Негізгі бөлім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 16:47, реферат

Краткое описание

Нарықтық экономикаға көшкен кезде басқару жүйесін жаңаша қалыптастыруды қажет етеді; өйткені кәсіпорынның тиімді қызмет етуі, көп жағдайда басқару шараларына байланысты. Ол үшін жоғары білікті мамандарды даярлау қажет, өйткені олар нақты жағдайды бағалап, аңғара біледі әрі дер кезінде басқару шешімдерін қабылдап, оның іс жүзінде асырылуын қамтамасыз етеді, әрі ұжымға (коллективке) қазіргі талап деңгейінде басшылық етуді жүзеге асыра алады.
«Қызметкерлерді басқару» атты еңбек әрекетіне байланысты дәлелдемелер (мотивация), топқа, сондай-ақ жеке адамдарға басшылық ету, өзара қарым-қатынас пен дау-дамай проблемаларын, сондай-ақ басшылық стилін, еңбекті басқарудың мәдениеті мен этикасын қарастыру секілді түйінді мәселелерді қамтиды.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Басшылық ұғымының түсінігі
2. Басқару тәсілдері
3. Стиль түрлері және олардың сипаттамалары
4. Басқарушы және басқару жүйесі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

БАСКАРУ.docx

— 38.83 Кб (Скачать документ)

Жоспар

 

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

 

  1. Басшылық ұғымының түсінігі
  2. Басқару тәсілдері
  3. Стиль түрлері және олардың сипаттамалары
  4. Басқарушы және басқару жүйесі

 

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Нарықтық  экономикаға көшкен кезде басқару  жүйесін жаңаша қалыптастыруды қажет  етеді; өйткені кәсіпорынның тиімді қызмет етуі, көп жағдайда басқару шараларына байланысты. Ол үшін жоғары білікті мамандарды даярлау қажет, өйткені олар нақты жағдайды бағалап, аңғара біледі әрі дер кезінде басқару шешімдерін қабылдап, оның іс жүзінде асырылуын қамтамасыз етеді, әрі ұжымға (коллективке) қазіргі талап деңгейінде басшылық етуді жүзеге асыра алады.

 «Қызметкерлерді  басқару» атты еңбек әрекетіне  байланысты дәлелдемелер (мотивация), топқа, сондай-ақ жеке адамдарға  басшылық ету, өзара қарым-қатынас  пен дау-дамай проблемаларын,  сондай-ақ басшылық стилін, еңбекті  басқарудың мәдениеті мен этикасын  қарастыру секілді түйінді мәселелерді  қамтиды. 

 

 

1.Басшылық ұғымның түсінігі

Басшылық  пен жетекшілік (лидерлік) жеке адамдар арасындағы басқару аспектісі болып саналады, сол арқылы бағыныштылар кәсіпорынның мақсатын, әрі оған жету үшін неғұрлым тиімді және қолайлы ықпал етуді білуі мүмкін.

Басқару функциясы - бұл басқару қызметінің белгілі бір тұтастай мазмұнға ие болған оқшауланған бөлігі, яғни бұл басқару қызметінің мамандандырылған бөлігі. Басқарудың мамандандырылған функциясының бірыңғай тұтас синтезделуін және интеграциялануын басшылық деп атайды.

Кәсіпорын басшысы  мен оның кұрылымдық бөлімшелері  әкімшілік еңбекті атқарады. Бұл  функция өте қиын, өйткені басшының алуан түрлі фактілермен істес болуына тура келеді.

Басшы өзіне  негізгі екі міндеттің жүктелетіндігін  білуі тиіс: адамдармен жұмыс істеу  және басқару жүйесін ұйымдастыру. Олар өзара байланысты, әрі күн  өткен сайын күрделене түседі.

Басшы өз жұмысында  ғылым мен техника жетістіктерін жаппай қолдану өндіріс технологиясына, еңбек құралдары мен заттарына, адамдардың еңбек әрекетінің сипаттына сапалық өзгеріс енгізетіндігін ескеруі тиіс. Әрі мұның өзі жұмыскерлердің ынта-ықыласына, талап-тілегі мен мотивтеріне терең ықпал етеді. Мұның өзі оның жұмысын қиындата түседі, өйткені білімді, білікті жұмыскерлерді басқару едәуір күрделі. Сонымен қоса басқару жұмысы біршама творчестволық тартымды, әрі нәтижелі болады.

Басшының  мақсаты басқалардың өзіне бекітілген жұмысты орындауына ықпал ету. Осы функциясын орындауы үшін, ол өзінің формальды өкілеттілігімен қоса, билігі болуы қажет. Билік - бұл басқалардың жүріс-тұрысына ықпал ету мүмкіндігі.

Басшының, қол  астындағылар жалақыны көтеру, жұмыс тапсырмасын алу, қызмет бабында жоғарылау, өкілеттілігін ұлғайту, әлеуметтік мұқтажын қанағаттандыру секілді мәселелерде сол басшысына тәуелді болатындықтан, басшының қол астындағыларға толық билігі бар. Екінші жағынан қабылданған шешімдердің жүзеге асуы, өндірістік тапсырмалардың дер кезінде орындалуы басшының қол астындағыларға тікелей байланысты болатындықтан, кейде бұлар да басшыға билік жүргізе алады.

 

2. Басқару тәсілдері

Басқару үшін ықпал ету қажет, ал ықпал ету  үшін билік керек. Билік орындаушылардың  белсенді талаптарына (физиологиялық  талабы, қорғалу талабы, әлеуметтік талабы, құрметтеу талабы) ықпал етуге негізделген.

Ықпал етудің барлық формалары басқа адамның тілегін орындауға түрткі болады.

Бағынушылар ықпал етушінің бұйрығын орындайды, өйткені дәстүр бойынша бағыну орындаушының қажетін қанағаттандыратындығына  сенеді. Сондықтанда көп жағдайда заңды билікті дәстүрлі билік  деп атайды. Барлық басшылар заңды  билікті пайдаланады, өйткені оның өзі басқа адамдарды басқаруға  өкілдік береді.

Биліктің  осы негіздері басшының негізгі құралы болып саналады, сол арқылы ол ұйымның мақсатына жету үшін қол астындағыларға жұмысты орындауды міндеттей алады.

Бір басшысы  бар, бірақ бағынышты қызметкерлері жоқ басқару қызметшілерінің тобы бастауыш ұйым болып саналады. Белгілі бір байланыста бағынатын, қатар бағынатын және үйлесетін дербес бастауыш ұйымы немесе олардың тобы басқару органы (аппараты) деп аталады.

Органдар  жүйесі - бұл өндірісті басқарудың, барлық көлемін қамтитын бастауыш ұйым (ячейко) жиынтығы.

Басқару құрылымын қалыптастыруға мынадай факторлар ықпал етеді: басқару қызметшілерінің саны; қызметшілерді басқару функциясы бойынша орналастыру және қызметшілер тобын бірыңғай функциясы бойынша бөлектеу; басқару функциясын бөлектеу дәрежесі, бір адамның (басшының) мүмкіндігі және басқару шегі; ресми (ұйымдық) қатысы.

Басшыға бағыныштылар да нашар басшы мен жақсы басшының арасында едәуір айырмашылық бар екенін жете түсінеді. Басшылық ойдағыдай болған жағдайда жұмыс та қыза түседі, ал істің нәтижелі болуы кәсіби мәртебесін арттыра түседі.

Басшылықты  тиімді атқарудың айрықша маңызды  алты түрлі элементі бар.

1.  Kepi байланыс. Бағыныштылар, әдетте, атқарған ісінің бағасы туралы басшылар тарапынан тезірек білгісі келеді. Психологтардың пайымдауынша, мұндай кері байланыс еңбек процесінде аса қажетті мәселе болып саналады. Бағынышты өзіне көбінесе мынадан сұрақ қояды: «Мен, осы қалай   жұмыс    істеп жүрмін?». Басшы осы сұрақка дер кезінде, әрі дәл жауап беруге міндетті.

2.   Біршама еркіндік.  Бағыныштылардың біреуіне    көбірек еркіндік, екіншісіне - шамалы еркіндік қажет. Кейбір адамдарға мүмкіндік берсе   дербес шешім қабылдауға құштар келеді. Ал, басқа біреулер мұндайда не істерін білмей сасқалақтайды. Басшы өзінің қарамағындағылардың мінез кұлқымен жете таныса отырып, бір шешімге келуі тиіс: қарамағындағыға біршама еркіндік беру қажет пе, әлде берген бұйрығының орындалғанын қадағалап отыру керек пе?

3.  Жұмысқа көзқарас. Бұл аса қажетті, әрі маңызды мәселе, адам өмірінің бір бөлігі болғанмен, оның тұтастай тіршілігі емес. Міне, сондықтанда кейде адамдар былай дейді: «Маған жұмыстан гөрі, жеке басымның тіршілігі анағұрлым маңызды». Басшылар ауық-ауық өз кызметкерлерінің жұмысқа көзқарасын біліп, «Бірінші кезекте жұмыс істеу керектігін» ескертіп отыруы тиіс. Адамдар өмірінде жұмыстың атқаратын рөлін дұрыс бағалаған басшы - жұмыс рөлін тым асыра көрсетпей-ақ, өзінің қарамағында істейтіндерге психологиялық дұрыс бағыт-бағдар беріп, жұмыс орнын айқын белгілейді.

4.  Жұмыс нәтижесін бағдарлау. Жақсы басшы қарамағындағы қызметкерлердің еңбектегі жетістігін дұрыс көрсетіп, барлай біледі.

5.  Жоғарылату. Көне ұрандарда көптеген дана сөздер бар:сондағы атап көрсетілетін жай, мансапқа жетудің,   ең   дұрыс жолы - өзінің күнделікті жұмысты тиянақты орындау. 6. Жеке басының мінез-құлқы.

  Өндіріс  ұйымдық формаларда (кәсіпорындарда) жүзеге асырылады. Осындай кәсіпорын  ұжымының ұйымдық, экономикалық және заңды дербестігі, нақты міндеттері болады. Өз кезегінде әрбір негізгі ұжым бастауыш ұжымнан тұрады да, мұндағы барлық жұмыс істеушілер бір-бірімен тұрақты іскерлік және экономикалық қарым-қатынаста болады.

Басшылар  тобы (командалық) басшылардан және олардың тікелей бағыныштыларынан тұрады, әрі бағыныштыларына бұйрық беруге правосы бар, ал бағыныштылар оны орындауға міндетті.

Ұжымдағы  қызмет қарым-қатынасын бейнелейтін  құрылым әлеуметтік психологияда ресми  топтар деп аталады. Ресми рөл  термині белгілі бір әрекет етуді, жүріс-тұрыс стилін аңғартады, әрі  ұжым мүшелері де басшыдан осындай  қасиеттердің болуын талап етеді.

Басшыда өз ісін жете білу ұйымдастырушылық және педагогикалық ерекшеліктері талап  етушілігі, принципшілдігі, адамдарға  көңіл аудара білушілігі, ынталылығы, сенімділігі т. б. қасиеттерінің  болуы ұжымды ойдағыдай басқаруына ықпал етеді.

Басқарудағы коммуникацияның ролі және оның түрлері:

Коммуникация  дегеніміз қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінісуге негізделген байланысы: бір-бірінен ақпарат, мәліметтер алмасуы.

Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алу  және шешім қабылдау үшін біреулермен  байланысуға, қарым-қатынас орнатуға арнайды, басқарудың жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау қызметтерін орындау да қарым - қатынас орнатуға байланысты. Коммуникация — басшылық етудің байланыстырушы процесі болып саналады.

 

             3. Стиль түрлері және олардың сипаттамалары             

Басшының  дербестігі істеген ісіне қарай  емес, қалай істейтіндігіне де орай сипатталады. Олардың жұмысын бақылай  отырып мынаны ажыратуға болады: басшы бір мәселенің өзін алуан түрлі тәсілмен өзінше шешеді.

Стиль дегеніміз әлеуметтік құбылыс, өйткені, біріншіден, онда басшының көзқарасы мен сенімі бейнеленеді, екіншіден, ол түптеп келгенде жүйенің қалыпты жұмыс істеуінің ақырғы нәтижесін ойластырады. Басшы ұстанған стилі оның қарамағындағылардың ұдайы назарында болып, олар мұны өзінше бағалап қабылдайды. Әдетте, басшы стилі бүкіл жүйеге таралды өйткені жұртшылық оның жүріс-тұрысына, ісіне зер салады.

Басшыға ұжымның  барлық мүшелерін қанағаттандыратын  жұмыс стилін қалыптастыру оңайға түспейді. Бағыныштыларына ықпал етудің кейбір амалдары алуан түрлі бағалануы мүмкін. Егер бір басшы оларға сенім көрсету арқылы ықпал ететін болса, екіншісі: «тиістісің», «міндеттісің» секілді қағиданы басшылыққа алады. Кейбір басшылар бағыныштыларына қатаң тәртіп орнатып, оларды өзінен «аулақ ұстайды» да, ұсақ-түйек мәселеге дейін өзі шешеді. Енді бір басшылардың, есігі әрқашанда ашық, оған кез келген мәселе туралы пікірлесуге, ұсыныс айтуға болады. Бір директор күн сайын бригадаларды аралап отырады, ал екінші біреуі мұны қажет санамайды.

Басқару стилінің типі түбегейлі қалыптаспаған, сондықтанда  отандық және шет елдік әдбиеттерде  оның өзі түрліше жіктеледі.

Либеральдық стиль - мұндай жұмыс стилінде басшы ерекше белсенділік танытпайды, іс-әрекетінде кездейсоқтық басым, жүйелілік болмайды. Мұндай типтегі басшылар принципсіз мәселелердің өзінде, өзінен жоғары қызметтегілерге қарайлайды.

Мұндай стилдегі басшы тәртіп бұзушыға қатаң талап  қоймайды, қарамағындағылардың білімінің  төмендігіне, жұмысты орындауына және еңбек тәртібіне онша мән бермейді.

Авторитарлық  стильдің негізі макиавеллизм деп аталады. Бұл стиль Николо Макиавеллидің құрметіне қойылған. 1532 жылы ол «Принц» кітабында, билеушіге ақырғы нәтижеге жету үшін амал таңдаудың қажеті жоқ, өйткені «мақсат тәсілді» өтейді деген идея ұсынды.

Авторитарлық стильде (Батыста мұны тиімсіз деп есептейді және де мүлде дерлік кездеспейді) шешімді бір адам қабылдайды, ол жарлық, бұйрық түрінде келеді («менің айтқаным бойыныша істе»).

Демократтық стильде (Батыста кооперативтік  стиль д-еп аталады) мәселенің көпшілігі ұжымда талқыланып, сонда шешіледі, бұйрық та осындай талқылаудан кейін беріледі. Проблеманың көпшілігі ұжымда шешіліп, сонан кейін бекітіледі (мадақтау және жазалау, қоғамдық өмір мәселелері, жұмыска қабылдау  және жұмыстан шығару т. б.).

Демократ  басшы ұжымдағы мәселелер туралы, алда тұрған қиындықтар туралы қарамағындағыларға үнемі хабарлап отырады, ал өз атына айтылған сын-ескертпелерді дұрыс қабылдайды, бағыныштылармен қарым-қатынас жасауға тырысады, ең соңында, ол ешқашанда бағыныштыларына үстемділігін көрсетпейді, ол ұжымның басшысы емес, соның бір мүшесі ретін де  әрекет етеді.

Басқару сатысы дегеніміз басқарудың белгілі бір  деңгейінде болатын звенолар жиынтығы, бұлар төменнен жоғары қарай бағынады.

Басқару звенолары арасында әр түрлі сипаттағы байланыстар пайда болады. Тікелей және көлбеу, тура және кері байланыстар болып бөлінеді. Құрылым типтеріне сәйкес линиялық және функиионалдық байланыстар деп жіктеледі.

4. Басқарушы және басқару жүйесі

Кез келген әлеуметтік-экономикалық жүйе біршама дербес, бірақ өзара байланысты екі бөліктен тұрады: басқарылатын (басқару объектісі) және басқарушы- (басқару субъекгісі).

Басқарылатын  жүйе деп, ретке келтіру мақсатында басқару ықпалын жүргізуге арналған объектіні, яғни белгіленген жүйеге жетуге мүмкіндік беретін даму формасын айтады. Оның өзі өндірістік алуан   саласындағы процесті жүзеге асырады.

Басқарушы жүйе - бұл техникалық құралдар көмегімен мақсатқа сай ықпал етуді жүзеге асыратын органдар мен жеке жұмыскерлер жиынтығы.

Басқарушы жүйе - бұл «нені» немесе кім» басқарады, ел басқарылатыны - «нені» немесе «кімді» басқарады. Бұған ұқсас ұғымдар - «басқару субъектісі» мен   «басқару объектісі».

Басқарылатын  және басқарушы жүйелер субъектіден  объектіге енетін және обьектіден субъектіге шығатын тікелей ақпараттар көмегімен  тығыз байланысты болып, олардың үнемі әректтесуін, жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз етеді.

Сонымен қоса басқарылатын жүйе едәуір дәржеде оған ықал ететін заң негізінде дамиды. Кері байланыс туралы заңға сәйкес басқарудың мазмұнына, формасына және тәсіліне ықпал етеді. Міне, сондықтанда белгілі бір жүйелер аралығындағы өзара байланысты ретке келтіруге, олардың әрқайсысының ішкі заңдылыққа орай құрылуына және жұмыс істеуіне көңіл бөлген жөн. Басқару объектісінің басқару жүйелеріне сәйкес келу дәрежесі неғұрлым жоғары болса, жүйенің тұтастай жүйесінің тиімділігі де соғұрлым жоғары келеді.

Кәсіпорын өте  күрделі үлкен, әрі біркелкі дамитын  жүйе. Мұның өзі жекелеген бөлімдерден (цехтардан және қызмет салаларынан) кездейсоқ ұйымдасқан бірлестік емес. Кәсіпорын дегеніміз тұтастай құрылған, оның бөлімдерінің ерекше бірлестігі.

Тек қана осындай бірлестік мақсатқа жетуге қажетті жаңа сапаға ие болады, сол үшін кәсіпорын жүйе ретінде қүрылады.

Қәсіпорын және оның жиынтық элементтері туралы сөз болғанда кәсіпорында немесе оның ірі бөлімдерінде (басқаратын және басқарылатын жүйелерінде), ерекше техникалық, технологиялық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік жүйелер құратын элементтер мен микроэлементтердің біркелкі топтары құрылатындығы байқалады.

Осы жүйелердің әрқайсысы өз міндеттерін шешеді. Мұнда мынаны ескеру қажет: кез келген машина, ол қаншалықты жетілдірген болса да, техникалық жүйе болып саналады. Ол жабдықтардың өзара байланысты кешені (комплексі) болуы тиіс. Техникалардың жекелеген түрлері белгілі бір ретпен орналасуы; қуаты бойынша бірімен-бірі үйлесуі тиіс. Жабдықтардың толып жатқан жекелеген түрлерінің кейбір техникалық түрлерінің осындай пропорцияналды үйлесімді техникалық жүйе құрады. Басқарылатын жүйеде ол сол кәсіпорынның өндірістік қуатын көрсетеді де, сол арқылы адамдар өндіріс процесінде белгілі бір мөлшердегі және тиісті сападағы өнімдерді өндіре алады.

Информация о работе Негізгі бөлім