Қорлар есебінің экономикалық мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 17:23, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстын мақсаты: қаржылық есеп берудің қаншалықты мөлшерде дұрыс екендігін анықтау үшін, бухгалтерлік есеп берудің жүргізілуін, дұрыс бағалануын, анықтылығын, классификациялық қорытындыларының қаншалықты мөлшерде дұрыс екендігін анықтау болып табылады. Сонымен, келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
1)қорлар есебінің мақсаты мен атқаратын рөлі;
2)қорлар есебінің міндеттері мен бағалануы;
3) іс-тәжірибеде қорлардың бухгалтерлік есепте алатын орны;

Содержание

Кіріспе ..........................................................................................................................3
I Қорлар есебінің экономикалық мәні
1.1 Қорлар есебінің маңызы мен мақсаты.................................................................5

II Қорлар есебі және оның талдауының сипаттамасы
2.1 Қорлар есебінің бағалануы мен жіктелінуі.........................................................7
2.2 Қорлар есебінің кіріске алынуының және шығыстарының есебі....................9
2.3 Қорлар есебінің бухгалтериядағы және қоймадағы есебі, оларды түгендеу......................................................................................................................12
2.4 Қорлар есебінің талдауы.....................................................................................22
Қорытынды .............................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................31

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая.docx

— 64.98 Кб (Скачать документ)

Аудит барысында  түгендеу процесіне тікелей бақылау  жасалынады. Себебі көп жағдайда есеп процесіндегі кемшілік немесе қиянатшылық  осы түгендеу процесінде анықталады, екіншіде барлық бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің дұрыстығын көп жағдайда осы түгендеу қорытындысы мен тікелей байланысты болады. Осы орайда, ерекше орын алатын есеп процесі қол қоймадағы тауардың, материалдардың аналитикалық есебі. Оны  жүргізу әдісі казіргі кезде  есептеу машинасы арқылы немесе компьютер  қолдану арқылы, ал көп жағдайларда  қолымен есеп карточкалары арқылы жүргізіледі.

Аудит барысында  аналитикалық есеп жүмысын тексеру  өте күрделі процесс. Ол жұмыста  қате жіберілсе немесе әдейі өзгерістер енгізілсе оның кәсіпорын шаруашылығына тигізетін әсері өте күрделі. Соның салдарынан өндіріс процесінде толқушылық, өндіріс өнімінің сату қуатының өзгеруіне жалпы шаруашылық қаржылық – табыстылық жағдайына әсерін тигізеді. Мысалы, өндіріске қажетті материалдың саналылығы өзгертілген оның бағасы да өзгереді. Ал ол өзгерістер материалды кіріс, шығыс жасауда құжатқа бір бағамен, басқа сапамен тіркейді де аналитикалық есеп көрсеткіштерінің арасында көптеген айырмашылықтар болады да ол бұзақылық немесе заң бұзушылық, қылмыс жасаушылардың еншісіне немесе пайдасында қалады. Яғни, сонын  нәтижесінде шаруашылықтағы кәсіпорындар, оның сыбайластары көп зиян шегеді.

Кәсіпорын экономикасында материалдарды, тауарды түгендеу сияқты негізгі құралдары түгендеуде жүргізіледі. Оны тек негізгі құралдық бухгалтерлік есебіндегі ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік айырмашылығы болады. Масалы, түгендеу тізімі негізгі құралдың аналитикалық есеп карточкалары арқылы толтырылады. Сол сияқты ақша қаржысымен құнды қағазды түгендеу процесінде өзінің бухгалтерлік есеп , ереже нұсқау талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Шаруашылық  кәсіпорындарының есеп айрысу әрекетіне түгендеу жүргізу өте күрделі, оның тауарлары аудит жұмысы үшін өте қажет. Егер де жабдықтаушыға алған тауары үшін төлем жасамаса ол кәсіпорынның қаржылық, табыстылық жағдайы туралы жұмысын тексеру мүмкін емес.

Қорыта келгенде аудитор түгендеу жұмысы туралы өзінің қорытындысын жасайды. Ал кездейсоқ  өрескел жағдайлар анықталса тапсырушыға арнайы әр фактілер туралы жеке – жеке анықтама жасап тапсырылады, ол бірақ аудиттің құпиялық принципін сақтау тәртібімен жүргізіледі.

Сараптап  анықтау. Нақты тексеру барысында  сараптап анықтау әдісі негізінде  өндіріс барысын бақылау ретінде  қолданылады. Оның ішінде өндіріс технологиясының  дұрыстығы, өндіріске жіберілетін  шикізаттардың, материалдардың, өндіріс  технологиясының талабына лайықты  екенін,  жаңа өнім сапалығын сараптау, өндіріс процесіндегі шикізатпен материалдармен қосалқы шығының сараптау тағы сол  сияқты көптеген процестерге сараптау жүргізіледі.

Бақылау анықтау  әдісі – бұл  да нақты тексерудің бір түрі. Оның негізгі мақсаты  күнделікті шаруашылық барысын тексеру, бақылау жасау. Мысалы, күнделікті өндіріс  барысында бақылау жасау, еңбек  жұмыс тәртібін бақылау жасау, материалдар жасу, дайын өнімнің сатылу барысын олардың қоймада сақталу тәртібін бақылау.

Қорыта келгенде, аудитор жұмысында әдістемелік тексеру әдістері үлкен орын алады. Оның ішінде қазіргі кезде тексеру барысында қолдану, тапсырушының компьютер құрылымымен жұмыс істеуі ерекше орын алады. әрине ол үшін аудитор компьютер бағдарламасын жақсы білу қажет.

Жоғарыда  айтылған аудит әдістерінің мазмұнын тұжырымдай келіп мынадай анықтама жасауға болады; «Аудитор көптеген әдістердің басын қосып өз пәнін  зерттеп жұмыс жүргізу үшін қолданылатын әдістер тобын аудиттің әдісі  дейміз». Оның көбісі сыбайлас ғылым  саласының әдістерін құрады.                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

       

 

         Қорлар есебі-бухгалтерлік есептің негізгі бөлігі болып табылады. Бухгалтер бухгалтерлік есептің теориясы мен іс-тәжірибесін жақсы білсе, ұйымдағы бухгалтерлік есептің толықтығы мен анықтығын ұйымдастыру оңайырақ болады. Іс-тәжірибеде қорлардың аудиті бухгалтерлік есепте үлкен рөл атқарады.

        Қорларды есептеу сонымен қатар ұйымның барлық қорларының жалпы құнының негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Қорлардың құнын ішінара есептен шығару нәтижесінде іске асырылмаған пайда мен байланысты ысырапты есепке алу жүргізіледі. Батыс елдерінде сатудың таза құны (NRV) материалдық құндылықтардың шынайы құны анықталатын бағалау әдістерінің бірі болып табылады. Оны субъекті құндылықтарын нарықта сата отырып, бұл құнды қорларды сату жөніндегі субъект шығындарына түзету жолымен алады. Фирмалар қорларды бағалаудың жылдан жылға пайдаланатын әдісін таңдап ала алады.

        Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді.

      Материалдық құндылықтардың есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебінің 2 «Қорлар есебі» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізіледі.

Бүгінде өңдеу шығындарының жылдан-жылға  қарқындап өсіп келе жатқандығын  байқау қиын емес.

       Бухгалтерлік есеп шаруашылықтың тыныс-тіршілігінің жағдайын көрсететін болса, бухгалтерлік есептің анықтығын, тиімділігін қатаң талап етіп, әділ баға беретін төрешісі. Шаруашылықтың бухгалтерлік есебі аудиттің зерттеу объектісі болса, бухгалтерлік есептің сапасын, тиімділігін арттырып, оны халықаралық өлшемдер мен стандарттарға негізделіп жүргізуге жетелейді. Мен осы тақырыпқа жазған дипломдық жұмысымды қорытындылай келе, тауарлы- материалды қорлардың есебі бухгалтерияда есепті жүргізу кезінде өте маңызды рөл атқарады. Өйткені бұл синтетикалық шоттар бойынша жүргізіледі. Жалпы жұмыс шоттар жоспары бухгалтерлік есептің негізгі құжаттарының бірі болып табылады. Енді бухгалтерлер өздерінің ұйымдарындағы есептерінде қажеттіліктің тууына байланысты, біріншіден халықаралық стандарттарына сәйкес енгізілген жаңа типтік шоттар жоспарының дүниежүзі бойынша бірегейлендіруге (унификациялауға) мүмкіндік береді. Қазіргі шоттың өзгешелігі бір шот нөмірінде екі нәрсе белгіленеді.

       Баланстық шоттар өз кезегінде екіге бөлінеді. Олар актив және пассив. Банктегі бухгалтерлік шотта активке жататын шоттар бірінші және бесінші шоттар, қалғаны пассивке жатады. Бухгалтерлік шотта пассивке үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы бөлімдер жатады, қалған бөлімдері активке жатады.

Әр жерге қолданатын өз шоттарын қолданса, осы елдің есебі жоғары деңгейде көрсетіліп, болашақта елдің  экономикасы жоғары дамыған мемлекеттер  қатарына қосылады деген үміт бар. Біз  Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге дайынбыз деп отырмыз. Соған кірген кезде ешқандай қиындықсыз экономикамызды дамытамыз деп ойлаймын. Осыған үлес қосу үшін студенттер өз қалаған мамандықтарын түсіне оқи білу қажет. Сол кезде өз республикасына үлесін қоса алады.    

                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

 

  1. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Алматы : Экономика, 2009 ж.
  2. Ержанов М.С. Аудит-І. Алматы : 2011 ж.
  3. Бюллетень Бухгалтера № 1-5 (196), 2012 г.
  4. Радостовец В.К., Рабдуллин Т.Р., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы Бухгалтерлік есеп, Қазақстан - орталық аудиті тәуелсіз аудиторльқ компаниясы. А., 2011ж-410б.,
  5. Байдаулетов М., Байдаулетов С.М. Аудит, А., Қазақ университеті. 2011ж-226б.
  6. Библиотека Бухгалтера и предпринимателя № 1-3 (139), январь 2008г.
  7. Бухгалтер бюллетені, №1-4, 2009ж. БИКО.  
  8. Хорнгрен Ч.Г., Дж. Фостер. Бухгалтерский учет : управленческий аспект. Мәскеу : -Финансы и статистика, 2010 ж.

12. Экономика и жизнь №1-5 - 2011г.

13. Егемен Қазақстан, қаңтар, ақпан,сәуір 2012ж

14. Журнал. Компьютерный учет №11,12, декабрь 2009 ж.

15. Андросов А.М. Бухгалтерский учет. Мәскеу: Финансы и     

      статистика, 2011 ж.

     16. Кеулімжаев К.К. Корреспондент. Алматы : БИКО, 2009 ж.

17. Палий В.Ф., Палий В.В. Финансовый учет. Мәскеу : ФБХ Пресс, 

      2010 ж.

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Қорлар есебінің экономикалық мәні