Н.Макиавеллидің саяси көзқарастары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 17:40, реферат

Краткое описание

Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ілімінің негізін қалаушы Никола Макиавелли саяси қайраткер, дипломат және тарихшы ретінде де кеңінен танылады. Мемлекет және құқық концепциясы тарихында оның саяси идеялары қарама - қайшылықтар мен жаңа ізденістерге толы болды. Оның мемлекет пен қоғам дамуы туралы көзқарастарын жақтаушылар мен сынаушылардың көптігі олардың бұл мәселедегі даулы айтыстары да Макиавелли еңбегінің қыр-сырын одан әрі анықтай алады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Makiavelli referat.docx

— 31.69 Кб (Скачать документ)

Макиавеллидің  шығармашылығына  әдетте тыс көзқарас оның «Князьге», «Флоренция тарихына» және басқа да шығармаларына XVI ғасырдың бас кезінің өзінде-ақ көрінген сирек ұшырасатын  қарама-қайшы көзқарас  мысалынан айқын аңғарылады. Егер 1520 ж. «Флоренция тарихы» кардинал Джулио Медичидің тапсырысы бойынша жазылса, ал 1532 ж «Князь» оның мақұлдауымен  басылып шықса, онда жиырма жыл өткен соң папа VI Павел Макиавеллидің  шығармашылығын «әдепсіз және содырлы» деп жазғырады. 1559 жылы Италия ойшылының шығармалары тыйым салынған кітаптар индексіне енгізіледі рас, бұдан кейін де олар  баспагерлер үшін үлкен тәуекел бола отырып, басылым орнын алдарқата көрсетіп одан әрі шығарыла берді.

Саяси және  құқықтық ой тарихында, әдетте аса көрнекті ілімдер тарихтың аумалы-төкпелі дәуірлерінде  туады. Бұрынғы дәуір аяқталып, оны толықтай  ой сарабына  салудың, қорытындылар шығарудың объективті мүмкіндіктері пайда болды. Сонымен бірге жаңа қоғамның  нобайы тұлғаланып, оған ой жіберу көкейтесті мәселеге айналады. Уақыт серпіні, қоғамдық сана  мен қоғамдық  қатынастардың  қайтадан қалыптасуы көптеген бұрынғы  таптаурын сарынның  күйреуіне, құндылықтарды қайта бағалауға, қоғамдық сананың  тарихи басымдылықтарының  орнын ауыстыруына әкеп соқтырады. Қайта өрлеу нақ осындай дәуір болды-ортағасырлық  дамудың «қорытындыларын шығару», көне дәуірді қайта ой елегінен өткізу және  жаңа тарихи көкжиектерді ұғыну уақыты болды. «Патшаны» Макиавелли дәуірі алдындағы  және өз заманындағы  Италияның тарихи  оқиғаларының тікелей  әсерімен оқу керек,-деп жазды Гегель,-сонда бұл шығарма өзінің  міндетін ақтап қана қоймай, сонымен бірге ол біздің  көз алдымызда асқақ та ізгілікті  бағыттағы шынайы  саяси ақыл-ойдың шын мәніндегі  тарихи ұлы туындысы болады.

Макиавеллидің  мемлекеттік  қызметте  алған тәжірибесі, оның заманындағы көптеген оқиғалардың  өмір сахнасынан тыс «сценарийлерін», олардың «сценаристерін», «режиссерлерін», алғашқы рөлдерін «орындаушыларын» және қозғалыстың тетіктері мен  басты  серпінін әр алуан саяси-құқықтық құбылыстардың және үрдістердің дамуын білуі оған саяси-құқықтық  ойдың інжу-маржандарын  жасауға көмектесті.

Макиавеллидің  көзқарасы  тұрғысынан  саясат   саласы-әр түрлі күштердің билік, күресінің оны ұстап тұру мен пайдалану жолындағы  күрес саласы. Мұнда әр алуан күштердің аса көп күштері мен мейілінше жақсы айла-шаралары жеңіп шығады, имандылық саяси күштердің мақсаттарына бағынады,-қалай болғанда да, имандылық пен саясат олардың тікелей ара қатынасына ғана емес, сонымен бірге бірқатар басқа да сәттер мен факторларға байланысты болады.

Макиавелли былай деп ойлайды: мемлекеттік билік-жекелеген адамдардың қандай да  бір дәрежеге имандылық түсініктері мен құндылықтарынан және адамзат түсініктерінен  жоғары және оқшау тұрған нәрсе емес. Саясат пен билік саласы –бұл күрестің ерекше заңдары, дұшпанды жою заңдары қолданылатын, мақсатқа қол жеткізу үшін  барлық құралдар пайдаланылатын орта.  Макиавелли бұл идеяны өзінің тарихты зерттеуінің  жеке тәжірибесінен алып отыр. Өзінің объективтілігіне  кәміл сенімді байқаушы ретінде, ол атап айтқанда  өзі байқайтын осы сала екеніне  көзі әбден жетті.

Саясат саласы туралы Макиавеллидің  ой-пікірлерінде бірқатар жәйттарды  айырып айтқан жөн: байқаушы және зерттеуші ретінде оның саясат теориясы  мен практикасын  зерделеуінен және білімінен шығаратын қорытындыларын, саяси қайраткердің кеңесшісі ретіндегі, тәжірибелі саясаткер  ретіндегі оның ұсынымдарын, оның жеке басының сүйкімділігін, мақсат-мұраттарын, саясат саласындағы  қайсыбір заңдылықтар мен фактілерге көзқарасын бөліп айтуға болды. Макиавеллиден кейін тарихта «макиавкллишілдік» термині орнықты, оның мәні мақсат құралы анықтайды деген ұғымды танитын саясатты білдіреді. Алайда бұл макиавеллишілдікті және Макиавеллидің өзінің сенімін, әсте де теңестіруге бола қоймас. Саясат пен заңнаманың қайсыбір мәселелерін айта отырып, объективті байқаушы ретінде, саясат тарихын сипаттай отырып, ол бірде былай деген еді: оның саясат саласындағы қортындылары -бұл оның субъективті ниеті мен мұраттары емес, керісінше объективтік шындықтың белгілерін айқындау. Ол өзінің мұраттары мен нақты саяси тәжірибені теңестіруді атап көрсетпейді. Макиавелли былай деп ойлайды: оның саясатты ұғынуы-дәл де объективті, саясаи тәжірибеге барабар ұғыну. Ол мемлекет  қайраткерлеріне кеңес берген кезде, оларға саяаст заңдарымен жүруді ұсынады.

Макиавеллидің шығармаларында әртүрлі  саяси қайраткерлердің  жалғандығын, екіжүзділігін   және зұлымдығын ашып көрсету  сарыны аңғарылады. Дегенмен де, оның іс жүзіндегі саясатты және оның өзінің мұраттарын байқауларынан Макиавеллидің кеңестері мен қорытындыларының сәйкес келу мүмкіндігін толықтай теріске шығармаған жөн, алайда оған тағы да ескерту  жасамаса болмайды. Әйгілі флоренциялықтың шығармашылығында күні өткен феодалдық саясатты, бұзылған имандылық және  рухани құндылықтарын, феодалдық қоғамның құқықтық жүйесін сынау сарыны, сондай-ақ шындыққа қол жеткізуде сол заманның көп қабатты шекарасын ашуға ынталы  ұмтылысы мен саясат пен заңнама саласының ортақ заңдылықтарын ашып көрсетуі болуы да мүмкін. Егер қандай да бір мақсатты  ол сөзсіз ақтайтын  құрал деп есептеген болса, онда бұл-көптеген бытыраңқы князьдықтарды біріктірген біртұтас Италия мемлекетін құру болар еді.

Макиавелли дұшпандармен күресудің екі тәсіліне: заңмен және күш қолдану арқылы  күресуге кеңес береді. Бірінші тәсілді ол табиғатынан заңды басшылыққа алуға  икемді адамға тән деп есептейді. Бірақ патша-бұл ерекше адам. Ерекше дхармадан бастау алатын көне үнді аңыз-ертегісіндей, мемлекет басшылары өздерінің қарапайым бодандарынан өзгеше болады, Макиавелли қоғамның тұрмысын ұйымдастыратын және ол үшін жауапты болатын мемлекет  басшыларының  ерекше құқықтарын, мәртебесін танитын.

Макиавеллидің ойынша, патша  аңға тән болатын екінші тәсілді-заңдарды шығару жеткіліксіз болған кезде, күш қолдану мен мәжбүрлеу шараларын пайдалана алады. Осыдан келіп, ұлы флоренциялық билеуші өзінің  бойына табиғат пен адамның, сондай-ақ аңның қасиететрін дарыта алуға тиіс деп кеңес береді.

Макиавелли  орта ғасырлық  саяси-құқықтық тап-таурындар мен құндылықтардың тас-талқанын шығарушы болды, шынтуайтында  Қайта өрлеу дәуірінің  саяси доктринасын  жасап, саясат ғылымының бұдан кейінгі дамуына орасан зор ықпал етті.

Макиавеллиді елдің бүкіл  тарихындағы атақты италиялықтардың  бірі деп тегін есептемейді. Оның шабытқа толы шығармалары төрт жүз жыл өтсе де қызу жақтаушылары, сондай-ақ оған қарсыластары  бола тұра, өткір айтыстың мәселесіне айналған.

Гуманист ойшылдардың  шығармалары- ол болашақ дәуір үшін жинақтаған саяси тәжірибе мен саяси  даналықтың  әмбебап ілімі. Оның адам мен әлеуметтік топтардың мүдделері, әртүрлі саяси күштер мен мүдделердің  күресі арқылы саяси құбылыстардың  табиғаты мен серпінін  түсіндіру, оның саяси дамудың ауық-ауық, тәртіп пен бей-берекетсіздік  дәуірлерінің мезгіл-мезгіл ауысып отыруын тануы; саясат саласын күрделі, сонымен бірге  мезгілде кездейсоқ және қоғамдық өмірдің  ішінара адамға  байланысты серпінді  жүйесі мен өзінің  заңдылықтары  әрекет ететін  салыстырмалы дербес жүйесі  сияқты саясат саласын қарастыруға  ұмтылысы;  заңнаманың әлеуметтік  мүдделердің күрделі  жүйесімен тығыз байланысын анықтау; нақты саясат пен мемлекеттік режимнің орнығуы мен біртіндеп дамуы, билеушінің жеке өзінің  қадір-қасиеттері және т.б. мәнінде іс-жүзінде  қолданылуы арасындағы  көп жоспарлы оңтайлы  байланыстарды белгілеу сияқты  саяси-құқықтыұ салаға осындай көзқарасының  сипаттары- жаңа заманның  саяси ғылымының неғұрлым күрделі  құрылымдық – қызметтік мәністерінің  негізіне алынды.

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

 

 

СГД кафедрасы

 

 

 

Р Е Ф Е Р А Т

Тақырыбы: Н.Макиавеллидің  саяси көзқарастары

 

 

 

 

 

                                                                     Орындаған: РЭТ 11-2 тобы

                                                                                          Ермакова А.К.

Тексерген: _______________

 

 

 

 

Қарағанды 2013


Информация о работе Н.Макиавеллидің саяси көзқарастары