Жергілікті басқару органдарының қызметіндегі жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 22:16, реферат

Краткое описание

Микроэкономикалық деңгейдегі Жоспарлау өңдіріс ішілік, фирма ішілік көрсеткіштерді қамтыса, макроэкономикалық деңгейдегі Жоспарлау қоғамды басқару жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі, мемлекеттің әлеуметтік-экономика саясатын жүзеге асыруының негізгі құралы болып табылады. Макроэкономикалық жоспарлау белгілі бір кезеңде елдің экономика және әлеуметтік даму жоспарын жасауды, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру мен орындалуын бақылауды қамтиды. Макроэкономикалық жоспарлау директивалық (нұсқаулық) жоспарлау және индикативтік жоспарлау болып бөлінеді.

Содержание

Кіріспе: Жергілікті басқару органдарының қызметіндегі жоспарлау;
Негізгі бөлім:
а) Мемлекеттік реттеу жүйесіндегі жоспарлаудың рөлі;
б) 2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі;
в)3. Жергілікті билік органдарының қызметіндегі жоспарлау;
Қорытынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЭМР реферат.docx

— 27.91 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

 

 

Кіріспе: Жергілікті басқару органдарының қызметіндегі жоспарлау;

Негізгі бөлім:

а) Мемлекеттік реттеу жүйесіндегі жоспарлаудың рөлі;

б) 2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі;

в)3. Жергілікті    билік органдарының    қызметіндегі  жоспарлау;

Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Жергілікті басқару органдарының  қызметіндегі жоспарлау

 

1 Мемлекеттік реттеу жүйесіндегі жоспарлаудың рөлі

Қоғамда жиі кездесетін әлеуметтік-экономикалық үрдістерді басқару жүйесінде олардың  бағыттары мен динамикасын реттеу, нарықтың барлық субъектілерінің дұрыс  қызмет етуін қамтамасыз етуде жоспарлау  маңызды қызмет атқарады.

Жоспарлау, экономикада – нақты нысанның (мемлекеттің, кәсіпорынның, ұжымның, т.б.) экономикалық және әлеуметтік дамуының белгілі бір мерзімге арналған жоспарын, сондай-ақ оны жүзеге асыруға бағытталған нақтылы іс-шаралар кешенін талдап жасау.

   Микроэкономикалық деңгейдегі Жоспарлау өңдіріс ішілік, фирма ішілік көрсеткіштерді қамтыса, макроэкономикалық деңгейдегі Жоспарлау қоғамды басқару жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі, мемлекеттің әлеуметтік-экономика саясатын жүзеге асыруының негізгі құралы болып табылады. Макроэкономикалық жоспарлау белгілі бір кезеңде елдің экономика және әлеуметтік даму жоспарын жасауды, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру мен орындалуын бақылауды қамтиды. Макроэкономикалық жоспарлау директивалық (нұсқаулық) жоспарлау және индикативтік жоспарлау болып бөлінеді. Директивалық (нұсқаулық) жоспарлау – тоталитарлық қоғамдағы халық шаруашылығын мемлекет басқарудың орталық буыны болып табылды. КСРО-дағы, т.б. елдердегі директивалық, яғни бір орталықтандырылған жоспарлауды жүзеге асыру тәжірибесіндегі мемлекет тапсырыстардың, разнарядкалардың, ресурстарды жинақтаудың, т.б. қатаң белгіленген жүйесі өнім өндірушіні еркіндіктен, дамуға деген ынталылықтан айырып, экономика өсу қарқынының баяулауына, сөйтіп, халық шаруашылығындағы дағдарысқа әкеліп соқты. Жоспарлаудың бұл түрінің зиянды салдарлары Қазақстанда да анық байқалды (қ. Бесжылдықтар, Жоспарлы экономика).

Қазақстан Республикасы дербес мемлекетке айналып, нарықтық экономикаға көше бастаған кезден бастап (1991), елдегі экономика және әлеуметтік өзгерістерді индикативтік жоспарлау үлгісі қолданылды.      

  Индикативтік жоспарлау немесе экономикалық бағдарламалау – ел экономикасын мемлекеттік реттеудің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол – елдегі қоғамдық өндірістің дамуы мен әлеуметтік-экономика саясаттың стратегиялық тұжырымдамаларының ең оңтайлы нұсқасы таңдап алынған кешенді жалпы экономика бағдарламалар негізінде экономиканы реттеп отыру жүйесі саналады және индикативтік, яғни ұсыныстық сипатқа ие. Ондағы жоспарлы көрсеткіштер ел дамуының жалпы бағдарлары түрінде болады. Жоспарлаудың бұл түрі 2-дүниежүзүзілік соғыстан соң Францияда, Нидерландта, Норвегияда, Жапонияда қолданылды, 20 ғасырдың 50 – 60-жылдары Швецияда, Финляндияда, Ұлыбританияда, Италияда, Бельгияда, Германияда, Испанияда, 70-жылдары АҚШ пен Канадада кең таралды. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінде (1991–98) индикативтік жоспарлау елдің эконмика және әлеуметтік дамуының стратегиялық бағыттарын айқындауға, неғұрлым ірі ғылыми-техника және құрылымдық бағдарламаларды жүзеге асыруға, экономиканы ырықсыздандыруға және кәсіпорындарды жекешелендіруге, нарықтық инфрақұрылымдар жасауға, салық және несие-қаржы жүйесін жетілдіруге, тұрақты ақша айналысын қамтамасыз етуге, т.б. бағытталды. Онда халықты әлеум. қорғау жүйелерін жетілдіру мәселелері де қамтылды. Әсіресе, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың таяу болашақтағы ел дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын айқындаған “Қазақстан-2030” Жолдауының маңызы зор болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанда ел дамуының таяу болашақтағы негізгі көрсеткіштерін айқындауға бағытталған 3, 5, 10 жылдық индикативті жоспарлау ісі қолға алынды.

Сонымен қатар, қазіргі нарық жағдайында кез-келген кәсіпорын мен ұйымға ұзақ мерзімді мақсаттарының бар  болуы, узқ уақытты перспективадағы  мақсатты дамуды жоспарлау маңызды  болып саналады.

Қазіргі уақытта жоспарлау түрлері  сан қилы. Оларды мына себептер бойынша  ажыратады:

а) жоспарлау деңгейі бойынша: мемлекет аралық, ортақ мемлекеттік, салалық және аймақтық;

б) жоспарлау горизонты бойынша: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және ағымдық;

в) шешілетін мәселелер бойынша: стратегиялық және тактикалық.

Жоспарлау басқару жүйесінің алғашқы элементі бола тұра мемлекеттің, оның жеке субъектілерінің  саясатын іске асырудың басты құралы болып саналады.

Қоғамда жиі кездесетін экономикалық және әлеуметтік үрдістердің динамикасының өсуіне байланысты, ішкі және сыртқы нарықтағы  коньюнктураның тез өзгеруі  және ұзақ мерзімді перспективада қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету қажеттілігіне  байланысты макро эәне аймақтық деңгейдегі стратегиялық жоспарлаудың рөлі күрт өсіп отыр.

Стратегия дегеніміз бөлшекті жан-жақты  кешендік жоспар, ол ұйымның миссияларын  орындауға және оның мақсаттарына жетуді қамтамасыз етіп отырады. 

Стратегиялық жоспар ұзақ мерзім аралығында тұтас болып қалу үшін емес, сонымен  қатар керек жағдайда оның модефикациясы  мен қайта бейімделуін қамтамаыз  ету үшін иілгіш болып келу керек. ортақ стратегиялық жоспарды бағдарлама ретінде қарастыру керек, яғни ол ұзақ мерзімдік кезен аралығында ұйым қызметін бағыттап отырады, және де әр кез ауысып отыратын іскерлік және әлеуметтік жағдайлар тұрақты  өзгертулерден ауытқып кетудің  мүмкін есестігін көрсететіне есеп беріп отырады.

 

 

 

 

2. Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік жоспарлау жүйесі

2009 жылдың 18 шілдесінде Қазақстан Республикасы  Президентінің «Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік жоспарлау туралы»  Жарлығы бекітілген (әрі қарай  – Жарлық).

Жарлықтың негізгі мақсаты –  қазіргі уақытта енгізіліп отырған, нәтижеге бағдарланған мемлекеттік  жоспарлаудың жаңа жүйесінің негізгі  тәсілдемелерінің құқықтық бекітілуі.

Жарлық Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік жоспарлау жүйесінің  жұмыс жасау механизмі мен  негізгі қағидаттарын белгілейді.

Жарлықта анықтама былай беріледі, Мемлекеттік жоспарлау дегеніміз  – мемлекет дамуын ұзақ мерзімді және орташа мерзімді кезеңде қамтамасыз ететін қағидаттардан, құжаттардан, үдерістерден және мемлекеттік жоспарлаудың қатысушыларынан  тұратын өзара байланысқан элементтер кешені.

Мемлекеттiк жоспарлау жүйесi мынадай  принциптерге негiзделедi: 
      1) бiрлiк және тұтастық – мемлекеттiк жоспарлау саласындағы заңнаманың, Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiн ұйымдастыру және оның жұмыс iстеу принциптерiнiң бiрлiгi, мемлекеттiк жоспарлау процесiн жүзеге асыру тәртiбiнiң бiрлiгi;

2) iшкi теңгерiмдiлiк – Мемлекеттiк  жоспарлау жүйесi құжаттарының  даму мақсаттары, мiндеттерi және  нәтижелер көрсеткiштерi бойынша  бiр-бiрiмен келiсiмдiлiгi;

3) нәтижелiлiк және тиiмдiлiк –  мақсаттарды, мiндеттердi және нәтижелер  көрсеткiштерiн таңдау барынша  дұрыс (нәтижелi) болуға, ағымдағы  ахуалды терең талдауға және  ресурстарды барынша аз жұмсай  отырып, қойылған нәтижелерге қол  жеткiзу қажеттiлiгiне негiзделуге  тиiс;

4) мiндеттердi шешу жолдарын таңдау  дербестiгi – мемлекеттiк жоспарлау  процесiне қатысушылардың мақсаттарға  қол жеткiзу жолдары мен әдiстерiн  таңдаудағы және өз құзыретi  шегiнде елдiң даму мiндеттерiн  шешудегi дербестiгi;

5) мемлекеттiк жоспарлау процесiне  қатысушылардың жауапкершiлiгi –  Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес өз құзыретi шегiнде  мiндеттердi шешудiң тиiмсiздiгi және  күтiлетiн нәтижелерге қол жеткiзiлмегенi үшiн жауапкершiлiктi қамтамасыз ету; 
       6) айқындық (ашықтық) – мемлекеттiк құпияларға жататын ақпаратты қамтитын ережелердi қоспағанда, Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң құжаттарын мiндеттi түрде жариялау;

7) шынайылық және нақтылық –  Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң  құжаттарында белгiленген даму  мақсаттарына қол жеткiзудiң негiзделген  мүмкiндiгi, сондай-ақ мемлекеттiк  жоспарлау процесiнде пайдаланылатын  нәтижелер көрсеткiштерiнiң негiздiлiгi;

8) үздiксiздiк, сабақтастық және  дәйектiлiк – Мемлекеттiк жоспарлау  жүйесiнiң сатылы сипаты, яғни  жоғары тұрған құжаттардың мақсаттарына, мiндеттерiне, нәтижелер көрсеткiштерiне  кол жеткiзудiң сәттiлiгi төмен  тұрған құжаттарды жоспарлау  мен олардың мақсаттарына, мiндеттерiне, нәтижелер көрсеткiштерiне кол жеткiзудiң сапасына және уақтылығына байланысты, сондай-ақ оның жұмыс iстеуiнiң үздiксiз тетiгi;

9) ресурстық қамтамасыз етiлу  – қойылған мақсаттар мен мiндеттерге  қол жеткiзу үшiн мемлекеттiк  органдардың стратегиялық жоспарларының  негiзгi бағыттары бойынша қаржыландыру  көздерi мен көлемiн, адами, басқа  да материалдық және материалдық  емес ресурстарды айқындау.

Мемлекеттiк  жоспарлау жүйесiнiң құжаттарына  мыналар жатады: 
      1) Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясы; 
 2) Қазақстан Республикасының 10 жылға арналған стратегиялық даму жоспары, елдiң аумақтық-кеңiстiктiк дамуының болжамдық схемасы;

3) 5–10 жылға арналған мемлекеттiк бағдарламалар;

4) 5 жылға  арналған әлеуметтiк-экономикалық  даму болжамы; 
 5) аумақтарды дамытудың 5 жылға арналған бағдарламасы; 
       6) мемлекеттiк органдардың 5 жылға арналған стратегиялық жоспарлары; 
       7) 10 жылға арналған даму стратегиясы және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық басқару холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың 5 жылға арналған даму жоспарлары;

8) салалық  бағдарламалар; 

9) 3 жылға  арналған республикалық (жергiлiктi) бюджет. 
Қазақстан Республикасының Президентi елдегi жағдай мен Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайын Жолдау арнайды. Мемлекет басшысы Жолдауының ережелерi Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң құжаттарын түзету үшiн негiз болып табылады.

Жолдаудың ережелерiн iске асыру мақсатында тиiстi жалпыұлттық iс-шаралар жоспары  әзiрленедi.

Стратегиялық және бағдарламалық  құжаттарды, нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуден бұрын тұжырымдамалар (доктриналар) әзiрленуi мүмкiн. Тұжырымдама (доктрина) белгiлi бiр саланы дамытудың  жалпы пайымы, тиiстi мемлекеттiк  саясатты өзгерту қажеттiлiгiнiң негiздемесi, аталған саланың проблемалық  мәселелерiн шешудiң ұсыныстары мен  жолдары көрiнiс табатын құжат  болып табылады.

 Тұжырымдаманы (доктринаны) Қазақстан  Республикасының Президентi, Қазақстан  Республикасының Премьер-Министрi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң  Әкiмшiлiгi не тиiстi консультативтiк-кеңесшi орган бекiтедi немесе мақұлдайды.

Тұжырымдаманы (доктринаны) әзiрлеу тәртiбiн  Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмi бойынша айқындайды.

Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын iске асыру мақсатында елдiң  тиiстi кезеңге арналған Аумақтық-кеңiстiктiк  дамуының болжамдық схемасы әзiрленедi. Болжамды схема - бұл елдiң тұрақты  дамуын қамтамасыз ету үшiн өндiрiстiк  күштердi, көлiк-коммуникациялық, әлеуметтiк және басқа инфрақұрылымды оңтайлы орналастыру және ел халқын өңiрлер тұрғысынан таратып орналастыру жүйесi.

Мемлекеттiк  бағдарламалар Қазақстан Республикасының  стратегиялық даму жоспарын iске асыру  мақсатында 5–10 жылға арналып әзiрленедi.

Мемлекеттiк  бағдарлама – бұл белгiлi бiр қызмет саласын дамытудың стратегиясын, стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, мiндеттерi мен қажеттi ресурстарды  көрсете отырып, күтiлетiн нәтижелерiн  айқындайтын жалпыұлттық, салааралық сипаттағы құжат.

Мемлекеттiк  бағдарламаны мемлекеттiк жоспарлау  жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмiмен  тиiстi мемлекеттiк орган әзiрлейдi.

          Мемлекеттiк бағдарламаларды Қазақстан  Республикасының Президентi бекiтедi.

    Мемлекеттiк бағдарламалар жобаларының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

  Мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

Мемлекеттiк  бағдарламаның iске асырылуын бақылауды  Қазақстан Республикасы Президентiнiң  Әкiмшiлiгi жүзеге асырады.

Мемлекеттiк  бағдарламаны iске асыруға мониторинг пен оны бағалауды мемлекеттiк  орган – әзiрлеушi, мемлекеттiк  жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган  және Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi жүргiзедi. Iске асыру мониторингi мен оны  бағалау нәтижелерi бойынша мемлекеттiк  бағдарлама мен оны iске асыру  жөнiндегi iс-шаралар жоспары түзетiлуi мүмкiн.

Аумақтарды  дамыту бағдарламасы Қазақстан Республикасының  стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы  негiзiнде бес жылдық кезеңге арналып  әзiрленедi. 
       Аумақтарды дамыту бағдарламасы, олардың көрсеткiштерi, қажеттi ресурстар көрсетiле отырып, өңiрдi дамытудың негiзгi бағыттарын, мақсаттарын, мiндеттерiн, күтiлетiн нәтижелерiн қамтиды. 
 Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмiмен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органы әзiрлейдi. 
      Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын облыстық мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмiмен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган әзiрлейдi.

Аумақтарды  дамыту бағдарламасын жергiлiктi өкiлдi орган бекiтедi. Облысты, республикалық  маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасының iске асырылуына мониторинг пен оны бағалауды облыстың, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк  жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органы мен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүргiзедi.

Аумақтарды  дамыту бағдарламасын әзiрлеу тәртiбiн  Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

Iске  асыруға мониторинг пен оны  бағалаудың нәтижелерi бойынша  аумақтарды дамыту бағдарламасы  түзетiлуi мүмкiн.

Аумақтардың дамыту бағдарламасының iске асырылуын  бақылауды тиiстi жергiлiктi өкiлдi орган  жүзеге асырады.

Информация о работе Жергілікті басқару органдарының қызметіндегі жоспарлау