Облыстардың маркетинг арқылы экономикалық жағдайын жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 15:10, курсовая работа

Краткое описание

Сатып алынған сәтке дейінгі кезең үшін есептелінетін проценті де қосылатын құн бойынша инвестицияны сатып алу есепте сатыпалушының сатушыға процентпен төленген көлемге кемітілген сату құны бойынша көрінеді. Құнды қағаздардағы инвестицияны жабу құны арасындағы айырмашылықты инвестор оны иеленген кезең ішінде өтейді. Инвестициялык саясаттың максаты инвестициялық кызметтi жандандыруға бағытталған, Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтiк дамуының стратегиялық жоспарын жүзеге асыру, сонымен қатар отандық экономиканы және қоғамдық өндірісті көтеру болып табылады

Содержание

КІРІСПЕ
3

1
ОБЛЫС ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГТІҢ РӨЛІ

1.2
Инвестиция түсінігі
5
1.3
Облыстық инвестиция түрлері, олардың жіктелуі және экономикалық маркетингпен арақатынасы
6

2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАРКЕТИНГТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2.1
Облыстардың инвестициялық қызметі
10
2.2
Облыс экономикасындағы шетелдік инвестициялар және шетелдік маркетинг үлгілері
11
2.3
Облыс экономикасын көтерудегі инвестициялық саясат және маркетингтік қызмет
12

3
ОБЛЫС ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДА ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ РӨЛІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАРКЕТИНГТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

3.1
Облыстық инвестициялардың жіктелуі және оның құрлымы
14
3.2
Облыстардың маркетинг арқылы экономикалық жағдайын жетілдіру



ҚОРЫТЫНДЫ
20


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Облыс экономикасына инвестиция тарту және экономикалық маркетингті дамыту.doc

— 175.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ОБЛЫС ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДА ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ РӨЛІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАРКЕТИНГТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1 Облыстық инвестициялардың жіктелуі және оның құрлымы

 

Инвестицияның тиімділігін есептеу, талдау және арттыру  үшін оларды макро-, микродеңгейде ғылыми негіздіелген жіктеу қажет. Инвестицияларды ойластырылған және ғылыми түрде негізделген жіктеу оларды тек сауатты есептеуге ғана емес, сонымен қатар оларды барлық жағынан пайдалану деңнейін талдауға мүмкіндік туғызады және осы негізде тиімді инвестициялық саясатты әзірлеу және пайдалану қажетті обьективті ақпарат алуға мүмкіндік береді. Жоспарлы экономика болмысында да, тәжірибеде де мына белгілер бойынша жіктелген капиталды салымдар көп таралып отыр.

Болашақ обьектілердің  мақсатты пайдалану белгісі бойынша – бұл олардың халық шаруашылығы салалары бойынша бөлінуі, яғни бұл салалық құрылым өз кезегінде екі бөлімше өндірістік обьектілеріне салынған саламдар және өндірістік  емес обьектілерге салынған салымдар.

Негізгі қорларды жаңғырту формалары бойынша –  жаңа құрылысқа, нақты кәсіпорындарды кеңейтуге және қайта жаңартуға, техникалық қайта жабдықтауға арналған салымдар.

Қаржыландыру  көздері бойынша – орталықтандырылған және орталықтандырылмаған капиталды  салымдар.

Пайдалану бағыты бойынша - өндірістік және өндірістік емес капиталды салымдар [10].

Олардың салыну обьектілері бойынша – мүлікке  салынған инвестициялар (материалды инвестициялар)  ғимаратқа, құрылысқа, жабдықтарға, материалдар  қорына салынған инвестициялар; қаржы  инвестициялар (акция сатып алу). Бейматериалдық инвестициялар (кадрлар даярлауға, зерттеулер мен әзірлемелерге, жарнамаларға салынған инвестициялар).

Шетелдік әдебиетте  потрфельді инвестицияларды жіктелуі берілген:

Фирмаға әсері  мен бақылау белгісі бойынша, бұлар инвесторлар арқылы сатып  алынған акциялар. Бұл белгілер арқылы портфельді инвесторлар мыналарға жіктеледі:

  • едәуір әсер етуді қамтамасыз ететін ( дауысқа салу құқығы бар 20 % астам, 50 % кем акцияларды сатып алу)
  • бақылауды қамтамасыз ететін ( дауысқа салу құқығы бар инвесторлардың 50 %- тен астам акцияларды иелену)
  • бақылау қоюға жол бермейтін және ешқандай әсер етпейтін ( дауысқа салу құқығы бар 20 % астам, 50 %- тен кем емес акцияларын және еншілес кәсіпорынның 100 %-ін акцияларын иелену)

   Бұл жіктеу  кәсіпорындағы портфелді инвестициялардың оңтайлы құрылымын қалыптастыру үшін маңызды.

Инвестициялардың  аса кешенді жіктеуі Н.А. Бланктің жұмысында келтірілген, онда барлық инвестициялар мына белгілер бойынша  жіктеледі:

Салу обьектілері  бойынша, инвестициялану қатысу сипатына, инвестициялау кезеңіне, инвестициялық ресурстардың меншіктік формасына, аймақтықбелгілеріне қарай жіктеледі.

Ғылыми әдебиетте  инвестицияның басқа да жіктеулері келтірілді. Бұл жіктеулердің бәрінің  де практикалық тұрғыдан да, әсіресе  ғылыми тұрғыдан да өмір сүруге құқығы бар, себебі олар инвесторларды неғұрлым тәптіштеп ұсынуға мүмкіндік береді және оларды пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында терең талдау жасайды.

      Бұл жіктеудің алдыңдағықарастырылған  жіктеуден арттықшылығы, кәсіпорынның  қандай мақсаттарға өз инвестицияларын шығаратындағы жайлы түсінік береді.

   Жалпы,  бұл жіктеу кәсіпорынның инвестициялық  портфелін сипаттайды. Бұл портфольдің  аз қауіпті және көп мөлшерде  экономикалық пайда түсірудегі  оңтайлығы  кәсіпорындағы маңызды  мәселелердің бірі болып табылады. Инвестицияларды елеулі түрде пайдалану тиімділігі олардың құрылымына байлынысты. Инвестиция құрылымы дегеніміз, олардың түрлеріне, пайдалану бағытына қарай құрамы және олардың жалпы инвестициядағы үлесі [19].

Инвестициялар жалпы және жеке құрылымға бөлінеді.

Инвестициялардың  жалпы құрылымына олардың нақты  және портфольдің  ( капитал құрушы және Облыстық ) құрылымдарды жатқызуға болады. Инвестициялардың жалпы көлемінде ең көп үлесін капитал құрушы инвестициялар құрайды. Мысалы: 1996 жылы инвестициялардың жалпы көлемінің 81%-ін капитал құрушы инвестициялар құрады, ал Облыстық инвестициялар 19% - ін ғана құрады. Кейбір жеке құрылымдарға капиталды салымдардың келесі түрлері жатады: технологиялық, жаңғырту, салалық және аумақтық [18].

Технологиялық құрылым дегеніміз – белгілі бір обьекті құрылымына кететін шығындар құрамы және олардың жалпы сметалық құндағы үлесі, яғни олардың жалпы шамасында капиталды салымдар үлесі, қанша мөлшері құрылыс – жинақтау жұмыстарына (ҚЖЖ), машина, жабдықтар сатып алу және оларды жинақтауға, жобалау- қарастыру және басқа шығындарға жұмсалатынын көрсетеді, Капиталды салымдардың технологиялық құрылымы олардың пайдалану тиімділігіне елеулі әсер етеді [20].

Бұл құрылымды  жетілдіру жобаның сметалық  құнындағы  машиналар мен жабдықтарды  оң дәрежеге жеткізуді көздейді. Жалпы, капиталды салымдардың технологиялық құрамы болашақ кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының белсенді және еңжар бөліктері арасындағы сәйкестікті қалыптастырады.

Машиналар мен  жабдықтардың, яғни болашақ кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының белсенді бөлік үлесінің артуы оның өндірістік қуатының артуына, яғни өнім бірлігіне салынатын капиталды салымдардың кемуіне негіз болады. Экономикалық тиімділік еңбекті механикаландыру және автоматтандыру деңгейін арттыру есебінен жүзеге асады. Капиталды салымдардың техникалық құрылымын талдау ғылыми тұрғыдан да, практикалық тұрғыдан да маңызы зор [11].

Жаңғырту құрылымы да олардың тиімді пайдалануына елеулі әсер етеді.

 Капиталды  салымдардың жаңғырту құрылымы  дегеніміз – негізгі өндірістік қорлардың жаңғырту формалары бойынша жалпы сметалық құндағы бөлінісі мен сәйкестігі. Бұдан жалпы шамадағы капиталды салымдардың қанша мөлшері: жаңа құрылысқа, нақты бар өндірісті қайта жаңғартуға және техникалақ қайта жабдықтауға бағытталуын анықтауға болады. Теория мен практикадан көретініміз, өндірісті қайта жаңғырту мен техникалық  қайта жабдықтау жаңа құрылыс салуға қарағанда, едәуір тиімді, оның көптеген себептері бар:

Біріншіден, қосымша  өндірістік күштерді енгізу мерзімі  азаяды;

Екіншіден, капиталды салымдар үлесі біршама азаяды;

Негізгі капиталға  тартылған нақты инвестицияларды  жаңғырту құрылымының өзгерту динамикасы оңтайлы тұрғыдан да, келеңсіз тұрғыдан да алып қарағанда, біршама ілгерілеулер мен үндістерді көрсетеді. Келеңсіз аспект жаңа құрылысқа тартылған нақты инвестициялар үлесінің артуы олардың өндірісті кеңейтуге, қайта жабдықтауға бағытталған үлесінің автоматты түрде азаюына әкеп соқтырады, бұл өз кезегінде өндірістің техникалық деңгейіне және инвестициялық тиімділігіне, яғни жалпы экономикаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл үрдістердің оңтайлы аспектісі, талданып отырған кезеңдегі шағын кәсіпорынды құру процесі біршама қарқынды дамығанын және осының салдарынан жаңа құрылысқа тартылған инвестициялар үлесінің өскендігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының шағын бизнесқалыптастыру және оның экономикадағы рөлін арттыру қажетті және ілгерілеу процесі болып табылады.

Республика  экономикасы үшін Қазақстан Республикасының  экономикасы салалары бойынша нақты  инвестицияларды бөлудің де маңызы өте зор, өйткені бұл бөлініске оның болашағы елеулі түрде байланысты. Капиталды салалардың  экономикалық тиімділігі олардың салалық және аумақтық (аймақтық ) құрылымына тікелей байланысты.

Салалық құрылым  дегеніміз - өнеркәсіп пен жалпы экономика салалары бойынша оларды бөлу және арақатысы. Оны жетілдіру Қазақстан Республикасының барлық халық шаруашылығы ҒТП жеделдетуді қамтамасыз ететін салалары тез дамытудағы сәйкелестілігін қамтамасыз етеді.

Капиталды салымдардың  салалық құрылымен жоспарлауға  көп нәрсеге байланысты, ең алдымен  барлық салалардың дамуындағы үйлесімділік, құрылымдағы оңтайлылық, ғылыми –  техникалық прогресті  жеделдету  және республиканың жалпы экономикасы  қызметінің тиімділігі. Мемлекет, мысалы бюджеттік қаражаттар мен басқа тіректер арқылы инвестициялардың салалық құрылымдағы үрдісіне ілгері бағытта елеулі әсер ете алады [12].

Экономикадағы инвестициялардың тиімділігі үшін қаржыландыру көздері мен меншік формалары  бойынша инвестициялық құрылымы маңызды мәңге ие.

Меншік формалары  бойынша инвестициялар құрылымы дегеніміз – жалпы сомадағы меншік формалары олардың бөлінуі мен арақатысы, яғни олар мемлекетке, муниципальды органдарға, заңды немесе жеке тұлғаларға немесе аралас меншік формаларына тәуелді. Жалпы сомадағы жекеменшік инвестициялар үлесінің артуы оларды пайдалану деңгейіне, яғни республикасының жалпы экономикасына он ықпал етеді деген пікір бар.

Қаржыландыру  көздері бойынша инвестициялар құрылымы дегеніміз – қаржыландыру көздері аясында олардың бөлінісімен арақатысы. Инвестициялардың бұл құрылымын жетілдіру бюджеттен тыс қаражаттар үлесін оңтайлы деңгейге дейін арттыруында болып отыр. Динамиканың жылдар бойы өзгеруі негізінде келеңсіз және оңтайлы тұрғыдағы факторлардың әсерінен пайда болғандықтан өзгерістерді анықтап, талдауға болады.( мысалы, қаржыландыру көзі ретінде өтелім аударымдары үлкен атқарады)

Кәсіпорында инвестицияларды  пайдалану тиімділігі, оның Облыстық

жағдайы елеәлі тұрғыда оның кәсіпорындағы құрылымына байланысты болады. Кәсіпорындағы инвестициялардың жалпы құрылымы дегеніміз – олардың жалпы сомасындағы нақты және портфельді инвестициялар арақатысы. Оны жетілдіру дегеніміз, портфельді инвестициялардан да көп қайтарымдар алу дегенді білдіреді. Бұл дегеніміз, аса тиімді жобаларға тартылған инвестициялар үлесі максимумға талпынуы қажет деген сөз. Қазіргі жағдайда кәсіпорын үшін нақты портфельді инвестициялар құрылымының маңызы ерекше. Портфельді инвестициялар құрылымы  дегенде, кәсіпорын сатып алған құнды қағаздар түрлері бойынша, сонымен қатар басқа кәсіпорындар активтеріне салынған салымдар бойынша олардың бөлінісі мен арақатысы түсініледі [13].

Мемлекеттік инвестиция үлесі  кенеттен азайып отырғаны аз жалпы шамадағы кәсіпорын инвестициясының  үлесі артып отырған қазіргі сәтте  инвестициялардың жалпы тиімділігі оның кәсіпорындағы пайдалану тиімділігі кәсіпорындағы инвестициялардың жалпы құрылымына байланысты болып отыр.

 

 

    1. Облыстардың маркетинг арқылы экономикалық жағдайын жетілдіру

 

Облыстық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп инвестициялардың түрлері және осы инвестициялар салынған обьектілер бойынша жүреді.

Облыстық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей шығыстар, яғни брокерлік марапатауды, банктің көрсеткен қызметі үшін төленетін пайызды, қор биржасының камиссиондық төлемдері кірді.

Құнды қағаздар инвестициясының өтелу құны мен  оның сатып алынған құның арасындағы айырмашылықтары (сатып алу кезінде  пайда болған жеңілдік немесе сый ақы) инвестор өзі иленген уақыт ішінде амортизацияланады.

Қысқа мерзімді облыстық инвестициялар бухгалтерлік баланста: не ағымдағы құнмен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағамен есептелінеді [14].

Егерде қысқа  мерзімді облыстық инвестиция ағымдағы құнмен есептелңнсе, онда тұрақты түрде кезеңдік өзгеретін ескеріп отыруға тура келеді, мысалға, қор биржасындағы инвестицияның катировкасы сияқты.

Қысқа мерзімді облыстық инвистиция өссе, онда ол табыс болып танылады.ал керісінше өзгерсе, онда ол шығыс болып танылады.

Егер де қысқа  мерзімді облыстық инвестиция ағымдағы немесе сатып алу құнының ең төменгі бағасыман алынса, онда оның баланстық құнының келесі негізде анықтайды:

- жалпы қоржындық жиынтығымен;

- инвестицияның түрі бойынша қоржындық жиынтығымен;

- жеке инвестициялары бойынша.

Бұл кезде сатып  алынған бағасы ағымдағы (нарықтық) бағадан жоғары болса,онда олардың  айырмашылығы шығыс ретінде танылады,ал керісінше жағдайда - табыс ретінде  танылады.

Енді мен  баланс құнын анықтаудың тәсілдеріне бір мысал келтіріп көрейік.

Жоғарыда көрсетілген  нүсқаның біріншісі бойынша қысқа  мерзімді Облыстық инвестицияның құнын анықтайтын болсақ, онда ағымдағы кезеңдегі құнын анықтайтын болсақ, онда ағымдағы кезеңдегі құны сатып алу құнын 65мың теңгеге (1565 – 1630) теріс айырмасы болғанын көреміз, демек ол шығыс ретінде танылады.

Ал екінші вариант  бойынша акцияның баланстық құны ең кіші баға ретінде сатып алынады (820 мыңтеңге  810 мың теңгеден аз).

Осы вариантта  бірінші 5 мың теңгеге оң айырмашылығын берген, яғни ол табыс ретінде болады, ал екіншісі 70 мың теңге теріс айырмашылығын берген, яғни ол шығыс ретінде. Нәтіжесінде, екінші нұсқаның да, бірінші нұсқаның да айырмашылығы бірдей соманы (65 мың теңгені) берген [15].

Үшінші нұсқа  бойынша қысқа мерзімді облыстық инвестиция мынадай баланстық құны құрайды: «А» компасиясы – 280,0 мың теңге сатып алу құны бойынша; «Б» компаниясы – 210,0 мың теңге сатып алу құнымен ағымдағы құны бойынша; «С» компаниясы – 105,0 мың теңге сатып алу  құнымен ағымдағы құны бірдей.

Информация о работе Облыстардың маркетинг арқылы экономикалық жағдайын жетілдіру