Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2013 в 13:45, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық жүйенің өзгеруі экономиканың негізгі өндірістік субьекті-кәсіпорынның іс-әрекетіне әсер етпей қоймайды. Сонымен қоса, шаруашылық механизімінің өзгеруінің негізгі субьектісі, экономика транформациясының басты және қозғаушы күштерінің көзі кәсіпорын болып табылады. Өтпелі кезеңнің бір ерекшелігі - ескі қағидалар өз күшін жоймаса да іске аспайды, ал жаңа экономикалық ережелер экономиканың басты факторларының ішінде басым орын ала алмайды. Бұл жағдай Республика Президентінің 2007 жылғы 28 ақпанындағы Қазақстан халқына Жолдауында ерекше айтылады: «Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді. Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы, қол жеткіземіз».

Содержание

КІРІСПЕ______________________________________________________2


І. I.ӨНЕРКӘСІПТІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1.Өнеркәсіптің қаржылық есебін талдау____________________________5

II.ӨНДІРІСТІК ҚУАТТЫЛЫҚТЫ ҚОЛДАУДЫҢ ТАЛДАУЫ ЖӘНЕ ЕСЕБІ
2.1. Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы______________7

2.2.Өндірістік қуаттылықты қолдаудың экономикалық тиімділігіне әсер ететін факторлар_______________________________________________________11

2.3.Өндірістің қуатылығын қолдаудың экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері____________________________________________________12

2.4.Инновация - өндіріс тиімділігін жоғарылатудың негізі_______________16



ҚОРТЫНДЫ____________________________________________________19


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ_______________________ 22

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әбілхасанов.doc

— 133.50 Кб (Скачать документ)

Қосымша цехтар мен телімдер негізгі өндіріс телімдерді қандай нысанмен ұйымдастырылса, оларда сондай нысан бойынша ұйымдастырылады.

 

2.4.Инновация  - өндіріс тиімділігін жоғарылатудың  негізі

 

Өндірістің тиімділігі көбінесе өндіріс технологиясын  таңдауға тәуелді. Технология өндірістің негізгі факторлары арасындағы өзара  әрекеттесуін, сонымен қатар ғылым мен тәжірибе арқылы жаңадан ашылған механикалық, физикалық және химиялық қасиеттеріне негізделген өндіріс құралдарының еңбек затына әсер етуі тәсілдерін көрсетеді.

Тек жаңа технологиялар  ғана Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануына мүмкіндік береді.  Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты көп қажет ететін өнімді жоғары технологиялық және экспорттауға бағытталған өніммен алмастыру, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану “Қазақстан-2030” стратегиясының маңызды мәселелерінің бірі.

2011 жылы  қабылданған «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» заң Республиканың ғылым саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс әкелетін жаңалық болды. Мақсаты отандық өндірістің инновацияларға сұранысын арттыру, қолданбалы зерттеулерді қолға алу, ұлттық технопарктер құру, инновациялық даму салаларының басым бағыттарын белгілеп, сол арқылы ел экномикасын ары қарай дамыту.

Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық потенциал- кез-келген мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекет көркеюінің негізгі жолы- ғылыми техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар және жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлтық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабіліеттігін жоғарылатады.

Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға  бай бола тұра, тұрақты дамуға қол  жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат  экспорты бұл елдердің мемлекеттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді. Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни мемлекетті шикізат экспортынан және оның әлемдік рыноктағы жағдайынан тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізаттың күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз.Дәл осы жағдайдан шығудың бiрақ жолы бар, ол - жоғары технологиялық өндірісті дамыту.

 Қазіргі таңда ел  экономикасы дамуының шешуші факторлары - ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз. Бүкіл әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк – АҚШ-тағы “Силикон аңғарының” пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-жылдары технопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия, Бразилия, Индия, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады.

Жапондықтар жаңа өнімді ойлап табу және оны жасап шығару жылдамдығынан американдықтар мен  еуропалықтарды да басып озады.Жаңа автокөлік Жапонияда 1 айдан кейін  шықса, АҚШ-та –4, Еуропада 2 айдан кейін  шығады.Жапондықтар үшін өнімнің  сапасын қажетті деңгейге жеткізу үшін 4 ай жеткілікті, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш- 11 ай .  

Ал Қытайда жаңа техника  мен жоғары технологияны өндіріске  енгізумен 1950 ж. құрылған ҒТИП /ғылыми-техникалық индустриалды парктер/ айналысады.Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық және өндірістік жағынан қарқынды жылдамдықпен игеріледі.ҒТИП қарамағына әр түрлі саладағы ғылыми орталықтар мен кәсіпорындар кіреді.ҒТИП олардың құрылуына жағдай жасайды, ғылыми зерттеулерін жүргізуге көмектеседі,ақпарат және қаржымен қамтамысыз етілуін қадағалайды,бір сөзбен айтқанда , кәсіпорынға “қолайлы орта” жасайды.Қытай экономикасына үлкен үлес қосып, инновацияны дамытып отырғанын ҒТИП құрамына кіретін кәсіпорын санының өсуінен байқаймыз.1991ж. –2587, 1992 ж. –9678, 1996 ж. –13722, 2011 ж. –20796. 

Стратегияның негiзгi мақсаты – бәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес бiз экономиканың шикiзаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен өнеркөсiп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиiспiз. Яғни инновация – негiзгi қозғаушы күш болмақ.Сондықтан өндіріс тиімділігін арттыруда инновацияның рөлі айырықша деген тұжырым жасаймыз.

 

 

ҚОРТЫНДЫ

 

Курстық жұмысты жазу нәтижесі төмендегідей тұжырымдар мен  ұсыныстар жасауға мүмкіндік  берді:

 Әлемдік экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар мәселелерге тап болып отыр. Негiзгi мәселелерге мыналарды жатқызуға болады: өндірістің бiржақты, шикiзаттық бағыты, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және аймақ аралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар, өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканың ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық деңгейге өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi. Осы орайда нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі үшін өндіріс тиімділігін арттыруөте маңызды. Себебі әрбір кәсіпорын өз қызметінің, еңбек өніміділігінің жоғары болғанын қалайды. Сондықтан  да әрбір кәсіпорын нарықтық позицияға сай өзінің тиімділігін арттыруға тырысады.

Кәсіпорынның өндірістік тиімділігін жоғарылату  өте күрделі  процесс болып саналады. Өндірістің экономикалық тиімділігі кәсіпорынның тұрақты экономикалық өсуі және дамуы, өндірістік өнімнің бәсеке қабілеттілігінің артуына байланысты. Өндіріс аясында кәсіпорынның дамуы тек оның өсуі болғанда ғана емес, қызмет масштабы өзгермеген кезде де, өсу өз кезегінде дамуға кедергі келтірмейді.

 Тауар өндірушінің негізгі мақсаты - әлемдік сапа деңгейіндегі жоғары бәсеке қабілетті өнім өндіретін жоғары пайдалы кәсіпорын ұйымдастыру  (жұмысшылардың  жеке ынталарын пайдалана отырып).

Өнеркәсіптік өндірісінің  тиімділігі – кәсіпорынның қысқа, орта, ұзақ мерзімдердің нәтижелеріне бағытталған кәсіпорын әзірлеген стратегиясына тәуелді (кәсіпорын потенциалының ең жақы пайдаланылып және оның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін) экономикалық категория болып табылады.

Өндіріс тиімділігін  арттыру үрдісінде негізгі стратегиялық қағидаларды ескерген жөн:

  • Шығармашылық көзқарас – кәсіпорын болашағын көре білу;
  • Инновация – техника мен технологияны жаңарту; өндірістік ұйымдастыру    және нарық саясатын жаңарту;
  •   Икемділік және бейімделгіштік – нарық талаптарына сәйкес үнемі өзгерістер енгізіп отыру;
  • Кәсіпорын қызыметінің үнемі есебін және бағалауын жүргізіп отыру;
  • Кәсіпорын дамуының әлсіз және күшті жақтарын өзіндік бағалау;
  • Кәсіпорын стратегиясын жүзеге асыру;
  • Ресурстық мүмкіншіліктерге сәйкес болу;
  • Персоналды ынталандыру.

 Өндіріс тиімділігін арттырудың жалпы стратегиясы жоқ, әр кәсіпорын өзінің даму стратегиясын жекелей, нарықтағы орыны, оның потенциалы, ұйымдастырылуы, бәсекелестері, өндірілетін өнім ерекшеліктері және басқа да факторларға тәуелді әзерлейді. Бірақ стратегия әзірлеудің негізін салушы нормалар және нақты модельдері бар. Нарық жағдайында әр кәсіпорын балама стратегияны әзірлеуге мүмкіндігі бар:

   - жаңа өнім  өндіру немесе өндіріліп жатқан  өнім сапасын арттыру;

   -  нарықты дамыту;

   -  менеджментті  жетілдіру;

   -  әртараптандыру.

Өндіріс тиімділігін  арттыру жолдарын қарастыру әр факторды жеке-жеке есепке алуды ғана емес, сонымен  қатар оларды тиімді үйлестіру, өзара  толықтыру әдістерін табуды талап  етеді. Ең жаңа техника нашар ұйымдастырылған  өндірісте күтілген нәтижені бермейді, ұйымдастыру үшін менеджмент деңгейі маңызды орын алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРІ

 

  1. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. – Егемен Қазақстан – 2006жыл, 2-наурыз 
  2. Н.Назарбаев. Инвестициялық тартымдылық – бәсекеге қабілеттілік қасиеті . //Егемен  Қазақстан 2006 ж. - 9 маусым
  3. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 ж. 17 мамырдағы N 1096 Жарлығы. Астана,2004. Источник: справочная правовая система ЮРИСТ.
  4. Бердалиев К.Б "Қазақстан экономикасын басқару негіздері" Алматы-2001
  5. Волков О.И,Скляренка В.К "Экономика негіздері" Алматы-2003
  6. Уолл Н., Маркузе Я., Лайн Д. «Экономика и бизнес А-Я». Москва: «Файр-пресс»-1999г.
  7. Мамырова Н.К "Экономика теория негіздері" сөздік Алматы-2004
  8. Жолдасбаева Г.Ө "Көсіпорын экономикасы" Алматы-2009
  9. Қалдыбаев О,Темірбаев А "Көсіпорын экономикасы" Алматы-2010                                         
  10. Мейірбеков А.Қ,Әлімбетов Қ.Ә "Көсіпорын экономикасы" Алматы-2008
  11. Оқаев Қ.О,Дюнова Е.М "Нарық жағдайындағы өнеркәсіп кәсіпорын экономикасы"Алматы-2006
  12. Дүйсенбаев К.Ш. «Ұйым қаржысы» Алматы: «Экономика» -2002 
  13. Оразалин Қ.Ж "Көсіпорын экономикасы" Алматы-2004
  14. Сейітқазиева А.М және басқалар "Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеті"Алматы-2006
  15. Сабырова Р.Қ "Көсіпорын экономикасы" Алматы-2004

 

 

 

 

 


 



Информация о работе Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы