Қоғамдық тамақтандыру
қызметін сертификаттау
Қоғамдық тамақтандыру
қызметін сертификаттау Қызметке қатысты қолданыстағы стандарттарда қызметтерге талаптарды топтау
әдісі қолданылмайды. Оның себебі, бір
жағынан, қызметтер сапасына жалпы түрдегі
стандартталған көрсеткіштер атауларының жоқтығы, екінші
жағынан, қызмет түрлерінің мазмұны жағынан
біркелкі еместігінде.
Қоғамдық тамақтандыру
қызметі мына топтарға бөлінеді:
- тамақтандыру қызметі;
- тамақ өнімдерін және тәтті тағам бұйымдарын жасау;
- тұтыну мен қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
- тамақ өнімдерін тарату қызметі;
- бос уақытты ұйымдастыру қызметі;
- ақпараттық ақыл-кеңес беру қызметі;
- басқа да қызмет түрлері.
Қоғамдық тамақтандыру қызметін
сертификаттау адамдардың өмірі мен денсаулығының, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаның
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заң актілерінде, мемлекетаралық
стандарттарда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік
стандарттарында, санитарлық және құрылыс нормалары мен
ережелерінде белгіленген талаптарға
сәйкестігін растау үшін жүргізіледі.
Қызметті сертификаттау жұмысының ақысын оның нәтижесіне қарамастан
мәлімдеуші РРК50. 3.01. 2000 сәйкес төлейді.
Қоғамдық тамақтандыру қызметін сертификаттау
тәртібі, мекемелердің түрлері мен дәрежелері ҚР.СТ
3.6-96-да белгіленген. Қоғамдық тамақтандыру
мекемелері мына түрлерге бөлінеді: мейрамхана, кафе, асхана, дәмхана, аспаздар дүкені. Мекеме түрлерін
растау кезінде мына факторлар ескеріледі:
- шығарылатын өнімнің түрі және дайындау қиындығы;
- техникамен жабдықталғандығы (материалдық базасы, инженерлік-техникалық жабдықталуы, үй-жайының құрамы, архитекторлық-жоспарлау шешімі, т.б.);
- қызмет көрсету түрлері;
- қызмет көрсетушілердің біліктілігі;
- қызмет көрсету сапасы (жайлылығы, қарым-қатынас этикасы, эстетикасы, т.б.);
- тұтынушыларға көрсететін қызмет атаулары.
Ресторандар мен
барлар қызмет көрсету деңгейіне және көрсетілетін қызмет атауларына
байланысты үш дәрежеге бөлінеді: люкс, жоғары және бірінші. Кафе, асхана, дәмхана және аспаздар
дүкендері дәрежеге бөлінбейді.
Өтінім жасау
және оны қарастыру.
- сертификаттауды жүргізу үшін өтінуші қызметті сертификаттайтын тіркеуден өткен органға өтінім береді;
- өтінімге қоса өндіріс жұмысының тұрақтылығын және сертификаттауға ұсынылған қызметтің сапасын анықтауға мүмкіндік беретін сауалнама жіберіледі;
- сертификаттау органы өтінімді тіркейді және оны сертификаттау мүмкіндігін анықтау үшін қарастырады;
- өтінімді қарастыру және шешім шығару мерзімі оны тіркеуден өткізген күннен бастап 1 айдан аспауы керек;
Өтінімді қарастырғанда сертификаттау
органы мына жұмыстарды атқарады:
- ұсынылған құжаттарды талдау арқылы қызметтің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтайды;
- өтінушімен қосылып сертификаттау сызбасын таңдап алады;
- сертификаттык; сынақ өткізудің қажеттігін анықтайды және тіркеуден өткен зертхананы таңдайды;
- қызмет көрсетуді сертификаттау мақсатында оны тексеру принципі мен әдістемесін анықтайды;
- қызметті көрсету процесінің тұрақтылығын бағалайды.Қызметті қарастыру нәтижесі негізінде сертификаттау органдары шешім шығарады. Оң шешім және қызметті сертификаттауды өткізу туралы келісім өтінушіге жіберіледі;
Кері шешім шығарғанда
сертификаттау органы өтінушіге бас тартудың дәлелді себептерін жібереді;
Қызметті сертификаттаудан
бас тарту себептері ретінде
мыналар болады:
- ұсынылған нормативтік құжаттардың сертификаттауды жүргізуге жарамсыздығы;
- қызмет көрсету процесінің тұрақсыздығы;
- қызмет сапасының төмендігі (қызмет көрсетудің кемшіліктеріне берілген шағымдардың көптігі);
- қызмет көрсетудің уақытылы орындалмауы, тұтынушыға дұрыс ақпарат беру тәртібінің бұзылуы.
Сертификаттау кезінде
тексеру (сынақ) өткізу.
- сертификаттың тексеру (сынау) сертификатталатын қызметтің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін куәландыру үшін және басқа сертификаттау жүйелерінде берілген сертификаттарды тану мақсатында жүргізіледі;
- сертификаттың сынау жүргізу тәртібі қызмет нәтижесін тексеруді көздейтін сертификаттау сызбаларымен анықталады;
- қоғамдық тамақтандыру қызметін сертификаттағанда 2, 4 және 5-сатыларда қолданылады.
2-саты қызмет
көрсету процесін, яғни оның құрамына
кіретін барлық элементтерін
бағалауды көздейді:
- санитарлық-гигиеналық нормалары мен ережелерін сақтау;
- нормативтік және технологиялық құжаттардың болуы;
- нормативтік құжаттардың қызмет көрсетушілерге және жұмысшыларға белгілеген талаптарының орындалуы;
- технологиялың құрал-жабдықтардың және тексеру, өлшеу аспаптарының жағдайы.
Сонымен қатар, аспаздық өнімдердің қауіпсіздік көрсеткіштері
іріктеп тексеруден (сынаудан) өткізіледі.
4-саты қоғамдық
тамақтандыру мекемелерін аттестациялауды, яғни мына тексеру
түрлерін көздейді:
- аспаздық өнімдерді өндірудің және таратудың санитарлық-гигиеналық және технологиялық жағдайларын, тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейін;
- аспаздық өнімдердің түрлеріне байланысты пайдаланатын материалдық техникалық базасын;
- қызмет көрсетуге және өнім түрлеріне қажетті нормативтік және технологиялық құжаттардың қолда барлығын;
- қызмет сапасының мекеменің түріне және дәрежесіне сәйкестігін.
Инспекциялық тексеруде аспаздық өнімдердің
қауіпсіздік көрсеткіштерін іріктеп тексеру
(сапаны тексеру) жүргізіледі.Бұл сызба
бойынша мекемелердің түрлері мен дәрежелерін
растау жүргізіледі.
5-саты сапа жүйесін
сертификаттау және оның жұмысының
тұрақтылығын инспекциялық тексеру
жүргізіледі. Барлық сертификаттау
сызбалары Мемсанэпидқыз- метінің
санитарлық-гигиеналық талаптарға
сәйкестігіне берілген қорытындысы
болуын көздейді. Қоғамдық тамақтандыру
мекемелерін сертификаттауда мыналарды
бағалайды:
- архитектуралық жүйелеу шешімдерін;
- аумақтың жағдайын;
- қызмет атауы мен сапасын;
- санитарлық-гигиеналық нормалардың, өндірістің технологиялың жағдайларына қатысты ережелердің сақталуын;
- мекеменің материалдық-техникалық базасының жағдайын;
- қызмет көрсету жағдайын;
- қызмет көрсететін адамдардың кәсіби деңгейін;
- ас пен сусын түрлерін;
- ішкі дизайны мен жиһазын.[1]