Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 19:42, дипломная работа
Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған жолджауында ел экономикасын көтеру, соның ішінде шағын кәсіпкерліктің белсенділігін арттыру қажеттілігін атап өткен болатын. Үкімет ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бәсеке қабілеттілігін қолдауға бағытталған нақты бағдарламалар қабылдауы қажет. Жеке меншік бизнесті қолдаудың және оның тауарлар мен қызметін әлемдік нарықтарға жылжытатын мамандандырылған құрылымдар болуы шарт, мұндай ұйымдардың әлемдік тәжірибесін зерделеп, оны еліміздің жағдайына бейімдеуіміз қажет. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз.
Кіріспе...............................................................................................................3
Бөлім – І Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттырудың теориялық
мәселелері
1.1 Шағы кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық мәні және қызмет
ету тиімділігі.............................................................5
1.2 Қазақстанда шағын кәсіпорынның даму жолдары...............................11
1.3 Шағын кәсіпорынның қызмет тиімділігіне әсер ететін факторлар.....20
Бөлім – ІІ ЖШС «Бикен-Жарнама» мысалысында кәсіпорын қызмет ету тиімділігін талдау және бағалау.....................................................
2.1 ЖШС «Бикен-жарнама» техника-экономикалық сипатталуы...............25
2.2 ЖШС «Бикен-жарнама» қаржылық-шаруашылық қызметінің
тиімділігін бағалау.............................34
Бөлім – ІІІ Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары
3.1 Қазақстан республикасында шағын кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау...................................46
3.2 «Бикен-жарнама» ЖШС қызметінің тиімділігін арттыру жолдары.......64
Қорытынды..........................................................................................................71
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.....................................................................73
Шағын кәсіпкерлікте (заңды тұлғалар) жұмыспен қамтылған азаматтар саны 2005 ж. 1 қаңтарда 524,6 мың адамға жетті, өсу 2003 жылғы тиісті күніне 8,7%-ды құрады.
Шағын кәсіпкерліктің ЖІӨ-ге қосқан үлесі 2003 ж. 16,2%-ды құрады.
Заңды тұлғалар - тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен кірістерінің артуы 2004 ж. 2003 ж. қарағанда 8,7%-ды құрады.
Шағын кәсіпорындардың қалыптасқан салалық құрылымы соңғы жылдары мүлдем өзгерген жоқ.. Белсенді заңды тұлғалар - шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санынан «Сауда ; автомобильдерді , тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеу» саласы - 40,5 %-ы басым жағдайды иеленген , шағын кәсіпкерлік саласында белсенді халықтың жиынтық саны 163,6 мыңы жұмыспен қамтылған (шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 31%-ы).
2003 ж. көлеңкелі экономиканың үлесі ЖІӨ-ден 22,6%-ды құрады, әйтсе де 1992 жылдан 1998 жылдар кезінде аталған көрсеткіш орташа 30-38%-ға дейінгі аралықта бағаланды.
Бөлім – ІІ ЖШС «Бикен-жарнама» мысалында кәсіпорын қызмет ету тиімділігін талдау және бағалау
«Бикен-жарнама» кәсіпорны 1993 жылы екі кәсіпорынның бірігуі негізінде құрылған: Алматы қала безендіру және Алматылық трикотаждық комбинаты. Өндірістік кооператив нысанында 4 жыл бойы жұмыс істеп өндіріс ұлғаюы мен жұмысшылардың санын көбейту арқылы кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, «шаруашылық серіктестіктер туралы» Заңдық күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және тағы басқа заң шығарушы мен құқықтық актілер негізінде шаруашылық жүргізуші субъектіге ауыстырылды.
Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен кейін, жеке меншік құқығы бар, өзіндік балансы бар, республикалық және шетелдік банктік шоттары бар, өзінің мөрі және басқа да реквизиттері бар заңды тұлға болып табылады.
Серіктестік өзінің қызметін толық шаруашылық есеп негізінде жүзеге асырады. Республикада және шет елде өз атынан келісім-шартқа отыруды жүзеге асырады, мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие болып, жауапкершілік апарады, сотта жауап тартушы және жауап апарушы ретінде қатысады.
Серіктестіктің жарғылық қоры 62000 (алпыс екі мың) теңге көлемінде тіркеледі, бұл құрылтайшының өзіннің ақшасы негізінде жиналып, серіктестік меншігіне беріледі.
Құрылтайшы жарғылық капиталға өзінің жарнасы көлемінде серіктестіктің міндеттерімен жауапты болатын жеке тұлға болып табылады. Серіктестік өзінің міндеттерімен барлық мүлкіне жауап апарады.
Серіктестікті құру және қызмет атқарудың мақсаты өндірілген өнім, атқарылған жұмыс, көрсетілген қызметке қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және алынатын таза табыс негізінде кәсіпорын жұмысшылары мен құрылтайшыларының экономикалық және әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыру болып табылады.
Серіктестік келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады: өндірістік, сауда-саттық, делдалдық-коммерциялық, олар өз кезегінде келесілерді жатқызады:
Серіктестік қызметінің мақсаты өз клиенттерін қанағаттандыру болып табылады. Оның клиенттеріне: Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде қызмет атқарушы кәсіпорындарды шаруашылық қызмет өндірісінен максималды пайда түсіретін сапалы жарнамалық өнімшығару. Серіктестік шығарушы өнім ассортименті 100-ге жуық. Тұтынушылық сұраныс құрылымының өзгеруінен соңғы жылы шығарылатын өнім ассортименті кеңейді.
Барлық өндірілетін өнім 6 топқа бөлінген:
Өндірілетін өнімнің үлкен үлесі баспа өнімдеріне (58%), түсті жарнамаға 10%, биллбордтарға - 7%, тігін өнімдеріне – 9%, шелкографияға – 9% келеді.
Кесте 2.1 - ЖШС «Бикен-жарнама» техникалық-экономикалық көрсеткіштері
№п/п |
Көрсеткіштер |
2003 жылы |
2004 жылы |
1 |
Өнім өткізуден түскен табыс, мың тг. |
114666 |
249600 |
2 |
Өнімнің өзіндік құны, мың тг. |
93680 |
209363 |
3 |
Жиынтық табыс, мың тг. |
20986 |
39237 |
4 |
Негізгі қызметтен түскен табыс, мың тг. |
10460 |
12120 |
5 |
Негізгі емес қызметтен түскен табыс, мың тг. |
10460 |
12120 |
6 |
Салық салудан кейінгі негізгі емес қызметтен түскен табыс, мың тг. |
7322 |
8484 |
7 |
Таза табыс, мың тг. |
7322 |
8484 |
8 |
Жұмысшылардың орташа тізімі, адам |
112 |
124 |
9 |
Қорқайтарымдылық, тг. |
3,91 |
6,28 |
10 |
Қорсыйымдылық, тг. |
0,26 |
0,16 |
11 |
Активті бөлімнің қорқайтарымдылығы |
4,50 |
7049 |
12 |
Еңбектің қорқаруландырылуы, мың тг. |
262,142 |
319,227 |
13 |
Материал қайтарымдылығы, тг. |
21,10 |
31,11 |
14 |
Материал сыйымдылығы, тг. |
0,047 |
0,032 |
15 |
Бір жұмысшының жылдық орташа тигізген үлесі, мың тг. |
1023,804 |
2004,839 |
Техника-экономикалық көрсеткіштердің талдауы келесі бағыттарды анықтады: 1) зерттелген периодта кәсіпорын табыстарының барлық түрлері (өнім өткізуден түскен табыс, жиынтық табыс, негізгі қызметтен түскен табыс, салық салуға дейін және салық салудан кейін негізгі емес қызметтен түскен табыс, таза табыс) көбейді, бұл өндірістің ұлғаюы мен көлемінің өсуіне байланысты; 2) өнімнің өзіндік құны өсті, бірақ оның өсу қарқыны таза табыс көрсеткішінде айқын көрінбейді; 3) жұмысшылардың орташа тізімі ұлғайды; 4) соған байланысты әрбір жұмысшының жылдық орташа қызмет жасауы екі есеге жуық өсті; 5) қорқайтарымдылық, еңбектің қорқаруландырылу көрсеткіштері өсіп, сәйкесінше қорсыйымдылық көрсеткіші төмендеді; 6) материал қайтарымдылығы өсіп, материал сыйымдылығы төмендеді. Осылайша «Бикен-реклама» ШЖС ресурстарын пайдалану жалпы бағалағанда тиімді болып табылады.
Талданатын периодтың ішінде кәсіпорын қызметін суреттеу үшін кәсіпорынның өндірістік күштерін толық, тиімді пайдаланылуын талдау қажет. Зерттелетін уақыт ішінде өнім өндірісінің динамикасын анықтаймыз. Осыған орай шығарылған өнім ассортименті кең болғаннан кейін, өнімнің негізгі 6 тобын белгілеп көрсеттім. әр топ бойынша өндірілген өнім проценттік көрсеткіштермен анықталған. Талдаудың қорытындылары 4-кестеде көрсетілген.
Кесте 2.2 – Кәсіпорын өндірістік күштерін тиімді пайдаланудың талдауы
№ |
Көрсеткіштер |
2003 жылы |
2004 жылы |
Күштерді тиімді пайдалану (%): |
|||
1 |
Баспа өнімдері |
62,8 |
70,3 |
2 |
Тігу өнімдері |
45,6 |
51,8 |
3 |
Тігін өнімдері |
27,6 |
33,3 |
4 |
Шелкография өнімдері |
73,3 |
81,1 |
5 |
Биллбордтар |
40,0 |
49,7 |
6 |
Өнімнің 5 негізгі топтары бойынша өндірістік күштерді орташа пайдаланудың орташа көрсеткіші |
49,86 |
57,24 |
Барлық талданатын период кезеңінде кәсіпорын өндірістік күштерінің тиімді пайдаланылуы 100%-ке жеткен жоқ.
Мысалы баспа өнімдерінен өндірістік күштердің максималды тиімді пайдаланылуы 2004 жылы 70,3%-ті құрады, ал минималды пайдаланылуы 62,8% құрды; шелкография өнімдері бойынша 73,3%-тен 81,1%-ке дейін өсті.Өндірістік күштердің тиімді пайдаланудың ең төменгі көрсеткіштері тігін өнімдерінде 33,3 көрсетіледі. Тігу өндірісі мен билбордтар өнімдерінің жағдайлары салыстырмалы түрде бірдей болып келеді. Осы өнімдердің өндірістік күштерін тиімді пайдаланудың көрсеткіштері 51,8% және 49,7%-ке дейін өсті.
Жалпы алғанда зерттелген период аралығында өндірістік күштердің пайдаланылу қарқыны өсті: баспа өнімдерінде 62,8-ден 70,3%-ке, тігу өнімдерінде – 45,6-дан 51,8%-ке, тігін өнімдерінде 27,6-дан 33,3%-ке, шелкография өнімдерінде 73,3-тен 81,1%-ке және билбордтарда 40,0-тан 49,7%-ке дейін.
Кәсіпорында негізгі қорлар көлемі интенсивті өскендіктен, кәсіпорын өндіріс көлемі мен өнім өткізуді көбейту керек болатын. 2003 жылға өндірістік күштердің пайдаланылуы орташа 49,86%-тін құрды. Сол себептен кәсіпорын басшылығы өнім өткізудің жаңа тауарларын тауып бейімделуі керек.
Өндірістік күштердің
пайдалану тиімділігін
Кесте 2.3 – Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану мен мүліктік жағдайының тиімділігі
№ |
Көрсеткіштері |
2003 жылы |
2004 жылы |
1 |
Қорқайтарымдылығы |
3,91 |
6,28 |
2 |
Қорсыйымдылығы |
0,26 |
0,16 |
3 |
Негізгі қорлардың активті бөлімінің қорқайтарымдылығы |
4,50 |
7,49 |
4 |
Еңбектің капитал қаруландырылуы |
262142,9 |
319227 |
5 |
Ескіру коэффициенті |
0,42 |
0,45 |
6 |
Қажеттілік коэффициенті |
0,58 |
0,55 |
7 |
Негізгі қорлардың жаңару коэффициенті |
0,14 |
0,26 |
Талдауды жүргізу барысында келесі бағыттар айқындалды.
Негізгі қорлардың қорқайтарымдылық динамикасының талдауы келесіні көрсетеді: зерттелген периодта қорқайтарымдылық ұлғайды, көрсеткіштің минималды көрінісі 2003 жылы 3,91 құраса, максималды – 6,28 теңгені құрды. Бұл прогресс өнім көлемінің өсуінен болып отыр.
Информация о работе Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары ЖШС «Бикен-Жарнама».