Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2013 в 13:45, курсовая работа
Экономикалық жүйенің өзгеруі экономиканың негізгі өндірістік субьекті-кәсіпорынның іс-әрекетіне әсер етпей қоймайды. Сонымен қоса, шаруашылық механизімінің өзгеруінің негізгі субьектісі, экономика транформациясының басты және қозғаушы күштерінің көзі кәсіпорын болып табылады. Өтпелі кезеңнің бір ерекшелігі - ескі қағидалар өз күшін жоймаса да іске аспайды, ал жаңа экономикалық ережелер экономиканың басты факторларының ішінде басым орын ала алмайды. Бұл жағдай Республика Президентінің 2007 жылғы 28 ақпанындағы Қазақстан халқына Жолдауында ерекше айтылады: «Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді. Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы, қол жеткіземіз».
КІРІСПЕ______________________________________________________2
І. I.ӨНЕРКӘСІПТІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1.Өнеркәсіптің қаржылық есебін талдау____________________________5
II.ӨНДІРІСТІК ҚУАТТЫЛЫҚТЫ ҚОЛДАУДЫҢ ТАЛДАУЫ ЖӘНЕ ЕСЕБІ
2.1. Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы______________7
2.2.Өндірістік қуаттылықты қолдаудың экономикалық тиімділігіне әсер ететін факторлар_______________________________________________________11
2.3.Өндірістің қуатылығын қолдаудың экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері____________________________________________________12
2.4.Инновация - өндіріс тиімділігін жоғарылатудың негізі_______________16
ҚОРТЫНДЫ____________________________________________________19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ_______________________ 22
Өндіріс тиімділігі материалдық құндылықтардың өндіріс үрдісіне жататын, экономикалық жүйенің нақты қызметінің экономикалық тиімділігінің нақты құрамдас бөлігі. Барлық мемлекет шеңберінде қарастырғанда өндіріс тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігімен аталады.
Экономикалық тиімділік экономикалық жүйенің әр деңгейінде пайдалы соңғы нәтиженің пайдаланылған ресурстар көлеміне қатынасы ретінде, еңбек өнімділігі, қор қайтымдылығы, табыстылық, шығындардың қайтарымдылығы және т.б көмегімен өлшенеді.
Біздің ойымызша, өнеркәсіптік өндірістің экономикалық тиімділігі – кәсіпорын әзірлеген стратегияға тәуелді экономикалық категория. Ол стратегия кәсіпорынның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қысқа, орта және ұзақ мерзімді нәтижелерге сүйенеді. Сонымен қатар өндірістің экономикалық тиімділігі нарықты экномиканың шешімді категориясына жатады. Барлық түрде экономикалық өндіріс тиімділігі екі мөлшердің қатынасын көрсетеді – ол шаруашылық қызмет нәтижесі және өндіру шығындары. Ең басты - нарықты қызметтің нәтижесі, ол салынған капиталдан максималды табыс алу. Табыс мен шығындардың қатынасы. Өндіріс тиімділігін көтерудің қолайлы жолы нарықта.
Өндіріс тиімділігі кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесімен анықталып, ұйымдастыру, басқару қызметінің деңгейін көрсетеді. Сондықтан оны арттыру негізгі мақсат бұл мына шаралар арқылы жүзеге асады:
- өндірістің технологиялық базасын дамыту;
- өндірістегі инновоция;
- өндірістік шығындардың
экономикалық тиімділігін
- инвестициялық саясатты оңтайландыру,
- өндірістік жүйенің құрылымын жетілдіру.
Өндірістің тиімділігі
өндірістік шығындарды
- өндіріс үрдісінің барлық кезеңдерінде материал, еңбек және қаржы ресурстарының жүйелі үнемін жүзеге асыру ;
- төмендетілуі тиіс шығындардың түрін талдау; бірнеше шығындар түрінің есебін жүргізіп, олардың төмендетілуіне бақылау жасау;
- жұмысшылардан үнемдеу ұсыныстарын алу;
- шығындардың әр элементінің жағдайын жүйелі бақылау;
- ұсынылған жаңа
әдістерді әзірлеу, олардың
Өнімділікті жоғарылату - өнімді немесе еңбекті өзгерту процесін басқару мен араласудың нәтижесі. Төменде келтірілген шарттардың кез келгені орындалатын болса, онда өнімділік өседі:
Осылайша, өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру әр кәсіпорын үшін маңызды мақсат болып табылады. Ол мақсаттың орындалуы әр – түрлі факторларға байланысты. Оларды келесі бөлімшеден кеңірек қарастырамыз.
2.2.Өндірістік қуаттылықты қолдаудың экономикалық тиімділігіне әсер ететін факторлар
Өндіріс тиімділігін басқару – оның тәуелді болатын факторларын мақсатты әсер ету. Кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелері, өндіріс тиімділігін арттыру факторларның мағынасын менеджерлер қаншалықты дұрыс бағалағандығымен анықталады.
Өндіріс тиімділігінің факторлары - өндіріс нәтижелеріне және шығындарына әсер ететін жағдайлар /13/. Олар келесілер:
- ҒТП – тің жеделдеуі, ең алдымен, кәсіпорынға бәсекелестік күресте төтеп беріп, сапаның жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін жаңа жетістіктерді игеру;
- өндірісті құрылымдық және ұйымдастырушылық қайта құру, мамандану және кооперацияның оңтайлы жүйесі;
- басқару әдістері мен жүйесін жетілдіру;
- өндірістің жетілдіруі және
дамуының әлеуметтік
- халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын пайдалану.
Факторлардың маңыздылары және маңыздылығы төмені, обьективті (материалды) және субьективті (саяси, құқықтық, идеологиялық), қысқа және ұзақ мерзімділері болады. Факторлар өндіріс тиімділігіне әсер ету сипатына қарай ішкі және сыртқы орта факторлары деп бөлінеді. 1 қосымшада өндіріс тиімділігіне әсер етуші факторлардың жіктелуі көрсетілген.
Ішкі орта факторларына кәсіпорын өзінің алдына қойған мақсаттары мен міндеттері, қаржы ресурстары, инвестициялар, өнім сапасы, өндірістік және ұйымдық құрылымдар, технология, басқару деңгейі және шешім қабылдау әдістері, персонал, оның арнайы және технологиялық білімдері, корпоративтік мәдениет және т.б. жатқызамыз. Ішкі факторлар негізі және негізі емес болып бөлінеді. Негізгілеріне өндірістік және өндірістік емес факторлар жатады. Негізгі еместеріне тиімділік көрсеткіштері мәнімен тікелей байланысты емес, бірақ кәсіпорын қызметінің нәтижесіне әсер ететін факторлар жатады. Мысалы, шаруашылық, қаржы және технологиялық тәртіптің бұзылуы. Бәсекелестік артықшылық тарапынан ең маңызды ішкі фактор болып корпоративті мәдениет саналады.
Көптеген кәсіпорындар жабдықтаушылармен тығыз әріптестік орнату арқылы өнім сапасын арттырып, үнем жасап, жаңа нарықтарға жедел шығуға мүмкіндік алуда. Бәсекеде жеңіп шығу үшін тұтынушыларға көп көңіл бөліп, оларды тарту және ұстап қалудың жаңа әдістерін ойлап табу қажет. Еңбек нарығы кәсіпорынға жұмысқа алынуы мүмкін адамдар құрайтындықтан, олардың біліктілік деңгейінің жоғары болуы тиімділікті арттыруға тікелей әсер етеді.
Қорытындылай айтқанда,
өндіріс тиімділігін арттыру
жолдарын қарастыру әр
Осыны жүзеге асырудың нақты дәлелі болып өндірістің тиімділігін бағалаудың экономикалық көрсеткіштері табылады.
2.3.Өндірістің қуатылығын қолдаудың экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері
Экономикалық тиімділік деңгейі екі өлшем - экономикалық тиім (нәтиже) және өндіріс шығындарын салыстыру арқылы айқындалады. Экономикалық тиім көрсеткіштері қандай шығындар және ресурстар құнымен экономикалық нәтиже алынғанын көрсетеді.
Экономикалық тиімділік жалпы (абсалютті) және салыстырмалы деп ажыратылады .
Жалпы тиімділік шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде (сала, кәсіпорын, ұйым, капиталды құрылыс объектісі) анықталып, тиімділіктің жалпы шамасын анықтайды.
Салыстырмалы тиімділік - белгілі-бір өндірістік-шаруашылық
міндетті шешу үшін екі немесе бірнеше
нұсқадағы технико-экономикалық көрсеткіштерді
салыстыру арқылы есептеледі. Бұлұтымды
нұсқаны таңдау, оны
басқалармен салыстырғанда
технико-экономикалық,
Өндірістің экономикалық тиімділігінің жалпы шамасын анықтайтын көрсеткіштерге кеңірек тоқталайық.
Өндірістің экономикалық
тиімділігін анықтағанда
Өндірістің экономикалық тиімділігі мына көрсеткіштер арқылы айқындалады:
1. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігі (қор қайтарымы және қор сыйымдылығы)
2. Инвестициялардың тиімділігі ( капитал қайтарымы және капитал сыйымдылығы)
3. Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігі ( еңбек өнімділігі, еңбек сыйымдылығы)
4. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігі (материал қайтарымы, материал сыйымдылығы)
5. Шаруашылық қызметінің жалпы тиімділігі ( пайдалылық )
Өндіріс және өндірістік құрлым – бұл қоғамның өмір сүруі мен дамуына қажетті материалдық игіліктерді жасау үдерісі. Өндіріс мазмұнын анықтайтын еңбек әрекеті келесі үш кезеңнен тұрады:
Материалдық өндіріс өнімі – табиғат пен еңбек заттарының бірігуінен түзілетін материалдық игілік.
Кәсіпорын – экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және қызметкерлер мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз – өндірістік-техникалық , ұйымдастыру- әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін , әр түрлі қызметтерді көрсету арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.
Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады. Сыртқы ортаға–экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және техникалық жағдайлар жатады. Ішкі ортаға – еңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг және т.б. жатады.
Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты – бәсекелесуге қабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығынмен барынша көп пайда табу негізінде сұранысқа ие және бәсекелесуге қабілеті бар өнім шығару.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның функциялары мыналар:
Қазіргі заманғы өндірістің басты мазмұны – өндірісті автматтандыру арқылы ғылыми-техникалық өзгерістер жағдайында даму.
Ұтымды өндірістік құрылымды құру келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
Өндіріс бөлімшелеріне цехтар, телімдер мен зертханалар жатады, оларда негізгі өнім, жабдықтаушы өнімдер, материалдар мен жартылай өңделген өнімдер, пайдалану үдерісінде өнімге қызмет көрсету және жөндеуге қажетті көмекші бөлшектер, бақылау - тексерулерден, сынақтардан өтеді, технологиялық мақсатқа әр түрлі энергияны пайдаланады.
шұғылданатын оқу орындары кіреді.
Кәсіпорын ішінде негізгі өндірістік құрылымдық бірлігі болып цех саналады. Цех –жалпы өндірістік үдерістің белгілі бір бөлігін орындайтын , әкімшілік қатынастағы жеке буын.
Цехтар толық құқылы бөлімше болып табылады, олар өз қызметін шаруашылық есеп қағидалары негізінде жүзеге асырады. Цехтар , әдетте, төрт топқа бөлінеді: негізгі, қосымша, көмекші, қосалқы.
Негізгі цехта сатуға және өндіріс ішінде тұтынуға арналған өнім дайындау операциялары өтеді. Негізгі цехтар дайындаушы, өңдеуші және құрастырушы болып бөлінеді.
Дайындау цехына құйма, ұсталық-штамптаушы, ұсталық-престеу, кейде конструкцияларды дәнекерлеу цехтары жатады;
Өңдеу цехына – механикалық өңдеу, ағаш өңдеу, қыздыру арқылы өңдеу, гальваникалық, бояу және бөлшекті мәнерлеп жасау цехтары; құрастыру цехына –өнімді агрегаттық және соңғы жинау , бояу, қосалқы бөлшектер мен алмалы-салмалы жабдықпен жабдықтау цехтары кіреді.
Цехтар құрамына негізгі және қосымша өндірістік телімдер кіреді.
Негізгі өндіріс телімдері технологиялық немесе заттық қағида бойынша құрылады. Технологиялық мамандану қағидасына сай ұйымдастырылған телімдерде белгілі бір түрдегі технологиялық операциялар орындалады.
Қосымша телімдерге механикалық өңдеу және энергетикалық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі бас механик пен бас энергетик бөлімдері жатады; сонымен қатар қайрау шеберханасымен бірге құрал үйлестіру қоймасы, көлік қызметі, технологиялық жабдықтарды жөндеу және ақаусыз күйде ұстау шеберханасы да кіреді.
Информация о работе Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы