Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 19:42, дипломная работа
Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған жолджауында ел экономикасын көтеру, соның ішінде шағын кәсіпкерліктің белсенділігін арттыру қажеттілігін атап өткен болатын. Үкімет ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бәсеке қабілеттілігін қолдауға бағытталған нақты бағдарламалар қабылдауы қажет. Жеке меншік бизнесті қолдаудың және оның тауарлар мен қызметін әлемдік нарықтарға жылжытатын мамандандырылған құрылымдар болуы шарт, мұндай ұйымдардың әлемдік тәжірибесін зерделеп, оны еліміздің жағдайына бейімдеуіміз қажет. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз.
Кіріспе...............................................................................................................3
Бөлім – І Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттырудың теориялық
мәселелері
1.1 Шағы кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық мәні және қызмет
ету тиімділігі.............................................................5
1.2 Қазақстанда шағын кәсіпорынның даму жолдары...............................11
1.3 Шағын кәсіпорынның қызмет тиімділігіне әсер ететін факторлар.....20
Бөлім – ІІ ЖШС «Бикен-Жарнама» мысалысында кәсіпорын қызмет ету тиімділігін талдау және бағалау.....................................................
2.1 ЖШС «Бикен-жарнама» техника-экономикалық сипатталуы...............25
2.2 ЖШС «Бикен-жарнама» қаржылық-шаруашылық қызметінің
тиімділігін бағалау.............................34
Бөлім – ІІІ Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары
3.1 Қазақстан республикасында шағын кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау...................................46
3.2 «Бикен-жарнама» ЖШС қызметінің тиімділігін арттыру жолдары.......64
Қорытынды..........................................................................................................71
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.....................................................................73
Соңғы жылдардағы статистика
және талдау жөніндегі мемлекеттік
комитет деректері бойынша
Бұл бағдарлама кәсіпкерлікті
қолдайтын мемлекеттік
Жасақталуы және олар ауылшаруашылығы өнімдерін шығарудың кемінде 70 процентін, өндірісінің 40 процентін, қызмет көрсету мен сауда тауар айналымы көлемінің 90 процентін қамтамасыз етуіне қол жеткізуіне тиісболатын.
Дүние жүзінің экономикасы
дамыған елдерінің іс-
Шағын бизнесті дамыту мақсатымен бизнес-кластарды мына бағыттарда ұйымдастыру көзделіп отыр:
Енді шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кейбір ерекшеліктері мен кемшіліктеріне тоқталсам.
Шағын кәсіпорындардың келесі ерекшеліктерін атап көрсетуге болады: шаруашылықтың жергілікті шарттарына жедел бейімделуі, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің іс-әрекеттерінің жоғары деңгейдегі тәуелсіздігі; шешім қабылдаудың және қабылданған шешімдердің орындалуының оперативтілігі және иілімділігі; қызметінің, әсіресе, басқарудың жүзеге асырылуы кезіндегі шығындардың төменгі деңгейі; жеке адам (индивидуум) үшін өз идеяларын жүзеге асырудың мүмкіндігі; бастапқы капиталға деген сұраныстың аздығы; жергілікті нарық талаптарын қанағаттандыру үшін өндіріс процессіне және өнім өндіруге өзгертулердің тез енгізілуі; өзіндік капиталдың қатысты түрде жоғары айналымдылығы .
Халықаралық Еңбек Бюросының Мәлімдемесінде былай деп айтылған : шағын кәсіпорындар маңызды бәсекелік басымдықтарға ие, ірі кәсіпорындармен салыстырғанда бір жұмысшыға аз капиталсалымын қажет етеді, жергілікті материалдық және еңбек ресурстарын кеңінен қолданады.
Шағын кәсіпорын иелері қор жинауға және инвестициялауға үлкен көңіл бөледі, олардың табысқа жетудегі жеке мотивациясы өте жоғары деңгейде . Бұл жалпы кәсіпорын қызметіне оң әсерін тигізеді. Шағын бизнес субъектілері жергілікті нарықтардағы сұраныс деңгейін жақсы біледі, тоарларды, көбінесе, нақты тұтынушылардың тапсырыстары бойынша өндіреді, жалданбалы жұмысшылар санының өсуіне жағжай туғызады.
Шағын кәсіпорындар ірі
компанияларға қарағанда
Солай бола тұрса да, шағын кәсіпкерлікке кейбір кемшіліктер де тән, солардың ішіндегі ең маңыздылары: тәуекелдік дәрежесі өте жөғары, сондықтан нарықтағы жағдайдың тұрақсыздық деңгейі де жоғары; ірі компанияларға туелділігі; істі басқарудағы кемшіліктер; қосымша қаражат және несие алудағы қиындықтар; келісімшартқа отырғанда әріптестер сенімсіздігі. Әрине, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кемшіліктері мен сәтсіздіктері ішкі және сытрқы себептерге байланысты.
Тәжірибе көрсеткендей, шағын кәсіпорындардың сәтсіздіктерінің көбісі менеджерлердің тәжірибелерінің жоқтығына және шағын кәсіпорын иелерінің кәсіби маманданбағанына байланысты. Тәжірибе жинақтаған кәсіпкерлер шағын фирмаларда жұмыс жүргізгенде табысты болып келеді. Егер фирманы бір адам емес, екі, үш немесе төрт адамнан құралған кәсіпкерлік топ басқарса , кәсіпорын өмір сүру мүмкіндігі жоғары, өйткені бірлесіп шешім қабылдау кәсіпті және тиімді. Шағын фирмалардың өмір сүруінің ұзақтығына тағы бастапқы қаржыландыру көлемі де әсер етеді.
Қоғамдағы біресе пайда болатын, біресе жойылатын сұранысты іздеу және оған бейімделіп, икемделу – шағын бизнес стратегиясының негізін құрайды.
Әлемдік және отандық тәжірибе көрсетіп отырғандай, әртүрлі ұйымдық – құқықтық формалардағы кәсіпорындардың шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылуының негізгі критериі болып жұмысшылардың саны табылады. Бірқатар ғылыми жұмыстарда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бір меншік иесі басқаратын кәсіпорын немесе шағын адамдар тобынын құралған кәсіпорын жатқызылады делінген. Ережеге сәйкес, нарықтық экономика субъектілерінің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылуының жалпы көрсеткіштеріне персонал саны , жарғылық капитал көлемі, активтер көлемі, айналым ( табыс , пайда ) мөлшері жатқызылады. Бүкіләлемдік банктің мәліметтері бойынша, көрсеткіштердің жалпы саны 50-ден асады. Алайда жиі қолданылатын критерийлерге келесілер жатады: кәсіпорындағы жұмысбастылардың орташа саны, жылдық айналым, активтер мөлшері. Дамыған елдердің барлығында шағын кәсіпкерлік субъектілерін осы жұмыскерлер санына байланысты анықтайды. Европалық Одақта 1995 жылдың бірінші қаңтарынан шағын кәсіпорындарға көрсеткіштердің келесі деңгейінен аспайтындар жатады: жұмыскерлер саны 50-ге дейін; жылдық айналым 4 млн.-ға дейін; баланс сомасы 2 млн.-ға дейін . Шағын кәсіпорындарды қолдау жөніндегі шаралар белгілі болғанда, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің басқа да көрсеткіштері қолданылуы мүмкін.
Европалық Одақ
Комиссиясы ұсынған
Экономикалық ынтымақтастық және дамудың халықаралық ұйымы 19-ға дейін жұмысшылар саны бар кәсіпорындарды «өте шағын», 99-ға дейін жұмысшылар саны бар кәсіпорындарды «шағын», ал 100-ден 499-ға дейін жұмысшылар саны бар кәсіпорындарды «орташа» деп, ал 500-ден астам жұмысшылары бар кәсіпорындарды ірі деп атап көрсеткен .
Қазіргі заманғы экономикада шағын кәсіпкерліктің рөлі өте маңызды Дамыған елдерде шағын бизнес саласында жұмыспен қамтылғандардың 55%-дан 80%-ға дейіні еңдек етеді, ал Жалпы Ішкі Өнімнің 50%-дан 65%-ға дейіні өндіріледі. Қазір шағын бизнес тұрақты саяси және экономикалық дамудың ядросы қызметін атқарады.
Ірі өндіріспен салыстырғанда шағын кәсіпорындар бірқатар басымдықтарға ие. Ол нарықтық таңдаудың кең еркіндігін ұсынудан, шығындарды тез қайтарып алудан, тұтыну сұранысының өзгеруіне жедел бейімделуінен көрінеді. Сондай-ақ шағын бизнес нарықты тауарлармен (қызмет көрсету, жұмыстар орындау) толтыруға, салалық және аймақтық монополияны жоюға , бәсекелік деңгейін өсіруге қабілетті болады.
1.3 Шағын кәсіпорынның қызмет тиімділігіне әсер ететін факторлар
Фактор сөзі (латын тілінен аударғанда – істеуші, өндіруші) нарық жағдайында өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерліктің тиімділігіне әсер етуші күш деп қарастырып кетеміз.
Нарық жағдайында өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерліктің тиімділігіне көптеген факторлар әсер етеді.
Жағымды – бұл факторлар аты айтып тұрғандай-ақ шағын кәісіпкерліктің қызметіне жағымды әсер етеді.
Жағымсыз – керісінше бұл әсер ету бағытына байланысты жіктелуі.
Шағын кәсіпкерліктің тиімділігін арттыратын факторларға мыналар жатады.
Бірінші топқа жататын факторлар шағын кәсіпкерліктің өндірістік ресурстарын, алдағы мүмкіндіктерін анықтайды.
Осы мүмкіншіліктердің әрі қарай іске асырылуы екінші факторға байланысты, яғни нарық қатынастарына байланысты.
Олардың жүзеге асырылуы келесілерге бағытталған.
Нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің өндірістік қызметі сыртқы факторларға байланысты. Оларды келесідегі топтарға біріктіруге болады.
Жоғарыда айтылғандай кәсіпкерлік қызметтің дамуына байланысты және байланысты емес көптеген факторлардың жиынтығы оның қызмет ету тиімділігіне әсер етеді.
Шағын кәсіпкерлік қызметіне байланысты қызмет ету тиімділігінің басты факторларына өндірілген өнімнің көлемінің өсуі, өзіндік құнының төмендеуі, сапаның жақсаруы, өндірістік қорларды тиімді пайдалану дәрежесі, еңбек өнімділігінің жоғарылауы жатқызылады.
Шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне байланысты емес факторларға жататындар: мемлекет реттейтін өткізілетін өнімнің бағасының өзгеруі, өнімді өндіруге және өткізуге табиғи, географиялық, транспорттық және техникалық жағдайдың әсері.
Шағын кәсіпкерлік субъектісі қызметінің тиімділігіне әсер ететін келесі факторы өнімді өндіру және оны өткізу болімінің өзгеруі болып табылады.
Нәтижесінде өткізу көлемі өскен сайын кәсіпорынның тиімділігі арта түседі және керісінше.
Маңыздылығы кем емес тиімділікке әсер ететін факторлардың бірі өнімнің өзіндік құнының өзгеруі болып табылады. Табыс көлемі мен өнімнің өзіндік құны арасында кері байланыс бар. Өнімді өндіру және өткізу шығындарының көлемімен анықталатын өнімнің өзіндік құны төмендеген сайын, табыс жоғарылайды және керісінше болады. Шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызмет тиімділігіне тікелей әсер ететін факторларға қолданыстағы баға жатады. Өнімнің ерікті бағасының деңгейі белгілі – бір деңгейде кәсіплрынның өзіне байланысты болады. Ал кәсіпорынға байланысты емес факторға жоғарыдаайтылғандай мемлекет реттейтін баға жатады.
Жоғарыда қарастырылған факторлардан басқа шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызмет ету тиімділігіне әсер ететін факторлар өндірілген және өткізілген өнімнің құрылымына байланысты. Рентабельділігі жоғары өнім көлемінің үлесі көп болған сайын, кәсіпорын табысы көбірек болады. Жалпы алғанда кәсіпкерлік қызметке ықпал ететін факторлар кәсіпорынның орналасқан жеріне, оның экономикалық белсенділігіне, қызмет түріне, өнім өткізу нарығына және тағы басқа жағдайларға байланысты ерекшеленіп отырады.
Шағын кәсіпорындардың ең басты маңыздылығы – бұл әлеуметтік аспектілігінде . Өзінің құрылуымен шағын кәсіпорындар жұмыс орындарын көбейтуге жағдай жасайды , сөйтіп , жұмыссыздықты азайтады . Бұдан басқа халықтың жалпы білімділігінің артуы барысында азаматтар арасында жаппай өздерінің жеке қабілеттіліктерін көрсетулері үдей түседі . Ең алдымен бұған қол жеткізуде өз істерін ұнататындықтары және бұған бейімділіктерінің сай болуына қарай өздерінің жеке «ісін» ашу, өзінің бизнеспен айналысуын жалғастыру болып табылады. Мұның өзі сондай-ақ, шағын кәсіпорындардың дамуына қажеттілігін тудырады .
Сонымен , жоғарыда баяндалғандай экономиканың жаңа жағдайындағы рынокқа өтуінде шағын кәсіпорындар «жанама» өнім ретінде болмайды. Олар еліміздің ажырамайтын саяси-экономикалық жүйенің бөлігі болып табылады. Біріншіден, нарықтық қатынастардың тұрақтылығы , солай болғандықтан, халықтың көптеген бөлігі осы қатынастар жүйесінде тартылады; екіншіден, рыноктық жағдайда олар қажетті икемділікті қамтамасыз етеді , терең мамандандыруда іске асыруды және өндірісті тармақтанған кооперацияға айналдырады. Онсыз оның экономикалық тиімділігінің болуы мүмкін емес. Нәтижесінде, бұл шаруашылық дамуының және ұлттық экономиканың серпінді өсуіне үлкен ықпал етеді; үшіншіден шағын кәсіпорындар рөлінің өзгеруі орта және ірі кәсіпорындардың қызмет етуіне тиек болады .
Шағын кәсіпорындар жайында статистикалық мәліметтерге назар аударайық .
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2005 ж. 1 қаңтарда республикада 208,4 мың заңды тұлғалар тіркелген , оның 195,7 мың шағын кәсіпорындар құрайды.
Информация о работе Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары ЖШС «Бикен-Жарнама».