Валюта жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 15:47, реферат

Краткое описание

Әлемдік шаруашылықта қаржы нарығы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал рыноктарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара-бар категория ретінде қарастырылып практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылады. Әлемдік қаржы нарығын бірнеше түрге классификациялауға болады: олар, ұйымдасқан (ресми және жабық) және ұйымдаспаған болып (бейресми, ашық), тұрақты нарық. Мысалы: аукцион.

Содержание

Кіріспе
Жалпы Валюта жүйесі
Әлемдік валюта нарығының құрылуы және дамуы
Еуропалық валюта жүйесінің (ЕВЖ) даму кезеңдері
Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

манжазба.doc

— 102.00 Кб (Скачать документ)

Жоспар

Кіріспе

Жалпы Валюта жүйесі

Әлемдік валюта нарығының  құрылуы және дамуы

 

Еуропалық валюта жүйесінің (ЕВЖ) даму кезеңдері 

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Әлемдік   шаруашылықта    қаржы нарығы   ұғымы   ақша,  валюта,    кредит, капитал рыноктарын      қоса   отырып кеңінен     түсіндіріледі. Бұл қаржыны    жалпы  ақша   мен  құн    категорияларына     бара-бар    категория    ретінде    қарастырылып практикамен,   негізінен   дүниежүзілік     практикамен байланысты, өйткені     экономикалық   ресурстардың     кез келген   түрі    меншіктің    титулдары  болып   табылатын  ақшамен  немесе    тиісті    бағалы   қағаздармен,    басқа   құжаттармен ортақтастырылады.  

Әлемдік қаржы   нарығын    бірнеше    түрге   классификациялауға  болады: олар, ұйымдасқан (ресми және  жабық) және  ұйымдаспаған болып (бейресми, ашық),  тұрақты   нарық.  Мысалы: аукцион.

Әлемдік  қаржы  орталықтары  – бұл  әлемде  шоғырланған қаржы орталығы, басқа   елдермен   тауар-ақша   қатынасы. Бүгінгі   күні   бұл  ең  пайданы  көп әкелетін  сфера болып келеді. Сондықтан  да   әлемдік   қаржы   орталықтарының    құрылымында  ұлттық   нарық, валюталық,  несиелеу, қор нарығы  және   де    алтын   нарығы кіреді.   

1-ші   дүние жүзілік   соғысқа   дейін    қаржы   орталығы  болып  Лондон қаласы   болды. Лондон  қаласында  жалпы  осы  елдің   экономикасының  дамуы  ең   жоғарғы  орында  болған,   оның   банктік   жүйесі   мен   басқа   елдермен   жақсы   сауда   қарым-қатынасының   ұстауы, сонымен  қатар   олар  осылай   фунт  стерлинг   ақша  жүйесін  бір  қалыпта   ұстап  тұрды. Қысқа  мерзімді   несиелеуде    стерлингтік   вексель   қолданылды. 80 % халықаралық   төлемдер осы  фунт   стерлинг  арқылы  іске  асырылды. 

Ал  бірінші   дүние   жүзілік    соғыстан кейін  қаржы  орталығы  болып  АҚШ мемлекеті   орнады. Бірақ   Лондон  өзінің өмір сүруін   осымен  тоқтатқан  жоқ,  ол  АҚШ  елімен  бірге әртүрлі   қаржы-несие    жүйесінде   және   қор  нарығында   өзінің   үстемдігін  орнатты. АҚШ-тан  басқа   тағы  да    басқа  мемлекеттер    келді. Олар:   Батыс  Европа  елдері  мен Жапония және   тағы  да басқа  жерлерден  болды.  Бәсекелесуді    көтеру  мақсатында, АҚШ  мемлекеті   бірінші   болып  валюталалардың    либерализациялауын  бастады. 

Ал  бүгінгі күнге   келетін   болсақ,   1990 жылы  «Делор  жоспары» бойынша  Европалық Одақ  елдерінде     бір ортақ  валюта мен  қаржылық  орталық  құру   туралы   қаулы   қабылданды. 

1993  жылы  ортақ европалық   валюта мен  қор  нарығы  мен қаржы  қызметтері құрылды. 

1999 жылы   Европалық  Одақ  елдерінде    евро  жүйесі   енгізілді. Бағалы   қағаздар мен  дериваттар евро жүйесіне   көшірілді, осымен   валюталық   тәуекелдікке   әкелді.   

Бұл мәнжазбаның мақсаты – ол әлемдегі барлық  қаржы нарығымен  таныстыру. Оның түсінігі мен құрылымымен, сондай-ақ  оның  даму бағдарламасымен таныстыру.  

Бүгінгі   күні  қаржы ол нарықтың   ең  негізгі  элементі   болып табылады. Сондықтан  да  нарықтың  дұрыс   жұмыс  істеп және көркеюіне осы  қаржының   алатын орны  зор.  Әлемде жоғары индустриялы елдер көп. Соның   ішінде,  ол  Жапон  елі мен  АҚШ елі.   Осы  екі   ел  нарықтың  тең  жартысын өз тауар  өндірісімен   қамтамасыз етеді.  АҚШ пен Жапон елі  бір-біріне   өте  ұқсас. Екеуі   де   бірінші дүние жүзілік   соғыстан  кейін  өз  экономикасын күрт көтерді. Екі  ел  өз позицияларын  нығайтып және  әлемдік   нарықтағы  өзінің  электро-техникалық,  машина жасау кешенімен,сондай-ақ  тағы да  басқа  ұсақ-ірі тұрмыстық заттарымен  бүгінгі  күні  нарықты  жаулап алуда. 

Нарықтық  қатынастардың  құрылымында да, мемлекет  тарапынан   оларды   реттеу    механизмінде де  қаржы    зор  роль    атқарады.

Қаржы – нарықтық   қатынастардың     құрамды    бөлігі    және   мемлекеттік   саясаты    жүзеге   асырудың құралы. Бұл  орайда    қаржының     әлеуметтік-экономикалық   мәнін     түсіне    білудің,  оның    іс-әрекет     етуінің  ерекшеліктерін    терең    ұғынудың, әлемдегі мемлекеттер  экономикасының     ойдағыдай   дамыту    мақсатымен     қаржы  ресурстарын    неғұрлым    толық   және    ұтымды    пайдаланудың   әдістері   мен  амалдарын   көре   білудің    маңызы  зор.

Сонымен,  әлемдік  қаржы  нарығы – бұл,  ең  алдымен   дербес   экономикалық   категория   ретінде    бағалы    қағаздарды  сату    мен  қайта   жөніндегі  операцияларды    жүзеге    асыру  жолымен    кәсіпорындардың,    фирмалардың, банктердің,    жинақтаушы   зейнетақы    қорларының,  сақтық    институттарының,   мемлекеттің   және    халықтың    уақытша   бос  ақшасын    жұмылдыруды,    бөлінуді    және  қайта    бөлуді    қамтамасыз   ететін     нарықтық    қатынастардың   жиынтығы. Ол  нарықтық    қатынастар     жүйесінің   құрамды    бөлігі    болып   табылады және тауар,   ақша, кредит,  сақтық,  валюта  және басқа    рыноктармен байланысты.  

 

 

 

 

 

Жалпы валюта жүйесі

Жалпы валюта жүйесі дегеніміз халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол - халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық шарт және мемелекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау. 
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға эсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің эрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. "Дүние-жүзілік валюта жүйесі" деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін әлемдік ақша белгілері. 
Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден-бір түрі болып алтын, кейін құйма формасындағы алтын есептелді. Алтын монетаны халықаралық есептесуде қолдану үшін алдымен құйма жасау, содан соң басқа елдің монетасын соғу қажет болды. Біртіндеп айналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық есеп айырысуда ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданыла бастады. Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер (жағынды немесе жағымсыз) етеді. Валюта қатынастары құқықтың нормалармен және ережелермен реттеледі. 
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды. Валюта жүйесі - эномикалық көзқарас тұрғысынан - шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан - ол белгілі бір қоғамдық-экономикалык формация шегінде мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар. 
Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды. 
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта - елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. 
Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы, Ресейде ел экономикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лимит белгілеу, белгілі бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тиым салу енгізілген; 50-жылдардың аяқ кезінен бастап дамыған мемлекеттер бірте-бірте валюталық шектеуді алып тастаған. 1996 жылы Ресей ХВҚ Жарғысының VIII бабына қосылып, саудалық және саудалық емес операцияларға валюталық шектеулерді жойды. Төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро (1995 жылдан ЭКЮ-дың орнына), ХВҚ резервтік позициясы 
(бағыты) және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігін реттеу. Дүниежүзілік валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол - халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық шарт және мемелекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасады қарастырады

.

Әлемдік валюта нарығының құрылуы және дамуы

 

ХХғ. 30-шы жылдары әлемдік  қаржылық кризис байқалған болатын, сол себепті сауда-экономикалық байланыстың құлдырауына әкелген еді. 1944 жылы АҚШ-та Бреттон-Вудс конференциясы өтті, оған екі атақты экономистер – Джон Мейнард Кейнс (Ұлыбритания) және Гарри Декстер Уайт (АҚШ) қатысты. Конференцияда талқыланған екі концепцияның ішінен Джон Кейнс ұсынған концепция таңдалды. Версаль әлемдік келісіміндегі қателерден бас тартудың амалдары көрсетілген. Бұл келісім-шарт Орталық Еуропада реваншизмнің туындауына әкелген болатын. Бреттон-Вудс жүйесі қалыптасқан жағдайда әлемдік қаржылық жүйенің дамуына жаңа тәртіп құрған:

·        Халықаралық қаржы-экономикалық қатынастар Халықаралық валюталық қормен қадағаланады;

·        Доллар мен де-факто фунт стерлинг халықаралық резерв ролін атқарады;

·        Реттелетін валюта паритеттері АҚШ долларына байланысқан;

·        ХВҚ мүшелері паритеттерді тек қана ХВҚ келісімінен кейін айырбастауға құқылы;

·        Өтпелі кезеңнің аяқталуына байланысты барлық валюта конвертеленетін болуы тиіс; бұл принциптің орындалуы үшін барлық мемлекеттер халықаралық резервтерін сақтауға, ал егер қажет болған жағдайда – валюта нарығында интервенция келісті;

·        ХВҚ мүшелері кірісті валюта және алтынмен жасайды. Бұл кезде алғашқы транш (1/4 кірістің) басты валюта және алтынмен, қалғаны – ұлттық валютамен жасалынады.

Валюта курсының айырбасы үш жақты арбитраж арқылы тіркеледі. Яғни, егер франк курсы доллар курсына қатынасы 10 франк = 20 доллар, ал фунт курсы долларға шаққандағы қатынасы 50 фунт = 2 доллар құраса, онда фунт пен франк арасындағы айырбас курсын үш жақты арбитраж келесідей анықтаған еді:

Фунт/франк = доллар/франк : доллар/фунт = 20/10 : 20/5 = 2 : 0,4 = 5

Бүгінгі таңда халықаралық  есеп-айырысуда валюталық клиринг  дамуда, яғни халықаралық келісім  бойынша өзара талаптарды ескеру негізінде мемлекеттер арасындағы есеп-айырысу.

Соғыстан кейінгі кезеңде  коммунизмнің басталуын тоқтату  үшін АҚШ Еуропа экономикасын тұрақтандырудың  бағдарламасын қарастырды, бұған  байланысты ол өзінің әскери потенциалын  тұрақтандыра алатын деңгейге дейін  қалыптасады деген тұжырым болды. Алға қойған мәселелердің бірі, ол «доллар аштығын» тоқтату. АҚШ тез арада доллар міндеттерін ұлғайтады, олар 1949 жылы 3,1 млрд., 1959 жылы 10,1 млрд. дейін жетті. 50 жыл аяғына қарай еуропаның көптеген елдері 1964 жылы Жапонияда өз валютасының еркін конвертацияланатынын жариялады. Осыдан кейін АҚШ-тың 35 доллардыңалтынның унциясына байланысты бағасын ұстап тұруға мүмкіндігі болмайтынына әкелді. Доллар инфляциясы АҚШ үшінқиындық туғызды, осыған байланысты үкімет көптеген бұрыс шешімдерге келген еді – пайыздық дифференциалға салық енгізілді, олар шетел қарыз алушылардың шығындарын жоғарылатады. Кейін бұл жаңа нарықтың пайда болуына әкелді – еуродоллар нарығы. Біршама уақыттан кейін ағылшын фунтының девальвациясы болды, бұл Бреттон-Вудстың тұрақты жүйесінен соңғы соққы болды. Бұл кезде АҚШ-та төлем балансының дефициті алтын қорының 18-11 млрд. долларға дейін қысқаруына әкелді. Осымен бірге сыртқы қарыздың жоғарылауы болды.

70 жылы АҚШ-та пайыздық ставкалары  төмен, осыған байланысты доллардың  кризисі туады. Дағдарысқа байланысты капиталдың көбі АҚШ-тан Еуропаға ауысты, онда пайыз ставкасының деңгейі әлде қайда жоғары болды. 1971 жылы Германия мен Голландия өздерінің валютасын уақытша еркін ауысуын жариялайды. АҚШ-ғы төлем балансы дефицитінің жоғарылауына байланысты доллардың алтынға айырбасталуын тоқтатуға әкелді. Айырбас курсының паритеттен ауытқу интервалы 4,5% дейін жоғарылады. Интервал шекараларын ұстап тұру оңай болған жоқ. Біраз уақыттан кейін Бундесбанк 5 млрд. доллар интервенция жүргізді. Үлкен сома ешқандай нәтиже берген жоқ. Еуропа мен Жапониядағы валюта биржалары уақытша жабылды, ал АҚШ доллардың 10% девальвацияланатыны туралы жариялады. Дамыған елдер фиксирленген паритеттерді шектеп, валюталық жүзуді бастады.

АҚШ бірте-бірте пайыз диффициті  мен шетел несиесіне қосылған шектеулер бағдарламасына салықты шегере бастады. Бреттан-Вудс жүйесінің соңғы жылдарында валюталық трейдерлер үлкен спекулятивті пайда тапты. Фиксирленген курстан бас тартқаннан кейін пайда табу мүмкіндігі төмендеді. Көптеген банктер шығынға ұшырады, ал екі белгілі банк – «Банкхаус Хершталт» Колонода және «Френклин Нэшнл» Нью-Йоркте банкротқа ұшырады.

1976 жылы Ямайка конференциясы  (Кингстон қ.) болды, онда алдыңғы  қатарлы мемлекеттердің мүшелері  әлемдік валюта жүйесінің жаңа принциптерін құрастырды. Халықаралық төлем ретінде алтынды дифицитті жабу үшін қолданудан бас тартты.

Халықаралық өтімділік құралы ретінде  алтын, шетел валютасы, ХВҚ-ның резервтік  позициясы, еуро қолданылды.

Халықаралық өтімділік құралдар арасында орталық орын мемлекеттің алтын-валютасы ресурстарына берілген. Валюталық ресурстар категориясында алдыңғы орынды қазіргі заманғы резерв валютасы алады, олар еркін конвертелетін, яғни кез келген шетел валютасына шектеусіз айырбасталады. ХВҚ жарғысында «еркін қолданатын валюта» түсінігі енгізілген, ол АҚШ долларына, неміс маркасына, жапон иеніне, фунт стерлингке, француз франкіне қатысты. ХВҚ мүше елі шетел валютасында несие алуға құқығы бар 25% квота шамасында, сонымен қатароның алдындаХВҚ қарызға берген сомманы. Қарыз алудың арнайы құқығы ХВҚ мүшесінің ағымдағы шотында жазылады, бірақ оларды кез келген елдің валютасына айырбастауға болады. халықаралық өтімділік құралдар құрылымында басты орынды алтын алады. Жаңа жүйенің элементтері ретінде мемлекет аралық ұйымдар болады, олар валюта қатынасын және валюта айырбасын реттейді. Мемлекеттердің ұлттық валютасы төлем құралдары ретінде қолданады. Халықаралық валюта операциялары коммерциялық банктер арқылы жүзеге асырылады.

Валюта курсының жүзуі режимін енгізу курстың жиналу процесін тоқтатты, бірақ төлем балансының түзелуін, «ыстық» ақшаның қозғалысын, валюталық спекуляцияны тоқтата алмады. Капиталдың еркін қозғалысы жағдайында валюта курсының ауытқуы өздігінен күшейгіш болып табылды. Әлемнің әр түрлі аймақтарында инвестиция ретінде үлкен ақша массасы қолданылады. Бұл жағдайда ұлттық валютаның «тербелісіне» әкеледі. Алдымен тез арада күшейіп, содан кейін одан да тез құнсызданады. Бұл жағдайда мемлекет валюта курсының жүзбелі режимдегі реттелуін қалайды. Олар оны әр түрлі валюталық саясаттармен кейде өте қатал әдістермен қадағалап отырады.   

70-ші жылдардың соңында Еуропалық  валюта жүйесі құрылады, оның  негізі кросс-курс валюта торы  болып табылады. Еуропалық валюта  жүйесі Бреттон-Вудс жүйесінің мәніне сәйкес келеді. Егер кросс-курс шегіне жақындаса, онда екі жақ та интервенция жүргізуге міндетті. Еуропалық валюта жүйесінің негізгі валютасы болып дойчмарка саналады.

Бірте-бірте 90-шы жылдың ортасына қарай  экю саналмай, физикалық құралға айналды. Банктер депозиттерді экюде ашты, деноминирленген жол чектері мен несие карточкалары экюде шығарылды.

1999 жылдың басында нарықта жаңа  еуропалық валюта шықты – еуро, ол экюдің орнына қолданылды. Көптеген Еуропа мемлекеттері  еуроға қатысты ауыстыру курстарын бекітті. Еуропалық орталық банк Еуропалық валюта кеңесінің валюталық саясатын басқарды.

Еуропалық валюта жүйесінің (ЕВЖ) даму кезеңдері. 

Бастапқы валюталық  жүйе алтын монеталы стандарт негізінде  құрылып, 1867 жылы басшы елдердің өкілдері қатынасқан Париж конференциясында мемлекетаралық келісіммен заңды түрде рәсімделді. 
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін де кең тараған валюта дағдарысы екінші дүниежүзілік валюта жүйесінің пайда болуына әкеп соқтырды. Ол 1922 ж. Генуя халықаралық экономикалық конференциясында қатысушы мемлекеттердің келісімімен рәсімделді. Бұл Генуя валюта жүйесі конференцияда келісімге келуші 30 елдің ақша жүйесі тәрізді алтын девизді стандартқа негізделіп құрылды. Ол девиздің принципі бойынша банкноталар алтынға емес вексельге және чекке, яғни девиздерге айырбасталды. Девиз деген кез келген формадағы шетел валютасы (фунт стерлинг, доллар және т.б.). Екі дүниежүзілік соғыстар аралығында (I және II) Бреттон-Вудс конференциясына дейін резервтік валюта статусы (айырбасталатын валюта ерекше атағы) ресми ешбір валютаға бекітілген жоқ. Ал ағылшын фунт стерлингі мен американдық доллар осы статусты (атақты) бірінші болып алуға өзара шиеленіскен бәсекелесте таласып жатты. 
Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі. 1944 жылы 22 маусымда АҚШ БҰҰ-ның Бреттон-Вудс конференциясында заңды түрде резервтік валюта статусы бекітілді. Онда алтын Девиз стандартына негізделіп, девиздік валюта ретінде американдық доллар мен фунт стерлинг қабылданды. Сонымен бірге алғашқы рет резервтік валюта статусы заңды түрде осы валюталарға бекітілді. Бұл АҚШ пен Ұлыбританияның халықаралық қарызын өз ұлттық валютасымен өтеулеріне мүмкіндік туғызды. 1949 жылы өзіне капиталистік өнеркәсіп өндірісінің 54,6%-ін, тауар экспортының 33%-ін, ресми алтын резервінің 75%-ін шоғырландырған АҚШ-тың экономикалық басымдығы және оның бәсекелестері екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде әлсіреуі доллардың үстемдігің қамтамасыз етті. Батыс Еуропаның және Жапонияның аса ауыр валюта-экономикалық жағдайы, сондай-ақ бұл мемлекеттердің АҚШ-қа тәуелділігі, долларлық гегемония (басымдық) олардағы доллардың өткір жетіспеушілігінде, яғни "долларлық аштықта" көрініс тапты. 
Бреттон-Вудс жүйесінің құрылымдық принциптері төмендегідей: 
• доллар мен фунт стерлингтің резервтік валюта ре-тіндегі статусы бекітілді; 
 
• ХВҚ-ға мүше елдердің барлығы өз валютасын басқа валюталарға алтын арқылы айырбастайды, онда валю-таның алтын паритеті және валюта бағамы бекітілді. Валюталардың нарықтық бағамы доллар паритетінен ± 1%-ке, Еуропа елдерінде ± 0,75% ауытқуы мүмкін; 
• шетел орталық банктерінің долларлық резервтері (қорлары) алтынға американдық қазынашылық мекемесі (казначейство) арқылы ресми бағамен айырбасталады; 
• алтынның төмендетілген ресми бағасы бекітілді (35 АҚШ доллары құрамында 31,1 гр таза алтыны бар 1 тройск унциясына теңгерілді); 
• мемлекетаралық валюта қатынастарын реттейтін орган - Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) құрылды. 
ХВҚ-ның негізгі қызметі - осы мемлекетаралық қорға мүше елдердің валюта паритетін, бағамдарын және басқа валюталарға еркін айырбасталуын бақылауды қамтамасыз ету. Бреттон-Вудс жүйесі ширек ғасырдан астам уақыт аралығында халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне және әлемдік нарықтың қарқындап өсуіне ықпал етті. 
Дегенмен бұл жүйе оған мүше елдердің барлығына бірдей тең құқық бере алмады. Долларлық стандартты бекіткен принциптерді АҚШ басқа елдер есебінен әлемде өз үстемдік позициясын күшейтуге пайдаланды. Бреттон-Вудс валюта жүйесінің қайшылығы, ең алдымен доллар мен фунт стерлингтің ұлттық сипаты және оларды халықаралық төлем құралдары ретінде қолдануы, біртіндеп жүйені әлсірете бастады. Осы кезде Батыс Еуропа мен Жапонияның позициясы күшейді. 1971-1973 жж. валюта дағдарысы Бреттон-Вудс жүйесінің іс жүзінде күйреуін жеделдетті. 
Төртінші (казіргі) дүниежүзілік валюта жүйесі 1976 жылдың қаңтарында ХВҚ-ға мүше мемлекеттердің Кингстонда (Ямайка) қол қойған келісімімен дүниеге келіп, Ямайка валюта жүйесі деп аталды. Бұл жүйе енді ешбір ұлттық валюта жүйесіне негізделмей, тек заң жүзінде бекітілген мемлекетаралық принциптерге сүйенеді. Онда доллар ерекше орында болғанмен, ол бұрынғыдай роль атқармайды. Жаңа жүйе көпвалюталы стандарт болып табылады. 
Ямайка валюта жүйесінің бұрынғы жүйеден айырмашылығы: 
• алтын өзінің монетарлық қызмет атқаруын тоқтатты, яғни енді бірде-бір валютаның құрамында алтын жоқ: ХВҚ-ның өзгерген Жарғысына сәйкес алтын құн өлшемі ретінде және валюта бағамын есептеуге де қолданбауы тиіс. Сөйтіп алтын паритетінің, алтынның ресми бағасының, шетел орталық банктері мен үкімет орындары үшін американдық қазынашылықтың долларлық резервтерді алтынға айырбастауы жойыл-ғандығы заңмен бекітілді. Дегенмен, Ямайка валюта жүйесінен алтынды валюта соғылатын металл ретінде заң жүзінде ығыстырғанға қарамастан, іс-жүзінде оның ақша ретінде қолдану мүмкіндіктері таусыла қойған жоқ. Алтынның нақты бағасы болғандықтан ол бұрынғыдай төтенше халықаралық ақша және аса сенімді резервтік актив ретінде саналады. Қазіргі кезде мемлекеттердің орталық банктері және жеке тезав-раторлар шамамен 60 мың тонна алтын сақтауда (әрқайсысында 34 мың және 25 мың тонна алтын бар) . 
• алтын девизді стандарттың орнына жаңа халықаралық есепайырысу құралы - СДР енгізілді. Ол валюталық паритет пен валюта бағамының негізі деп жарияланды. Дегенмен СДР эмиссияланған (1970 ж.) 30 жыл ішінде ол құн эталонына (үлгі өлшем), не басты халықаралық төлем және резерв құралына айналған жоқ. Ол әлемдік ақша ролін орындаудан тым алыс болды. Бағамы СДР-мен анықталатын валюталар саны жылдан-жылға азайды. Егер олардың саны 1980 ж. 15 болса, 1998 ж. ол көрсеткіш 2-ге дейін азайды. СДр стандартының болашағы жоқ, оның қолдану аясы негізінен ХФҚ-ның операцияларымен шектелеуде. Дол- лардың Бреттон-Вудс жүйесіндегі ресми резервтік валюта статусы алынып тасталса да, іс-жүзінде долларлық стандарт сақталуда. Валютаның шартты құнының анықтайтын СДР-дың валюталық қоржынының 39%-і доллардың үлесіне тиеді. Әлемде 21 валюта долларға бекітілген, бірақ қазір олардың саны азаюда. Әйтседе доллар бұрынғыдай халықаралық төлем және резерв құралы ретінде алда келеді. Себебі доллардың озат позициясы АҚШ-тың экономикалық, ғылыми-техникалық және әскери потенциалының басымдылығына негізделген, бірақ бәсекелестерінің (Батыс Еуропа, Жапония) тегеуірінінің әсерінен олардың әлемдік экономикадағы монополды жағдайы жойылуда. СДР стандарты шын мәнінде көп валюталы стандартқа ауысты. Ол - үш әлемдік валюталық орталықтың ва-люталарына, яғни американдық долларға, неміс маркасына (1999 жылдан еуромен алмастырылған), жапондық иенге негізделген. 
• ХВҚ-ның мүшелері валюталық паритетті қолданбай кез келген валюта бағамының тәртібін пайдалануға құқық алды. Сөйтіп өзгермелі валюта бағамының ережесі бекітіліп, оған көптеген елдер 1973 жылдың наурызынан бастап ауысты. Бұрынғы бекітілген валюта бағамына қарағанда бұл тәртіп икемді болғанымен валюта курстарының арақатынасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді деген сенімді ақтамады. Керісінше, орталық банктің валюта нарығындағы операцияларға араласуы формасындағы жүргізетін валюталық интер-венциясына (оның ішінде ұжымдық) шығындары көбейді. 
Бреттон-Вудс жүйесінен ауысқан ХВҚ-ның міндеті мемлекетаралық валюталық реттеуді күшейту, мүше елдердің өзара тығыз қарым-қатынастығын қамтамасыз ету, әлемде валютаның тұрақтылығына қол жеткізу үшін әр түрлі валюталық шектеулерді жою. Қорыта айтқанда, Ямайка валюта жүйесі бұрынғы 4 жүйемен салыстырғанда өзінің икемділігімен төлем баланстары мен валюта бағамдарының тұрақсыздығына және әлемдегі күштердің жаңадан орналасуына тез лайықтанды. Сонымен қатар ол біраз қиындықтарды: мысалы, СДР стан- 
дартының тиімсіздігіне байланысты; алтынды занды түрде демонетизациялаумен оның іс-жүзінде әлемдік төтенше ақша статусын сақтауы арасындағы қарама-қайшылық; өзгермелі валюталық бағам ережесінің жетіспестігі және с.с. мәселелерді туғызды. Қазіргі кезде осы мәселелерді шешу үшін, әлемдік үш орталықтың валюта-экономикалық саясатын үйлестіруді күшейту үшін және әлемдік валюта механизмін тұрақтандыру үшін Ямайка валюта жүйесін жетілдіретін жолдар іздестірілуде. 
1979 ж. Еуропалық экономикалық одақтың (ЕО) шеңберінде Батыс Еуропа елдерінің интеграциялық процестерін дамытуға көмектесу мақсатында Еуропа валюта жүйесі (ЕВЖ) деп аталатын аймақгық валюта жүйесі құрылды. Бұл жүйеге кіретін мемлекеттер ХВҚ-ның мүшелері болғандықтан ЕВЖ-сін әлемдік валюта жүйесінің құрылымдық бір бөлігі ретінде қарастыруға болады. Солай болғанмен оны Ямайка жүйесінен ажырататын бірсыпыра ерекшеліктері бар. 
ЕВЖ-нің құрылымдық ерекшеліктеріне төмендегілер жатады: 
• СДР-дың орнына еуропалық валюта өлшемі - ЭКЮ стандарты енгізілді. ЭКЮ-дің валюталық қоржыны батыс еуропалық 12 валюталардан құрылады. Онда неміс маркасы (30%-тен астамы) үстем болды. ЭКЮ-ді қолдану аясы СДР-ды қолдану аясына қарағанда әлдеқайда кең, оны тек қана мемлекеттік сектор емес, сонымен қатар жеке секторлар, оның ішінде банктердің депозиттік ссудалық операцияларында, халықаралық есеп айырысу жеке фирмалары қолданады. ЭКЮ бірітіндеп әлемдік валюта нышандарын ала бас-тағанымен, әзірше әлемдік деңгейге шыққан жоқ. Оны 1999 жылдан ұжымдық еуропалық валюта - еуро ауыс-тырды.

Информация о работе Валюта жүйесі