Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2014 в 19:30, реферат
Жұмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы
Жұмыссыздықтың мәні мен себептері
Жұмыссыздықтың түрлері
ҚР – дағы жұмыссыздықтың қазіргі жағдайы
ҚР-дағы жұмыссыздықтың негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Тақырыбы:ҚР-дағы жұмыссыздыққа қарсы шаралар
Орындаған: ИНФ-12-1 студенті Сайлаубаева Айымгүл
Тексерген: Аға оқытушы Тажиева И.Т
Ақтау-2014ж.
Жоспары:
1)Жұмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы
Жұмыссыздық дегеніміз – әлеуметтік – экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады.
Жұмыссыздықтың түрлері олардың пайда болу себептеріне қарай өзгешеленеді:
Уақытша жұмыссыздық жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша жұмысты ауыстырумен байланысты, осындай жұмыстағылар өздеріне ыңғайлырақ жұмысты өз еріктерімен іздейді. Мұндай жұмыссыздық әрқашан және барлық жерде болады.
Құрылымдық жұмыссыздық ғылыми – техникалық прогрестің, өнеркәсіптің жаңа салаларының ашылуларының ықпалымен өндіріс құрылымының өзгеруінен туындайды. Осындай жағдайға байланысты жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс арасындағы сәйкессіздік пайда болады.
Кезеңдік жұмыссыздық өндірістің құлдырауы, экономикалық дағдарыстар кезінде, кәсіпорындар жаппай күйзеліске ұшырайтын, жұмыспен қамтылғандар саны көптеп қысқаратын жағдайларда пайда болады.
Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ–ОЭСР) кіретін елдердің барлығында дерлік өсу үстінде. Тіпті экономикалық өсудің жоғары қарқындары белгіленген дамушы елдердің көпшілігі халық санының өсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен жұмыспен қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр.
Шығыс Еуропа және
ТМД елдерінде кепілденген және
толық жұмыспен қамтылуға ұзақ
жылдар бойы дағдыланып қалған
адамдар, кенеттен мемлекеттік секторды
қайта құру мен жеке секторда
жұмыс орындарын ашудың баяу
қарқындары себебінен жұмыспен
қамтылу кепілдігінен айырылып,
жұмыссыздықтың өсу
Жұмыссыздық – экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс.
Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін (кейде едәуір көлемін) экономикалық әрекет жағдай жасайтын мүмкіндіктерге қол жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды.
Екіншіден, жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы) еңбек дағдыларын жоғалтуға, яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және осылыайша ол адам дамуына теріс ықпалын тигізеді.
Үшіншіден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың әл–ауқатының деңгейін қолдауға, мемлекетердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлі бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін ресурстарды қоғамнан оқшауландырады.
Сонымен, жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды, адам капиталынан айырылуды, әлеуметтік саралардың күшеюін, жастар проблемасының шиеленісуін білдіреді.
Жұмыссыздық деңгейін (u) жұмыссыздар санын (U) бүкіл экономикалық белсенді халық санына (L) бөлу арқылы табады және ол пайызбен көрсетіледі:
2)Жұмыссыздықтың мәні мен себептері
Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халыұтың өндірісте жұмыспен қамтымауы.
Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды.
Адам мына төмендегі төрт түрлі себептің біріне байланысты жұмыссыз атанады:
Ол жұмыс күші қатарына жаңадан қосылуы мүмкін, яғни ол – жұмыс орнын бірінші рет іздеп жүрген адам. Немесе төрт аптаның ішінде өзіне лайықты жұмыс орнын таппай, қайтадан жұмыс күші қатарына қосылған адам,.
Бұл адам басқа жұмыс орнын іздеп жұмыстан босанады, ол осылайша жұмыс орнын тапқанша жұмыссыз болып саналады.
Адамды жұмыcтан босатып жіберуі мүмкін. Сөйтіп жұмыстан босатылғаны жөніндегі анықтамада төлем тоқталып, жұмысшы бұл жөнінде ескертілмей, бұдан бейхабар қалады. Жұмысшы фирманың жабылуына байланысты жұмыссыз қалуы мүмкін. Ең соңғы жұмыс орнынан айырылу еріксіз жұмыстан босану деп есептелінеді.
Жұмыссыздық - еңбекшілердің
бір бөлігінің жұмыс таппай, «артық»
халыққа, еңбектің резерв армиясына
айналуы, бұл – капитал құрылысқа
тән құбылыс. Ол К.Маркс ашқан
капиталистік қорлаудың
3)Жұмыссыздықтың түрлері
Қазақстан Республикасының еңбек нарығын зерттеу барысында төрт бірдей негізгі өзгешелікті байқаймыз:Жұмыссыздық деңгейі әр алуан топқа қатысты және олардың жасына, тіршілік-тәжірибесіне қарай анықталынады.Еңбек нарығында тауар айналымы жоғары болады. Жұмыспен қамтамасыз етілгендер де, жұмыссыздар да молынан ұшырасады.
Тауар айналымның қажетті бөлігі циклды: жұмыстан босату және жұмысынан айыру, әсіресе құлдырау кезеңдерінде жоғары деңгейде болады, ал жаңа даму кезеңінде өз еркімен жұмыстан босану жоғарылайды.
Белгілі бір айда жұмыссыз қалған ер адам аз уақыт қана (уақытша) жұмыссыз қалады. Жұмысшы жұмыссыз қалған кездегі уақыттың орташа саны, әрбір кезеңін – жұмыссыздық жиілігі деп атаймыз. Жұмыссыздық жиілігінің екі негізгі факторы бар. Біріншісі – экономикадағы фирма арқылы жұмыс сұранымның сан түрлі болуы. Тіпті жиынтық сұраным тұрақты болған жағдайда да кейбір фирмалар ұлғаяды да, енді бірі қысқарады. Осылайша қысқартылған фирмалар өз жұмысшыларынан айырылып, ал ұлғая бастағандары жұмысшыларды көбірек жалдайтын болады. Сұраным көп болуына орай жұмыссыздық деңгейі де жоғарылайды. Бұдан ары қарай жиынтық сұранымдағы өзгерістің өзі жұмыс сұранымдағы өзгеріске әсерін тигізеді.Келесі фактор еңбеккердің жұмыс күшіне ену деңгейі, жұмыс күшінің арту деңгейі жеделдеген сайын жұмыссыздықтың натуралды деңгейі жоғарылайды.
Енді жұмыспен толық
қамтылғанда пайда болған жұмыссыздықты
– құрылымдық жұмыссыздық деп
атаймыз. Құрылымдық жұмыссыздық
– жұмыссыздық еңбек нарығын
құрылымның нәтижесі. Құрылымдық
жұмыссыздық деңгейі натуралды
жұмыссыздық деңгейімен бара-
Экономистер «құрылымдық» терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде жойылады. Басқа мамандықтарға соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтініне көздері жетеді; олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз болып қалады.
Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп отырады. Құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқұ курсын өту керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек. Құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді болып келеді, сондықтан да ол қауіпті болып келеді.
Құрылымдық жұмыссыздық дәрежесі жалпылама жұмыссыздық дәрежесімен бірдей болады.
Ал циклдық жұмыссыздық – құрылымдық жұмыссыздықтан жоғары. Ол өнім жұмысын толық қамтылу деңгейінен төмен болған тұста пайда болады.
Циклдік жұмыссыздық жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде «сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық» деп атайды
Көріну сипаты жағынан жасырын жұмыссыздық түрін ажыратады. Қазақстан жағдайында жасырын жұмыссыздық көкейкесті мәселе ретінде қарастырылады. Оған жұмыс істемейтін, бірақ еңбек қатынасын кәсіп- орынмен ресми түрде үзбеген (осы себепті жқмыс істеушілер қатарында болып есептелінеді) және мөлшерленген жұмыс уақытында (күн,апта) жартылай жұмыс істейтін адамдар жатады. Ал халықаралық тәжірибеде бұл жәйтті толық жұмыс істемеушілік деп атайды
Ымыраға келмеушілік – еңбек нарығының әрдайым өзгерістерге болуынан туынадатын жайт. Кейбір адамдар зейнет демалысына шығады. Ал енді біреулері жұмыс істеуді жалғастыра бареді. Бір фирма жұмысшы жалдаса, енді бірі оны жұмыстан босатып жатады. Адамға жұмыс табу үшін уақыт қажет.
Фрикциондық жұмыссыздық дегеніміз - жұмысшының жаңа жұмыс іздеуі мен сол аралықтағы жұмыссыздық.
Жұмыс күшін
немесе экономикадағы жалпы еңбек
ресурстарының жұмыс
Фрикциондық жұмыссыздық – бұл жұмыс күшінің объективті қажетті қозғалысымен байланысты жұмыссыздық.
Екіншіден, өндірістегі технологиялық өзгерістер жұмысшы күшінің сұранысына құрылымдық өзгерісін көрсетеді.
Адам өзіне қолайлы жұмыс орнын іздеу үшін жұмыстан босанады. Мұндай жұмыссыздықты ізденіс үстіндегі жұмыссыздыққа жатқызамыз. Жұмыстың бәрі бірдей болған жағдайда, жұмыссыз адам бірінші ұсынылған жұмысқа орналасады. Егер жұмыссыздық бойынша төленетін жәрдемақы жоғары болса, онда сол адамға жұмыс орнын одан ары қарастыра берген қолайлы.
Жұмыстан босатылған жұмысшы өзінің бастапқы жұмысына қайта оралып, басқа жұмыс іздемейді. Себебі: жұмысшы сол фирманың қыр-сырын түгел біледі: сол жерден еңбек стажын жинайды. Мұндай адам, әрине, басқа жұмыс іздемейді.
Экономистер барлық
жұмыссыздықтың түрлерін
4)ҚР – дағы жұмыссыздықтың қазіргі жағдайы
Экономикалық саясат үшін шешуші сұрақ – экономика жұмыспен қай кезде толық қамтамасыз етіледі дегенге саяды. Сонда бұл жұмыссыздық деңгейі 5,4 немесе 6 % болғанда ма ? Және саясаткерлер жұмыссыздық деңгейі 6 % - ке тең болған жағдайда жұмыссыздықты төмендету үшін сұранымның артуын сақтап қалуы қажет пе ? Кейде жұмыссыздықты 5 % төмендету қауіпті деген пікір айтылады, өйткені соның нәтижесінде инфляция өсетін көрінеді. Ал енді біреулер жұмыссыздықты 7 % төмендетсе, инфляция сөзсіз болып, еңбек нарығы енжар әрекетке көшеді дегенді айтады.
Халықтың тұрмыс дәрежесінің төмен не жоғары болуының басты факторларының немесе себептерінің бірі еңбекке жарамдылардың қаншасы жұмыспен қамтылған, қаншасы жұмыссыз екендігі. Бүгінгі күні республикадағы еңбек рыногында жұмыссыздық ең ірі өткір мәселе.
1999 жылы экономикалық белсенді халықтың саны 12.225,8 мың адам болды немесе ол бүкіл халықтың 34,2 % пайызы болды. Одан басқа 4.273,2мың адам экономикалық белсенді емес деп саналды, Сонда еңбек ресурстары 11.479,0 мың адам. Экономикада шұғылданатын адам саны 2004жылы 10.1245 мың деп есептелді. Оның 3.676,1 мыңы заңды тұлғаларда, 4.4484 мыңы шаруа қожалықтарында жұмыс істейтіндер, 489,7 мыңы шағын кәсіпорындарында (жұмыс саны 50-ден аспайтын), 4.456,1мың адам өздігінше жұмыс істейтіндер. Ал қалған 12,962 мың адам немесе экономиканың белсенді халықтың 4,1 % пайызы жұмыссыздыр болып саналды. Осы дерек шындыққа сәйкес сияқты. Кейбір сарапшылар мен мамндар жұмыссыздар саны статагенттіктің бұл жағынан әжептеуір көбірек деп айтып, жазып жүр.
Қазіргі кезде үкімет кедейлікпен күрес бағдарламасын жасап, жұмыссыздардың санын азайтудың жолдарын табу.
2005 жылдың 1 қаңтарында ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 4,5% болды.
Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі агенттігінің сараптамалық бағалауы бойынша 2006 жылдың аяғында жұмыссыздықтың жалпы көлемі жыл басындағы 15,6 пайыз орнына 13,4 пайызға дейін төмендеді.
Жұмыссыздықтың деңгейін анықтаудың негізгі факторы ретінде (Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесіне сәйкес) жұмыссыздардың нақты санын білу тетігін жетілдіру үшін елде үй шаруашылықтарына ішінара тексеру жүргізу қажет, оны 2006 жылдан бастап әр тоқсан сайын Статистика жөніндегі агенттік жүргізетін болады.