Өнімнің өзіндік құн құрылымы және оны төмендету жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 04:24, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастар жағдайында ауқымды сипатқа ие болып отырған, басқару мәселелерін шешудің қажеттілігі мен оның өткірлігі республиканың барлық экономикалық субъектілерінің басты мәселесі болып табылатына ешбір күмән жоқ. Осы тұрғыдан алғанда, өндірістік-шаруашылық жүйесіндегі өндіріс шығындарының есебі мен аудитіне және талдауға басқарудың басты құралы айрықша орын беріліп отыр. Себебі, қатаң бәсекелестік күрісте табыс пен ұйымның қызмет етуін сақтап қалудың басты факторы болып өнімнің өзіндік құнын төмендету үшін өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құны туралы дер кезінде және сенімді ақпараттар қажет болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Өнімнің өзіндік құн құрылымы және оны төмендету жолдары.doc

— 83.00 Кб (Скачать документ)

Өнімнің өзіндік құн құрылымы және оны төмендету жолдары

 

«Қаржы және бухгалтерлік есеп»

Кафедрасының аға оқытушысы,

э.ғ.к., Телагусова Э.О.

 

Нарықтық қатынастар жағдайында ауқымды сипатқа ие болып отырған, басқару мәселелерін шешудің қажеттілігі мен оның өткірлігі республиканың барлық экономикалық субъектілерінің басты мәселесі болып табылатына ешбір күмән жоқ. Осы тұрғыдан алғанда, өндірістік-шаруашылық жүйесіндегі өндіріс шығындарының есебі мен аудитіне және талдауға басқарудың басты құралы айрықша орын беріліп отыр. Себебі, қатаң бәсекелестік күрісте табыс пен ұйымның қызмет етуін сақтап қалудың басты факторы болып өнімнің өзіндік құнын төмендету үшін өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құны туралы дер кезінде және сенімді ақпараттар қажет болады. Ал, бұл өз алдына өнімнің сапасы мен өнідірістің тиімділігін, сондай-ақ оны одан әрі жетілдіру жолдарын іздестіруге, өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерін анықтауға толық мүмкіндіктер береді

Өндіріске жұмсалған шығындар мен өткізу шығындарының құрамын  және олардың есебін дұрыс қалыптастырудың маңызды екендігі белгілі. Өнімдерді өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында жұмсалатын шығындардың негізгі бөлігін құрайтын  материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға тек алынатын табыстың мөлшері ғана емес, сондай – ақ табысқа салынатын салық, ұйымның өміршеңдігі және басқа да аспектілер тәуелді.

Шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарықтық экономика қоғамды ресурстармен оңтайлы қамтамасыз етудегі маңызды шарт -  бәсеке саясатын жүргізуді негізге алады. Бәсекеге қабілетті ұйымға өзінің өндірістік ресурстарын экономикалық тұрғыдан қолайлы пайдаланатын, әрі одан пайда ала білетін ұйым жатқызылады.

 Бүгінгі күні отандық өндірістік есептің нарықтық экономиканың талаптарына, ұйымды басқарудың экономикалық әдістерінің талаптарына біртіндеп бейімделуі жүріп жатыр, бірақ оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін ұйымдастыру және әдістемелік тұрғыдан тыңғылықты дайындалу талап етіледі.

Нарықтық қатынастар жағдайында өндіріс шығындарын, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құндарын және кәсіпорын қызметінің  қаржылық нәтижесін қалыптастыру тәртіптері бухгалтерлік есеп тәжірибесі мен әдістемесінің маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. 

Нарықтық экономикадағы бәсекелестік пен баға саясатының еркін даму мүмкіндіктеріне қарай, табыс деңгейіне әсер етуші факторы ретінде және басқарудың негізгі құралы ретінде өзіндік құнның рөлі арта түсуде.

Өнімнің өзіндік құны туралы  түсініктер осыған дейін де қазіргі уақытта да экономистер мен ғалымдардың еңбектерінде айтылып келеді. Солардың бірі   А.П. Бортниковтің пікірі бойынша “…өзіндік құн – бұл кәсіпорынның өнімді өндіру және сатуға байланысты ағымдағы шығындардың ақшалай нысанындағы көрінісі”. Дегенмен де, мұндай анықтама зерттеп отырған категорияның жан-жақты, жеткілікті мазмұнын аша алмайды, ол тек өзіндік құнның пайда болу түріне түсініктеме береді.

Г.А. Соколовская, өнімнің өзіндік құнын ресурстарды үнемдеу деңгейі деп сипаттайды. Өзіндік құнның мұндай түсінігімен де толық келісуге болмайды, өйткені ол көрсеткіш  өзіндік құн мазмұнының өзіне  қарсы келеді. Өзіндік құн  кәсіпорынға қандай да  бір өнімнің өндірісі қаншаға шығатынын көрсетеді, яғни өндірістік шығындардың белгілі бір деңгейін сипаттайды. Ал, ресурстарды үнемдеу деңгейі өндіріс процесіне жұмсалған өндірістік құралдар мен жұмысшы күшінің көлемін білдіреді.

Өнімнің өзіндік құны ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін сипаттайтын негізгі экономикалық көрсеткіштердің бірі бола отырып, кәсіпорын табысының қалыптасуына, қорлар мен резервтердің жасақталу деңгейіне ықпал етіп қана қоймайды, сонымен бірге салық салу жүйесіне де әсерін тигізеді. Өндіріс шығындары мен өзіндік құн жөніндегі мәліметтер бұрын бухгалтерлік есеп жүйесінде жинақталып, өзінің мазмұнына қарай орталықтанған басқару экономикасының талаптарына жауап бергендiктен, мемлекеттік орталық бағаландыру мақсаты үшін өндіріс процесіне жіберілген барлық шығындар туралы және өнімнің жалпы өндірістік (нақты) өзіндік құны туралы ақпараттарды алумен шектеліп отырды.

Ал нарықтық қатынастар жағдайында өнімнің бағасы нарықта қалыптасқан сұраныс пен ұсыныс механизмдері арқылы айқындалады. Соған байланысты ұйымдар өнімнің өзіндік құнына енгізілетін шығындар тізбесін отандық бухгалтерлік есеп стандарттары мен халықаралық қаржылық есеп стандарттарының әдістемелік ұсынымдарына сәйкес өздері белгілеу керек.

Өнімнің өзіндік құны объективтік көрсеткіш болып саналады және ол қандай да бір нормативтік актілердің мазмұнына тәуелді болмайды және оның мазмұны бірнеше экономикалық ұстамдарға негізделіп анықталады, яғни өнімнің өзіндік құны ұйымның өндірістік қызметімен байланысты болуға тиісті, яғни өнімнің, жұмыс пен қызметтің өзіндік құндарына өндіріс процесімен байланысты шығындар енгізіледі. Өндiрiстiк қызметке қатысы жоқ шығындар өндірістік емес шығындар категориясына жатқызылып, өзіндік құнның құрамына қосылмайды.

Сонымен құн қоғамға белгілі бір өнім өндірісінде шығынның қаншаға шығатынын көрсетсе, ал өзіндік құн кәсіпорын үшін өнімнің осы түрін өндіруге қанша шығын шығарылатынын көрсетеді. Өзіндік құн нақты категория бола отырып, ол сапа жағынан да, сан жағынан да құнмен сәйкес келмейді.  Мiне, осыдан өнімнің өзіндік құнын оның құнынан бөліп қараудың қажеттілігі туады.

Өзіндік құнның экономикалық мазмұнына тоқталсақ, ол өнім құнының құрамына айналған және ұдайы өндіріс процесін жалғастыру үшін орын толтыруды қамтамасыз ететін өнім шығаруға жұмсалған өндіріс құралдары және еңбекақы шығындарын білдіреді. Іс жүзінде мұны біз құрылыс компаниясында келтіре аламыз. «Consult» ЖШС-де орындалатын жұмыстардың өзіндік құн есебінің міндеттері құрылысқа, жөндеу жұмыстарына және оны тапсыруға байланысты жұмсалған шығындар жөнінде дер кезінде толық және дұрыс мәліметтерді жинақтау, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының тиімді пайдалануын бақылауды қамтамасыз ету болып саналады. Құрылыс - монтаж жұмыстары мен қызметтерінің өзіндік құнының құрамына оларды жүзеге асыруға байланысты барлық өндірістік шығындар енгізіледі. Өнімнің өзіндік құнына қосылу тәртіптеріне қарай олар тікелей және үстеме шығындар болып бөлінеді.

Құрылыс кәсіпорынының құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құны деп құрылыс процесінде пайдаланатын материалдардың, еңбек құралдарының, басқа ұйымдар көрсеткен қызметтер құндарының және еңбекақы шығындары мен үстеме шығындардың жиынтығын айтамыз.

Ал объектінің сметалық құны осы объектінің құрылысына жұмсалған барлық қоғамдық қажетті шығындардың жиынтығын білдіреді, оларға құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға, құрылғыларды сатып алу мен монтаждауға, жобалау мен іздену жұмыстарына және т.б. жұмсалған шығындар жатады.

Мысал ретінде «Consult» ЖШС-нің жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құн құрамына енетін шығындары келесідей топталған:

    1. Негізгі және көмекші материалдар: Өндіріс жұмыстарының негізін қалыптас-тыратын негізгі және көмекші материалдардың құндары, оларға: қиыршық тас, құм, асфальт-бетоны, цемент және өндіріс процесіне тікелей жұмсалатын  отын мен энергияның құны.       
    2. Құрылыс тетіктері мен бөлшектері: Сатып алынған және құрылыс ұйымдарының өзі шығарған құрылыс тетіктері мен бөлшектерінің құны, оларға: құбырлар, белгі бағаншалары және т.б.           
    3. Негізгі еңбекақы және одан аударымдар: Өндіріс процесіне тікелей қатысатын (соның ішінде тізімдік емес құрамдағы) жұмыс-шылардың негізгі еңбекақылары мен одан аударымдар
    4. Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары: Механиктер, машинистер, мотористер және тағы басқалардың еңбекақылары, техникаға жұмсалған отын мен энергияны қоса есептегендегі материалдық қорлардың шығыны, тозу сомалары, жалдау ақысы, техникалық қызмет көрсету, диагностика, жөндеу шығындары, құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалануға байланысты басқа да шығындар
    5. Өндірісті игеру және дайындау шығындары: Жаңа өндірістік және технологиялық процестерді игеру және дайындау бойынша шығындар (болашақ кезең шығындарын қоса)
    6. Басқадай үстеме шығындар: Жоғарыда көрсетілген шығындардан басқалары: өндіріс жұмысшыларының қосымша еңбекақылары мен одан аударым-дар құрылыс жұмыстарына  пайдаланатын негізгі құралдардың тозуы; күзет және өрт сөндіру қызметтерін, уақытша пайдаланатын жолдар мен құрылыс-жайларын және басқа да құрылғыларды ұстау бойынша шығындар, өндірістегі ақаулар, шеберлердің еңбек-ақылары, үйлер мен ғимараттардың тозуы және оларды ұстау шығындары және тағы басқа да шығындар жатады

Құрылыста тікелей шығындарға материалдық шығындар, өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы және құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары жатқызылады.

Құрылыс өндірісі – материал сіңірімділігі жоғары саланың бірі.  Себебі құрылыстағы өндірістік шығындардың басым бөлігін (64 %) материалдық шығындар алады.

Материалдық шығындарға құрылыс – монтаж жұмыстарын орындау барысында, сонымен бірге құрылыстық конструкцияларға және тетіктерге, отын, электрқуаты және бу мен суға (көмекші және қосалқы өндірістердің, қызмет көрсетуші шаруашылықтардың өнімдері мен қызметтерін қоса алғандағы) жұмсалған шығындар жатқызылады.

Құрылыс – монтаж жұмыстарына жұмсалған материалдық қорлардың құны олардың нақты өзіндік құны бойынша анықталады. Материалдардың нақты өзіндік құнына енгізіледі:

  • материалдарды сатып алу құны немесе қосалқы және көмекші өндірістің өнімі болып табылатын материалдардың өзіндік құны;
  • материалдарды объекті маңындағы қоймаға дейін жеткізу шығындары;
  • дайындау – қойма шығындары, тиеу – түсіру жұмыстарына жұмсалған шығындарды қоса;

Материалдық шығындарға құрылыс машиналары мен механизмдерін ұстауға жұмсалған жанар – жағар май, электрқуаты шығындары, қосалқы және көмекші өндірістер мен қызмет көрсетуші шаруашылықтарда пайдаланылған  материалдарға жұмсалған шығындар, сондай – ақ жалпы және әкімшілік шығындарының, үстеме шығындардың құрамында қарастырылған әкімшілік – шаруашылық  және құрылыстың өзгедей мақсаттарына жұмсалған материалдық шығындар жатқызылмайды.

 Өндіріске босатылған материалдардың  алғашқы құжаттары болып лимиттік  – заборлық карта және накладной – талаптама құжаттары табылады.

Лимиттік – заборлық карта өнімдерді дайындау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүйелі түрде тұтынылатын материалдардың босатылуын рәсімдеу үшін қолданылады.

Лимиттік – заборлық карта материалдардың бір немесе бірнеше түріне екі данада толтырылады. Бір данасы ай басында құрылыс жұмыстарын орындап жатқан учаскеге (шеберге), екіншісі учаскенің қоймашысына беріледі. Өндіріске материалдарды босату учаске өкілінің  лимиттік – заборлық картаның өзіндегі данасын қоймашыға көрсеткен жағдайда ғана жүзеге асады. Қоймашы  екі данасына да  босатылған материалдардың күні мен санын қояды, содан кейін  материалдардың әрбір түрі бойынша лимиттің қалдығын шығарады. Учаскенің лимиттік – заборлық картасына қоймашы, ал қоймашыдағы құжатқа учаске өкілі қолын қояды.

Құрылыс ұйымдары жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау барысында  айналымды материалдарды (мысалы, темірбетон мұнараларын, шпалдарын және рельстік кран асты жолдарын көтеру кезінде ағаштарды, металл, ағаш шартақтарды бірнеше қайтара қолдану) пайдаланады. Оларды пайдалану құрылыс жұмыстарының өндірістік нормаларында қарастырылған.    

Өндірістік шығындардың құрамына қосылатын айналымды материалдар құнының бір бөлігі олардың әрбір айналымы сайын төмендегі формула бойынша анықталады:

 

Шығыстың нормативтік шамасы = айналымды материалдардың нақты      өзіндік құны – материалдардың қайтарылатын құны ÷ айналым саны

 

Айналымды материалдардың қайтарылу құны оларды пайдаланғаннан кейін құрылыс ұйымымен олардың пайдаланылуы мүмкін бағасымен анықталады.

Материалдарды өндірістік шығындарға есептен шығару ұйымда қабылданған материалдардың жұмсалу нормаларына сәйкес қатаң жүргізіледі, ал нормадан артық пайдаланылуы актімен рәсімделеді, онда материалдардың нормадан артық жұмсалуына себеп болған жағдайлар көрсетіледі. Осы актілердің негізінде басқарма артық жұмсалымның негізділігі және өндірістік шығындардың құрамына жатқызылуы немесе артық жұмсалуға себеп болған кінәлі тұлғалардан өндіріп алу туралы шешім шығарады.

Еңбек ақы  шығындарының есебі құрылыс – монтаж жұмыстарының технологиялық  үрдісінің жекелеген сатыларындағы жұмыс құрамының ерекшелігіне негізделген, бұл осы шығындардың  құрылыс – монтаж жұмыстарының  көлемі және сапасына  тікелей байланыстылығымен көрсетіледі. Еңбек ақы шығындары өндірістік шығындардың 13–16 % құрайды. Сондықтан еңбекке ақы төлеу есебін дәл ұйымдастыру үлкен маңызға ие.

Жұмысшылардың негізгі еңбек ақысына құрылыс, монтаж және де өзгедей мердігерлік жұмыстармен тікелей айналысатын жұмысшылардың (штатта тұрмайтын жұмысшыларды қоса), сонымен бірге материалдарды бір орыннан екінші орынға қолымен тасымалдайтын немесе қалауға дайындайтын  жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы жатқызылады.

Құралдарды монтаждау кезінде негізгі еңбекақы шығындары бойынша тек монтаждаушылардың ғана емес, монтаждау алаңында  құрылғылардың желілері мен бөліктерін сырлаумен, оларды сыртқы орамаларынан ажырату, әрі босаған орам қаптарын жинаумен, және де құрылғыларды сынақтан өткізумен айналысатын жұмысшылардың еңбек ақылары да есептелінеді.

Жұмысшылардың негізгі еңбек ақысына нақты орындалған жұмыстар үшін төлемдер, мерзімінен тыс жұмыстар үшін қосымша төлемдер, жұмысшылардың кінәсіне жатпайтын ақаулар үшін төлемдер, жұмыстың күрделілігіне сәйкес төленетін  үстеме ақы жатқызылады.

Бұл шығындардың құрамына құрылыс машиналары мен механизмдерін басқарумен және оған қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылардың, қосалқы және көмекші өндіріс жұмысшыларының, уақытша ғимараттардың, құрылғылар мен жабдықтардың құрылысымен айналысатын, құрылыс алаңын көріктендірумен айналысатын жұмысшылардың еңбек ақысы енгізілмейді.

Информация о работе Өнімнің өзіндік құн құрылымы және оны төмендету жолдары