Негізгі бөлім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 16:47, реферат

Краткое описание

Нарықтық экономикаға көшкен кезде басқару жүйесін жаңаша қалыптастыруды қажет етеді; өйткені кәсіпорынның тиімді қызмет етуі, көп жағдайда басқару шараларына байланысты. Ол үшін жоғары білікті мамандарды даярлау қажет, өйткені олар нақты жағдайды бағалап, аңғара біледі әрі дер кезінде басқару шешімдерін қабылдап, оның іс жүзінде асырылуын қамтамасыз етеді, әрі ұжымға (коллективке) қазіргі талап деңгейінде басшылық етуді жүзеге асыра алады.
«Қызметкерлерді басқару» атты еңбек әрекетіне байланысты дәлелдемелер (мотивация), топқа, сондай-ақ жеке адамдарға басшылық ету, өзара қарым-қатынас пен дау-дамай проблемаларын, сондай-ақ басшылық стилін, еңбекті басқарудың мәдениеті мен этикасын қарастыру секілді түйінді мәселелерді қамтиды.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Басшылық ұғымының түсінігі
2. Басқару тәсілдері
3. Стиль түрлері және олардың сипаттамалары
4. Басқарушы және басқару жүйесі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

БАСКАРУ.docx

— 38.83 Кб (Скачать документ)

Техникалық  жүйе қозғалмалы, сырткы ортаға тез бейімделетіндей болуы тиіс. Ғылыми-техникалық прогресс дәл осы жүйеге едәуір ықпал ете алады. Қозғалмалылық жабдықтардың қажалып тозып сол себепті жаңасымен ауыстырылуы сондай-ақ ғылыми-техникалық прогресс барысында ескіруі бойынша анықталады.                                                              

Кәсіпорында технологиялық жүйе айрықша орын алады. Технологиялық жүйе өндіріс  процесін сатыларға және процестерге  бөлуге негізделген. Технологиялық  жүйенің элементтеріне еңбек  құралдары, жекелеген операциялар мен процестер жатады. «Технология» - бұл жалпы   білім жиынтығын білдіретін біртұтас термин. Бұған өнертабысы да, тәсілдер де, аэродинамикадан бастап зоологияға дейінгі ғаламат білім қазынасы да енеді.

Технологиялық жүйе дегеніміз өндіріс процесінде операциялардың бірізділігін айқындайтын  ережелер, нормалар жиынтығы. Технологиялық жүйелердің мәні жасалатын өнімдердің тиісті сапалылық қасиеттерінің қамтамасыз етілуіне қарай анықталады. Технологиялық жүйе әсер етуге икемді, әрі төзімді. Ол өндіріске енгізілген техникалық прогреске тез икемделеді, жабдықтарды, еңбек құралдарын, адамдар ақпаратын тұтастай және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, неғұрлым прогрессивті амалдар мен тәсілдердің көмегімен өндіріс процестерін жүзеге асыруға жағдай жасайды.

Басқарылатын жүйенің басты элементі - адамдар. Олар бүкіл жүйенің қозғаушы күші, шешім қабылдаушысы т.б. Бұлар тұтастай басқару аппаратын құрайды. Бұл жүйені ұйымдық-экономикалық деп атайды, ал олардың элементтері - ұйымдастыру формалары мен ықпал ету тәсілдері болып саналады.

Өндіріс жұмысын (коллективін) құрайтын адамдар, бірлескен еңбек процесінде белгілі бір әлеуметтік қатынас орнатады да, өндірісті басқарудың әлеуметтік-экономикалық жақтарын сипаттайды.

Барлық жүйелер: техникалық, технологиялық, ұйымдық-экономикалық және әлеуметтік жүйелер өзара байланысты, жәнеде жоғарыда атап көрсетілгендей, бұлар біртұтас болғанда ғана кәсіпорын  жүйе ретінде ғана құрылады.

Сонымен, кәсіпорын  немесе өндірістік бірлестік, өндірістің, өндірістік процесі өтетін басқарылатын жүйелерден және басқару процесі өтетін басқарушы жүйелерден тұрады. Олар бір-біріне байланысты және тәуелді. Бұл байланыстардың сандық сипаты болады. Басқарылатын жүйе неғұрлым көп болса, басқарушы жүйе де соғұрлым көп келеді. Алайда, бұл тура пропорционалды тәуелділік емес, өйткені басқарушы жүйелердің аумағына басқа да факторлар, атап айтқанда, басқаруды механикаландыру және ондағы жүйелердің ұйымдастырылу дәрежесі ықпал етеді: басқарылатын жүйелердің әрбір бөлігінің ұйымдастыру деңгейі неғұрлым жоғары болса, басқарушы жүйеде соғұрлым аз болып, басқару жүйесі барынша жақсы ұйымдастырылады. Оның аумағы да соғұрлым аз болады.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Басқару кадрларына басқару жүйесінде істейтін және белгілі бір басқару функциясын орындайтын немесе соны жүзеге асыруға  ықпал ететін жұмыскерлер, яғни басқару  процесіне іскерлікпен қатысатын, әрі басқару аппаратына енетін жұмыскерлер  жатады.

Басқару кадрларын  алуан түрлі белгілері бойынша бағалауға болады: басқару деңгейі бойынша - жоғарғы, орташа және төменгі буындар; кәсіптік құрылымы бойынша - инженерлер, қызмет түрі бойынша - ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп кадрлары; басқару еңбегін мамандандыру түрі бойынша - әкімшілік, экономикалық; білімі бойынша - жоғары және арнайы орта білімді адамдар, практиктер; орындайтын жұмысының күрделілігі және жауапкершілігі бойынша.

Басшыларды  қызметтегі ролі бойынша мамандар және қосалқы қызметшілер (қызмет көрсетушілер, техникалық қызметшілер) болып бөлінеді. Басқару жүйесіндегі қызметшілердің бұл әрбір категориясы еңбек әрекетінің ерекшеліктеріне, кәсіптік даярлығына және даярлықтар қайтадан етуіне қарай сипатталады.

Басшылар  - бұлар тиісті ұжымға (коллективке) басшылық етушілер, басқару аппаратының немесе оның жекелеген буындарының жұмысын үйлестірушілер, қойылған міндетті орындау үшін ұжым қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асырушылар.                                                                          

Шаруашылық  жүйесінің басшыларына алуан  түрлі, бірін-бірі толықтыратын функцияларды (әкімшілік, ұйымдастырушылық, мамандық, қоғамдық қызмет, тәрбиеші) орындауына тура келеді.

Басшы әкімшілік  рөлінде өз билігін пайдалана  отырып, қолданылып жүрген нормативтік  актілерге сәйкес жүйедегі қозғалысты қамтамасыз етеді, ұйымда тиісінше тәртіп орнатады. Өзіндегі қызметкерлермен бірлесе отырып кадр саясатын ойластырады  және жүзеге  асырады,  штатты жинақтайды, кадрларды  іріктеуді,  баулуды және    ауыстыруды жүзеге асырады.

Басшы ұйымдастырушылық функцияны орындай отырып, бірлесе жемісті еңбек ету үшін қажетті жағдай жасайды, басқару проесінде және өндірісте жұмыс істейтіндерге бағыт сілтеп, іс-әрекеттерін үйлестіреді.

Басшы кәсібі даярлықтан ойдағыдай өткен, өзі  істейтін сала бойынша білімі мен тәжірибесі жеткілікті маман ретінде ез функиясын орындағанда - мақсатты дұрыс қоя білуі, оның жүзеге асырылу барысын жан-жақты талдауы және тиімді бақылауы, білікті нұсқау бере білуі тиіс. Басқадай жетістіктерімен қоса, арнайы білімі бар басшылар өз міндетін ойдағыдай  нәтижелі шеше біледі.

Басшы өзінің тікелей міндетімен қоса, алуан түрлі өндірістік функцияларды орындайтын қоғам қайраткерлері болып та саналады. Өйткені, онсыз ұйымшыл ұжым құру мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда ол қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, әр түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене ат салысады, әр түрлі мәжілістерге, конференцияларға және басқадай қоғамдык шараларға, сайланатын жергілікті және орталық органдардың жұмыстарына қатысады. Соның нәтижесінде басшы толып жатқан мәліметтер алады, ал оны тиімді қолданғанда ұжымның психологиялық ахуалына және шаруашылық қызметіне елеулі ықпал ете алады.

Басшының  тәрбиешілік қызметінің де зор мәні бар. Жақсы, жолға қойылған тәрбие жұмысы жеке адамдар мен ұжымның ауыз бірлігін, ынта-жігерін арттыра түседі, экономикалык және әлеуметтік прогресті жеделдетуге ықпал етеді. Тәрбие жұмысына соншалықты жоғары баға берілетін себебі, басқару бұл әрдайым адамдарға басшылық ету жәнеде оны ойдағыдай жүзеге асыруға, басшының қол астындағыларға өктем бұйрықпен емес, сендіру, әділдікке көзін жеткізу арқылы ықпал етуінің зор мәні бар.

 

 

 

 

 

 

 

                                                          

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :

 

 

  1. Нұрғали. В. С, Инженер қызметінің құрлымы 
  2. К.Бердалиев, Менеджмент.
  3. Б.А. Байтанева, Менеджмент.
  4. Ұлықпан Сыдықов, Саясаттану
  5. www.webirbis.ksu.kz

          

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Негізгі бөлім