Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 17:07, реферат
Реактивтік қозғалтқыш[1] — жұмыстық дененің бастапқы энергиясын сол дененің реактивтік ағынының кинетикалықэнергиясына түрлендіру арқылы тарту күшін тудыратын құрылғы. Қозғалтқыш соплосынан жұмыстық дененің сыртқа қарай ағып шығуы нәтижесінде жұмыстық дене ағынының тербелісі түрінде реактивті күш пайда болады. Реактивтік ағынның кинетикалық энергиясына түрленетін энергия химия, ядро, электрон, т.б. болуы мүмкін. Қазіргі кезде Реактивтік қозғалтқыштарда алғашқыэнергия көзі ретінде көбінесе хим. энергия пайдаланылады. Реактивтік қозғалтқыштың негізгі бөлігі — жану камерасы. Оның бір жағында жанған жұмыс денесі үдемелі жылдамдықпен (реактивтік ағын түрінде) ұшып шығатын сопло болады.