ҚР-дағы жұмыссыздыққа қарсы шаралар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2014 в 19:30, реферат

Краткое описание

Жұмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы
Жұмыссыздықтың мәні мен себептері
Жұмыссыздықтың түрлері
ҚР – дағы жұмыссыздықтың қазіргі жағдайы
ҚР-дағы жұмыссыздықтың негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары

Прикрепленные файлы: 1 файл

нарықтық экономика.docx

— 39.57 Кб (Скачать документ)

Орындалатын қоғамдық жұмыстар үшін ақы төлеуі  барлығы 897,5 миллион теңге белгіленгенді , одан қаржыландырылғаны 617,9 миллион теңге , яғни жалпы соманың 68,8 пайызы .

Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңына сәкес қоғамдық жұмысты атқарғандардың еңбегіне акы  төлеу мөлшері ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауға тиіс . Республика бойынша бір жұмыссыздың қоғамдық жұмыс атқарғаны үшін орташа айлық ақысы 2,5 теңге болды және ол 2005 жылға ең төменгі жалақыдан (2680 теңге) асқан жоқ . Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке басқадай төлемдер туралы» заңына сәйкес әлеуметтік салық ұсталады . Сондықтан 897,5 миллион теңгеден әлеуметтік салық ұсталғаннан кейін бағдарламаны жүзеге асыруға 664,2 миллион теңге қалады , бұл өз кезегінде істелетін жұмыстың көлемін де , онымен қамтылатындардың санын да кемітеді . Табыс салығы ақша төленетін жерде ұсталады және оның көлемі 125 теңгедей . Сөйтіп жұмыссыздар қолына қоғамдық жұмыс үшін 2375 теңге алады .

Республиканың «Халықты жұмыспен қамту туралы»  жаңа заңында қоғамдық жұмысты ұйымдастыру , каржыландыру және төлеу тәртібі  өзгертілді . Осы Заңға байланысты қоғамдық жұмысты орталық және жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады , ол республикалық және жергілікті бюджеттен , сондай-ақ жұмыс берушілер қаражатынан қаржыландырылады .

Жалпы экономикалық ахуалды ескере отырып , (ал оның ерекше белгілеріне жұмысшы күшіне сұранымның төмендеуі , жаңа жұмыс орындарын құрудың төмен қарқыны , жұмыс берушілердің жергілікті жұмысқа орналастыру органдарына бос орындар жайына ақпарат беруге ынтасының төмендеуі , кәсіптік  оқытуға міндетті түрде төрт жақты келісім шарт жасау жатады) бағдарламаны әзірлеу кезінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа тарту басым бағытқа жатқызылды . Осыған байланысты бағдарлама бойынша жұмыспен қамту шараларына қараған қаражаттан 2005 жылы қоғамдық жұмысқа 72,4 пайызы , кәсіби оқытуға 17,5 пайызы жоспарланды .

Бағдарлама  бойынша 2005 жылы республикада 13638 жұмыссыз адамды кәсіптік оқытуға жіберу қаралды , нақты жіберілген адам саны 12.784 яғни жоспарлы тапсырма 93,7 пайыз орындалды . Оқыту 30 кәсіп бойынша жүргізілді . Оқудан өткендердің 10 мыңы жұмысқа орналастырылды , 272адам өз ісін ашты . Жұмыссыздарды оқыту жөніндегі ең жоғары көрсеткіштер Маңғыстау облысында – тапсырма 2,3 есе , Қостанайда – 2,2 есе , Ақтөбеде – 1,5 есе орындалды .

Бағдарлама  бойынша жұмыссыздарды оқыту  жөніндегі тапсырманы қамтамасыз етпегендер : Солтүстік Қазақстан облысы – 12,7% , Жамбыл – 19,8% , Павлодар – 62,2% , Алматы – 76,4% , Шығыс Қазақстан – 77,0% , Қызылордада – 77,1% , Ақмола – 84,0% .

Қаржыландырудың жеткіліксіздігі жұмыссыздарды  кәсіптік оқуға жіберуді қиындатты , соның салдарынан оқумен қамту ойдағыдай емес . Басында кәсіптік оқыту үшін 207,9 миллион теңге қаралғанымен , қаражаттандыруға нақты белгіленгені 81,9 миллион , яғни 37,6 пайыз болды , мұның өзі негізінен жұмыссыздарды оқыту жөнінде жасалған төрт жақты келісім шартта көрсетілген шектеуге байланысты еді .

 Бизнес  –инкубаторлар

Бизнес-инкубаторлар 9 облысты және 2 қалада құрылған . Республика бойынша бүгінде 31 бизнес-инкубатор  ашылған , олардың офистері мен өндірістік ғимараттары алып жатқан жер 28,907 шаршы метр , келешекте осы мақсатқа тағы да 6250 шаршы метр бөлу көзделіп отыр . Маңғыстау және Атырау облыстарына оларды құру ұйымдастыру сатысында ғана Бизнес-инкубаторлар аумағында өндірістің әртүрлі салалары бойынша 202 кәсіпорын салынған . Бизне-инкубаторларды ұйымдастырумен олардың қызмет істеуі үшін жуапкершілік қалалар мен аудандардың  әкімдеріне , облыстық және қалалық  Еңбек , жұмыспен қамту және халықты  әлеуметтік қорғау департаменттері  мен басқармаларына , кәсіп-керліктің , шағын және орта бизнестің облыстық басқарламалары мен комитеттеріне жүктелген .Кәсіпкерлікті колдаудың Батыс Қазақстан қоғамдық қоры негізінде жалпы көлемі 2220 шаршы  метрлік бизнес-инкубатор ұйымдастырылған , онда өндіріспен , өндеумен және қызмет көрсетумен шұғылданатын шағын кәсіпкрліктің 15 субъектісін орналастыру жоспарланып отыр .

Шағын несие беру

Шағын несие беру адамдардың өзін өзі жұмыспен қамтуына көмек көрсететін экономикалық шара ретінде кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарламаның құрамдас бөлігі болып табылады . Ең аз қамтамасыз етілген 70 мың азаматқа шағын несие беру көзделген болатын . Бағдарлама жұмыс істей бастаған мерзімнен бері 19,2 мың адамға 601,7 миллион теңгенің шағын несиесі , оның ішінде қайтып келген сомадан 3 миңнан астам шағын несие берілді . Бағалау деректері боынша шағын несие бағдарламасы жүзеге аса бастаған кезден бері 10 мың жаңа жұмыс орны құрылды .Қазіргі кезде 2006 жылы беріліп , мерзімі өткен  несиелерде қайтару жүріп жатыр .Халыққа шағын несие беру бағдарламасының жаңа жобасы жасалады . Қазіргі кезде ол бұған мүдделі министрліктерге жіберілді .

 

 


Информация о работе ҚР-дағы жұмыссыздыққа қарсы шаралар