Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 15:09, реферат
Жер асты ядролық жарылысы — жер бетінен біршама тереңдікте топыракты лактырумен немесе лақтырусыз (камуфлеттік) жүргізілетін ядролық жарылыс. Бірінші жағдайда ядролық жарылыс жер бетінен шағын терендікте жүргізілгенде, сыртка шыққан газдар жартылай ерітілген және радиоактивтік заттармен араласқан ұсатылған топырақты өзімен бірге көтереді. Түзілген радиоактивтік бұлт жер үсті және әуе жарылыстарының саңырауқүлақ тәріздес бүлттарына карағанда күңгірт ренде және төңкерілген конус тәріздес болады. Ол ең жоғарғы биіктігіне (бірнеше жүз метр) жеткен соң, топырак жер бетіне түсе бастайды. Сонымен қатар жер бетінде будақтаған құйынды шаң бұлты түзіледі.