Өнімнің өзіндік құн құрылымы және оны төмендету жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 04:24, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастар жағдайында ауқымды сипатқа ие болып отырған, басқару мәселелерін шешудің қажеттілігі мен оның өткірлігі республиканың барлық экономикалық субъектілерінің басты мәселесі болып табылатына ешбір күмән жоқ. Осы тұрғыдан алғанда, өндірістік-шаруашылық жүйесіндегі өндіріс шығындарының есебі мен аудитіне және талдауға басқарудың басты құралы айрықша орын беріліп отыр. Себебі, қатаң бәсекелестік күрісте табыс пен ұйымның қызмет етуін сақтап қалудың басты факторы болып өнімнің өзіндік құнын төмендету үшін өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құны туралы дер кезінде және сенімді ақпараттар қажет болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Өнімнің өзіндік құн құрылымы және оны төмендету жолдары.doc

— 83.00 Кб (Скачать документ)

Үстеме шығындардың құрамында құрылыс – монтаж жұмыстарының негізгі өндіріс жұмысшыларының қосымша жалақылары, құрылыс машиналарын пайдалану және қызмет көрсетумен айналысатын, күрделі емес жұмыстармен айналысатын жұмысшылардың қосымша жалақылары есепке алынады. Үстеме шығындардың құрамына іс – сапар шығындары, жұмыстың жылжымалы сипаты үшін қосымша төлемақы да жатқызылады..

Құрылыс объектілерінің шығындарына  негізгі еңбек ақы тікелей белгісі бойынша енгізіледі. Үстеме ақылар мен қосымша ақылардың кейбір түрлерін тікелей енгізу мүмкін болмаған жағдайда олар объектілер бойынша негізгі еңбек ақы сомасына (үстеме және қосымша ақыларсыз) пропорциональды түрде бөлінеді.

Құрылыс – монтаж жұмыстарымен айналысатын жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы  алғашқы құжаттардың негізінде  құрылыстың сәйкесті объектісіне тікелей жатқызылады. Негізгі еңбек ақының құрамына енгізілгенімен, объектіге тікелей жатқызуға болмайтын қосымша ақының кейбір түрлері  осы объектілердің арасында жұмысшылардың негізгі еңбек ақысына пропорцианальды түрде бөлінеді.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарына тапсырыстардың түсуіне орай жинақталған құрылыс бригадаларын уақытша жұмысқа тарту тәжірибелері кең етек алды. Бұл жағдайда аккордты  еңбек ақы сомасын және оны анықтау тәртібін еңбек келісім – шартында айқындайды.

Еңбек ақы жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы өзара келісімге қарай төленеді. Еңбек ақының сметалық деңгейі жұмыс беруші үшін еңбек ақы шығындарының экономикалық тиімді шегін анықтайды.

Еңбек ақының негізгі көзі - еқбекке ақы төлеу қоры. Сонымен бірге жалақының екінші түріне жұмысшыларға ұжым еңбегіне қосқан жеке нәтижелері үшін төленетін әртүрлі төлемдер жатқызылады. Бұл кезде жұмысшыларға сыйақы беру орындалған жұмыстың сапасын бағалай отырып, ынталандыру қорын еңбекке араласу коэффициентінің көмегімен жұмысшылардың арасында бөлу арқылы жүзеге асырылады

Құрылыс ұйымдарының машиналар мен механизмдерді ұстау және пайдаланумен байланысты шығындарына машиналар мен механизмдерді басқарумен және қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылардың еңбек ақысы, электрэнергиясының, отынның, жанар – жағар май және өзге де көмекші материалдардың құны, машиналарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының құны, жалға алынған машиналар мен механизмдерді пайдаланғаны үшін төленетін жал ақы, амортизациялық аударымдар, құрылыс машиналары мен механизмдерін қайта орналастыру  шығындары, машиналар мен механизмдерді пайдалануға жұмсалған басқада шығындар, үстеме шығындар жатқызылады.

Құрылыста сан алуан құрылыс машиналары мен механизмдері қолданылады. Өзінің мақсатына сай оларды жер, жол және қазу жұмыстарына, инертті материалдарды өңдеуге, бетонды және ерітіндіні дайындау мен тасымалдауға, әрлеу және сырлау жұмыстарына, көлденең тасымалдау, арматураларды кесу және түйіндеуге, жолдың жоғарғы қабатын нығыздау және қалауға  арналған механизмдерге жіктейді.

Құрылыс ұйымдарында машиналар мен механизмдерді тек қолданылу мақсатына қарай топтастыру осы механизмдердің пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді анықтауға мүмкіндік бермейді. Мұндай көрсеткіштерді есептеу үшін  оларды біртекті түрлері бойынша топтастыру қажет.

 Машиналар мен механизмдерді  түрлері бойынша топтастыру оларды  пайдалануға жұмсалған шығындардың аналитикалық есебін жүргізу үшін де қажет.

Құрылыс машиналарын ұстау және пайдалану шығындарын есепке алу тек меншікті және жалға алынған машиналар мен механизмдер бойынша жүргізіледі. Есепте құрылыс машиналарының әрбір тобының шығындары калькуляция баптары бойынша жіктеледі.

Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану әралуан шығындарды тудырады. Бұл шығындарды  бірмезгілдік және ағымдық шығындарға жіктейді.

Бірмезгілдік шығындарға :

  • құрылысқа машиналар мен механизмдерді тасымалдау, оларды тиеу және түсіру, монтаждау, бұзып – жинау және сынақтан өткізу, құрылыс алаңына механизмдерді орналастыру шығындары, жүк көтергіш механизмдердің жұмысының құны, соның ішінде жұмысшылардың еңбек ақысы, материалдар шығыны және т.б.; 
  • құрылыс машиналары мен механизмдерін бекітуге қажетті әртүрлі көмекші уақытша құрылғыларды орнатуға және де осы құрылғыларды қайта жинауға жұмсалған шығындар, соның ішінде жұмысшылардың еңбек ақысы, материалдар шығыны , т.б. енгізіледі.

Шығыстарға апарылуы тиіс шығындар сомасын құрылыс техникаларын пайдалану шығындарының құрамына  ай сайын төмендегі формуламен анықталған мөлшерде көшіреді:

С=Е/П,

мұндағы: С – ай сайынғы есептен шығарылуға жататын бірмезгілдік шығындардың сомасы;

Е – бірмезгілдік шығындардың жалпы сомасы;

П – құрылыс техникасын пайдалану кезеңдерінің саны, ай.

Ағымдағы шығындардың құрамына төмендегілер енгізіледі:

- машиналар мен механизмдерді басқарумен және қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылардың еңбек ақысы (машинистер, мотористер, бульдозершілер, т.б.);

- электрэнергиясының, отынның, жанар – жағар май және өзге де көмекші материалдардың құны;

- машиналарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының құны;

- жалға алынған машиналар мен механизмдерді пайдаланғаны үшін төленетін жал ақы;

- машиналар мен механизмдерді пайдалануға жұмсалған басқа да шығындар.

Ұйымның өз меншігіндегі құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындарын және сырттан тартылған механизмдер қызметінің құнын, көбіне, объектілердің өзіндік құнына тіке жолмен қосады.

Нарықтық қатынастар жағдайында орындалған жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құндарының дұрыс қалыптасуы құрылыс ұйымының қаржылық-шаруашылық қызметінің соңғы нәтижесіне әсерін тигізеді. Яғни, шаруашылық субъектілерінің үздіксіз өндіріс процесін қамтамасыз ету үшін төменде берілген өзіндік құнды төмендету жолдарын іс жүзінде қолдану арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізуге болады. Соған байланысты құрылыс-монтаждау, жөндеу жұмыстарымен айналысатын ұйымдар үшін өндіріс шығындарын тиімді, әрі үнемді пайдалану мақсатында және саладағы қызметтердің өзіндік құндарын төмендету үшін төмендегі шаралардың орындалуы қажет деп санаймыз:

-  құрылыс материалдарын үнемді пайдалану, яғни құрылысқа жұмсалатын негізгі және көмекші құрылыс материалдарының сапасын жоймай, оларды норма бойынша дер кезінде құрылысқа жіберу, материалдарды сақтау және тасымалдау шығындарын азайта отырып, құрылыс жұмыстарына пайдалану кезінде ғана тасымалдау, құрылыс ұйымының өзінде шығарылған материалдарды пайдалану мүмкіндіктерін жоғарылату; жолдарды күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына бұрын пайдаланған материалдарды қайтадан өңдеп қолдану, құрылыс орындарына жақын орналасқан жабдықтаушылармен тиімді байланыс жасай отырып транспорттық шығындарды азайту; тиеу-түсіру кезінде ысыраптарды болдырмау үшін арнайы тиеу және түсіру құралдарын пайдалану;

- еңбекті ұйымдастыру мен құрылысты басқаруды жетілдіру, яғни құрылыс ұйымдарының мамандану деңгейін жоғарылату; құрылыста алдыңғы қатарлы еңбекақы формаларын қолдану; жұмыс уақытын тиімді пайдалану үшін өндірісте тұрып қалу жағдайлары мен жұмысшылар ағымын қысқарту; жұмысшылардың қосымша еңбекақыларын дабыл құжаттарындағы мәлімет-терді қатаң тексере отырып төлеу;

- санитарлық-тұрмыстық қызмет көрсету мен құрылыс алаңдарындағы жұмысты ұйымдастыруға жұмсалатын шығындарды, сонымен бірге өндірістегі ақауларды болдырмау арқылы үстеме шығындардың сметаға сәйкес жұмсалуын бақылау;

- тұрғын-үй құрылысы жұмыстарын механизацияландыру, яғни өнімділігі жоғары жаңа машиналар мен механизмдерді пайдалану арқылы машина-сағат және машина-смена сандарын қысқарту, орындалатын құрылыс жұмыстарының сапасын жоғарылату мақсатында және жұмыс уақытын үнемді пайдалану үшін қол еңбегін ауыстыратын асфальт-бетон қоспаларын төсейтін кішігірім жол құрылысы техникаларын пайдалану; машиналар мен механизмдердің өнімділігін ескере отырып, оларды орындалатын жұмыстың түрлері арасында дұрыс бөлу; құрылыс машиналарына пайдаланатын отын мен қосымша материалдарды үнемді пайдалану; жөндеу және техникалық қызмет көрсетуге байланысты шығындарды азайту; құрылыс техникасының кідірістерін қысқарту.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    1. Радостовец В.В., Шмидт О.И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета. – Алматы.: Центр аудит Казахстан, 2000.
    2. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет: Учеб. пособие для вузов / Пер с англ. Под ред. Н. Дэриашвили. – М.: Аудит, ЮНИТИ, 1998.
    3. Назарова В. Л. Бухгалтерский учет в отраслях. – Алматы: Издательство “Экономика”, 2005.

 


Информация о работе Өнімнің өзіндік құн құрылымы және оны төмендету жолдары