Нарықтық шаруашылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 19:58, реферат

Краткое описание

Қазіргі заманғы нарық шаруашылығының қалыптасуы бірнеше кезеңнен өтті. Бірінші кезең – қарапайым тауарлық өндіріс. Тауар өндірісі жетістігінің ең жоғарғы деңгейінің дамуы капиталдың алғашқы сатысын құрайтын және оның екі жағын қосатын, алғашқы капиталдың жинақталу үдерісіндегі өндірістің капиталистік әдісінің бекітілуімен байланысты:
Өндіріс құралдарының барлығынан айрылған, жекелей бос адамдарды өндіруші көпшілікке айналдыру. Бұл үдеріс рынокта жаңа тауар – адам күшінің пайда болғанын көрсетеді;
Ақшалай байлық пен өндіріс құралының аз адамнын қолына жинақталуы;

Прикрепленные файлы: 1 файл

нарыктык шаруашылык.docx

— 42.88 Кб (Скачать документ)

Қазақстандағы рынок инфрақұрылымының қалыптасу  проблемалары:

  1. Оны қайта бөлу мүмкіндігі күшіне орай, ірі меншік  иелерінің тарапынан кедергі болуына байланысты қор  биржасының дамымай қалуы.
  2. Тікелей өндіруші-сатушыға пайдасыз, тауарлық биржаның дамымай қалуы нәтижесінен тауарларға өте төмен бағаның қойылуы.
  3. Жұмыс орнын қамтамасыз ету шарасындағы нашар жұмыс пен жұмыссыздыққа берілетін жәрдемақының болмауынан еңбек биржасының дамымай қалуы.
  4. Жолдардың дамымауы, заманға сай қойма орындарының, сауда үйлерінің аз болуы.
  5. Коммерциялық банктердің кредит ресурстарының нашар қайтарылуына байланысты жұмыстарының тұрақсыздануы және т.б.

 

   3.  Сауда және бәсеке рыноктың элементі ретінде: мәні, түрлері, құрылымы. Қоғамға нақты өндіріс аясынан басқа тауарды тұтынушыға дейін жеткізуді іске асыратын қызметтердің жиынтығы қажет.    

Өнімнің өндірушіден тұтынушыға қарай қозғалысымен байланысты экономикалық қызмет ету аясы айналыс сферасы деп аталады.    

Айналыс сферасында өнім сатушыдан сатып  алушыға өтеді, яғни меншік иесін  ауыстырады. Тауардың бірінші иесі, оны сатушы мен екінші иесі, сатып  алушының  арасында туындайтын тауарлы-ақша қатынастарының  делдалы немесе агенті САУДА болып табылады.    

Сауда – бұл тауар айырбасы мен сату және сатып алу актісін іске асыру жөніндегі адамдардың қызметі. Сату-сатып алу операциялары өнімді тудырмайды, олар тек тауарды өткізудегі қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру. Бұл жағдай осы қызметті қызмет көрсету аясына жатқызуға мүмкіндік туғызады.     

Отандық экономикалық ғылымда сауда қызметтерін негізгі және толықтаушы деп бөледі.    

Негізгі сауда қызметтеріне тауарды өткізуге, жарнамаға, сатушы сұранысын зерттеуге, тауарды жәрмеңкелерде, аукциондарда көрсетуге байланысты қызметтер жатады.     

Толықтаушы сауда қызметтеріне өндіріс процесінің айналыс сферасындағы жалғасуымен  – тасымалдауға, сорттауға, тауарды сақтау және орауға байланысты қызмет көрсетулер кіреді.    

Сауда қызметін жүзеге асыру үшін капитал қажет. Оның алғашқы формасы– жеке сауда қызметі болып бөлініп шыққан кездегі үшінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің кезеңінде пайда болған көпестік капитал ұғымы жарияланады.    

Кейіннен көпестіктің  орнына сауда капиталы келді.    

Сауда капиталы - бұл айналыс сферасында қызмет ететін және өнеркәсіптік капиталдан ерекшеленген капитал.    

Бастапқы  кезеңде өнеркәсіпшілер тауарды өткізумен өздері айналысқан, ал олардан  сауда тауарларын құрумен рынокты зерттеу үшін қосымша шығындарды талап етті. Біртіндеп бұл қызметтер сауда кәсіпорындарына көшкен нәтижесінде сауда капиталы өнеркәсіптен ерекшеленіп дербес болды. Бұл процесс екі жақ үшін де пайдалырақ болды: өнеркәсіпші уақыты мен ақшасын үнемдейді, ал саудагер сату бағасы мен сатып алу бағасының арасындағы айырмашылық ретінде түскен сауда пайдасын алады.    

Қазіргі кезеңге тән сипаттама өзінің өткізу торын құра отырып өткізуді бақылау мақсатымен ірі компаниялардың өздерінің өнімдерін сатуын қолына алу процесі қайта бой көрсетті.    

Сауда нені сатумен ғана емес, қалай сатумен де сипатталады.    

Ұйымдастыру әдістері бойынша былай бөлінеді:

қолма-қол ақшаға сату;

нақты ақшасыз сату. Бұл  жағдайда рыноктың қажетті элементі бола отырып, сатып алушы үшін банк төлейді;

тауарды несиеге салу;

сатып алушының мүлкін кепілдікке ала отырып сату;

тауар айырбастау (бартер).    

Сату көлемінің белгісіне байланысты көтерме және бөлшек сауда деп бөлінеді. Олар бағамен де бөлінеді: тауарды көтерме сату бағасы бөлшек сатудан төмендеу болады.     

Сатушы үшін тауарды пайдалы  сату есебімен табыс алуға бағытталған  сауда қызметі коммерция деп аталады.    

Коммерцияның  өзегін сатып алумен ары қарай сату бойынша операциялар, яғни тауарды қайта сату құрайды. Табысты коммерция үшін екі негізгі шартты сақтау қажет:

тауардың сатып алу  бағасы, оны рынокта қайта сатуға болатын бағадан төмен болу керек;

тауарға деген сұраныс (төлем  қабілеттік) сатып алынған барлық тауарды оны алған кездегі  бағадан жоғары сату үшін жеткілікті болу керек.    

Сауда магазиндерде, аукциондарда, жәрмеңкелерде жүргізіледі.    

Магазин (фр. magazine – қойма, сақтау орны, қамба) тауарды сақтау және сату орны.    

Магазинде бөлшек сауда жүргізіледі. Бөлшек саудада көп ұсақ саудагерлері бар ірі сауда монополиялары кездеседі. Ірі саудалы монополияларға әмбебап және маманданған магазиндері, супермаркеттері бар сауда орталықтары жатады.    

Ұсақ  саударгерлердің – ларегі, палаткасы, лавкасы болады.    

Біркелкі  тауарларды өндіру аукциондар мен жәрмеңкелердегі  үлгілері бойынша көтерме сауда  жүргізуге мүмкіндік жасайды.     

Аукцион (лат. аuction – жұрт алдындағы сауда) – бұл тауарларды сатып алушылардың арасындағы жарыс жағдайында сату. Аукционның жеңушісі, тауарға деген құқыққа ие болушы болып ең жоғарғы баға ұсынған адамды атайды. Ішкімен қатар халықаралық аукциондар да жүргізіледі; мәселен, «Сотби» фирмасының өнер заттарын сату бойынша Лондонда  өткізіледі.     

Жәрмеңке (нем. Jahrmarkt – жыл сайынғы рынок) – бұл белгіленген уақытта белгілі бір орында мезгілімен оқтын-оқтын қызмет ететін ұйымдастырылған рынок.    

Жәрмеңкелер Европада орта ғасырларда ғана пайда болған және алғашқыда қауіпсіздік мақсатымен қамал мен монастырьдің сыртында өткізілген. Олар сауданың негізгі  формасы болып табылады.    

Сауда тауарларының бірқалыпты дамуына қарай  жәрмеңкелердің ролі төмендеді, қызметтері өзгерді. Жәрмеңкелер сатуға арналған өнімді көрсететін үлгілі коммерциялық көрмелерге айналды. Салалық, әмбебап, аймақты және халықаралық жәрмеңкелер болып бөлінеді. Жәрмеңкелерді жүргізу симпозиумдар мен ғылыми-техникалық конференцияларды ұйымдастырумен байланыстырылады. Ең ірі жыл сайынғы халықаралық жәрмеңкелер Парижде, Миланда, Торонтада, Иокагамде, Лейпцигеде, Венада сияқты қалаларда белгілі бір өнеркәсіп тауарлары немесе озық үлгілі техника, технология жүйелеріне байланысты өткізіледі.    

4. Биржа және банк – рыноктың буындары: қызметтің белгіленуі, түрлері және мазмұны. Биржа (лат. Burca - әмиян, кішкене қалта) рынокты ұйымдастыру, бақылау және реттеу формасы ретінде ХҮІ ғасырдан белгілі. Әлем бойынша бірінші болып 1531 жылы Антверпенде құрылған биржа табылады, оның ғимаратында «Барлық халық пен тілдердің, саудагер елдердің адамдары үшін» деген жазу болған.     

Биржа – бұл стандартты көтерме сауда рыногы немесе валютаны, бағалы қағаздарды және жұмыс күштерін сату-сатып алу операциялар рыногы.    

Сауда затына байланысты тауар, қор (валюта) биржалары және еңбек  биржасы болып бөлінеді. Тауар биржалары – бұл материалдық заттық объектілердің: шикізат, құрал, астық, металдардың ұйымдасқан рыногы. Бұндай биржалар мамандалған деп аталады. Әр түрлі тауарлар ұсынылған биржалар әмбебап деп аталады.    

Биржа тікелей сату-сатып алу орны емес, онда сауда келісім шарттары жасалады, сұраныс мен ұсыныстың негізінде  баға қалыптасады.     

Қор биржалары – бұл бағалы қағаз рыногы, әсіресе облигацияны белгіленген бағамен сату-сатып алу шарттары жасалатын рынок. Бағалы қағаздар саудасы аукциондық сату принципінде, яғни бағалы қағаздарды кім жоғары баға берсе, сол иемденуі бойынша жүргізіледі.    

Валюталық биржада валюталардың ірі партиялар саудасы жүргізіледі. Валюталық биржалар қор биржасының құрамына кіруі мүмкін.     

Қор биржаларында рыноктық баға белгіленеді, яғни бағалы қағаздардың биржалық курсы (котировка) акциялар мен облигациялардың рыноктық бағаларының номиналды құнына қатынасы арқылы анықталады.    

Еңбек биржасы арнайы тауар ретінде жұмыс күшін сату және сатып алу процесін ұйымдастырумен маманданған. Олар жалданушы мен жалдаушының арасындағы делдал ретінде сипатталады. Олардың қызметтері: жұмыссыздар мен кәсіпорындағы бос жұмыс орындарын есептеу; жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету, жұмысшылардың қайта дайындықтан өтуі мен біліктіліктерін жоғарылату.    

Биржалар  мемлекеттік және жеке формада ұйымдастырылады, көп жағдайда биржалар – акционерлік  қоғамдар болып табылады. Биржаның табысы тауарларды, валюталарды, бағалы қағаздарды сату құнының проценті, брокерлік орындарды сатудан түскен табыс және мекемелік салымдар арқылы жиналады.     

Биржалық  тәжірибеде келісім шарттарды мынадай  типтерге бөледі.

  • Форвордтық келісім шарт – бұл нақты тауармен жасалған келісім. Бұл жерде сатушының қолында тауары болу керек және келісімде көрсетілгендей, мерзімінде ұсынуы керек.
  • Опцион – бұл белгіленген баға бойынша тауарлар мен бағалы қағаздарды төлемге алынатын құыққа ие болу. Бұл құқықтар қайтадан сатылуы мүмкін, ол осы тауарларға және бағалы қағаздарға баға көтерілген кезде осы құқықтарды қайта сату арқылы пайда табуға мүмкіндік туғызады.
  • Хеджирлеу (ағ. hedge – сақтандыру) бағаның бірден ауытқуынан болатын жоғалтулардан сақтандыруды – қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Хеджирлеудің маңызы бір уақытта екі келісімді қамтиды: тауарды дереу жеткізуге келісім және белгілі мерзімнен кейін тауардың осындай партиясын сатуға қарсылық келісімдердің жасалуы жатады. Мақсаты белгіленген мерзімде сатып алу арқасында тез арад жеткізілген тауарларды сату кезіндегі бағаның өсуінен мүмкін болатын зияндардың орнын жабу болып табылады. Және керісінше мезгілінде сатып алынған тауарларды тез арада жеткізу жағдайында сату арқылы бағаның төмендеуінен болған шығындардың орнын толтырады.

 

    Биржада негізгі қызмет етуші тұлғалар брокер, маклер, дилер  «өгіз», «аю» қағидасымен қызмет атқарады.    

Брокер (ағ. broker – комиссионер) – клиенттерінің тапсырмасын және мүдделерін олардың атынан ұсынатын сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы делдал. Брокерлер өздерінің клиенттерінің атынан барлық келісімдерді: форвардтық, фьючерлік, опцион және хеджирлеуді жүргізуге құқықтары бар. Брокерлер жеке тұлғалар, брокерлік конторлар және толық брокерлерлік фирмалар болуы да мүмкін.

lign="justify">    Маклер (нем. makler) – бұл биржаның мүшелерінің арасындағы келісімдерді жасауды белгілейтін және сол үшін мадақтар – куртаж алатын биржалық сауданың қатысушысы. Көбінесе маклерлер келісім шарттарды жасауды негіздейтін биржалардың қызметкерлері болып табылады.    

Дилер (ағ. dealer) – тауарлар мен бағалы қағаздарды өз атынан және өз  есебінен сататын жеке және заңды тұлғалар. Дилердің пайдасы сатып алу бағасы мен қайта сату бағасының арасындағы айырмашылықпен анықталады.    

«Өгіз» - бұл тауардың бағасының көтерілуімен ойнайтын сауданың қатысушысы: тауарды белгілі бір уақытта кейіннен қымбатқа сату үшін сатып алады.    

«Аю»  - бұл бағаның түсуімен ойнайтын сауданың қатысушысы.    

Биржа бір жағынан рыноктық экономиканың инфрақұрылымына кіреді, екінші жағынан  – кәсіпкерліктің дербес формасы  болып табылады.     

Енді, банк туралы айтайық. Ең бірінші банктер  ежелгі шығыста      (б.э.д. ҮІІ-ҮІ ғғ.)  пайда болған. Банктік істің ары қарайғы дамуы антикалық, содан кейін орта ғасыр дәуірінен белгілі.    

Ең  бірінші осы заманғы типтік банкі  – ХҮ ғ.басында Генуядағы қасиетті Георгий Банкі болатын.    

Қазіргі кезеңдегі банктер жеке кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі және қарыз капиталдарын бөлу мен қорландыруды іске асырады. Олар несие берушілер мен қарыз алушыны байланыстыратын қаржылық делдалдар ретінде қалыптасты.    

Банктер бастапқыда төрт негізгі қызмет атқарған:

  1. несиедегі делдалдық;
  2. төлемдегі делдалдық;
  3. қор жинаулар мен ақшалай табыстардың таралуын жұмылдыру;
  4. айналыс құралдарын құру (банкнот, чектер және т.б.)

 

    Қазіргі әлемде банктік кәсіпкерліктің ең кең  тараған формасы коммерциялық банк. Коммерциялық банктер несиелік операцияларды  іске асырады. Несиелік операциялар активтік және пассивтік болып бөлінеді.    

Пассивтік операциялар ақшалай қор жинаулар мен табыстарды жұмылдыруды көздейді, олар үшін банк салымшыларға проценттер төлейді.    

Активтік  операциялар – несие беруді қамтамасыз етеді, банк ол үшін процент алады.    

Пассивтің негізгі саласы салымдар (депозиттер) бойынша ерекшеленеді. Олар екі категорияға  бөлінеді: шұғыл және талап етуге  дейінгі салымдар.    

Шұғыл салымдар – бұл ертерек бекітілген мерзімдегі депозиттер (ай, 6 ай, жыл  т.б.). Шұғыл салымдар проценттері талап етуге дейінгі салымдарынан жоғары келеді.    

Талап етуге дейінгі салымдар ағымдық  және мерзімсіз деп бөлінеді.    

Банк  шоғырланған қаражаттардан өз резервтерін  қалыптастыруы керек, яғни салымшылардың  бірінші талабы бойынша ақша беру үшін қолма-қол активтерді қалыптастыру керек. Банктер шұғыл салымдарға көбірек ынталанған.    

 

 

 

Қазақстан Республикасы білім  және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Психология-педагогика факультеті

Дефектология ІІ курс, І  топ 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Нарық шаруашылығының  жалпы сипаттамасы

                                                 

 

 

 

 

                                                  Орындаған: Сатбергенова П.Ж

                                                  Тексерген: э.ғ.к Догалова

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013

 

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Нарық қатынастар жүйесі ретінде  нарық қатынастарының субъектісі. Нарық  түрлері
  2. Рыноктық  тетіктердің элементтері. Рыноктың инфрақұрылымы
  3. Сауда және бәсеке рыноктың элементі ретінде: мәні, түрлері, құрылымы
  4. Биржа және банк – рыноктың буындары: қызметтің белгіленуі, түрлері және мазмұны

Қорытынды бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Экономикалық теория негіздері. Алматы, «Санат» 1998ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы білім  және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Психология-педагогика факультеті

Дефектология ІІ курс, І  топ 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Педагог қызметкерінің мүмкіншілігі шектеулі балаларды тәрбиелеуде алатын орны

 

 

 

Информация о работе Нарықтық шаруашылық