Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 01:12, курсовая работа
Қазақстан Республикасында Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344 Жарлығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында әзiрледi.
Кіріспе…………………………………………………………............1
1.Ш ағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының теориялық негіздері
1.1 Шағын және орта кәсіпкерліктің түсінігі және экономикадағы маңызды рөлі..........................................................................................3
1.2 Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының институттары........................................................................................10
2. Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыруда Қазпочта АҚ – ның мысалында
2.1 «Қазпочта» акционерлік қоғамының даму әрекеті, жалпы экономикалық сипаттамасы................................................................19
2.2 «Қазпочта» акционерлік қоғамының инновациялық қызметін талдау....................................................................................................28
2.3 «Қазпочта» акционерлік қоғамының даму перспективалары ..34
3.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары
3.1 Шағын және орта кәсiпкерлiктің инфрақұрылымдарын қолдаудың әлемдік тәжiрибесi...........................................................40
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі
Кіріспе………………………………………………………….
1.2 Шағын және орта
кәсіпкерлікті қолдау
2. Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыруда Қазпочта АҚ – ның мысалында
2.1 «Қазпочта» акционерлік
қоғамының даму әрекеті, жалпы
экономикалық сипаттамасы......
2.2 «Қазпочта» акционерлік қоғамының инновациялық
қызметін талдау........................
2.3 «Қазпочта» акционерлік қоғамының даму перспективалары ..34
3.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары
3.1 Шағын және орта кәсiпкерлiктің инфрақұрылымдарын
қолдаудың әлемдік тәжiрибесi....................
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан Республикасында Шағын және
орта кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың
2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын
(бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi
қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi
агенттiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң
"Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму
стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi
шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы
N 344 Жарлығын iске асыруды қамтамасыз ету
мақсатында әзiрледi. Шағын және орта кәсiпкерлiктi
қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын
1992 және 2000 жылдардағы кезең iшiнде iске
асыру Қазақстан Республикасында жеке
кәсiпкерлiктiң жасақталуы мен қалыптасуына
негiз қалады. Шағын және орта кәсiпкерлiк
экономикасының жинақылығы салыстырмалы
түрде аздаған инвестициялары мен тәуекелiнiң
неғұрлым аздығымен қысқа мерзiм iшiнде,
бiрiншi кезекте тауар айналысы саласындағы
сол кездегi жағдайды өзгертуге және тұрақтандыруға
мүмкiндiк бердi.Қазақстан Республикасы
Президентiнiң "Шағын және орта кәсiпкерлiктi
дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту
және оны жандандыру жөнiндегi шаралар
туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 және
"Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк
қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау туралы"
1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928 Жарлықтары соңғы
жылдары шағын кәсіпкерліктің дамуына
қуатты серпiн бердi. Осы уақытқа дейiн
Қазақстанда шағын және орта кәсiпкерлiктi
мемлекеттiк қолдау белгiлi бiр қысқа мерзiмдi
тиiмдiлiк берген салық жеңiлдiктерiн беруге
және мемлекеттiк қаржы есебiнен жеңiлдiкпен
қаржыландыруға назар аударылды, бiрақ
жүйесiз жүргізiлдi. Бұл, шағын кәсiпкерлiктi
дамытудың перспективалары мен мiндеттерi
ұзақ мерзiмдi перспективаға арналған
мемлекеттiң экономикалық дамуының мақсаттары
мен басымдықтарының жалпы жүйесiмен өзара
байланыссыз оның өз проблемалары тұрғысында
қаралуымен түсiндiрiледi.Негiзгi мақсаты
елдiң бәсекеге қабiлеттiлігін арттыру
болып табылатын 2015 жылға дейiнгi индустриялық-инновациялық
даму стратегиясының қабылдануы мен iске
асырылуын ескере отырып, шағын және орта
кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк
саясатын қайта қарау және мемлекет пен
жеке сектордың өзара iс-әрекетiнiң жаңа
идеологиясы қажет. Бүгінде шағын және
орта кәсiпкерлiк инновациялық экономикада
өз орнын жедел iздеу үшiн өзiнiң икемдiлiгiн,
ұтқырлығын, рыноктiк объективтiлігін
пайдалануы қажет жағдай пiсiп жетiлдi.
Мемлекет, өз кезегiнде кәсiпкерлiк ортаның
бастамаларын iске асыру үшiн қолайлы жағдай
жасауы және өз көмегiн шағын және орта
кәсiпкерлiктiң бәсекеге қабiлеттiлiгi тұрғысынан
едәуiр әлеуетi бар кәсiпорындарға және
елдiң ғылыми-технологиялық әлеуетiн арттыруға
бағыттауы тиiс.
1.1. Шағын орта кәсіпкерлік түсінігі және экономикадағы маңызды рөлі
Әлеуметтік - экономикалық дамудың қазіргі кезеңі экономика құрылымының қайта құрылуын алдын - ала айқындайды, өз кезегінде кәсіпкерліктің жылдам дамуына бағытталған. Қоғамдық қажеттіліктерін және өндіріс құралдарының нақты жалпылануының әр-түрлі деңгейіндегі әр-түрлі сипаттамалары әр-түрлі өндіріс түрлерінің тиімділігі экономикалық масштабын объективті түрде күшейтеді. Белгілі бір шарттарға байланысты экономикалық пайдалылық жөне тиімділік ірі және ұсақ өндірісте бола алады.
“Кәсiпкерлiк – меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқаруға құқығына (ммелекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызмет. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады”. Шағын кәсiпкерлiк бұл кәсiпкерлiктiң аясындағы ұғым, яғни мұнда бiр немесе бiрнеше кәсiпкер пайда табу мақсатында кәсiпкерлiк қызметтер жасап, жоғары тәуекелдiктерге баруы деп түсiнсек болады. Әсiресе, шағын кәсiпкерлiк нарықтық экономиканың қайнар көзi болып табылады. Осы шағын кәсiпкерлiк арқылы көптеген әлеуметтiк – экономикалық мәселелердi шешуге болады. Осы шағын кәсiпкерлiктi дамыту арқылы елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету, халықтың негiзгi бөлiгiң жұмыспен қамту, қоғамда орта тапты қалыптастыру қызметтерiн атқарады.
Шағын кәсiпкерлiктiң өзiндiк артықшылықтары да бар. Оларға:
Осындай елеулi артықшылықтары бола отырып шағын кәсiпкерлiк келесi салалар бойынша бөлiнедi:
- шағын бизнестiң кәсiпкерлiк қызметтiң бағытталуына байланысты: өндiрiстiк, коммерциялық, қаржылық, инновациялық болып бөлiнедi;
- кәсiпкердiң функционалды операциясының құрылымына қарай: өндiрiспен басқару , қаржыландыру және делдалдық қызмет:
- шаруашылық түрлерiнiң санына байланысты : бiр профильдi , көп профильдi;
- шаруашылықтың салаларына бағытталуына байланысты: өндiрiстiк, агроөндiрiстiк, ауыл шаруашылық , құрылыста және басқада халық шаруашылық салаларында .
Шағын кәсiпкерлiк нарық қатынастарын ұдайы iске қосып отыратын орта. Экономиканың өтпелi кезеңiндегi шағын кәсiпкерлiк ең алдымен рыноктың тауармен толығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкiндiк бередi. Жалпы алғанда, кәсiпкерлiк экономикада нақты белсендi, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттiң экономикалық дамуында оның тұрақталығының индикаторы есептi қоғамда орта тапты жасақтайды. Шағын кәсiпкерлiктiң әлеуметтiк мiндетiне:
Ал шағын кәсiпкерлiктiң экономикалық мiндеттерiне келесiлердi жатқызуға болады:
Дамыған елдердiң тәжiрибесi
шағын кәсiпкерлiк экономиканың даму
қарқынын арттыра түсетiнiн көрсетедi.
АҚШ-та барлық жұмыс күшiнiң 50%-iн кәсiпкерлiкпен шұғылданушылар құрайды. Iшкi өнiмнiң
33%-i шағын кәсiпкерлiк үлесiнде. Жапонияда
жұмыс күшiнiң 80% шағын кәсiпкерлiкпен шұғылданады
және жалпы өнiмнiң 55% үлесiн алып отыр.
АҚШ-та шағын кәсiпкерлiк ғылыми зерттеу
жұмыстарының 3% ғана жүзеге асырса да,
өндiрiске енгiзiлетiн iрi жаңалықтардың
экономикадағы елеулi үлесi 50% құрайды.
В. Школьниктің сөзіне қарағанда, тіркелген
шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 190
мыңы - заңды тұлғалар, 601 мыңы - жеке кәсіпкерлер,
194 мыңы - шаруа қожалықтары. Жалпы алғанда
шаруашылық субъектілеріндегі шағын кәсіпкерліктің
үлесі 93 пайыз. «2006 жылмен салыстырғанда
өткен жылы тіркелген субъектілердің
саны 17 пайызға көбейді. Ал жұмыс істеп
тұрған субъектілер тіркелгендерінің
76 пайызын құрайды», - деді министр. Бұл
ретте ол тіркелгенімен ұзақ уақыт бойы
дұрыс жұмыс істемей тұрған субъектілердің
азаймай, бұрынғысынша 24 пайыздық деңгейде
қалғанын айтты. Бұдан бөлек В. Школьник
шағын және орта бизнес саласында жұмыс
істейтін адамдардың саны өткен жылы 1
млн. 838 мың болғанын, яғни оның алдындағы
жылмен салыстырғанда 11 пайызға өскенін
жеткізді. Шағын кәсіпкерлік субъектілері
әлі күнге дейін сауда, автокөлік және
тұрмыстық бұйымдарды жөндеу, ауыл шаруашылық
салаларында басым болса, өнеркәсіп саласында
мейлінше аз.
Сурет-2 – Шағын бизнестiң жалпы кәсiпкерлiк қызметтегi үлесi
Суреттен көрiп отырғанымыздай, бүгiнде шағын бизнестiң үлесi айтарлықтай, яғни жұмыссыздықты, халықтың әл ауқатын көтеретiн және тұрақты экономиканың өсуiн қамтамасыз ететiн шағын бизнес екенi белгiлi. Жұмыспен қамтудың салалық құрылымын қарастырсақ шағын бизнеспен айналысатын әрбiр үшiншi адам сауда және қызмет көрсету жүйесiнде, әрбiр бесiнсiшi өнеркәсiптiк өндiрiсте, әрбiр алтыншысы құрылыста еңбек етедi. Тұрғындарды жұмыспен қамтудың саны жағынан алғанда сауда саласында олардың 36,1%, өнеркәсiптiк өндiрiс орындарында 21,2 % iстейдi, қалғандары түрлi қызмет көрсетумен айналысады. Бұл деректiрдiн сауда iсi әлi де басым екендiгiнде, салалық құрылымдарда өндiрiс көлемi әлiде өзгере қоймаған көруге болады. Шағын кәсiпкерлiк саласында жұмыспен қамту және фирмалар санының өсуi - негiзiнен коммерциялық кәсiпорындар есебiнен толығып , жалпы алғанда баяу өседi. Бiрақ елiмiздiң шағын бизнес саласының дамуында оған кедергi болып отырған келесiдей шешудi қажет ететiн мәселелердi атап өтуге болады: Өндiрiстiң негiзгi құралдарының 80%-ы тозуы салдарынан олар шығарған өнiмдердiң бәсекеге қабiлетсiздiгi;
Кәсiпкерлiктiң дамуы үшiн қолайлы орта
қалыптастыру бағыттарының бiрi
болып кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастыру
мен жүзеге асырудағы мемлекеттiк
үкiмет орындарының актiлерiн iс-қимылдарын
және әрекетсiздiгiнен туындаған
әкiмшiлiк тосқауылдар ретiнде белгiленетiн
кедергiлердi жою болып табылады.
Осы кедергiлер көбiнесе жергiлiктi
жердегi атқарушы үкiметтiң
әрекетiне байланысты.
Шағын кәсiпкерлiк дамуын желдетудiң
және бюджетпен өзара қарым-қатынастарды
тәртiпке келтiрудiң маңызды
фокторы салық жүйесiн барынша
ықшамдау болуға тиiс. Мұндай
ең өткiр проблема салықтық
тексерулердiң ретсiздiгi болып
отыр. Әрбiр шағын кәсiпкерлiк
субъектiсi орташа алғанда 6-8
ресми салықтар мен алым түрлерiн
төлейдi, сонымен бiрге олардың
әр қайсысы бойынша өз есептеу
әдiстемесi, салық салу негiзi,
төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi
есеп беру деректемелерi мен
нысандары бар.Қазақстанда бүгiнгi күнi
шағын және орта кәсiпкерлiк бастан
кешiрiп отырған қатынастарға қарамастан,
экономиканың серпiндi дамып келе жатқаны
белгiлi болып отыр. Ең бастысы шағын кәсiпкерлiк
саны өсiп келедi. Өсiм соншалықты жоғары
да емес, небәрi пайыздық бөлiгi ғана.
Оның ЖIӨ-де өзiндiк үлесi бар. Ол 30 % құрайды.
Қазiргi кезде кәсiпкерлiк Қазақстанның
бүгiнгi экономикасында лайықты орын алуда.
Шағын кәсiпорындардың соңғы жылдары күрт
ұлғаюы жаңа нарықтық құрылымның қалыптаса
бастағандығының айғағы. Алайда заңды
тұлғалардың жалпы санының 70% ғана жұмыс
iстейдi.
Бүгiнгi Республикамызда
экономиканы нарықтық қатынаста
қайта құру жолында оның негiзi болып
табылатын кәсiпкерлiк
Нарықтың өрлеп, өркендеуi кәсiпкерлiктiң қызметтерiне айтарлықтай тәуелдi болады. Әсiресе, шағын кәсiпкерлiк нарықтық экономиканың қайнар көзi болып табылады. Осы шағын кәсiпкерлiк арқылы көптеген әлеуметтiк – экономикалық мәселелердi шешуге болады. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту арқылы елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету, халықтың негiзгi бөлiгiң жұмыспен қамту, қоғамда орта тапты қалыптастыру қызметтерiн атқарады.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентi Н.А.Назарбаев өзiнiң “Қазақстан-2030” атты стратегиялық бағдарламасында елiмiздiң экономикалық саясатының бiрден-бiр басымды бағыты шағын және орта бизнес деп атаған болатын
Қаржыгерлердiң III Конгресiнде ҚР-ның Елбасы Н.Ә. Назарбаев ҚР-ның Үкiметiне және ҚР-ның Ұлттық Банкiне индустриялдық саясат шеңберiнде приоритеттiк маңызы бар салаларды нақты анықтауды және оларды қаржыландыру механизмiн дамытуды тапсырғаны белгiлi. Әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай қоғамдағы экономикалық, саяси, әлеуметтiк сұрақтарды шешуде шағын бизнестiң ерекше роль атқаратындығы белгiлi. Мiне осы шағын кәсiпкерлiктiң дамуына әсер ететiн факторлардың бiрi сәйкес қаржылық қызметтер секторының дамуы болып табылады. Себебi, көптеген кәсiпорындар үшiн маңызды мәселелердiң бiрi қосымша ақша қаражаттарының көзiн iздестiру болып табылатындығы белгiлi. Ал 2003 жылғы қараша айындағы деректер бойынша банктiк сектордан шағын бизнеске бөлiнiп отырған ақша қаражаттары жалпы экономикаға бөлiнген несиелердiң 26,7% ғана құрап отыр. Оны төмендегi 1-шi кестеден көруге болады.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне коммрциялық банктерден бөлiнген несиелер. ( млн. теңге )
Жылдар |
12.2003 |
12.2004 |
12.2005 |
12.2006 |
11.2007 |
Банктiк несиелер |
489417 |
672407 |
924283 |
1256897 |
1565947 |
Оның iшiнде шағын бизнеске |
121954 |
145515 |
210623 |
264567 |
325879 |
- қысқа мерзiмдi |
60153 |
63043 |
80943 |
92457 |
99547 |
- ұзақ мерзiмдi |
61801 |
83467 |
120715 |
164589 |
186549 |
Информация о работе Ш ағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының теориялық негіздері