ҚР-дағы коммерциялық банктер және олврдың функциялары мен операциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2014 в 12:23, курсовая работа

Краткое описание

Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін оған терең үңіліп,барлық тақырыпшаларға жеке – жеке тоқталып, ашатындай етіп, кешенді түрде қарастыру қажет. Банктік қызметтердің дамуы мен перспективалары – біздің еліміздегі арнайы ғылыми түрде аз зерттелген мәселе болса да, банк саласында қызмет атқарып жүрген көптеген экономисттердің көкейінде жүрген маңызды сұрақтардың бірі.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕГІЗІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде.....................................5
1.2 Коммерциялық банктің басқару және функционалдық құрылымы............7
1.3 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары........................12

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ, ОНЫҢ ІШІНДЕГІ «БТА БАНКІ» АҚ-НЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
2.1 «БТА Банкі» АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау.............................18
2.2 «БТА Банкі» АҚ-ның активті және пассивті операцияларын талдау......................................................................................................................21
2.3 «БТА Банкі» АҚ-нің банктік қызметтерін бағалау.....................................28

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Ресурстарды тартудың жаңарту жолдары....................................................31
3.2 Қаржы секторын тұрақтандыру....................................................................34
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................37
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................38

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 239.00 Кб (Скачать документ)

Несиелік ресурстар  нарығында  Ұлттық Банк Өкіметке  және екінші деңгейлі банктермен   берілетін несиелерге  шектер орнатады,  бұл арқылы  коммерциялық банктердің пассивтердің қалыптасуына ықпал етеді. Макроэкономикалық деңгейде  қазір бар  маңызды мәселелер  банктің тұрақты жағдайына  кедергі жасап отыр. Бірақ біздің банктердің көптеген  мәселелері тек қана  экономикалық жағдайдың қиын  болу себебінен  болмайды: олардың  пайда  болуының  негізгі себебі – банктік стратегияны және  тактиканы жүзеге асыруға байланысты басқаруда маңызды қате есептеу.

Сонымен, нарықтық жағдайда  банкті тиімді басқару үшін   әр түрлі жоспарлы аналитикалық  жұмыстың маңызды көлемін  жасау қажет. Талдау қадамдардың ең маңыздысы  өтімділікті талдау болып табылады. Баланстың өтімділігін талдаудың тәжірибелік мақсаты – бұл  ақша-қаражаттарға сұранысты қанағаттандыру үшін  қажет өтімділік құралдарға қажеттіліктерді алдын ала анықтау.

Енді «БТА Банкі» АҚ-ның  балансын талдауға көшейік. Басқа банктерде сияқты, баланстың өтімділігін талдау коэфиценттер  әдісімен жасалынады. Ағымды өтімділіктің коэфиценті: 

Кө = Аө / М (1)

Кө = 224981 / 1663574000 = 0,9                                     1.04.2011 жылға

 

Кө = 320047000 / 166357400 = 0,32                              1.07.2012 жылға

   

    «БТА Банкі» АҚ-да ағымды өтімділікте өтімділі активтердің және  міндеттемелердің өсуі  ықпал етті. Негізгі кезеңмен салыстырғанда  өтімділі  активтер  2,6 –ға өсті,  ал міндеттемелер – 1,02-ге  өсті, нәтижеснде ағымдық өтімділік 1,68 –ге өсті. Өтімділік деңгейіне  кассада ақша құралдардың тез өсуі ықпал етті.  «БТА Банкі» банкте  1.07.2011 жылда 4 % ақша құралдар болып табылады, ал  басқа активтер және бағалы қағаздар, 96% банкке  табыс әкеледі.  Сонымен, берілген құралымды оңтайлы деп айтуға болмайды.

Банктік жағдайды  толық  бағалау  үшін  лезде өтімділік  коэфиценті пайдаланылады.

Каө = Аө /  Об. М (2)

 

Каө = (224981+258448+497005) / (1669209+0287761) = 980434 / 1956970 = 0,5     

 

Каө = (220047+661015+772768) / (1663574+0+289989) = 653930 / 1953563 =  0,84

 

 «БТА Банкі»  1.01.2011  жылда 0,5  коэфицнеті болды, яғни егер клиент бір күнде өзінің барлық құралдарын тартып алатын болса,  онда банк өзінің клиенттіердің 50%-мен есептесе алмайды, ал  1.01.2012 жылда 0,84-84% - мен пайызымен есептесе алмайды. Бірақ тәжірибеде ондай бола алмайды,  егер банк толығымен банкрот болса ғана.

Бұл ұзақмерзімді коэфицент  жоғары еместігін көрсетеді, яғни  банк займшыларға  ұзақмерзімді несиелерді  аз береді.

 Бұл  Қазақстан экономикасының кризистік  жағдаймен шартталған;  мемлекетте әлі тұрақты қаржылық жағдайы бар сенімді займшылар  жоқ.

Осы берілгендерге  сүйене отырып, мынандай қорытынды жасауға  болады: банк қарыз алудың сыртқы  қайнар  көздерді    пайдаланбайды. Оның

ұлттық банк алдында  қарыз үлесі төмен.  Өйткені банкте өзінің ресурстары көп, көп артық активтер бар. Сонымен қатар оның өзінің активті операцияларды, әсіресе жоғары табысты, кеңейту үшін  көп мүмкіндіктер

бар. Ол активтерді одан да көп  диверсификациялау және үлкен табыстарды әкелетін  клиенттерге белсенді қызмет көрсетулерді кеңейту қажет.

Осыны қорытындылай келсек коммерциялық банктердің өтімділіктің талдаудың  маңызды қызметтерін  анықтауға болады.

 «БТА Банкі» АҚ  Ұлттық Банкке өзінің  қызметі туралы анықталған  түрде кварталдық  және жылдық есеп беруге  міндетті:

  • жаңа жылдың бірінші күніне жылдық баланс;

АҚ «БТА Банкі» резервтік  қор – 6999.

-   тәуекелді имитирлеу,  бір займшыға  тәуекелдің максималды  өлшемі,  ол несие бойынша  банк міндеттемелердің соммалардың банк капиталына қатынасы. Оның максималды  мағынасы  0,5-тен  1-ге дейін.

К = 2453193/79422596 = 0,38

 

  1. Жеке баланстық есеплердің құрамын анықтау:
  • Кварталдық баланс
  • Валюталық  операциялар бойынша есеп

Шығарылған есептеулер бойынша «БТА Банкі» АҚ өтімділі болғаны көрініп тұр,  яғни төлемқабылетті, сәйкесінше  банктің тартылған құралдар   клиенттер алдында ұзақ мерзімді  міндеттерді орындай алады.  Тиімді перспективамен  негізгі өтімділіктің  коэфиценті бойынша банк қызметі сипатталады, бұл экономикасының нақты секторында  несиелендіру бойынша  банкті активизациялау  мүмкіндігі туралы  күәландырады.  Өтімділіктіің  берілген көрсеткіштері  оған халыққа қымет көрсетулерді  және операциялардың түрлерін  кеңейтуге мүмкіндік береді.

Өзіндік  құралдарды талдаған  кезде  статистикада  ғана  емес  динамикада   да   оларды   талдау   керек,   бұл   баланс   қызметті      олардың 

қызметінің масштабтарын  кеңейту  сияқты  сипттауға мүмкіндік  береді,  және де   басқа  банктерде  өсу қарқынмен  салыстырып, өзіндік құралдардың  өсу қарқынымен  бағалауға  мүмкіндік  беріледі. Көрсеткіштерді  есептеу өте маңызды, «БТА Банкі»  АҚ-ның жарғылық  капиталдың  динамикасы туралы берілгендерді  көрсетейік.

 

 

                         Сурет 2. Жарғылық капиталдың динамикасы

 

У - жарғылық капиталдың өлшемі (мың теңге)

Х - жылдар (кезеңдер)

 

Берілгендерді  талдау капиталдың жылдан  жылға өсіп  келетінін  көрсетіп тұрады. Осы  банкте жарғылық капиталдың  өсу  тенденциясы барлық  тұрақты   банктерге   тән.  Банк  сенімділікке   және  тұрақтылыққа  жету  мақсатында  табысты активті операцияларды  көбейту мумкіндігін  алу үшін капиталды көбейтуге  ұмтылады. Сәйкесінше  банк  табысты капиталсалымдар  үшін ресурстық  базаны  кеңейтуге  ұмтылады.

 

2.3 «БТА Банкі»  АҚ-ның банктік қызметтердің әлсіз  және күшті жақтарын бағалау

 

 

Қазақстан экономикасының нақты секторының дамуымен және тұрақтылығымен байланысты банк тауарлар мен қызметтерді  несиелеу           сферасын айтарлықтай кеңейтті. Банктің  тұтынушылық несиелеу процесі жылжымайтын мүлікті, автокөлікті, оқуды, емдеуді, салтанатты өткізуді, күрделі жұмысты, демалысты несиелеу бағдарламасымен көрсетілген.

Жеке тұлғаларды несиелеудің  жалпы жағдайлары. Несие Қазақстан  Республикасының резиденттері мен  бейрезиденттеріне беріледі:

  • әйелдерге 21 ден 56 жасқа дейін, егер Несие келісімшарты бойынша несиенің қайтарылуы Борышқордың 58 жасқа толғанға дейін іске асатын болса;
  • еркектерге 21 ден 61 жасқа дейін, егер Несие келісімшарты бойынша несиенің қайтарылуы Борышқордың 63 жасқа толғанға дейін іске асатын болса.

Жеке тұлғаларға несиенің берілуі несиенің қайтарылуына және ол бойынша сыйақыны төлеуге жеткілікті тұрақты табыс көзі – жалақы, зейнетақы (отбасы мүшелерінің табыстарын қосқанда), кәсіпкерлік қызметтен  табыс болған жағдайда ғана жүргізіледі. Несиенің сомасы борышқорлардың (созаемщик) айлық табысына, сатып алынатын мүлік құнына және қамтамасыз етілетін кепілдігіне байланысты. Созаемщик ретінде борышқордың жұбайы және жақын туысқандары, (ұлы, қызы, шешесі, әкесі, туған ағалары және әпкелері) бола алады. Созаемщик барлық міндеттемелерді атқарады және банктік қарыз келісімшарты бойынша борышқордың барлық құқықтарына ие. Несиелеудің параметрлері, алғашқы жарнаның төменгі мөлшері, борышқорлар үшін талап етілетін құжаттар тізімі Банктің Директорлар Кеңесімен немесе нақты несиелеу бағдарламасы бойынша Банктің басқа өкілетті органымен бекітіледі.

Алғашқы жарна сомасы:

  • Клиент өзінің ағымдық шотына келешекте алу және сатушыға беру үшін енгізеді;
  • Валюталық заңнамаға сәйкес Банк Борышқордың ағымдық шотынан

Сатушының банктік шотына аударады;

  • Борышқор қолма-қол ақшамен Сатушыға береді, бұл кезде борышқор алғашқы жарна сомасын бергенін растайтын құжатты Банкке береді. Бұл құжат несиелеу бағдарламасымен анықталады.

Несиелеу объектісінің құнының 100%-к көлемде несиені ұсыну қарастырылған, егер келесідей шарттар орындалса:

  • алғашқы жарна банкке кепілдікке берілген қамтамасыз етумен ауыстырылса, бірақ ұсынылатын қамтамасыз етудің кепілдік құны алғашқы жарнаның төменгі мөлшерінен төмен болмау керек;
  • қамтамасыз ету кепілдігіне ұсынылатын кепілдік құн үш айлық негізгі борыш пен сыйақыны жабу керек.

 

 

Борышқордың төлем қабілеттігін бағалау. Борышқордың төлем қабілеттілігінің бағасы соңғы 6 айға  орта айлық жалақы туралы жұмыс орнынан алынған және анықтамада көрсетілген мәліметтердің борышқордың табысын растайтын басқа да құжаттар және тапсырыс берушінің анкетасы негізінде есептеледі. Борышқордың төлемқабілеттілігін есептеу кезінде оның табысынан анықтамада және анкетада көрсетілген барлық міндетті төлемдер алынады (табыс салығы, жарналар, алименттер, зиянның компенсациясы, зейнетақы аударымдары, қарызға алынған тауарлар құнын өтеуге төлемдер, әрекет ететін несиелер бойынша жарналар, коммуналдық қызметтер және т.б.).

Жоғарыдағы жағдай жиынтық табысты есептеу кезінде отбасы мүшелерінің табыстарына да қатысты. Таза табыс салығын, міндетті зейнетақы аударымдарды, жарналарды, алименттерді, зиян компенсацияларын алып тастағанда соңғы 6 айға орта айлық жалақы туралы жұмыс орнынан алынған анықтамада  көрсетілген  мәліметтерге   сүйене  отырып  анықталады. Отбасыны

асырауға кететін шығындар Тапсырыс берушінің анкетасында  клиенттің көрсеткен мәліметтерден  анықталады (коммуналдық қызметтер, тамақ, емдеу, көлік шығындары, несиелер бойынша жарналар, білім және т.б. шығындар). Егер орта айлық жалақы туралы анықтамада көрсетілген жалақы борышқордың анкетасында көрсетілген нақты табыстан төмен болса, онда Несиелік қызметкер борышқордың алатын нақты табысының шындығын тексеру үшін борышқордың жұмыс орнына барады. Борышқордың жұмыс орнында Несиелік қызметкер кәсіпорынның басшыларымен (директор, бас бухгалтер) кездесіп, ауызша растама алу керек, бас бухгалтердің берген мәліметтерімен, еңбек төлемі бойынша ведомостьпен салыстырып, жобаны қаржыландыру туралы Ұсынысты көрсету керек.

2012 жылдың 1 тамызындағы  жағдай бойынша төлем карточкаларын  шығаруға рұқсат беретін уәкілетті  органның арнайы лицензиясы 20 екінші  деңгейлі банктерге берілген  болса, олардың ішінен 18 банк нақтылы  түрде төлем карточкаларын шығаруды  жүзеге асыруда. «БТА Банкі» халықаралық жүйе карточкаларын - VISA International, Europay International шығаруда.

2012 жылдың 1 тамызындағы  жағдай бойынша қазақстандық  банктердің шығарған төлем карточкаларының  саны 2,16 млн. дана құрап, бұл  карточкалардың ұстаушыларының саны - 2,11 млн. адам болған (2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіштер сәйкесінше 21,2% және 20,7% артқан. Төлем карточкаларының ішінде неғұрлым көп тарағаны халықаралық жүйе карточкалары болып келеді.Олардың өзіндік үлесі 86,9%, ал жергілікті жүйе карточкаларының өзіндік үлесі - 13,1%. 2011 жылдың 1-ші тамызында бұл арақатынас 81,4% және 18,6% құраған болатын.

2012 жылдың шілдесінде  қазақстандық эмитенттердің төлем  карточкаларын қолдану арқылы  сомасы 49,2 млрд теңге құрайтын 3,1 млн.-ға тең транзакциялар жасалып, бұл корсеткіштердің мәні 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 41,1% және 29,8%-ға артқан.

 

 

Бұл ретте, қолма-қол ақша алуға байланысты трансакциялардың саны 3,0 млн. трансакцияны құрап, бұл  трансакциялардың сомасы 47,4 млрд. теңге болса, ал қолма-қол ақшасыз төлемдер сомасы 1 822,6 млн.теңге болатын 154,1 мың трансакцияны құрады. Бұл көрсеткіштердің проценттік арақатынасы келесідей түрде қалыптасқан:  95,1% және 4,9%, 96,3% және 3,7% сәйкесінше.

 

2012 жыл ішінде карталардың мынадай мөлшері шығарылған:

    • Visa төлем жүйесі – 9417
    • Altyn төлем жүйесі – 1921
    • American Express карточкасы – 9

    2012 жылда көлемі 878 млн. теңгені құраған сауда және сервис кәсіпорындарында 31807 транзакция жасалған. Есеп беру кезеңінде коммерсанттар қызметтерінен түскен комиссиондық табыс 34,1 млн. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 46,7%-ке ұлғайды. Қазіргі уақытта әрекет етіп жүрген коммерсанттардың жалпы көлемі республика бойынша 157.

2012 жылда 10 банкомат cалынған болатын, олардың 2 банкоматы Астана қ. филиалында, 2 банкомат Өскемен қ. филиалында, 1 банкомат Атырау қ. филиалында, 5 банкомат Алматы қаласында орнатылған. Сонымен, 2011 жылдың аяғына банк 13 банкоматқа ие болды.

2012 жылы Интернет желісінде  есеп-айырысуларды жүргізу үшін 78 Viza Virtuon картасы шығарылған болатын. 2011 жыл ішінде банктің төлем карталарын ұстаушыларға әлемге әйгілі AIG компаниясының 297 халықаралық сақтандыру полистеріберілді.

American Express Cоmpany ұйымымен  келісімі бойынша банк жол  чектерін АҚШ долларында және еврода консигнация шартымен алып отырады.               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе ҚР-дағы коммерциялық банктер және олврдың функциялары мен операциялары