Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 15:09, реферат
Жер асты ядролық жарылысы — жер бетінен біршама тереңдікте топыракты лактырумен немесе лақтырусыз (камуфлеттік) жүргізілетін ядролық жарылыс. Бірінші жағдайда ядролық жарылыс жер бетінен шағын терендікте жүргізілгенде, сыртка шыққан газдар жартылай ерітілген және радиоактивтік заттармен араласқан ұсатылған топырақты өзімен бірге көтереді. Түзілген радиоактивтік бұлт жер үсті және әуе жарылыстарының саңырауқүлақ тәріздес бүлттарына карағанда күңгірт ренде және төңкерілген конус тәріздес болады. Ол ең жоғарғы биіктігіне (бірнеше жүз метр) жеткен соң, топырак жер бетіне түсе бастайды. Сонымен қатар жер бетінде будақтаған құйынды шаң бұлты түзіледі.
Жер асты ядролық жарылысы.
Жер асты ядролық жарылысы
— жер бетінен біршама
Атом кеме.
Атом кеме — ядролық күш қондырғысы орнатылған кемелердің (су үстіндегі, су астындағы) жалпы аты. Әр түрлі мақсатқа пайдаланылатын азаматтық және әскери А. к-лер (мұз жарғыштар, танкерлер, сүңгуір кемелер, авиатасығыштар т.б.) бар. Алғашқы А. к. 1959 ж. КСРО-да (“Ленин” мұзжарғышы) жасалды. Кейінгі жылдары “Арктика” (Ресей), “Саванна” (АҚШ), “Отто Ган” (Германия), “Муцу” (Жапония) т.б. тасымалдық-экспедициялық А. к-лері, сондай-ақ ядролық күш қондырғысымен жабдықталған әскери сүңгуір қайықтар қатары көбейді.
Су үсті ядролық жарылысы.
Су үсті ядролық жарылысы (надводный ядерный взрыв) — жарықтандыру бөлігі судың үстін жанай әтетіндей биіктікте өтетін ядролық жарылыс. Су үсті ядролық жарылысының ең зиянды факторлары — әуенің соққылы толқыны және судын үстінде пайда болатын толқындар. Жарықтық сәулелену мен өткір радиацияның әсері көп мөлшердегі суды буландыру арқылы азаяды. Суды күшті радиоактивті заттармен залалдандыру жарылыс болған ауданда да, жарылыс бұлтынын қозғалыс бағыты бойынша да жүреді.
Су асты ядролық жарылысы.Су асты ядролық жарылысы (Подводный ядерный взрыв) — су астында белгіші бір тереңдікте өткізілген ядролық зарядтың жарылысы. Жарылыс кезінде буғаздық көпіршіктер жасалуына әкелетін жоғары темпиратура мен қысым аумағы құралады. Оның тез кеңеюі нәтижесінде ауадағы соққы толқыны жыддамдығынан 4-5 есе артық жылдамдықпен таралатын өте қуатты су асты соққы толқыны туындайды. Су асты соққы толқынының су беті айдынынан қайтарылуы жарылыс эпицентрі үстінде биіктігі бірнеше жүз метрге жететін су күмбезінің пайда болуына әкеледі. Бу-газдық көпіршектердің су бетіне шығуымен, күмбез будақтаған радиоактивті конденсациялық бұлтпен аяқталатын су бағанасына айналады. Су бағанасы жарылыс сұлтаны деп аталады. Оның су бетінен көтерілу биіктігі 1-2 км-гe жетіп, одан да асуы, ал негізгі диаметрі бірнеше жүз метрге жетуі мүмкін. Жарылыс сұлтаны қираған кезде оның негізінде базистік толқын деп аталатын су тамшылары мен шашырындыларынан тұратын радиоактивті бұлт құралады. Бұл бұлт радиус бойынша гарамдала отырып, біраз уақыттан кейін су бетінен жоғарыға көтеріледі де, жарылыс сұлтанының конденсациялық бұлтымен қосылып, радиоактивті жаңбыр жауатын шоғырлы-қабатты бұлт түріне айналады. Газдық көпіршіктің радиан бойынша кеңеюі және жарылыс сұлтанының қирауы эпицентрден алыстағанда гравитациалық толқынға айналатын, құрт қиратылған қапталды, шеңберлі су толқындарының құралуына өкеледі. Жарылыс сұлтанының қирауы және жарылыс ауданындағы су тербелісі нәтижесінде су бетінде кезекті гравитациялық толқындар пайда болады. Бірінші гравитациялық толқынның биіктігі 20-30 м-ге, кейінгілерінікі — 3-5 м-ге жетіп, одан да асуы мүмкін. Гравитациялық толқындар ондаған километр қашықтыққа таралады. Су асты соққы толқынының, одан соң газдық копіршектің сыртқа шығуы ауада, өуедегі ядролық жарылыс кезіндегіден аз қарқынды, соққы толқындар қабаттарын туындатады. Су асты соққы толқыны су түбімен жанаса отырып, суда қайтарылған соққы толқынын және су түбі топырағында жарылыс сейсмикалық толқындар (бойлай, көлденең, беттік) сернясын тудырады. Соңғылар өз кезегінде суда сейсмикалық сипатты толқындарды (басқы, бүйірлік. түптік) шығаруы мүмкін. Су асты жарылысы кезінде су түбіне жақыл жерде немесе таяз су түбі топырағында шұнқыр пайда болады. Бұл жағдайда радиоактивті су түбі топырағының көп мөлшері ауаға қосымша таралады.
Су асты ядролық жарылысы кезінде кемелерді, гидротехникалық құрылыстар мен айлақтарды және басқа да жағалаулық объектілерді жою суасты соққы толқыны, ауа толқыны, жарылыс сұлтаны, базистік толқын, беттік су толқыны, гравитациялық және сейсмикалық толқындар көмегімен өтеді. Адамдардың радиациялық зақымдануына жарылыс сұлтанының (гамма сөулелену) және базистік толқын бұлттарынан сәулелену әсері себеп болады. Су асты ядролық жарылысы атмосфераның және радиоактивті жауын-шашын аймағына түскен кемелердің, жағалау учаскелерінің және жағалаулық объектілердің өте қатты радиоактивті зақымдануына әкеледі. Зақымдану көздері негізінде жаңбыр және қатты аэрозольдық бөлшектер түрінде жауатын бәлшектену заттары болып келеді.
Әуедегі ядролық жарылыс.Әуедегі ядролық жарылыс (орыс. воздушный ядерный взрыв) — жер немесе су бетінен әр түрлі биіктіктегі жарылыс. Мұнда жарылыстың жарқыл бөлігі жер (су) бетіне тимейді. Жоғары биіктіктегі ядролық жарылыс және аласа әуе ядролық, жарылысы болады. Жарылыстың қасқағым сәтінде зор мөлшерде энергия бөлініп, көз қарықтыратын жарқыл пайда болады. Ол жүздеген километр жер мен аспанды жарықтандырып, найзағай ойнағандай қатты дыбыс шығады. Жарқылдан соң отты шар пайда болып, тез ұлғаяды да, бірнеше километрге көтеріліп, тоқтап, дөңгелек бұлтқа айналады. Соның салдарынан қуатты соққы толқын туады. Жерден көтерілетін шаң бірнеше минуттан соң дөңгелек бұлтпен қосылып, саңыраукұлак секілді түрге ие болады. Жарылыс бұлты 10-12 минут ішінде 10-15 километр биіктікке кетеріледі, ал термоядролық жарылыста 20-30 километрге көтеріліп, желмен қозғала отырып, өз тұлғасынан айрылып, бірте-бірте тарайды. Әуедегі ядролық жарылыс қаладағы өнеркәсіп орындарын талқандау үшін, ұрыс даласындағы адамдар мен техниканы, әуежайдағы ұшақтарды, сондай-ақ ушьт жүрген ұшақтар мен қанатгы ракеталарды талқандау үшін қолданылады. Әуедегі ядролық жарылыс кезінде жердің радиоактивтік зақымдануы төменгі әуе жарылысы эпицентріне жақын жерде ғана қауіпті. Радиоактивтік бұлт жолының зақымдауы айтарлықтай емес және әскер кимылдарына елеулі әсер ете алмайды.