Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 20:24, реферат
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарушылар ортасында, экономикалық қалыптастырулардың бастапқы кезеңіндегі нарық, нарықтық механизм, экономикалық процестерге мемлекеттің араласуынсыз-ақ еліміздің шаруашылық жүйесін қайта теңгерілу жағдайын қажетті ахуалға келтіруге мүмкіндігі бар деген пікір орын алды. Алайда, шын мәніндегі нақтылық бұл ұғымның негізсіз екендігін көрсетті. Керісінше, экономика дамуының түбегейлі бетбұрысы кезеңінде айрықша айқын болды, Қазақстанның нарық қатынасының орнығуы жағдайында, мемлекет тарапынан экономикалық процестер мен шаруашылық субъектілеріне тиімді әрекет қажет.
Мемлекеттік реттеу тек тармақталған құралды кең қолдануды ғана емес, сондай-ақ көлік жиынтығын дамытудың аймақтық өзіндік белгілерінің болуын ескеруі қажет. ҚР жағдайында, бұл қажеттілік оның кең көлемді аймақтарының болуымен, аймақаралық айырмашылықтардың үлкен көлемімен ұғындырылады. Көлік жиынтығын дамытуда кейбір жеке аймақтардың айтарлықтай айырмашылықтарын айқындаушы факторлардың және осыған сәйкес мемлекеттік реттеу барысында қолданылатын құралдардың тізімінде, ең алдымен мыналарды бөліп алу қажет:
- табиғи-климаттық және географиялық жағдайлардың айырмашылықтарын;
- әлеуметтік-экономикалық
- табиғи қорлардың болуын, сондай-ақ олардың көлемін, сапасын және қолдану бағытын (ауылшаруашылық, орман, су, қазба және т.б.);
- аймақтың перифериялық немесе тереңдік жай-күйін, ондағы көлік коммуникацияларының қиып өтуін;
- өндірістік және мәдени инфрақұрылымын дамыту деңгейін;
- аймақ алаңдарын кенттендіру деңгейін;
- жүргізілетін нарықтық
Аймақтық көлік жиынтығының бастапқы негізгі орын алуы - бұл жергілікті деңгей екенін атап өткен жөн, яғни аймақтың көлік жүйесін, оның мемлекеттік билік органдары деңгейінде реттеу. Көлік жүйесін аймақтық деңгейде реттеудің басымды сипаты келесі бірқатар жағдайлармен айқындалады:
- аймақтың көлік жиынтығы аймақтық экономиканың маңызды буыны;
- әрбір аймақта көлік жүйесін дамытуда табиғи, экономикалық жағдайларға байланысты өзінің ерекшеліктері бар;
- аймақтық көлік жиынтығын
дамыту аймақтың әлеуметтік-
Осыған байланысты, көлік жиынтығын дамыту және қызмет етуін мемлекеттік реттеудің аймақтық құрамы болуы тиіс. Аймақтық көлік саясатын, нақты аймақтарда көлік жиынтығын дамыту бойынша мемлекеттік органның қызметі ретінде ұғынып, оның аумақтық ерекшеліктерін ескере отырып, өз қабілетін ұсыну үшін екі деңгейі болуы тиіс: орталық (мемлекеттік) билік органдарымен іске асырылатын ұлттық және Қазақстанның мемлекеттік билік органдарының субъектілерімен іске асырылатын аймақтық. Біріншісі, нақты аймақтарда көлік жиынтығын дамытуда жалпы халықтық саясатты реттеудің негізгі қағидаларын орындауды меңзейді. Екіншісі, аймақта орын алған әлеуметтік-экономикалық түйінді мәселелерді шешуге ықпал ететін осы саланың мүмкіншіліктерін айқындайтын, аймақтық көлік жиынтығын дамыту бойынша нақты іс-шараларды жергілікті деңгейде оңдеуді және жүзеге асыруды білдіреді. Мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыруға және өңдеуге негізделген колік жиынтығын мемлекеттік реттеу саясатының орындау, экономиканың - өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, сауда, құрылыс, туризм тәрізді басқа салаларын дамытуға бағытталған, мемлекеттік жалпы экономикалық саясаттың өзге де элементтерімен өзара тығыз әрекеттесуін алдын ала қарастыруы қажет. Бұл көлік жиынтығын дамытуға қолдау көрсету және мемлекеттік реттеудің нақты іс-шараларын, әдістерін, қағидаларын өңдеу, көлікті дамыту келешегі мен басымдылығын анықтайтын, ішкі және сыртқы факторлардың барлық жиынтығын жан-жақты есепке алуға және сараптауға негізделуі тиіс екенін білдіреді. Көрсетілген факторлардың ішінен мыналарды бөліп алуға болады:
1) ішкі: көлік жиынтығының мекемелерін дамыту деңгейі; ұсынылатын көлік қызметтерінің тізбегі; қолданыстағы көлік коммуникациясының желісін дамыту деңгейі; көлік жиынтығы мекемелерін кадрмен қамтамасыз ету.
2) сыртқы: табиғи-географиялық және климаттық жағдайлар; әлеуметтік-экономикалық жағдай; тауарлар мен қызметтердің өндірісін дамыту беталысы; мемлекет ішіндегі және халықаралық тауарлардың ағымын дамыту беталысы.
Жоғарыда көлік жиынтығының көпжақтылығын және күрделілігін ескере отырып, "мемлекеттік реттеу" мәніне және мазмұнына жүргізілген сараптаулар негізінде, "көлік жиынтығын мемлекеттік реттеу" ұғымына келесідей анықтама беруге болады. Көлік жиынтығын мемлекеттік реттеу мемлекеттік билік органдарының қызметін білдіреді, оның мақсаттары ел экономикасында көліктің орны мен рөлі туралы концептуальдік ұғыммен айқындалады және басымды бағыттарды анықтаумен, көлікті дамыту бағдарламаларын және тұжырымдамаларын өңдеумен және ұсынумен, көлік жиынтығының тиімді қызметіне қатысты құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық, кадрлық және ақпараттық шарттарды қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды іске асырумен тұйықталады. Мемлекеттік әсер етудің нақты тәсілдерін таңдау кезінде тек алға қойылған мақсаттардың сипатын, әрбір реттеу тәсілінің мәнін және өзіндік белгілерін, олардың құрылымдық бағыныстылығьш білу ғана емес, сондай-ақ шаруашылық құрылымының салалық және аймақтық өзіндік белгілерін, олардың даму беталысының мүмкіндіктерін ескеру маңызды. Бұл әрбір нақты жағдайда, көлік жиынтығын мемлекеттік реттеудің тиісті стратегиялық баламасына және тәсілдеріне таңдау жүргізу қажет екенін білдіреді. Бұл ретте дамудың кейбір жеке экономикалық керсеткіштерінде көлік факторларының есепке алынуына үлкен мән берілуі тиіс. Жалпы, көлік жиынтығын дамыту үшін қажетті жағдайларды жасау үшін елімізде немесе оның кейбір аймақтарында қолда бар потенциалды жүзеге асыру көбінесе мемлекеттік органдар күшінің сипатына, бағытына және қарқынына байланысты екенін айтуға болады. Осыған байланысты, көлікті дамытуға қолдау көрсету, реттеудің тексерілген мемлекеттік саясатын жүзеге асыру және өңдеу, оның жүйелі дамуының қажетті шарты болып табылады.