Ауданды
(облыстық маңызы бар қаланы) дамыту
бағдарламасының iске асырылуына мониторинг
пен оны бағалауды ауданның (облыстық
маңызы бар қаланың) мемлекеттiк
жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органы
жүргiзедi.
Республикалық
(жергiлiктi) бюджеттi мемлекеттiк жоспарлау
жөнiндегi уәкiлеттi орган Әлеуметтiк-экономикалық
даму мен бюджет параметрлерi болжамы
мақұлдаған Қазақстан Республикасының
стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының
негiзiнде жыл сайын үш жылдық кезеңге
арнап әзiрлейдi.
Республикалық
бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет
кодексiнде айқындалған түсiмдер есебiнен
қалыптасатын және орталық мемлекеттiк
органдардың, оларға ведомстволық бағыныстағы
мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын
қаржылық қамтамасыз етуге, сондай-ақ
мемлекеттiк саясаттың жалпы республикалық
бағыттарын iске асыруға арналған орталықтандырылған
ақша қоры болып табылады. Республикалық
бюджет Қазақстан Республикасының заңымен
бекiтiледi:
- жергiлiктi бюджеттер жобаларын
әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының
Үкiметi айқындайды;
- республикалық
бюджет жобасын әзiрлеу тәртiбiн
Қазақстан Республикасының Президентi
айқындайды.
Жергiлiктi
бюджет Қазақстан Республикасының
Бюджет кодексiнде айқындалған түсiмдер
есебiнен қалыптастырылатын және
облыстық (республикалық маңызы бар
қаланың, астананың), сондай-ақ аудандық
деңгейдегi (облыстық маңызы бар қалалардың)
жергiлiктi мемлекеттiк органдардың,
оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк
мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын
қаржылай қамтамасыз етуге және тиiстi
әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк
саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған
ақша қоры болып табылады.
Облыстық
(республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) және аудандық (облыстық маңызы
бар қалалардың) бюджеттерi тиiсiнше
облыстық мәслихаттардың, республикалық
маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының
және аудандар (облыстық маңызы бар
қалалар) мәслихаттарының шешiмдерiмен
бекiтiледi.
Мемлекеттiк
жоспарлау жүйесi процестерiнiң қатысушылары
мемлекеттiк билiк органдары, мемлекет
қатысатын заңды тұлғалар, қоғамдық,
ғылыми және жекеше ұйымдардың өкiлдерi,
жеке тұлғалар болып табылады. Мемлекеттiк
жоспарлау жүйесiнiң процестерi оның
құжаттарының әзiрленуi мен бекiтiлуi,
iске асырылуы, оған мониторинг, бағалау,
түзету жүргiзiлуi, iске асырылуын
бақылау болып табылады.
Мониторинг
– бұл Мемлекеттiк жоспарлау
жүйесi құжаттарының iске асырылу
барысы туралы ақпаратты жинау, жүйелеу,
талдау және тұжырымдау.
Бағалау
– бұл Мемлекеттiк жоспарлау
жүйесi құжаттарының iске асырылуына
қол жеткiзу деңгейiн, оның нәтижелiлiгiн
және тиiмдiлiгiн айқындайтын аспап.
Бақылау
– бұл Мемлекеттiк жоспарлау
жүйесi құжаттарының толықтығына және
уақтылы орындалуына, соның iшiнде
заңбұзушылақтарды анықтау, жою
және оларға жол бермеу мақсатында
жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер
жолымен талдауды жүзеге асыру.
3. Жергілікті билік органдарының
қызметіндегі жоспарлау
Жергілікті
билік органдарының алға қойған мақсаттары
мен амалдарына ағымдағы қызметінің
сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында
жоспарлау жүйесі қажет болып
отыр.
Жоспарлау жүйесі
жағдайды талдау негізінде, оның дамуының
болжамдық бағалануы, мүмкін боларлық
ресурстарымен сәйкес мақсаттардың
анықталуымен, қызметтің ағымдағы қорытындылары
және оларға қол жеткізу амалдары
мен тәсілдерін анықтау мақсатында
жергілікті басқару органдарымен іске
асырылатын іс-шаралардың кешенің сипаттайды.
Жоспарлау ұйымдастырушылық ресурстардың
әсерлі пайдалануын, ішкі координацияны,
билік органдарының құрылымдық-қызметтік
ұйымдарының сыртқы талаптарға бейімделуін,
жетекшілері ме оның қызметкерлерінің
ұйымдастырушылық стратегияларды мойындауды
қамтамасыз ететін бірден-бір жүйе.
Жоспарлау үрдісіне
мыналар жатады:қызметтің ағымдық
жағдайы мен мәселелерін көрсетіп
отыратын стратегиялық мақсаттардың талдануы;
мақсатты объектілер мен сыртқы шарттардың
болашақ жағдайын болжау; мақсаттар
жүйесін қалыптастыру; қызметтің
оңтайлы стратегиясын анықтау.
Жергілікті әкімшілік
қызметін әсерлі жоспарлауға жергілікті
қауымдастықтың өмір шенінің барлық
орталарындағы ағымдағы жағдайларына
жан-жақты талдануына негізделген
муниципалды құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық
даму приоритеттерін анықтау негіз
болу керек. қалыптасқан приоритеттер
негізінде муниципалды құрылымдардың
әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы
қалыптасады (немесе бар статегияға
түзетулер еңгізіледі), алдағы ұзақ
мерзімдік уақытқа жергілікті билік
қызметтерінің мақсаттары мен амалдары
анықталады.
Жергілікті басқару
органдарының қызметінің мақсаттары мен
амалдарының, стратегиялық дамуының негізінде,
әлеуметтік-экоомикалық дамудың
орта мерзімдік бағдарламалары мен
жергілікті әкімшілік қызметінің стратегиялық
жоспары (концепциясы) қалыптасады. Әлеуметтік-экоомикалық
дамудың орта мерзімдік бағдарламалары
мен жергілікті әкімшілік қызметінің
стратегиялық жоспарының (концепциясының)
негізінде әкімдік қызметінде оның
жылдық жұмыс жоспары жасалынады.
Осындай жоспарлаудың кешендік көп
деңгейлі жүйесі әкімшіліктің алдында
тұрған ағымдағы және ұзақ мерзімдік
мәселелерін шешуде маңызды потенциалын
иеленуде, алайда, қазіргі уақытта
муниципалды құрылымдар деңгейінде
басқарудың бағдарламалы-мақсатты әдістерін
қолдану деңгейі жеткіліксіз болып отыр.
Әдетте, әкімшіліктің
жұмысын жоспарлаудың қалыптасқан
жүйесі негізінде жергілікті әкімшілік
жетекшілерінің, оның құрылымдық бөлімдерінің
қызметінің уақыт аралығындағы келісуіне
бағытталады. Осы мақсатта әкімдіктерде
жергілікті әкімшіліктер мен оның құрылымдық
бөлімдерінің жылдық және кварталдық,
кейде тіпті айлық жұмыс жоспарлары
жасалынады.
Әкімдіктің
жылдық жоспары – жыл аралығында
өткізілетін іс-шаралардың тізімі бар,
олардың орындалу мерзімдері мен
жауапты тұлғалары көрсетілген,
нақты маңыздылығы белгіленген
әсерлілігі мен қорытындысының жоспарлы
көрсеткіштері белгіленген құжат
түрі. Іс-шаралар әкімдіктің негізгі
қызмет бағыттары бойынша топтасады.
Әкімдіктің жылдық жоспарын құрастыруға
жауапты болып, әкім аппаратының
жетекшісі тағайындалады.
Жылдық жоспарды
құрастыруға ұсыныстарды әкім, оның
орынбасарлары және құрылымдық бөлімше
жетекшілері келтіреді. Құрылымдық
бөлімше жетекшілері белгіленген
уақыт аралығанда әкімдік жұмысының
жылдық жоспарына өткізілетін іс-шаралардың
тізімін, олардың орындалу мерзімдері
мен жауапты тұлғалары көрсетіп,
нақты маңыздылығы белгіленген
әсерлілігі мен қорытындысының жоспарлы
көрсеткіштері анықтап ұсыныстар
еңгізеді. Әкім әкімдігінің жетекшісі
түскен ұсыныстарды ортақтап жұмыстың
жылдық жоспарының жобасын жасайды.
Жұмыс жоспарының жобасы құрылымдық
бөлімшелердің жетекшілеріне келісуге
жіберіледі, және ескертулер болған жағдайда
қайта қарастырылады. Әкімдік жұмысының
жоспарына, әдетте, мыналар кіреді:
1) өкілетті
билік органдарына (маслихатқа) қарастыруға
жіберілген мәселелер;
2) алқалық жиынды
талап ететін мәселелер;
3) әкімнің толық
шешімін қажет ететін мәселелер;
4) әкімдіктің ұйымдастырушлықы
іс-шаралары.
Жұмыстың жылдық
жоспары әкімшілік басшысымен бекітіліп,
құрылымдық бөлімдерге орындауға жіберіледі.
Әкімшілік жұмысының
жылдық жоспарын бекіткеннен кейін
құрылымдық бөлімшелердің қызметінің
жылдық жоспары құрастырылады. Олар
бұл бөлімшелерді басқаратын әкімшілік
жетекшілерінің орынбасарларымен келісіліп,
әкімшілік басшысымен мақұлданады.
Әкімдіктің жұмысының жылдық жоспарына
еңгізілген іс-шаралардың орындалу тәртібі
жөніндегі мәселелер әкімшілікті
басшысы қатысатын тұрақты жиынның
күн тәртібіне еңгізілуі керек.
Әкімдіктің жұмысының жылдық жоспарына
еңгізілген, және де бөлімшелер мен
секторлар жылдық жоспарындағы іс-шаралар
бір жыл аралығында түзетулерге
ұшырауы мүмкін.
Кварталдық (айлық)
жоспар жылдық жоспардың бір элементі
ретінде болады. Сәйкес айға жопарланған
жылдық жоспардың іс-шаралары маслихат
ұсынған өзекті мәселелер, тапсырмалар
және бұйрықтармен сәйкес өзгерістерге
ұшырауы мүмкін.
Қорытынды
Жетістіктік түрде
муниципалды экономикалық даму үшін
жоспарлау үрдісін түсініп, оның
реттеуші заңнамалық негізін білу жеткілікті
емес. Муниципалитеттер арасындағы өсіп
келе жатқан бәсекелестік (адам ресурстарына,
нвестицияларға, инфрақұрылымдарды
дамытуға деген бюджеттік салынымдарға
деген бәсекелестік түрлері) муниципалдық
басқару аймағында қызмет ететін
мамандардан қазіргі заманғы
басқару технологияларын игеруді
талап етеді. Муниципалды экономикалық
дамудың жоспарлауының ұйымдастырушылық
технологиясын игеру бәсекелестік
жағдайларындағы басты мақсат болып
отыр.
Нарық жағдайында
жергілікті өзің-өзі басқарудың
үлкен « басқарушылық тәжірибисі»
бар шетел мемлекеттерінің тәжірибесі
мен даму үрдістерін ұйымдастырудағы
муниципалды құрылымдар мен жекеленген
аймақтардың «қалаптасып қалған
тәжірибелерінен» басқа дамуды
басқарудың мақсатты жүйесін
қалыптастыруға қажеттілік туындап
отыр, ол өз кезегінде ғылыми
негізделіп, табысты тәжірибелі
ғана емес, сонымен қатар қажетті
әдістемелік сілтеме түрінде
болуы аса үлкен маңызға ие
болып отыр.