1м2 жүктік стансасының өзіндік құнын есептеу және практика кезінде қолдана білуді үйрену болып табылады.

 Менің курстық жұмысымда  теміржол көліктерінде тасымалдауды қамтамасыздандырудың эксплуатациялық шығындар есебін көздейді. Берілген көлеммен тасымалдау ара – қатынастары бойынша жүк айналымы, жүк тиеудің техникалық нормасы, вагон ағымы, жүк операцияларын орындау уақыты мен станса жұмыскерлерінің саны анықталады.

Жүктік стансаларға негізгі жағдайда жүктік және соған байланысты операциялар орындау жатады.Теміржол  желілеріндегі саны 800-ден асады. Бұл стансалар сонымен қатар жүктік операцияларға байланысы жоқ транзиттік пойыздарды белгілі бір көлемде өткізуге болады.

СЦБ бөлімінің жұмысына байланысты бастапқы және алынған деректер бойынша шығындар есептелінеді және теміржолдың мазмұны жіктеледі.

 

 

  1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ

 

    1. Жүк стансасының жалпы сипаттамысы

 

Жүктік стансалар құрылымдық сұлбасы және олардың аймағы, жұмыстың сипаты мен көлеміне, жердің геологиялық және басқа да ерекшеліктерінде сәйкес техникалық – экономикалық есептемелердің негізінде жасалады.

Жүк стансалары негізгі қызметіне және жұмыс сипатына қарай бірнеше түрге бөлінеді:

  1. Мамандандырылмаған стансалар – арнайы тиеп – түсіру механизмдері жоқ, жүк вагондарын құрастыру және тиеп – түсіру жұмыстары атқарылатын стансалар.
  2. Мамандандырылған стансалар – жалпы қолданыстағы белгілі бір жүктерді тиеп – түсіруге арналып, жобаланған арнайы тиеп – түсіру механизмдері бар стансалар.
  3. Қайта тиеп – түсіру стансалары – жол табанының ені бойынша вагон арбашаларының ауыстыруға арналған стансалар
  4. Жағажайлардағы стансалар – су көлігімен темір жол көлігіндегі жүктерді алмастырып, тиеп – түсіру, сақтау операциялары атқарылатын стансалар.
  5. Кірме жолдарға арналған стансалар – стансаның өз аумағындағы тиеп – түсіру және жүкті сақтау операциялары орындалмайтын, тек қана кірме жолдардың вагондарын құрастырып, таратуға арналған стансалар.
  6. Желілік жүктік стансалар – транзитті өтпелі жүк пойыздарына қызмет көрсететін стансалар.

Жүктік стансада болатын нысандар мен техника жабдықтары:

  • техникалық кеңсе;
  • вагон өлшегіштер;
  • вагондарды жөңдеуге арналған жолдар;
  • вагондарға техникалық қызмет көрсету нысаны;
  • түйіспе жолдар;
  • жүк қоймалары;
  • тиеп – түсіру құрылғылары;
  • қабылдап – жөнелту және сұрыптау жолдары;
  • шағын сұрыптау дөңестері;
  • жүк ауласына арналған өтпелі жолдар.

Жүктік стансада келесі операциялар атқарылады:

  • жүкті тасымалдауға дайындау және тасымалдау құжаттарын жасау;
  • жүктерді тиеп – түсіру аймағындаға жүк қоймаларына жеткізу және салмақтарын анықтап қабылдау;
  • тасымалдау құнын есептеу және тасымалдау құжаттарын толтыру;
  • жүкті тиеу және вагон парақшасын толтыру;
  • тасымалдау құжаттарын станцияның техникалық кеңсесіне тапсыру.

 

    1. Жүктің көліктік мінездемесі және жіктелуі

 

Жүктер темір жол көлігінде 3 топқа, яғни құрғақ жүктер, құйылмалы жүктер және жанды жүктер.

  • Құрғақ жүктерге жатады:
  • үйілмелі жүктер: көмір, руда, т.б.;
  • бастармалы жүктер: құрылыс материалдары;
  • контейнерлер;
  • қорапты дара жүктер.
  • Құйылмалы жүктерге жатады:
  • сығылған газдар;
  • мұнай өнімдері;
  • химиялық өнімдер;
  • астық өнімдері.
  • Жанда жүктерге жатады:
  • жануарлар;
  • құстар;
  • балықтар.

Жүктер ерекше қасиеттерімен тасымалдау шартына сәйкес бірнеше топқа бөлінеді:

  • қоршаған ортаның жоғарғы және төменгі температурасынан қорғауды талап ететін жүктер (егін, балық, құс және мал шаруашалығы);
  • ауаның ылғалдылығын еркін сіңіріп, өздерінің қасиеттерін өзгертетін, бұзылатын жүтер (цемент, тұз, қант, мақта);
  • өзге заттардың иісі тез сіңетін жүктер (шай , қант);
  • ерекше иіс шығарып, басқа заттардың бұзылуына әсер ететін жүктер (балық өнімдері, тері шикізаты, темекі, мұнай өнімдері);
  • сақтау барысында физикалық және химиялық қасиеттерін өзгертпейтін жүктер (тас көмір, қара және түсті металл кендері, минералды құрылыс материалдары);
  • тасымалдау кезінде қатып қалып, кесек болып қалатын, яғни сусымалы қасиетін жоғалтатын жүктер (ұсақ тас көмір, тұз);
  • ұзақ сақтаумен тасымалдау кезінде жүктің жоғарғы қабатының, қысымының нәтижесінде жүктердің тығыздалып, жабысып қалуымен сипатталатын жүктер (цемент, саз);
  • тасымалдау кезінде өрттің шығуымен,  жарылыстың болуына және адамдар мен жануарлардың ауруына, улануына немесе күйіп қалуына ықпал ететін қауіпті жүктер (жарылғыш заттар, радиоактивті химиялық өнімдер, судың әсерінен жанатын заттар, өзі тұтанғыш заттар);
  • тасымалдау және сақтау барысында салмағын жоғалтатын жүктер (көкөністер, бақша дақылдары, ет өнімдері);
  • жанды жүктер;
  • машина жасау өнімдері.

Тасымалдау және арту ерекшеліктеріне сәйкес жүктер кәдімгі, габаритсіз, үлкен габаритті, ауыр салмақты және қауіпті болып жіктеледі.

Кәдімгі жүктер дегеніміз – габариттік өлшемдері мен салмағы темір жол вагондарының шартты өлшемдері мен жүк көтергіштігіне сәйкес келетін жүктер.

Габаритсіз жүктер дегеніміз – вагонның шетінен 0,4м және алдымен артынан1м ұзындықта шығып тұратын жүктер.

Үлкен габаритті жүктер дегеніміз – биіктігі 4 м-ден жоғары және  көліктің артынан 1м көп ұзындықта шығып тұратын жүктер.

Ауыр салмақты жүктер дегеніміз – салмағы ауыр жүктер.

Қауіпті жүктер дегеніміз – өздеріне тән қасиеттеріне байланысты қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін жүктер.

Жүк пойыздары кәдімгі жүктік пойыздарға жүктік жылдамдықпен немесе декелеге түрлеріне қатысты жылдамдатылған жүк пойыздарына арналған жоғары жылдамдықпен жөнелтіледі.

Жүктік жылдамдық шамалары:

  • маршрутты және жинақтап жөнелтілетін жүктер үшін – 550км/тәул-тен кем емес;
  • вагондап жөнелту үшін – 350км/тәул-тен кем емес;
  • шағындап және аз салмақты жүктер үшін – 180км/тәул-тен кем емес.

Жоғарғы жылдамдықтың шамалары:

  • изотермиялық вагондардағы, тез бүлінетін жүктер үшін – 660км/тәул-тен кем емес;
  • ұсақ жүктер үшін 240км/тәул-тен кем емес.

II. ТЕХНИКО – ЭКСПЛУАТАЦИОНДЫҚ

КӨРСЕТКІШТЕР ЕСЕБІНІҢ ӨНДІРІСТІК

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

2.1. Жүкті тиеу нормасының  техникалық есебі

 

Теміржол арқылы тасымалданатын жүктердің әр түрлілігіне байланысты жүк вагондарының парктары анықталады. Ол әр қилы топтармен ерекше типтерді жеткізетін вагондардан тұрады. Жүк вагондары бекітілген эксплуатациондық міндеттерді қанағаттандыра отырып, рационалды қолданылуын және көліктік (транспорттық) шығындарды минимумға келтірумен жүктің бұзылмай, ақаулықсыз жеткізілуін қамтамасыз етуі керек.

Жылжымалы құрамның типі жүктің мінездемесі мен жүк тасымалдау Ережелеріне сәйкес анықталады. Таңдау нәтижесін 1 кесте түрінде көрсетеміз.

Кесте 1. Жылжымалы құрамның типін анықтау

Жүк пункті

Жүк түрі

Вагон түрі

Жүк көтермелеу, тонна

Жүктің техникалық нормасы, т/вагон

1

2

3

4

5

 

 

Стансаның жүктік ауданы

Дана – таралық

Жабық вагон

 

68

 

17,92

Орташа тоннажды контейнерлер

Жартылай ашық вагон

 

69

 

19,25

Ауыр салмақтылар

Жартылай ашық вагон

 

65

 

32,5


 

1.Дана – таралық жүктің жүктемелілігінің техникалық нормасын есептеу:

                                      (2.1)

мұндағы – пакет салмағы;

                – вагондағы пакеттердің саны – егер жүктеме 2 деңгейдегі

               (ярусный) жабық вагонға тиелсе  – 64 пакетті құрайды.

 

2.Орташа тоннаждық контейнерлердегі жүктің жүктемелілігі үшін техникалық нормаларын есептеу:

                                      (2.2)

мұндағы 11 – жеткізуші контейнерде орналасатын (контейнеровоз) шартты

               контейнерлердің саны, дана

                – шартты контейнерлердің жүктемесі, т/конт, келесі 

               формуламен анықталады:

                                  (2.3)

мұндағы , – берілген 3 және 5 – тонналық әр контейнер үлесіне

               байланысты – 50%-ды құрайды. Орташа  тоннаждық контейнерлер 

               3т. брутто - 60%, 5 т. брутто - 40%;

                , – нетто жүктемесі 3 және 5 – тонналық контейнерлерге

               сәйкес, соның ішінде 3 тонналыққа  – 1,75т/конт., 5 тонналыққа – 

               3,5т/конт. қолданылады.

 

 

3. Ауыр салмақты жүктің жүктемелілігі үшін техникалық нормаларын есептеу:

                                        (2.4)

мұндағы – вагонның жүк көтермелілігі, тонна. 65тоннамен

               қабылданады.

 

2.2. Жүк тасымалдаудың  тәуліктік вагон ағымының есебі

 

Жүк тасымалдаудың тәуліктік вагон ағымының есебі келесі формула арқылы анықталады:

, вагон                                               (2.5)

мұндағы – тәуліктік вагон ағымының келуі мен жөнелтілуі, т/тәул.

Тәуліктік вагон ағымы келесі формула арқылыанықталады:

, т/тәул                                          (2.6)

мұндағы – жылдық вагон ағымының келуі мен жөнелтілуі, т/жылд.

                – жүктерді тасымалдау әркекілігінің еселігі ( коэффициенті) –

               1,1

  1. Дана таралық жүк:

 

 

 

 

  1. Орташа тоннаждық жүк:

 

 

 

 

  1. Ауыр салмақты жүк:

 

 

 

 

Жүктің үш түрі (дана – таралық, орташа тоннаждық, ауыр салмақты) бойынша жүктің келуі мен жөнелтілуін, сонымен қатар жүктің тәуліктік вагон ағымының келуі мен жөнелтілуін есептеу қажет. Есеп көрсеткіштерін қолдана отырып, 2 кестені толтырыңыз.

Информация о работе Жүк стансасының жалпы сипаттамысы