Қорлар есебінің экономикалық мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 17:23, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстын мақсаты: қаржылық есеп берудің қаншалықты мөлшерде дұрыс екендігін анықтау үшін, бухгалтерлік есеп берудің жүргізілуін, дұрыс бағалануын, анықтылығын, классификациялық қорытындыларының қаншалықты мөлшерде дұрыс екендігін анықтау болып табылады. Сонымен, келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
1)қорлар есебінің мақсаты мен атқаратын рөлі;
2)қорлар есебінің міндеттері мен бағалануы;
3) іс-тәжірибеде қорлардың бухгалтерлік есепте алатын орны;

Содержание

Кіріспе ..........................................................................................................................3
I Қорлар есебінің экономикалық мәні
1.1 Қорлар есебінің маңызы мен мақсаты.................................................................5

II Қорлар есебі және оның талдауының сипаттамасы
2.1 Қорлар есебінің бағалануы мен жіктелінуі.........................................................7
2.2 Қорлар есебінің кіріске алынуының және шығыстарының есебі....................9
2.3 Қорлар есебінің бухгалтериядағы және қоймадағы есебі, оларды түгендеу......................................................................................................................12
2.4 Қорлар есебінің талдауы.....................................................................................22
Қорытынды .............................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................31

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая.docx

— 64.98 Кб (Скачать документ)

 

Мазмұны

Кіріспе ..........................................................................................................................3

I Қорлар есебінің экономикалық мәні

1.1 Қорлар есебінің маңызы мен мақсаты.................................................................5

 

II Қорлар есебі және оның талдауының сипаттамасы                            

2.1 Қорлар есебінің бағалануы мен жіктелінуі.........................................................7

2.2 Қорлар есебінің кіріске алынуының және  шығыстарының есебі....................9

2.3 Қорлар есебінің бухгалтериядағы және қоймадағы есебі, оларды түгендеу......................................................................................................................12

2.4 Қорлар есебінің талдауы.....................................................................................22

 

Қорытынды .............................................................................................................29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

Нарықтық  экономика жағдайында басқаруды  жетілдіруде бухгалтерлік есептің  ролі мен мәні артуда. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде  бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті  сипатталып, оның табысы мен шығыны есепке алынады, қаржылық жағдайы ашып көрсетіледі. Қазіргі заман бухгалтерлері-бухгалтерлік есеп ауқымында алған терең кәсіби білімі арқылы экономикалық талдау мен  аудит дағдыларын игеруі, сондай-ақ өндіріс процестерін басқара  алуы тиіс. Ол Қазақстан Республикасының  азаматтық құқықтары мен заңнамаларды есепке ала отырып, әр түрлі экономикалық шешімдер қабылдап, ұйымның келешектегі  қызметін жоспарлай білуі тиіс. Нарықтық қатынастар кезінде ұйымдардың өндірістік жұмыстарын басқару сол ұйым басшыларына байланысты. Қазақстан Республикасында болған жеке және әлеуметтік-экономикалық құрылымдық өзгерістер еліміздің есеп жүйесіне көптеген өзгерістер әкелді. Жекешелендіруге көшу бағдарламалары, мемлекеттік ұйымдардың құрылуы, жаңадан шаруашылық ұйымдардың пайда болуы, шетелдік жұмысқа тартылуы және басқа да өзгерістер.

Қаржылық  жүйенің өзгеруі, экономиканың жоғарлауы, әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруі кәсіпорында жаңадан  мәселелер туындады. Ұйымда басты мәселе болып, тауарлы-материалдық запастар есебі болып табылады. Қорлар есебі жаңа өнімдерді бағалап және ұйымның шығындарын болжауға мүмкіндік береді. Өндірісте өнім өндіруге тауарлы-материалдық запастарға деген сұраныс жоғарылайды. Бұл өндірістің көлемінің ұлғайғандығын көрсетеді.

Экономиканың  қай саласында болмасын ұйымдар мен еңбек ұжымдарының шикі затпен материалдарды ұтымды жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, өндірістік өнімнің өзіндік құнын азайтуға, шығаратын өнімнің халықаралық рынокта бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға тауарлы-материалдық запастар есебі аудитінің атқаратын ролі өте зор.

Осы тұрғыдан қарастырғанда курстық жұмыстың тақырыбы өзекті болып табылады. Ұйымдарда бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру заңына, есеп стандарттарына және Халықаралық Бухгалтерлік есеп стандарттарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Есептердің  мәліметтері бойынша  ұйым басшылары өздерінің қаржылық есеп беруді құрастыруды және экономикалық болжамдар жасауға, ағымдағы жоспарды анықтауға сонымен қоса еліміздің экономикасының қаншалықты мөлшерде өскендігін анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасындағы жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жүйесі ұйымның ішкі және сыртқы пайдаланушыларына өзінің экономикалық жағдайын анық көрсетуге мүмкіндік береді.

         Еліміздің нарықтық экономикаға көшу барысында ұйымдардың экономикалық жауапкершіліктері жоғарылай түсті. Ұйымның қаржылық жағдайы жоғарылады. Қорлар - өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары болып табылады. Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толығымен аударады.

 Ұйымның  қаржылық жағдайын зерттеу және талдаудың нәтижесінде қаржылық басқарудағы кемшіліктерді анықтайды, ұйымның дамуына әсерін тигізеді.

 Пайдалану анализі және негізгі қорлар есебінің мәселесіне келессі экономист ғалымдардың Е.Е. Савицкая, Л.А. Виногоров, Г.В. Снитко және т.б. жұмыстары арналған, олардың еңбектері осы жұмыста тақырыпты ашу үшін пайдаланған. Осы ғалымдармен негізгі қорлардың есебі және анализі облысында теориялық және методологиялық сұрақтарға айтарлықтай еңбектер енгізген.

          Курстық жұмыстын мақсаты: қаржылық есеп берудің қаншалықты мөлшерде дұрыс екендігін анықтау үшін, бухгалтерлік есеп берудің жүргізілуін, дұрыс бағалануын, анықтылығын, классификациялық қорытындыларының қаншалықты мөлшерде дұрыс екендігін анықтау болып табылады.

Сонымен, келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

1)қорлар есебінің мақсаты мен  атқаратын рөлі;

2)қорлар есебінің міндеттері мен бағалануы;

3) іс-тәжірибеде қорлардың бухгалтерлік есепте алатын орны;

 

 

 

 

                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I Қорлар есебінің экономикалық мәні.

   

          1.1. Қорлар есебінің маңызы мен мақсаты.

      

      

.           Қорлар есебі Қазақстан  Республикасының 2 «Қорлар есебі» Бухгалтерлік есеп стандартының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Осы стандартта көрсетілгендей қорлардың өзгеруі, олардың өзіндік құны, қорлар шығындарының мойындалуы, қаржылық есептілікте көрсетіледі. 2 «Қорлар есебі» Бухгалтерлік есеп стандартына төмендегідей анықтамалар беріледі:

          Қорлар активті түрде болады:

- запастағы шикізаттар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, отында, ыдыстар, қосалқы бөлшектер, басқа да материалдар, өндірістегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге пайдаланылады.

- аяқталмаған өндіріс кәсіпорынның жұмысы кезде сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлар.

         Ұйымдарда дұрыс ұйымдастырылған есеп жұмсалған материалдардың дұрыс сақталуына үнемді пайдалануына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс сақталуы олардың  ұтымды пайдалануы, жұмсалуы үшін алдын – ала мыналарды жасау кажет:

    1. Материалдық қорларды сақтайтын қоймалар қажет.
    2. Материалдар қоймада өздерінің түрлері, сорттары бойынша бөлек түрде сақталуы тиіс.
    3. Ол қоймадағы материалдарды жіберу үшін қажетті материалдар мен қамтамасыз етілуі керек.

        Өндірісте барлық материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді:

Негізгілер – бұл материалдар, материалдық негіз құрап, өндірілген өнім құрамына кіреді.

Көмекшілер – бұл материалдар, дайындалған құрамына кіретін, бірақ негізгі материалдарға қарағанда бұл материалдар өндірілген өнімнің материалдық негізін құрамайды.

         Қорлар есебінің негізгі міндеттері болып мыналар жатады:

- Сатып алынған қорларға байланысты фактілік шығындарды анықтау.

- Қорлардың сақталуына бақылау жасау.

- Ұйымның бекіткен нормалары бойынша қоймадағы запастардың сәйкестілігі.

- Пайдалану нормаларына бақылау жүргізу.

         Бұл міндеттерді конструкциялық материалдардың прогресивті өзгеру жолымен анықтауға болады, қымбат материалдарды арзан материалдар мен алмастыру, синтетикамен, бірақ өнімнің сапасын төмендетпеу арқылы, қалдықтарды азайтып және басқада жоғалтпау жолдарымен.

          Есептің ролін жоғарлату мақсатында ғылыми – жасалған құнды номенклатуралар, анық құжат айналымын қалыптастыру, қорларға уақтылы инвентарлы тексеру жүргізіп тұру қажет. Өндіріс процесіне еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлары еңбек заттар ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек заттары өндіріс процесіне бір-ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, өнімінің өзіндік құнын құрайды. Қорлар келесідей активтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар, аяқталмаған өндіріс, субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.       

         Материалдық құндылықтарды есепке алудың алдында мынадай негізгі міндеттер тұрады: босалқыларды кіріске дер кезінде және толық есепке алу, сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау, босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау, көліктік-дайындау шығындары мен дайындалған құндылықтардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау. Материалдық қорлардың барлық түрін есепке алу үшін «Материалдар» деп аталатын активті мүліктік шоттар пайдаланылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қорлар есебі және оның талдауының сипаттамасы.

          2.1 Қорлар есебінің бағалануы.

 

 

         Бухгалтерлік есептің  2 стандарты «Қорлар есебі» төмендегідей сипаттама береді. Қорлар  келесідей активтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар (детальдар), отын, ыдыс және ыдыстық материалдар; қосалқы бөлшектер және басқа материалдар; аяқталмаған өндіріс; кәсіпорын қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар. 

Өндіріс барысындағы  функционалдық (қызметтік) рөлі мен  мақсаты бойынша барлық қорлар негізгі және көмекші болып бөлінеді.  

Негізгілер  – дайындалатын өнімнін заттай материалдық  негізін құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар өндірілетін  өнімдердің өзіндік құнына кіргені  мен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін көмекші материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады.

Бірақ материалдарды  негізгі және көмекші етіп бөлу шартты сипатқа ие, өйткені олар өнімді шығаруға жұмсалған материалдардың санына (мөлшеріне), технологиялық сипатына және басқа да көптеген факторларына тәуелді болып келеді.

Әрбір шаруашылық жүргізуші  ұйымдар қажеттігінше әрбір шоттар бойынша аралық шоттар және материалдық есебі бойынша  аналитикалық (талдаушы) шоттар аша  алады.

Сонымен қоса, кәсіпорын өзіне жатпайтын материалдарды, баланстан тыс шоттарда есепке алады. Материалдарың есебін ұйымдастырудың басты алғы шартты: оларды дұрыс бағалау болып танылады.

Қазақстан Республикасының  бухгалтерлік есебінің 2 «Қорлар есебі» стандарттары бойынша материалдық қорлар төмендегідей әдістер негізінде бағаланады:

  1. Арнайы сәйкестендірілген есептеу әдісі.
  2. Орташа өзіндік құны есептеу әдісі.
  3. ФИФО әдісі.

Арнайы сәйкестендірілген  есептеу әдісі әдетте бірімен  – бірі алмастыруға болмайтын  немесе кәсіпорында ерекше тәртіпке пайдаланылатын (асыл металдардың, асыл тастардың т.б) нақтылы бір материалдық  қорлардың басын есептеуге арналған.

Орташа өзіндік  құнын есептеу әдісі бойынша  кәсіпорынға кіріске алынған  әрбір материалдық запастардың  бағасы олардың материалдық запастардың  кіріске алынғандағы шоты бойынша  бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі.

ФИФО әдісі  – есептен шығарылған материалдық  запастарды олардың алғашқы кезекте  кіріске алынғандарының өзіндік  құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. Бұл әдіс қағидасы бойынша қорлар бірінші кезекте кіріске алынған шығыс етіледі деп есептеледі.

Қорлар есебін бағалау кезінде неғұрлым арзан өзіндік құнымен, немесе таза құнымен бағаланады. Қолда бар қорлардың бөлінуі немесе олардың жекелей, әлде толықтай ескеру немесе олардың бағасының төмендеуі, яғни бір сөзбен айтқанда, өзіндік құнының деңгейіне келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайда, өзіндік құнының орнына сату бағасы пайдалануы мүмкін.

Қазақстан Республикасының  2 «Қорлар есебі» Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес кәсіпорын қорлардың бағалануы ұсынылған әдістің біреуімен жүргізілуі тиіс. Тандап алынған әдіс есеп саясатына тіркеліп, барлық Қорлар есебін бағалау үшін қолдануға тиіс. Қорлар есебін бағалау әдісі жөнінде есеп саясаты  өзгерген кезде қаржы есептілігі жасалғанда ақпарат ашылуға жатады. Егер компанияның қаржы жағдайы және қызметінің нәтижелері туралы неғұрлым сенімді ақпарат табыс етілсе, Қорлар есебін бағалау әдісін өзгерту орынды деп табылды.

 

 

2.2  Қорлар есебінің кіріске алынуының және шығыстарының есебі.

 

 

Шарушылық ұйымда материалды – техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар кәсіпорын бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген  өлшем бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасайды. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін уақыты көрсетіледі. Шаруашылық кәсіпорынның жабдықтау бөлімі шартта көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Ол үшін материалдарды алып келген тасмалдау жолдама құжаты, теміржол накладнойы, транспорттық накладнойы, жабдықтаушыдан келген басқа да құжаттар жабдықтау  бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде, яғни жабдықтау бөлімінде келген құжаттар түрлі  “келген жүкті есептеу” журналына тіркелді. Одан кейін бұл құжаттарды алып келетін экспедиторға береді. Сонымен катар экспедиторға материалдарды алу үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүк құжаттары мен сенімхатты алғаны үшін “келген жүкті есептеу” журналына қол қояды.

Информация о работе Қорлар есебінің экономикалық мәні