Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 22:08, реферат
Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының интеннационалдануы және жаһанданумен сипатталады.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде өзiнiң онды әсерiн тигiзедi.
Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады.
Алтын монета стандартының тиімді қызмет ету уақыты бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болды. Кейіннен оның құлдырауына төлем балансындағы тапшылық одан сайын әсер етіп, алтын монета стандарты өз құнын жоғалтты. Сөйтіп, ол, ақша және валюта жүйесі ретінде қызметін толық тоқтатты.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың
нәтижесіндегі дағдарыстан
Халықаралық есеп айырысуларға арналған шетел валютасындағы төлем құралдарын девиздер деп атады. Екінші дүние жүзілік валюталық жүйеге занды түрде мемлекетаралық келісімшартпен 1922 жылы Генуэз халықаралық экономикалық конференциясында қол жеткізілді.
Генуэз валюталық жүйесі мынадай кағидаларда қызмететгі:
1922—1928 жылдарға дейінгі вал ютал ық тұрақтылық сақталды. Сондай-ақ, бұл жүйенің де тұрақсыздығына мыналар себеп болған:
Бұл валюталық тұрақтылықта 30 жылдардағы дүниежүзілік дағдарыстың әсерінен құлдырады. 1929—19З6 жылдары дүниежүзілік валюталық дағдарыстың басты ерекшеліктері келесідей:
30 жылдардағы дағдарыс нәтижесінде, Генуэз валюталық жүйесі, өзінің қатысты икемділігі мен тұрақтылығын жоғалтып алды. Сейтіп, барлық елдің валюталары тұрақсыздыққа 9шырады. Одан кейін жалғасқан екінші дүниежүзілік соғыс Генуэз валюталық жүйесінің дағдарысын терендете түсіп, соғыс жылдарында 1943 жылы жаңа дүниежүзілік үшінші валюталық жүйенің жобасы жасалды.
БҰҰ-ның Бретгон-Вудстағы (АҚШ) 1944 жылы болған валюталық қаржылық конференциясында дүниежүзілік сауданы ұйымдастырудың, валюталық, несиелік және қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың ережелері бекітіліп, үшінші валюталық жүйе дүниеге келді. Конференцияда қабылданған Халыкаралық валюталық қордың (ХВҚ) жарғысы Бреттон-Вудск валюталық жүйенің келесідей қағидаларын анықтады:
60 жылдардың аяғынан бастап,
Бреттон-вудс валюталық жүйесі
дағдарысқа ұщырады. Бұл
1976 жылғы қаңтардағы ХВҚ-ға мүше елдердің Кингстондағы (Ямайка) келісімі ХВҚ-дың жарғысына езгерістер енгізе отырып, төртінші валюталық жүйенің мынадай қағидаларын бекітті:
СДР-дің қызмет етуінің мынадай басты мәселесі болды:
1 СДР бірлігі 1970 жылдары 0,888671г. алтынға тең болды, яғни оны қағаз алтын деп атаған. СДР-дің бағамы валюталар қоржынының орташа бағамы негізінде анықталды (16 елдің). Валюталар қоржынындағы басты валюталардың құнсыздануы, әсіресе доллардың тұрақсыздығына сәйкес, Ямайка валюталық реформасы жүргізіліп, доллар тек қана, халықаралық төлем және резервтік құрал ретінде қалдырылды.
Доллар бағамының төмендеуі мынадай факторларға байланысты болды:
Сонымен, Ямайка валюталық реформасында валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ете алмады.
Ямайка валюталық жүйесінің тұрақсыздығына жауап ретінде Еуропалық қоғамдастық елдері өздерінің халықаралық (аумақтық) валюталық жүйесін құрды.
Еуропалық валюталық жүйе, экономикалық интеграциялану үдерісін ынталандыру мақсатында құрылды. Интеграционалдану үдерісінің даму себептеріне: шаруашылықтың интернационализациялануы, өндірістің қарсылас орталықтардың дүниежүзілік нарықтардағы өзара қарсы күресі және валюталық түрақсыздық жатады.
Еуропалық экономикалық
қоғамдастық — бұл Батыс Еуропа елдерінің біршама дамыған
аумақтык интеграционалдық тобын білдіреді,
ол 1957 жылы наурызда алтыелдің: ФРГ,Франция, Италия
1973 жылдан бастап, ЕЭҚ-қа Ұлыбритания, Ирландия,
ЕҚ-тың максаты:
Батыс еуропалық интеграция өзінің үш ерекшеліктерімен ажыратылады:
Министрлер Кеңесінің қызметін бақылайды, ЕҚбюджетін бекітеді;
Экономикалық интеграцияның ажырамас элементі валюталық интеграция болып табылады. Оған, валюталык саясаттың шоғырлану үдерісі, валюталық реттеу мемлекетаралық валюталық-несиелік және қаржы ұйымдарын құру жатады.
Ямайка валюталық жүйесіне қарағанда Еуропалық валюталық жүйе қағидалары мынадай болды:
Валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады:
Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс және ұсыныс, сондай-ақ олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына бағынады. Мұндай зандардың валюталық нарықтағы бәсекелестік жағдайында жұмыс жасауы, валюталар айырбасының қатысты баламалылығын, тауарлар, көрсетілетін қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына байланысты әлемдік шаруашылықтың қажетгілігіне валюталардың халықаралық ағымының сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Баға тетігі және нарықтағы валюталық бағам динамикасының белгілері арқылы экономикалық агенггер валюталарды сатып алушылардың сұранысы мен оларды ұсыну мүмкіндіктері туралы біле алады. Сонымен бірге, нарық, валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздері болып табылады.
Бірақта, мемлекет ертеден бері валюталық қатынастарға араласып келген, бастапқысында ол, жанама түрде, кейіннен оның әлемдік шаруашылықтағы маңыздылығын ескере отырып, тікелей араласа бастады. 30 жылдардағы XX ғасыр алтын стандарты алынып тасталуына байланысты валюталық бағамды реттегіш ретінде алтын тетігі қызметін тоқтатты. Бағамдық шекті 0атынастардың аяқ асты ауытқу мен валюталық дағдарыстар ұлттық және әлемдік экономикаға теріс әсер ете отырып, ауыр әлеуметтік-экономикалық зардапқа ұшыратты.
Нарықтық және мемлекеттік валюталық реттеу бірін-бірі толықтырады. Біріншісі, бәсекеге негізделген, яғни дамуды ынталандыра түссе, ал екіншісі, валюталық қатынастарды нарыктық реттеудегі теріс салдарларды жоюға бағытталған. Екі реттегіш арасындағы шекара нақты жағдайлардағы тиімділік және шегуге байланысты анықталады. Сондықтан да, олар арасындағы шекті қатынас жиі ауысып отырады. Дағдарыс, соғыс және тағы басқа қиын жағдайларда қатаң мемлекетгік валюталық реттеудің маңыздылығы артады. Сондай-ақ валюталық-экономикалық жағдайдың жақсаруы барысында валюталық операциялар ырықтандырылып, бұл аумақта нарықтық бәсеке орын алады. Бірақта мемлекет, бұл жағдайда да, валюталык қатынастарды қалыпқа келтіру және қадағалау мақсатында валюталық бақылау жасайды.