Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 15:47, реферат
Әлемдік шаруашылықта қаржы нарығы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал рыноктарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара-бар категория ретінде қарастырылып практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылады. Әлемдік қаржы нарығын бірнеше түрге классификациялауға болады: олар, ұйымдасқан (ресми және жабық) және ұйымдаспаған болып (бейресми, ашық), тұрақты нарық. Мысалы: аукцион.
Кіріспе
Жалпы Валюта жүйесі
Әлемдік валюта нарығының құрылуы және дамуы
Еуропалық валюта жүйесінің (ЕВЖ) даму кезеңдері
Қорытынды
Қорытынды
Валюта (итальян сөзі,
сөзбе-сөз - құн) - елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық
төлем-есеп айырысу айналымының каналдары
арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше
формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру
және әлемдік еңбек бөлінісін интенсивтендіру
(күшейту) харықаралық нарықтың құрылуына
себепші болды. Өндіріс сүштерінің дамуы
мен ішкі нарықтағы өркендеген салаларының
өнімін сатуда туындайтын қиындықтар,
тауарлар тасылымы жағдайларын жетілдіру
- міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық
байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік
тауар айналымының дамуы мұнай, машина
жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі
салаларының өнімдерін сатуының ұлғаюына
байланысты болды.
Халықаралық экономикалық қатынастарда
өндіріс пен капиталды интернационалдандыру
ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды,
оның жолындағы кедергілерді жоюды, ішкі
сауда-саттықты босаңдатуды талап етті.
Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз
қозғалыста жүруіне транскорпорациялардың
қызығушылығы күшті болды. Олар-дың дамушы
мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін
жеңілдетуі, сондай-ақ интернационалдық
өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық
тауар айналымының ұлғаюы - ресурстарды
толық және тұрақты қолдануға қол жеткізгендіктің
айғағы. Әлемдік шаруашылық байланыстағы
өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара
қарым-қатынастарының тереңдеуі және
кеңуі осы елдердің экономикалық жағдайын
анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс
пен әлемдік айырбастың, жалақы мен бағаның
өсу карқынына зор әсер етті. Әлемдегі
елдердің шаруашылық қарым-қатынастарына
тауарлар қызмет, капитал және несие легі
жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық
ұдайы өндіріс процесінде қалыптасқан
тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік
нарыққа ұласады және де әрбір егемен
мемлекеттің заңды төлем құралы болып
оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық
тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы
қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта
жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті деп
танылған халықаралық несие ақшасының
әзірше жоқтығынан.
Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы
(экономикалық одаққа кіруі) ақша капиталының
бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына
және керісінше айналуын туындатады. Ол
халықаралық валюта, есеп айырысу жэне
несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта
валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық
қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың
нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара
айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының
кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі
Египетте, Римде) вексель және айырбастау
істері ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының
туындауы ұдайы өндіріске байланысты
болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің
тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше
де әсер (жағынды немесе жағымсыз) етеді.
Валюта қатынастары құқықтың нормалармен
және ережелермен реттеледі.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына
қарай валюта жүйесі пайда болды. Валюта
жүйесі эномикалық көзқарас тұрғысынан
- шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру
негізінде тарихи қалыптасатын валюта
экономикалық қатынастар жиынтығы; ал
ұйымдық-заңдылық тұрғысынан - ол белгілі
бір қоғамдық-экономикалык формация шегінде
мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан
валюта-экономикалық қатынастар.