Валюталық тәуекелділіктің экономикалық мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 17:53, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан экономикасының тұрақтылығы көбінесе банк қызметінің тұрақтылығына байланысты. Республиканың банк жүйесі өзінің қарқынды дамуын әлі де жалғастыруда, өйткені банк қызметтері нарығының қалыптасу процесі жылдан-жылға кеңейіп, жетілдірілуде, сондай-ақ жаңа операциялар, қызметтер мен технологиялар енгізілуде. Сондықтан банк жүйесінің алдында жаңа міндеттер мен басқа да мақсаттар тұр.
Банк жүйесі кез келген мемлекеттің шаруашылық жүргізетін нарық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге Банк жүйесі өзі жұмыс істейтін негізгі принциптер айтарлықтай бұзылған жағдайда өзі де экономикалық тұрақсыздық көзіне айналуы мүмкін.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1 Валюталық тәуекелділіктің экономикалық мәні
1.2 Валюталық жүйенің мәні, түрлері
1.3 Халықаралық валюталық нарықтар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой.docx

— 43.14 Кб (Скачать документ)

Жоспар 
 

Кіріспе

Негізгі  бөлім

1.1 Валюталық тәуекелділіктің  экономикалық мәні

1.2 Валюталық жүйенің  мәні, түрлері

1.3 Халықаралық валюталық нарықтар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер 

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

Кіріспе 

 

Қазақстан экономикасының тұрақтылығы  көбінесе банк қызметінің тұрақтылығына байланысты. Республиканың банк жүйесі өзінің қарқынды дамуын әлі де жалғастыруда, өйткені банк қызметтері нарығының қалыптасу процесі жылдан-жылға кеңейіп, жетілдірілуде, сондай-ақ жаңа операциялар, қызметтер мен технологиялар енгізілуде. Сондықтан банк жүйесінің алдында жаңа міндеттер мен басқа да мақсаттар тұр.

Банк жүйесі кез келген мемлекеттің шаруашылық жүргізетін нарық жүйесінің жұмыс істеуін  қамтамасыз етуде маңызды рөл  атқарады. Сонымен бірге Банк жүйесі өзі жұмыс істейтін негізгі принциптер айтарлықтай бұзылған жағдайда өзі де экономикалық тұрақсыздық көзіне айналуы мүмкін. Банктер жүргізетін барлық дерлік операциялар тәуекелмен байланысты. Банк қызметіндегі тәуекелдер өзінің атқарар қызметі бойынша экономика саласына жатады, алайда шаруашылық субъектілердің қызметіндегі тәуекелдермен салыстырғанда олардың айрықша ерекшеліктері бар.

Қазақстан Республикасындағы  екінші деңгейдегі банктерде тәуекел-менеджментін дамыту мен олардың жай-күйі жөніндегі  қазіргі теориялық және практикалық ережелерді зерттеу тәуекел-менеджменті құрылымын ұйымдастыру әдістерінің толық жетілдірілмегендігін және жеткіліксіз дамығанын анықтады. Екінші деңгейдегі банктердің тәуекел-менеджментінің қолданыстағы жүйесін ұйымдастыру және оның жұмысындағы кемшіліктерге байланысты заңнаманы бұзғаны үшін банктерге ұйғарымнамалар мен түрлі санкциялар табыс ету, кейбір ірі және белгілі банктердің банкроттыққа ұшырауы жатады.          

 

 

  

 

 

  

 

1.1 Валюталық тәуекелділіктің  экономикалық мәні 

 

Бүгінгі таңда банк секторы Қазақстанның қаржы жүйесінің ең сыйымды және жылдам дамушы сегменті болып табылады. Соңғы жылдары республиканың банк жүйесі ТМД елдері ішінде қарқынды дамуымен ерекшеленді. Осы процеске салық-бюджет саясатының салиқалы бағытының қолдауы, мұнай экспортынан кірістің өсуі, сондай-ақ елдің қаржы жүйесінде пәрменді реформалар жүргізуге арқа сүйеген қолайлы макроэкономикалық жағдай ықпал етті. Екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) активтері 2000 жылы   
527,9 млрд. теңгеден 2006 жылы 8,8 трлн. теңгеге дейін өсті (өсім 1581,1 %-ды құрады), меншік капиталда, сондай-ақ 97,6 млрд. теңгеден 879,5 млрд. теңгеге дейін өсті (өсім 801,1 % құрады. Осы өте жоғары көрсеткіштер басқа да салыстырмалы көрсеткіштермен расталады. Мәселен, Қазақстан Республикасының ЖІӨ қатысында ЕДБ активтері 2000 жылы 20,3%-дан 2006 жылы 91,1 % -ға дейін өсті. Қазақстан Республикасының Қаржылық қадағалау агенттігі жақын арадағы үш жылда екінші деңгейдегі банктердің меншік капиталы үш есеге, активтері екі есеге, несиелер мөлшері – 2,5 есеге, несилер мен депозиттер мөлшері – үш есеге өседі деп болжайды. Қадағаланатын үрдіс ҚР ҰБ екінші деңгейдегі банктерге қойылатын талаптарды олардың қаржылық тұрақтылығы мен сенімділігін арттыру мақсатында бірте-бірте қатаңдату саясатымен тікелей байланысты.

Қазіргі заманғы банк жүйесін құруда қол жеткізген  табыстарға қарамастан, қазіргі таңда  қазақстандық банктер алдында бірқатар ағымдағы мәселелер мен проблемалардың шешімін табу қажет, оларды ойдағыдай  іске асыру банктердің сенімділігі  мен тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Қазақстанда банк ісін тиімді дамытудың маңызды элементі несиелік ұйымдардың ішкі және сыртқы бақылау  жүйесін құру тәсілдемелерін жетілдіру  болып табылады.

Жүргізілген зерттеулер нарық жағдайында бақылаудың мәні де өзгеретінін көрсетті, ендігі уақытта ол:

– басқарушылық қызметтің ажырамас бөлігі;

  • басқарушылық шешім қабылдау процесінде ақпараттық қамтамасыз етудің көзі;
  • басқарушылық шешімдердің орындалуы туралы қажетті ақпарат алуға болатын кері байланыс механизм ретінде болады.

Банк тәуекелдері экономикалық тәуекелдер санатына кіретіні белгілі, сонымен бірге олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Кез келген тәуекелді оқиғаның салдарынан банкке шығын, залал келтірілуі немесе банктің имиджіне көлеңке түсуі мүмкін, ал осы залалды бірқатар уақыт өткеннен кейін ғана бағалау мүмкін. Тәуекелдің осындай көп жақтылығы оны бірнеше қырынан қарау қажет екенін растайды, ал осыдан бағалайтын көп жіктелім мен тәсілдеме пайда болады. Кез келген өндірістік және коммерциялық қызмет өзіне тән тәуекелді болып табылады, өйткені іс-әрекет басталғанда олардың тиімділігі ішінара ғана белгілі.

Тәуекел кәсіпорындар мен  коммерциялық банктердің өзара іс-әрекет жасау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Банктер мен кәсіпорындардың  өзара іс-әрекет жасау тәуекелдігін кешенді бағалау әдістемесі бар, оны   
төмендегі формула бойынша есептеуге болады: 

 

 

   (1)  

 

мұнда: Rф(сов) – өзара  іс-әрекет жасаудың нақты жиынтық  тәуекел көрсеткіші;

bk – топтық нақты  тәуекелдің (кәсіпорын мен банктің) k-ші көрсеткішінің маңызын сипаттайтын параметр;

Rф(r)k – топтық нақты  тәуекелдің k-ші көрсеткіші.

Біз зерттеген менеджмент және тәуекел-менеджменті теорияларының  негізінде тәуекел-менеджменттің  банк қызметіндегі маңызын білдіретін анықтаманы ұсынамыз: тәуекел-менеджмент банк қызметінде ұйымдастырылған жүйе болып табылады. Осы жүйенің мақсаты банк тәуекелдерін барынша қысқарту, олардың алдын алу, қадағалау, оларды бақылау және мониторинг жүргізу, сондай-ақ жоспарланған пайданы алу және банктің имиджін нарықтың тұрақты қаржы субъектісі ретінде сақтау үшін барынша күш-жігер салу болып табылады.

Тәуекел-менеджментті ұйымдастыру  үшін банктердің қосымша қаржы шығыны, басқару, қадағалау және талдау жүйелерінің болуын, сонымен бірге тәуекелге бас ұра алатын және банктің беделі, оның қаржылық жай-күйі немесе тіпті банкроттық жөнінде сөз қозғалған қиын жағдайда жеке-дара дұрыс шешім қабылдай алатын жоғары білікті мамандарды даярлауды қажет етеді.

Шетелдік тәжірибені зерттеу банк жүйесінде тәуекел-менеджментті күшейту проблемасы батыс Еуропа елдерінде өзекті болып табылатынын көрсетті. Осы елдерде сыртқы аудиторлар жылына бір рет жүзеге асыратын сыртқы бақылаумен салыстырғанда жұмыстағы жол берілген кателіктерді, туындайтын тәуекелдерді ерте білу және ықтимал шығындар мен залалдардың алдын алу мақсатында күн сайын жүргізілетін ішкі бақылаудың күшейгені байқалады. Тәуекел-менеджмент бастапқы бақылау жүйесінен ерекшеленетін ішкі бақылау жүйесінің маңызды элементі, сондай-ақ мәмілелер мен операцияларды күнделікті бақылау, тәуекелдерді басқару, реттеу және бақылау жүйесі болып табылады.

Қазақстанның Ұлттық банкі банк қызметінің тәуекелін  басқару мен мониторингінде тәуекелді  келесі түрлерге бөлуді ұсынады:

1) кредит тәуекелі;

2) пайыз тәуекелі;

3) өтімділіктің ысырап болу тәуекелі;

4) операциялық тәуекел;

5) валюталық тәуекел;

6) баға тәуекелі;

7) ел (трансферлік) тәуекел;

8) құқықтық тәуекел;

9) бедел тәуекелі.

Банк қызметінде кез  келген операция орындағанда тәуекелдік болады, өйткені тәуекелдіксіз кәсіпкерлікті  елестету мүмкін емес. Банк операцияларымен байланысты тәуекелдіктерді басқару – іс жүзінде банк қоржынымен, яғни банктің кірісін қамтамасыз ететін активтердің қажетті жиынымен байланысты тәуекелдіктерді басқару болып табылады.

Банкроттық немесе банкті тарату адамдардың түрлі санаттарын (жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, кәсіпкерлер, басқа қаржы мекемелері) орасан зор қаржы қиындықтарына ұшыратады. 

 

1.2 Валюталық  жүйенің мәні, түрлері  

 

“Валюта” – Итальян  тілінен аударғанда “баға”,  “құн”  деген мағынаны білдіреді. Валюта – белгілі бір елдің ақша өлшемі, яғни теңге,  евро,  доллар т.с.с. Валютаның пайда болуы ақшаның пайда болуымен байланысты. Ақша алғашқыда натуралды заттай түрде,  кейінрек метал түрінде,  соңына таман қағаз ақша пайда болды. Ең алғаш рет метал ақша б.д.д. ІІІ – ғасырда римде басылған. Б.д.д. да VII – VIII ғасырларда Малайзиядағы Лидия мемлекетінде және ежелгі Грецияда басылған.   ІХ – Х ғасырларда Европа елдерінде басылып шыға бастады.

Қағаз  ақша ең алғаш  рет ХІ ғасырда Қытайда   пайда  болды. ХVIII ғасырлардың аяғында Солтүстік Америкада,  ал ХVIII ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басында Англияда шығарылды.  

 Әр ел өз ақшасын  металл немесе қағаз түрінде  шығарса да оған өздерінің елтаңбасын,  король бейнелерін басып отырған. Осы белгілеріне қарай қай елдің ақшасы,  яғни валютасы екендігін айыруға болады.

Валюталық жүйенің типтері  қандай?

Валюталық жүйенің үш типі бар: ұлттық,  дүниежүзілік,  аймақтық валюталық жүйелер.

Ұлттық валюталық жүйе – елдегі ұдайы өндіріс процесінің қажетті валюталық ресурстарды  қалыптастыруға және пайдалануға,  халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық – экономикалық қатынастар жйынтығы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып,  өзінше дербес және ұлттық шекарадан шығарыла алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.

Дүниежүзілік валюталық  жүйе – дүниежүзілік шаруашылықтың  дамуы негізінде қалыптасқан  және  мемлекетаралық келісім шарттарымен  бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы. Ұлттық валюта жүйе мен дүниежүзілік валюталық жүйе өзара тығыз байланысты. Бірақ бұл ұғымдар бір тұтас емес,  себебі олардың міндеттері,  қызмет етулері және реттеу шарттары,  жекелеген елдер экономикасына және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әртүрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық валюталық жүйемен байланыстыратын,  яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін,  мемлекетаралық  валюталық зерттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.

Дүниежүзілік валюталық  жүйені мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру  формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің  орыналастырылуымен,  өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықталады.

Аймақтық валютадық  жүйе – валюталық бағамның ауытқуын азайту және интеграциялық процесті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру формасының және  экономикалық интеграция шегінде валютаның қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.  

 

Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелерінің  арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтар.

Ұлттық валюталық  жүйе

Дүниежүзілік  валюталық жүйе

  1. Ұлттық валюта;
  2. Ұлттық валюта айналым дәрежесі
  3. Ұлттық валютаның паритеті;
  4. Ұлттық валюта бағамының тәртібі;
  5. Халықаралық валюталық өтімділік;
  6. Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы;
  7. Халықаралық несиелік айналыс құралдары, оларды пайдалану ережелерінің регламентациясы;
  8. Елдің халықаралық есеп айырысу регламентациясы;
  9. Ұлттық валюталық нарық пен алтын нарығының  режимі;
  10. Елдің валюталық қатынастарын реттеуші және қызмет көрсетуші ұлттық органдар.
  1. Халықаралық есептесу бірлігі,  резервтік валюталық;
  2. Валюталардың өзара айналымдығының шарты;
  3. Валюталық паритеттердің бір тұтас режимі;
  4. Валюталық бағамдар режимдерінің регламентациясы;
  5. Халықаралық валюталық өтімділікті мемлекетаралық реттеу;
  6. Валюталық шектеуді мемлекет аралық реттеу;
  7. Халықаралық несие айналыс құралдарын пайдаланудың бір тұтас ережесі;
  8. Халықаралық есеп айырысудың негізгі формасының бір тұтастығы;
  9. Дүниежүзілік валюталық нарықтар және алтын нарығының режимі;
  10. Мемлекет аралық валюталық реттеуді жүзеге асырушы халықаралық ұйымдар. 

 
 

 

Егер ұлттық валюталық  жүйе ұлттық валютаға негізделетін болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе бір немесе бірнеше резервтік валюталарға,  халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.

Резервтік валюта – халықаралық төлем және резерв құралы функциясын орындайтын,  басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауға базалық қызмет ететін,  валюталар бағамының реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валютаның ерекше категориясы.

Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:

  • дүниежүзілік өндірісте,  тауарлар мен капитал экспорттарында елдердің билік ету позициясы;
  • жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік – банктік мекемелердің дамыған торабы;
  • басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін,  халықаралық айналымдағы валютаның еркін айналымдығы және валюталық шектеудің болмауы.

Валюталық жүйенің  даму кезендері

Валюталық жүйенің дамуының төрт кезені бар:

  • бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе - өнеркәсіптік ревалюциядан кейін алтын монометализм базасында алтын монета стандарты формасында қалыптасты. 1867 жылы Париж келісімі алтынды дүниежүзілік ақшалардың жалғыз формасы ретінде мойындады.
  • екінші дүниежүзілік  валюталық  жүйе – 1922 жылы Генуэз конференциясындағы мемлекетаралық келісіммен құрылды. 30 елдің ақша жүйесі алтын девиз сатндарты базасында қызмет етті. Ол кезеңдерде резервтік валюта мәртебесі ресми түрде бір валютаға бекітілмеді,  бірақ доллар мен фунт – стерлинг жетекшілік танытты.
  • үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе – 1934 жылы Бреттон – Вудс қаласындағы (АҚШ) валюта – қаржы конференциясында рәсімделді. Оғын 44 ел мүше болды. ХВҚ жарғысы бекітіліп,  онда дүниежүзілік валюталық жүйе қағидалары бекітілді:

Алтынға және екі резервтік  валютаға (АҚШ доллары және Ағылшын  фунт – стерлингі) негізделеген мемлекетаралық алтын девиздік стандарттың жүйесі  бекітілді. Бұл жерде алтын девиз стандарты халықаралық қатынастарды сақтауталып,  ал ақша жүйесі айырбасталмайтын несиелік ақшаларға негізделді.

  • төртінші дүниежүзілік валюталық жүйе – қағидалары Кингстонда (Ямайка) 1976 – 78 жылдары халықаралық валюталық қорға  мүше елдердің келісімімен рәсімделді. Онда ХВҚ жарғысына түзетулер енгізілді. Ямайка валюталық жүйесінің негізгі қағидалары мыналар:

Информация о работе Валюталық тәуекелділіктің экономикалық мәні