Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2014 в 19:26, реферат
Стратегиялық жоспарлаудың мәні айқындалған, шекті қор көлемі бойынша дамудың магистральді бағытын, қазіргі экономиканың қолайлы тұстарын дұрыс пайдалану және жағымсыз жақтарының әсерін бейтараптандыру арқылы болашаққа нақты қойылған мақсатқа қол жеткізетін іс-әрекеттерді анықтауда.
Стратегиялық жоспар, ұзақ уақыт бойы тұтас болып қана қоймай, сонымен бірге тұрақты өзгеріп отыратын іскерлік, әлеуметтік ортаның әсерімен қажет болған жағдайда, оларға түзетулер енгізуге болатындай жеткілікті түрде икемді болуы тиіс.
Кіріспе
1.1. ҚР-ғы стратегиялық жоспарлау
1.2. Стратегиялық жоспарлаудың ҚР-да пайда болуы
2.1. «Қазақстан 2030» стратегиялық жоспары
2.2. Қазақстан экономикасы: нәтижелер, басымдықтар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
«Қазақстан 2030» стратегиялық жоспары
«Қазақстан - 2030» стратегиясы - бұл 1998 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев баяндаған ұлттық стратегиялық даму жоспары. Барлық қазақстандықтардың гүлденуіне, қауіпсіздігіне және тіршілік деңгейін жоғарлатуға бағытталған «Қазақстан - 2030» стратегиясы жеті жекелеген даму cекторларына ерекше назар аударады: ұлттық қауіпсіздік, елдің ішіндегі саяси тұрақтылық, нарық механизміне негізделген орнықты экономикалық өсу, денсаулық және білім беру, энергоресурстар, көлік-коммуникациялық инфрақұрылым, сонымен қатар кәсіби мемлекеттің дамуы.
Осынау он жылда Стратегияның негізінде біз өз дамуымызда сапалы секіріс жасай алдық. Көптеген елдер бірнеше онжылдық арнаған жұмыс көлемін атқардық. Бүгінде біз толық негізде “Қазақстан-2030” Стратегиясы өзінің өмірге қабілеттілігі мен тиімділігін толық қуаттай алды деп мәлімдей аламыз. Ол біздің дамуымыздың – аман қалу моделінен озық даму моделіне дейтін парадигмасын біржолата өзгертті. Бұл тұрғыда біз әзірлеген және бүкіл соңғы 10 жылда іс жүзіне асырып жатқан жеті ұзақ мерзімді басымдық өзекті болып табылады. Бірінші ұзақ мерзімді басымдықты: Ұлттық қауіпсіздікті іске асыру Біз ел Қарулы Күштерінің реформасын жүзеге асырдық, осы заманғы армияны жасақтадық, оны қайта жарақтандыруды жүргізудеміз. Елдің Қарулы Күштерін қаржыландыруды елеулі түрде арттырдық. Біз құқық қорғау органдарын, арнаулы қызметтерді қоса алғанда іс жүзінде мемлекет қауіпсіздігінің инфрақұрылымын қайта құрдық. “Қазақстан-2030” Стратегиясының бір бөлігі ретінде қауіпсіздікке төнетін қатерлерді алдын ала бейтараптандыруға бағдарланған Ұлттық мемлекет қауіпсіздігінің стратегиясы әзірленіп,бекітілді.
Қазақстанның бастамасы бойынша құрылған мемлекетаралық бірлестіктер өзінің қажеттігін дәлелдеп шықты. Өңірлік бірлестіктер – АӨСШК, ШЫҰ, ҰҚШҰ-ның қызметі өңірдегі тұрақтылық пен өзара ықпалдастық үшін берік негіз қалады.
Екінші басымдықты: Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын іске асыру
Тәуелсіздік жылдары біз ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайтудың өз моделімізді іске асырдық, ол “Қазақстан жолы” деп аталады. Қазақстандық демократияның негізгі институттарының бірі және этносаралық келісімге қол жеткізудің тиімді құралы Қазақстан халқының Ассамблеясы болды, ол консультативтік-кеңесші органнан конституциялық органға дейінгі эволюциядан өтті.
Біздің болашаққа арналған стратегиямыз – қоғамды одан әрі топтастыру және бәсекеге қабілетті біртұтас қазақстандық ұлтты қалыптастыру.
Қазақстан бүгінде
мәдениетаралық және конфессияаралық
үнқатысудың маңызды
Үшінші басымдықты: Ашық нарықтық экономика қағидаттарына негізделген тұрлаулы экономикалық өсуді қамтамасыз етуді іске асыру.
Біздің басты стратегиялық басымдықтарымыздың қатарында Қазақстанда тұрлаулы экономикалық өсуді қамтамасыз ету әрдайым болған және болып отыр. Барлық өткен жылдарда біз экономикалық өсудің айтарлықтай жоғары қарқынын ұстанып, бұл көрсеткіш бойынша Қытай, Үндістан, АСЕАН елдері секілді жұрттармен қатар келеміз.
Біздің экономикалық өсудің негізінде жеке бастамалар мен кәсіпкерлікке жол ашу, белсенді сыртқы сауда, инвестициялар тарту жатыр.
Өткен онжылдықта ел ІЖӨ-сі 22 млрд. АҚШ долларынан 100 млрд. долларға дейін, бес есе дерлік ұлғайды. Жан басына келетін ІЖӨ осы кезеңде 3,7 есеге өсті және үсті¬міздегі жылы Орталық және Шығыс Еуропаның бірқатар мемлекеттерінің көрсеткіштерімен теңесіп, 7 мың АҚШ долларына жақындайды. Негізгі капиталға инвестициялар көлемі ұлғая түсуде. Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі 70 миллиард АҚШ долларынан астамға жетті. Бұл – Орталық Азияға тартылған барлық инвестициялардың 80 пайызы.
Ұлттық қордың қаражатын ескергенде елдің халықаралық активтері 40 миллиард АҚШ долларынан асып түсті. Егер біздің бос қазынадан бастағанымызды еске түсірсек, біз көп нәтижеге қол жеткіздік деп айту керек.
Сыртқы сауда айналымы он жылда 6 еседен астамға ұлғайды, ал биылғы жылы ол 80 миллиард АҚШ долларына жете алады.
Төртінші басымдықты: Барлық қазақстандықтардың денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын іске асыру
Соңғы он жылда қазақстандықтардың басым санының тұрмысы елеулі түрде өзгерді. Бүкіләлемдік банктің сыныптамасы бойынша Қазақстан бүгінде орта деңгейлі табысы бар елдердің тобына кіреді. 10 жылда қазақстандықтардың ақшалай табыстары 6,5 есе өсіп, орташа айлық жалақы 5 есе дерлік ұлғайды, ең төменгі жалақы 4,5 есе өсті. Осы кезеңде зейнетақының орташа айлық мөлшері 4 есе ұлғайды. Халықты әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің қамтуы айтарлықтай кеңейді, оның қызметі бүгінде Қазақстанның әрбір төртінші азаматын қамтып отыр. Тек соңғы 5 жылда ғана мақсатты әлеуметтік көмекке мемлекет 34 миллиард теңгедей бөлді. Орта мерзімді перспективада бізге әлеуметтік стратегиямыздың алдыңғы қатарлы елдер деңгейінде қазақстандық Өмір сапасының ұлттық стандартын қамтамасыз ету жөніндегі басты идеясын іске асыруымыз керек. Бәрінен бұрын біз денсаулық сақтау саласындағы қызметтің осы заманғы қағидаттары мен стандарттарына жедел көшуді қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл алғашқы медициналық-санитарлық көмек, ана мен баланы қорғау, медициналық білім мен ғылым мәселелеріне қатысты.
Бесінші ұзақ мерзімді басымдықты: Энергетикалық ресурстарды дамытуды іске асыру
Өткен жылдары мұнай-газ өнеркәсібі экономиканың басқа салаларын соңынан ілестірген локомотив болды. Сондықтан энергетикалық ресурстарды дамытуды біз Стратегияның ұзақ мерзімді басымдығына дараладық. Бұл ретте біз түрлі “голланд ауруларына” ұрынбай, мұнай табыстарын ұтымды жұмсай алдық.
Еліміздің аумағында Қазақстанда мұнай елдерінің алғашқы ондығына шығаратын мұнай мен газ кен орындары бар.
2010 жылға қарай Қазақстанда болжанған мұнай өндіру 80 миллион тоннаны құрайды, 2015 жылы 25 млн. тоннадан аспайтын ішкі тұтыну жағдайында 130 миллион тоннаға жетеді. 2010 жылы шикі газды өндіру 40 миллиард текше метрге дейін, 2015 жылы 80 миллиард текше метрге дейін өседі деп күтілуде.
Біздің энергетикалық әлеуетімізді одан әрі дамыту бірқатар маңызды міндеттерді шешуді көздейді. Бәрінен бұрын мұнай-газ кешенімен тікелей байланысты терең өңдеу салаларын озық дамытуды, қосымша құн үлесі жоғары өнімдерді халықаралық рынокқа жедел шығаруды қамтамасыз ету керек.
Алтыншы ұзақ мерзімді басымдықты: Инфрақұрылымды дамытуды іске асыру
Соған орай бұл салада көп іс атқарылды. Бірер цифрды ғана келтірейін. 1997-2006 жылдары республикалық бюджет қаражатынан 280 миллиард теңгеден астам қаржы игерілді, осының есебінен 4 мың шақырым шамасында автожолдар салынып, қайта жөнделді, 13 мың шақырымнан астам автожол күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Алға қойылған міндеттерді одан әрі іске асыру мақсатында 2006 жылы Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясы қабылданды. Оның аясында қаржыландырудың түрлі көздері есебінен 30 миллиард АҚШ доллары шамасындағы сомаға 80-ге жуық инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Біздің ұлан-байтақ аумағымыз үшін көліктің, оның үстіне транзиттік көліктің зор маңызы бар. Экономикамызды нақты дамыту Қазақстан қандай көлік жүйеле¬ріне ие болатынына келіп тіреледі. 1600 шақырым шамасында жаңа және 2700 шақырым темір жол электрлендіріледі, 50 мың шақырым шамасында автожол салынып, қайта жөнделеді, әуежай инфрақұрылымын қайта жөндеу және жаңғырту, ұлттық теңіз-сауда фло¬тын дамыту, теңіз порттары мен ішкі кеме жүру жолдарының инфрақұрылымын өркендету жөніндегі жұмыстар жүргізіледі.
Бұл Қазақстан аумағы арқылы өтетін трансконтиненталдық маршруттарды дамыту үшін серпін береді.
Стратегияға сәйкес елде телекоммуникация саласын дамыту жөнінде кешенді жұмыстар жүргізілуде. Үстіміздегі жылдың аяғына дейін 50 адамнан астам тұрғыны бар барлық ауылдық елді мекендерге телефон жүргізіледі. Қалған 50 адамнан аз халқы бар және жалпы тұрғындары 14 мың адам болатын 200-ге жуық елді мекен келесі жылы байланыс қызметіне қол жеткізе алады. Жылдың аяғына дейін бұрынғы жылдары телефон орнатуға өтініш берген қалған адамдардың сұранысы қанағаттандырылады.
Жетінші басымдықты: Кәсіби үкіметті қалыптастыруды іске асыру
Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру біздің ұзақ мерзімді басымдықтарымыздың бірі болып қалып отыр.
Бұл стратегиялық
міндетті іске асыру мақсатында өткен
ғасырдың 90-шы жылдарының аяғынан бастап
Қазақстан терең әкімшілік
Осынау жылдары Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік құрылып, “Мемлекеттік қызмет туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы”, “Әкімшілік ресімдер туралы” заңдар, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі қабылданды.
Мемлекеттік қызметке қабылдаудың конкурстық жүйесі енгізілді. Мемлекетке тән емес функциялардың бір бөлігі бәсекелестік ортаға берілді. Жуырдағы конституциялық өзгерістерге сәйкес жергілікті орындардағы билік күшейтілді, мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктеріне ие болды.
Халықаралық ұйымдар мен сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстан мемлекеттік қызметті реформалау саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өзінің заңнамасы мен ресімдерін халықаралық стандарттарға жақындатты.
Бірақ та бұл салада әлі көп іс атқаруымыз керек. Сондықтан да Үкімет менің тапсырмам бойынша әкімшілік реформаларды жалғастыру жөнінде белсене жұмыс істеуде.
Қазақстан экономикасы: нәтижелер, басымдықтар
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев тұжырымдап, 2006 жылғы 18 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұсынған “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында” таяудағы он жылға арналған алты басымдық пен тиісті міндеттер атап көрсетілген. Аталған басымдықтарды іске асыру Қазақстанның экономикасын дамытып, өркениет көшіндегі орнын ілгерілете түседі. Қазірдің өзінде Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері бойынша, бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингінде Қазақстан ТМД елдерінің барлығының алдына шығып, 61-ші орында тұр.
Мыңжылдықтар тоғысында Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне кірді. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, 2009 жылы Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің көлемі Орталық Азия мен Кавказдағы жеті мемлекеттің ІЖӨ-лерінің жиынтық көлемінен асып түскен. Жан басына шаққандағы ІЖӨ 5 есеге жуық – 1994 жылғы 700 доллардан 2009 жылғы 3400 долларға дейін өсті. 2010 жылы бұл көрсеткіштің 4150 АҚШ долларына дейін өсуі болжанып отыр. Қазақстан жан басына шаққандағы ІЖӨ көлемі бойынша ТМД елдері ішінде көш бастаушыға айналды.
Осы жылдар ішінде жаңа бюджеттік жүйе қалыптасты. 2000 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттің кірістері 2,6 есе ұлғайды. Елдің одан әрі экономикалық өсуін көтермелеу мақсатында салық жүктемесін азайту бойынша түбегейлі шаралар қабылданды.
Қазақстанда ел экономикасына
қаржы ресурстарын тартуды
Соңғы 10 жылда ең төменгі жалақы 25 есеге жуық өсті; зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 4,6 есе ұлғайды; жеке тұлғалардың банктердегі депозиттері мен бір тұрғынға шаққандағы салым көлемі іс жүзінде 36 есе өсті. 2009 жылы бюджет саласы қызметкерлерінің: мұғалімдердің, дәрігерлердің, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер жалақысының мөлшері орташа есеппен 30%-ға ұлғайтылды. 2010 жылы кезекті ұлғайту жоспарлануда. Мұндай ұлғайту жеке секторда нақты жалақының және тұтастай алғанда экономиканың өсуімен қатар жүргізілуде.
Қорытындылап айтқанда стратегиялық жоспарлау – көптеген мемлекеттер, ірі және орта компаниялар соңғы кездері кеңінен қолданып жүрген арнаулы білім (қызмет) саласы. Ол басқаруда ертеден қолданылып келеді, көне Қытайда біздің дәуірімізге дейінгі 480 жылдары «Стратегия өнері» атты кітап жазылған.
Қандай деңгейдегі экономика болмасын басты мақсат, міндет бұл іс-қимыл тобы, жиынтығының нақты жағдайға байланысты ғылыми негізделініп, тұжырымдалынып және цифрлар тілімен немесе сапалық, сандық көрсеткіштермен сипатталынуы. Бұл міндеттерді шешу, іске асыру кез-келген мемлекеттің (жоспарлауды экономиканы дамытудағы басты құралдардың бірі деп есептейтін) төл істерінің бірі.
Қазіргі замаңғы түсінікте және мемлекеттік басқару, реттеу істерінде және кәсіпорындар, ұжымдар деңгейіндегі қолданылуда «Стратегия» бөлшектеніп нақтыланған, жанжақты және кешенді, іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін жоспар болып саналады.
Он жылдық уақыт аралығына жасалынатын аймақтық стратегиялық жоспарлар болашақ әлеуметтік-экономикалық міндеттерді ұтымды шешуге бағытталады. Бірде бір экономикалық субьектаның құқықтық шеңберіне енбей, экономикалық реттегіштер мен тікелей және жанама ықпалды ұштастыра отырып, барлық субьекталардың іс-қызметтерін ортақ мүддеге бағыштап, белгіленген уақыт аралығындағы мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Информация о работе Стратегиялық жоспарлаудың ҚР-да пайда болуы