Н.Макиавеллидің саяси көзқарастары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 17:40, реферат

Краткое описание

Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ілімінің негізін қалаушы Никола Макиавелли саяси қайраткер, дипломат және тарихшы ретінде де кеңінен танылады. Мемлекет және құқық концепциясы тарихында оның саяси идеялары қарама - қайшылықтар мен жаңа ізденістерге толы болды. Оның мемлекет пен қоғам дамуы туралы көзқарастарын жақтаушылар мен сынаушылардың көптігі олардың бұл мәселедегі даулы айтыстары да Макиавелли еңбегінің қыр-сырын одан әрі анықтай алады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Makiavelli referat.docx

— 31.69 Кб (Скачать документ)

Н.Макиавеллидің саяси  көзқарастары

Қайта өрлеу дәуірінің  көрнекті  өкілі буржуазиялық  саяси ілімінің  негізін қалаушы  Никола  Макиавелли саяси қайраткер, дипломат және тарихшы  ретінде де кеңінен танылады. Мемлекет және құқық концепциясы  тарихында оның  саяси идеялары қарама - қайшылықтар мен жаңа ізденістерге  толы болды. Оның мемлекет пен қоғам дамуы  туралы көзқарастарын  жақтаушылар мен сынаушылардың  көптігі олардың  бұл мәселедегі  даулы айтыстары  да Макиавелли еңбегінің қыр-сырын одан әрі анықтай алады.

1469 жылы Италияның Флоренция   қаласында заңгер отабасында  дүниеге келген Никола  жас  кезінен бастап-ақ құқықтану негіздерімен  еркін таныса алды. Қаржы қиындығынан   университеттегі оқуын толық  аяқтай алмаған ол оқуға деген  құштарлығы мен ізденісінің нәтижесінде  өздігінше оқып ғылымның  әртүрлі саласы бойынша  терең білім алады. 1948 жылы  Флоренция республикасында  әртүрлі мемлекеттік істермен шұғылданады, осы дәуірдегі көрнекті  саяси қайраткерлер мен жүздеседі. Саяси іс-шараларды  ұйымдастыруға  және өткізуге  қатысады.

Басқа елдермен Италияның әртүрлі  қала-мемлекеттерінде дипломатиялық сапармен болған Макиавелли бұл елдердің мемлекеттік басқару істерімен тереңірек танысады. Осы жылдар аралығында Н. Макиавелли үкіметтік жарлықтар мен заңдарды дайындауға қатысумен бірге  мыңдаған әртүрлі деңгейдегі  хаттар мен ұсыныстар жазады. Қызмет бабында  үлкен тәжірибе  жинақтаған ол мемлекет  және саясат мәселелері  жөнінде мемлекет басшысының сенімді  көмекшісі  және кеңесшісіне  айналады.

1512 жылы Флоренция республикасының  құлауына байланысты бірге   бүкіл үкімет құрамымен бірге  ол да қызметсіз қалады және  оған қандай  да бір мемлекеттік іспен айналысуына тыйым салынады. Саяси және  мемлекеттік қызметтен шеттетілген ол бұдан кейінгі өмірін әдеби шығармашылыққа  арнайды. 1513 жылы «Патша», «Тит Ливийдің бірінші онкүндігі», 1519 жылы «Әскери өнер туралы», 1520 жылы «Флоренция тарихы» және тағы басқа еңбектерін жазады.

Макиавеллидің  мемлекет және саясат туралы  іліміндегі маңызды  жаңалығы саясат саласын  және ғылым  ретінде көрсетуге  тырысу идеясы болып табылады.  Бұл салада орасан зор тәжірибе жинақтаған ол саясат қоғамдық өмірдің бөлек саласы болып табылады деген қорытынды жасайды.  Ол қоғамдық өмірді  түрлі мақсаттары  және оларды  іске асырудағы мүмкіндіктері бір-біріне  ұқсамайтын көптеген әлеуметтік  күштер мен әрқилы  мүдделердің қақтығысы  ретінде қарастырады. Оның айтуынша саясат –адам еркіне бағынышты  жанды қозғалыс, дауылды стихия,  күштер арасындағы күрес, олардың үздіксіз қақтығысы, қайшылықтардың шешімі, өзгерістер мен қайта құрулар.

Макиавелли саяси оқиғаларға баға беру мен саясаттың аясы туралы  идеяларында  іс жүзіндегі  саясат пен саясат теориясын қосуға ұмтылу. Оның пікірі бойынша, саясат түрлі  әлеуметтік күштердің билік үшін, оны ұстап тұру және  пайдалану жөніндегі  күрес аймағы. Мұнда  түрлі күштердің  ең айлалысы  және ең ұтқыры ғана жеңіске  жетеді, адамгершілік саяси мақсатқа бағындырылады.  Саясат пен билік аймағы-күрестің ерекше  заңдары бар ортасы. Билік үшін күресте  барлық құралды пайдалану заңы  қарсыласты жеңу  мақсатында қолданылады. Макиавеллидің бұл идеясы билік тарихын зерттеу  тәжірибесінен алынған.

Саясаттың жеке билік үшін күресте  әлдекімдердің құйтырқы әрекеті болатындығын одан бұрынғы ойшылдар  да білген болатын. Бірақ оны алғаш рет ресми түрде қыр сырын үңіле зерттеген Макиавелли еді. Оның өмір сүрген дәуірі Италияның саяси бытыраңқылығы, өзара тартыс-таластар, жат елдік басқыншылармен күрес, шіркеудің мемлекет  ісіне араласуы да  оның мемлекеттігі  билік жүргізуші мен оның  қол астындағылардың қарым-қатынастарын зертеуге итермеледі. Оның мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі де сол замандағы тарихи оқиғалардың шымылдық артындағы «сценарийлерін», оны жасаушылар мен режиссерларын, бірінші рольді орындаушыларын, негізгі күштердің  механизмдері мен  тетіктерін зерттеуге, әрқилы құбылыстар мен процестерді  жақсы білуі де  саяси-құқықтық ойдың асыл қазынасын жасауына көмектесті.

Макиавеллидің айтуынша, әлемде теңдей дәреже шамасында қайырымдылық пен жауыздық, әділдік пен зұлымдық бар, бірақ олар бір елден екінші елге  жылжи отырып, өздерінің географиялық  бағытын өзгерту мүмкін. Яғни, бір елде қайырымдылық пен әділдік үстем болса, екінші елде  жауыздық пен зұлымдық басым болады. Мемлекет тарихында бұл процесс әдет-ғұрып пен мінездің  және басқа да факторлардың  ықпалымен үнемі өзгеріп отырады.  Бірақ әлемдегі жақсылық пен жамандықтың жалпы жиынтығы өзгеріссіз қалады.

Макиавеллидің саясат саласындағы  ең басты еңбегі- «Патша» шығармасы  мемлекет басындағы  адамдардың ел билеуде басшылыққа  алуына  арналған әртүрлі кеңестер мен ұсыныстар және қағидалар берілген туында болып табылады.  Ол бұл шығармасында  Италияны біріктіретін  директорға қажет  қасиететрді ежектеп көрсетеді. Макиавелли елді біріктіру мен  билік мақсатына жету үшін барлық амал-айланы  қолдануға, яғни қол астындағыларды  алдауға, өтірік айтуға, уәдені аяққа басуға, зұлымдыққа баруға  адамдарды қырып-жоюға, қатал тәртіп пен күш қолдануға және  опасыздық жасауға да болады деп үйретті. Бұл үшін, ол билеушінің  бойында арыстан мен түлкінің қасиеттері қатар болуы және өтірік пен екіжүзділіктің  ұлы өнерін  терең меңгеруі керек деп тапты.

Оның айтуынша, билеушіде  табиғат пен  адамның қасиеттері қатар жинақталуы қажет. Андардың қасиеттерін  айтқанда ол арыстан мен түлкінің қылықтарын үйренуге  жөн сілтеді. «Егер князь аңдардың әдіс-тәсілдерін үйренуге мәжбүр болса, онда олардың арасынан түлкі мен арыстанды таңдауы керек, өйткені, арыстан жыланнан, ал түлкі қасқардан қорғана алмайды. Сондықтан да жыланмен күресу үшін түлкі, ал қасқырды жеңу үшін арыстан болу керек, тек арыстан болғандар істің мәнін түсіне алмайды» деп жазды Макиавелли.

Итальян ойшылының пікірінше, билеуші өз іс-әрекеттерінде дұрыс деп тапқан әдістер мен шараларды  қолдана алады. Ал, бұл мақсатта бұрынғы айтылған уәделер мен анттар бұзылса, әдептілік қағидалары   мен адамгершілік принциптері аяққа тапталса, азаматтық бостандық шеттетіліп ескерілмей қалса, онда тұрған  ештеңеде жоқ. Билеуші оған бас ауыртып көңіл бөлмеуі керек. Өйтпеген жағдайда саясатта мақсатқа жету қиыныраққа соғады   «Макиавеллизм» деген атқа ие болған оның бұл ілімі саясат пен билікте  өз мақсатына қалай жетсең де дұрыс деген қағиданың пайда болуына әкеледі. Оның бұл көзқарастары феодалдық және  буржуазиялық билеушілердің арасында кеңінен таралды. Макиавеллидің бұл ілімін  қазіргі кезеде де қолданатындар бар.

Дегенмен Макиавеллиді зұлымдық пен құйтырқы саясатты ғана уағыздаушы деп түсіну қателік деп түсінуі қателік болар еді. Ол ел билеу мен саяси мақсатқа жетудің бұл әдіс-амалдарын жеке бастың мүддесі үшін емес, мемлекет, қоғам игілігі үшін, елдің тұтастығы мен бірлігі, қуаттылығы және  тыныштығы үшін қолдануға кеңес береді. Ол ең алдымен өз заманының патриоты, гуманисі, адал ұлы болды. Оның теориясы, концепциясы, көзқарастары –сол дәуірдің  саяси жағдайын бейнелейтін еді. Саясат саласында ол ешқашан да зорлықты, азғындықты, жақтаған жоқ. Керісінше, ол билеуші, саясаткер халықтың  пікірімен санасуы керек деп есептеді. Егер саясаткер зорлыққа сүйенсе ол оның жеке мақсаты  болмауы керек. Оның айтуынша, зорлықтың мақсаты қирату емес, бүліншілікті қалпына келтіру. Кез-келген зорлық әрекетті  мемлекет мүддесі үшін жасалған ғана  ақтауға болады.

Макиавелли саяси билікті  жүзеге асырудың міндетті ережелерінің бірі қол астындағылардың сеніміне ие болу керек екендігін жақсы түсінді. Жақсы билеушінің  басты қасиеттерінің  бірі халық сеніміне  ие бола білуі деп есптеді. Халық билеушінің  билік қызметін жүргізуіне  кедергі жасамауы үшін, олар билеушіге толық бағынышты  болуы да қажет. Макиавеллидің  айтуынша, халықты өзін толық бағынышты етудің екі жолы бар. Оның біріншісі- халықтың билеушіге деген сүйіспеншілігі, екіншіден- оның алдында қорқынышта болу. Бұның қайсысы тиімді және  қолайлы деген мәселеде Макиавелли «сүйіспеншілік пен қорқыныш бір мезгілде болғанда тиімді нәтиже берер еді, бірақ сүйіспеншілік қорқынышпен сіңісе алмайды, ол осылардың біреуін таңдау қажет болғанда, қорқынышты таңдау тиімдірек болады» деген қорытындыға келеді.

Қол астындағыларды өзіне  мүлтіксіз бағынышты ету үшін билеуші ең қатал және  ауыр шараларды ғана пайдаланып қоймай, ең бастысы айламен билей білуі керек. Макиавелли қаталдық соғыс және  төтенше жағдайларда ғана емес, бейбіт уақытта да қажет деп есептейді. Мысалы, мемлекеттік билік жаулары мен сатқындардың көзін жойып отыру билеушінің  міндеті болып саналады. Олардың алдына билеушінің жауапкершілік міндеті болуының қажеті жоқ. «Билеуші сотқа бағынышты емес».

«Государь» атты шығармасында Макиавелли «билеуші қандай әдістермен мемлекетті басқара алады және билікті  ұстап тұрады» деген сұраққа  «биліктің мықты негізін қалау» арқылы қол жеткізуге болады деп жауап береді. Оның айтуынша, қандай да бір мемлекет болсын, биліктің негізгі жақсы заңдар бола алмайды, мықты әскер бар жерде ғана жақсы заңдар бола алмайды, мықты әскер бар жерде ғана жақсы заңдар өмір сүре алады. Күшті мемлекет пен мықты биліктің өмір сүруі мемлекеттік басқару аппаратына да тікелей байланысты болмақ. Билеуші өзі құрған мемлекеттік  аппарат арқылы ғана бүкіл елге билігін жүргізе алады. Билеуші елдегі саяси биліктің  әлдебіреулердің де  қолында болуына ешқашанда жол бермеуі тиіс.

Мемлекеттің басқару формалары  туралы  ойларында Макиавелли антикалық  заманнан сақталып келе жатқан Платонның, Аристотельдің және Полийбидің еңбектерінде көрініс тапқан            классификацияларды  дұрыс көреді. Ол Полийбидің басқарудың үш дұрыс формасы-монархия, аристократия, демократиясын және үш дұрыс емес формасы-тирания, олигархия және охлократияны бөліп қарайды. Оның алғашқы үшеуі басқарудың жетілген, соңғы үшеуі жетілмеген формасы болып есептелінеді.

Макиавеллидің көзқарасы  бойынша, мемлекеттің шын мәнінде  таза күйіндегі жақсы немесе жаман  формалары болмайды. Дұрыс формалар тарихи жағдайлар мен міндеттерге, оқиғаларға  қатыстылығымен  ғана дұрыс форма болуы мүмкін. Ол мемлекеттік  басқару формаларының  бір түрден екінші түрге ауысу заңдылығы туралы антикалық ойшылдардың пікірімен келіседі. Оның ұғымынша, формалардың алмасу  заңдылығы төмендегідей реттелікпен өтеді.  Монархия тиранияға айналады, тиранияға қарысы қастандық аристократияның жеңісіне әкеледі, аристократияның  эволюциялық дамуы билік басындағы бай адамдардың  олигархиясына  жеткізеді. Бай билеушілердің  жүгенсіз әрекеттері  халық наразылығын туғызып, ол олигархияны  құлату мен және демократияны орнатумен аяқталады.  Демократия өз кезегінде тобыр билігі-охлакратияға ұласады. Охлократиялық биліктен жәбір көрген халық  монархиядан әділдік күтеді және осылай жалғаса береді.

Мемлекет формаларының  бұлайша алмасуын  Макиавелли күштер арақатынасының нәтижесі деп есептейді. Ол мемлекеттік формалардың ең тұрақтысы және сыртқы қауіп төнген шақта диктаторлық биліктің енгізілуін жақтаған ежелгі  Рим тарихынан мысалдар келтіреді және бейімдеп қолдануды ұсынады.

Макиавелли тарихқа орта ғасырлық саяси-құқықтық  түсінікті өзгертуші, Қайта өрлеудің саяси доктринасын жасаушы ретінде енді. Оның ілімі саяси ғылымның одан кейінгі дамуына орасан зор ықпал етті. Италия ойшылының еңбектері саяси даналық пен саяси тәжірибенің өзінен кейінгі дәуірге  жинақтаған энциклопедиясы.

Макиавеллидің мемлекеттік  қызмет атқарған  кезеңінің  тағы бір маңызды сәті болды. 1502 ж республикада мемлекет басшысының билігі күшейе түсті. Әр ай сайын ауыстырылған әділеттілік гонфаньерлері орнына ғұмыр бойы болатын гонфалоньерлері орнына ғұмыр бойы болатын гонфалоньер қызметі белгіленеді. Осыдан аз бұрын Макиавеллимен бірге дипломатиялық сапардың біріне қатысушы, тамаша шешен бірақ қандай да бір басқа да талантты  бола қоймағын Пьеро Содерини гонфалоньер болды. Макиавилли саяст мәселелерінде сұңғыла саясаткер, талантты стратег әріт тактик ретінде кейінен мемлекет басшысына недәуір  ықпалы болып оның тұрақты кеңесшісі  және ондаған жылдар бойы  оның оң қолы болып қала береді. Макиавеллидің осы ерекше жағдайы оның жауапкершілігін  артырып, мемлекет қызметінің  теориясы мен тәжірибесі мәселелерін  мұқият ойлана-толғана шешуге итермеледі.

Мәселені оқшаулай отырып шешу және оның иманенттік  мәнін ашып көрсету шеберлігі ешкімде болған емес. Оның кейбір қисынды операцияларының батылдығы өзінің замандастарын ғана емес, сонымен бірге ендігі жерде көптеген ғасыр бойы  иезуит-тердің  ашу-ызасын келтіріп, мораль айтушыларды азапқа салды және  буржуазиялық ғалымдардың  жүйкесін тоздырды. Макиавелли өзінің саясат туралы  пайымдауларында қоғамдық пікірдің, қоғамдық сананың  таптаурындарының, апологетиканың саяси дәстүрлерінің  және биліктің  мақсаттыры мен іс-әрекеттерін  бүркелемеудің  «гравитациялық өрісінен» шығандай шығып, адамдардың қылықтарын өз атымен атап, олардың алдында тұрған мақсаттарын, олардың көздеген мүдделерін нақты  анықтай алды. Макиавеллиді он бес жылдай  іс жүзінде саяси енжарлық  қызметке  Медичидің  тартуы тағдырдың  қаруы болды-тарих үшін Макиавеллидің, әлбетте, әдеби шығармалары, теориялық қорытындылары  мен көкірек-көзінің оянуы аса маңызды болды. Оның бұрынғы буырқанған саяси мансабының  бәрі осыларға  әзірлеуге арналмады ма екен? Іс жүзіндегі саяси енжарлығы мен әдеби белсенділігінің осы жылдарында  ол «Патша», «Тит Ливийдің бірінші онкүндігіне арналған пайымдаулары», «Мандрагора» комедиясы, «Соғыс өнері туралы» ғақлиясы, «Флоренция тарихы» шығармасы сияқты  және басқа да  бірқатар шығармаларын жазды.

Макиавелли «Патшаға» («Князьге») «Тит Ливийдің бірінші онкүндігіне арналған пайымдауларымен» жұмысына үзіліс жасай отырып, кіріскені белгілі. Бұдан осы аса көрнекті екі шығарманың тығыз байланысы айқын аңғарылады. Алайда егер «Пайымдауларда» Макиавеллидің саяси-құқықтық теориясы неғұрлым жүйелі түрде көрінсе, ал «Патшада» ой желісі ең алдымен мемлекет басшысының  рөліне және мүмкіндік шегінде оның саяси даму барысына, ықпалына, тарихқа шоғырландырады. «Пайымдаулар» секілді «Патша» автор қайтыс болғаннан кейін 1532 жылы Флоренция мен Римде жарияланған.

Информация о работе Н.Макиавеллидің саяси көзқарастары