Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 20:24, реферат
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарушылар ортасында, экономикалық қалыптастырулардың бастапқы кезеңіндегі нарық, нарықтық механизм, экономикалық процестерге мемлекеттің араласуынсыз-ақ еліміздің шаруашылық жүйесін қайта теңгерілу жағдайын қажетті ахуалға келтіруге мүмкіндігі бар деген пікір орын алды. Алайда, шын мәніндегі нақтылық бұл ұғымның негізсіз екендігін көрсетті. Керісінше, экономика дамуының түбегейлі бетбұрысы кезеңінде айрықша айқын болды, Қазақстанның нарық қатынасының орнығуы жағдайында, мемлекет тарапынан экономикалық процестер мен шаруашылық субъектілеріне тиімді әрекет қажет.
Қазақстан Республикасындағы көлік саласын мемлекеттік реттеудің түйінді
мәселелері
Жакешова А., э.ғ.к., доцент
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарушылар ортасында, экономикалық қалыптастырулардың бастапқы кезеңіндегі нарық, нарықтық механизм, экономикалық процестерге мемлекеттің араласуынсыз-ақ еліміздің шаруашылық жүйесін қайта теңгерілу жағдайын қажетті ахуалға келтіруге мүмкіндігі бар деген пікір орын алды. Алайда, шын мәніндегі нақтылық бұл ұғымның негізсіз екендігін көрсетті. Керісінше, экономика дамуының түбегейлі бетбұрысы кезеңінде айрықша айқын болды, Қазақстанның нарық қатынасының орнығуы жағдайында, мемлекет тарапынан экономикалық процестер мен шаруашылық субъектілеріне тиімді әрекет қажет. Қазіргі танда нарықтық механизм, экономикалық дамудың бір ғана мүмкіндігі бар тиімді реттеудің тамаша механизмі ретіңде қарастырылмайды. Сонымен, мемлекеттік реттеу экономиканың бөліп алғысыз элементі болып табылады. Ол жалпы экономиканың қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ету және макроэкономикалық теңгерілімге қол жеткізу мақсаты арқылы қоғамдағы экономикалық процестерге мемлекеттік басқару органдарының ықпал етуін білдіреді. Мемлекеттік реттеуді, мемлекеттік құқық органдары іске асыратын заңнамалық, атқарушылық және бақылау сипатыңдағы мемлекеттік шаралар жүйесі ретіңде қарастыру қажет. Нарықтық экономикада мемлекет орындауы тиіс қызметтерді ескере отырып, оның реттеуші ықпалы келесідей бағыттармен жүзеге асырылады:
- шаруашылық қызметінің
негізгі нормаларын өңдеуге жән
- шаруашылық субъектілерінің қызметін құрумен және тоқтатумен байланысты әкімшілік қызмет;
- алдағы уақытта жалпы елдің, сондай-ақ оның жеке аймақтарының индикативтік жоспарларын және болжамдарын өңдеу кезінде оның өзгеру мүмкіндігі және экономикалық ахуалы туралы шаруашылық субъектілерін хабардар етуге байланысты ақпараттық қызмет;
- жалпыұлттық мақсатта ірі мекемелердің, аймақтық қалыптасулардың және салалардың қызметін реттеуге бағытталған реттеуші қызмет;
- қолданыстағы заңнаманың бұзылуын алдын алу мақсатында мекеменің ағымдағы қызметін бақылау.
Кез келген елдің экономикалық даму процестерінде, мемлекет ең алдымен билік құрылымы ретінде орын алуы тиіс, ол нарықта шаруашылық субъектілерінің жүргізілу тәртібіне қатысты ережелер белгілейді және нарықтық субъектілердің қызмет ету жағдайына қатысты ынталандыру механизмі мен өзінің міндеттемелік жазбаша өкімінің көмегімен әсер етеді. Бүгінгі күні экономиканың мемлекеттік реттеу қажеттілігі туралы тезис аксиома болып табылады. Бұл ретте, мемлекеттік реттеу осы немесе өзге деңгейде болса да, қоғамның өмір сүру қызметінің барлық саласын қамтуы, экономиканың барлық саласына, сондай-ақ көлік жиынтығына да қаты-сты болуы тиіс. Колік қызметін мемлекеттік рет-теу қажеттілігін қамтитын бірқатар факторлар бар. Бұл факторлар әртүрлі әлеуметтік-экономикалық процестерге, қоршаған ортаға көліктің әсер етуіне, қоғамның қауіпсіздігіне байланысты. Көліктің негізгі операцияларын келесідей реттеу қажет:
- көлік коммуникациялары бойынша қозғалыс қауіпсіздігінің мүддесінде;
- қоршаған ортаға көліктің жағымсыз әсер етуін төмендету және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында;
- көлік жүйесінің кабілеттілігінде экономикалық қауіпсіздікті сақтау мүддесінде ішкі және сыртқы тасымалдауға елдің қажеттілігін қамтамасыз ету, елдің экономикалық біртұтастығын қолдау.
Сонымен қатар көлік төтенше жағдайларды жою кезінде орталық буын болып табылады және елдің қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Кейбір жағдайларда көлік мекемелері нарықта монопольдік орын алады. Бұл көлік қызметтерін тұтынушылардың қызметіне монопольдік жағдайдың жағымсыз әсерін шектеу мақсатында, оның қызметін реттеу қажеттілігін тудырады. Көліктердің әртүрлерімен өзара алмасудың жоғары болуына байланысты, көлік нарығы бәсекелестік күресі тығыздығының жоғары болуымен ерекшеленеді. Көлік нарығында аралық бейне және ішкі бейне бәсекелестігінің үнемі өсуі әртүрлі субъектілердің өзара әрекеттесу және қызмет ету ережелерін сақтауға бақылау орнатуды меңзейді. Келік қызметінде қолданылатын инфрақұрылымды қалыптастыру, әдетте шығындардың жоғары болуымен байланысты. Бұл көлік инфрақұрылымы объектілерінің құрылысын салуды қаржыландыруда мемлекеттік қатысу қажеттілігін және жұмсалған мемлекеттік шығындарды тікелей немесе жанама өтелуі мақсатында, олардың қызмет етуін әрі қарай реттеуді көздейді. Көлік халықаралық өзара әрекеттесудің негізі болып табылады, мемлекеттік келісім қажеттілігін және олардың сақталуына әрі қарай бақылау орнатуды аддын ала айқындайды. Сонымен қатар, қазақстандық көлік мекемелерінде бәсекелестік қабілетінің жеткілікті деңгейде төмен болуы жағдайында, ішкі, сондай-ақ халықаралық көлік нарығында отандық тасымалдаушылардың қүқы мен мүддесін қорғау қажетгілігі туындайды. Ұлттық экономиканың инфрақұрылымдық бөлігі бола отырып, көлік бірмезгілде оны дамыту тұғыры ретінде орын алады. Бұл, мемлекет тарапымен жағымды экономикалық, занды және ұйымдастырушылық шарттарды қалыптастыру қажеттілігі көлік жүйесінің дамуын алдын ала айқындайды. Қазақстан Республикасында, оның аймақтарының кең көлеміне байланысты, көлік шығындары өнімдердің басым бөлігінің соңғы құны айтарлықтай үлкен шаманы құрайды. Бұл көлік саласында құнсыздану процесін үдетуші болады. Осыған байланысты, экономикалық ахуалдың түрақсыздық шартында, көлік қызметтерінің тарифтерін реттеу қажет. Жоғарыда көрсетілген факторлар көлік жиынтығының мемлекеттік реттелуінің негізгі мақсаттарын айқындайды:
1. Көлік жиынтығы қызметінің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету:
- аймақаралық экономикалық
- аймақтық жөне мемлекеттік мақсатты бағдарламардың іске асырылуына қолдау көрсету;
- экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тапсырмаларды шешуге қолдау көрсету.
2. Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету:
- халықтың белгіленген топтарының әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету;
- әлеуметтік маңызы бар
- көлікке қатысты тең құқықтан айыруды жою.
3. Шаруашылық қызметін үйлестіру:
- көлік қызметтері нарығының конъюктурасы, оны алдағы уақытта дамыту туралы деректер қорын өңдеу.
4. Бәсекелес ортаға қолдау көрсету:
- еркін бәсекелестіктің
- көлік жиынтығы субъектілерінің экономикалық еркіндігін және олардың қызметінің нарықтық ынталандырылуын қамтамасыз ету;
- монополизммен күресу;
- қатаң бәсекелестіктің
- кәсіпкерлік белсенділікті дамыту шаралары (қаржылық, салық);
5. Көлік жиынтығының мемлекеттік секторын басқару:
- мемлекеттік мекемелерді басқару;
- өзге де мемлекеттік меншікті басқару (құнды қағаздар, акция пакеттері, мемлекеттік несие қаражаттары).
6. Көлік жиынтығының қауіпсіз қызметін қамтамасыз ету:
- автокөлік құралдарын пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтауды қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны қорғау және табиғатты қолдану нормаларын сақтауды қамтамасыз ету.
7. Көлік жүйесінің сенімділігін қамтамасыз ету:
- көлік инфрақұрылымының және көлік құралдарының сенімділігін қамтамасыз ету;
- әртүрлі субъектілердің жұмысын тиімді басқаруды және үйлестіруді қамтамасыз ету.
Көлік жиынтығын мемлекеттік реттеудің осы көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу нәтижесі, ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру, яғни барынша жоғары мақсатты жүзеге асыруға ықпал етуі тиіс. Бұл ұйымдық құрылымдардың және реттеу әдістерінің жиынтығын ұғындырады, сондай-ақ келесі қызметтердің орындалуын қамтамасыз етеді:
- көліктің даму бағдарламаларын және статегияларын, қызмет жоспарларын және оларды іске асыру механизмдерін өндеуді қамту арқылы жоспарлау;
- көлік қызметін реттеу
- көлік жиынтығын реттеу
процесіне қатысушылардың
- жоспарланған даму
Қолданыстағы нақтылықты, оны жүзеге асырудың барынша ұтымды тәсілін ескере отырып, анықтау және ұйымдық құрастыру моделін таңдау көлік жиынтығын реттеудің тиімді жүйесін құрудың маңызды кезеңі болып табылады. Әлемдік және ҚР іс жүзіндегі тәжірибесі көлік жиынтығын мемлекеттік реттеу жүйесіне қатысты үйым-дық қүрастыру моделі барынша жан-жақты екенін көрсетеді. Алайда, тандап алынған ұйымдық құрастыру моделіне қатысы жоқ, іс жүзінде, айтарлықтай барлық елдердің әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік органдарының қарамағында мыналар орын алған:
- көлік жиынтығын дамытудың мақсатты бағдарламаларын және стратегияларын өңдеу, басымдылықты анықтау;
- көлік кызметтерінің
- көлік инфрақұрылымын құру үшін мемлекеттік және жекеменшік секторының күштері мен қорларын үйлестіру;
- көлік жиынтығында жекеменшік инвестицияларын ынталандыру үшін жағдай жасау;
- көлік монополиясының
- көлік мекемелерінің
- көлік жиынтығының мекемелері және ұйымдары үшін кадрлардың кәсіби дайындық жүйесін ұйымдастыруға қолдау көрсету.
Іс жүзінде экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттарын жүзеге асыру әртүрлі тәсілдердің (мақсатты іс-әрекеттердің әдістері, үлгілері және тәсілдері) көмегімен қамтамасыз етіледі. Тарихи даму тәжірибесі, экономиканы мемлекеттік реттеудің тәсілдерін қолдану аясы үнемі кеңейтіліп отырғанын растайды. Бұл негізгі екі себептермен шартталған:
1. Халықшаруашылығының жиынтығы тәрізді экономика құрылымының үнемі күрделенуімен және көлемінің өсуімен.
2. Ұлттық экономиканың дамуына әсер ететін, көптеген алдын алу процесі күрделі факторлардың әрекетіне біріңғай қарау және алдын ала шешімін табу қажеттілігімен.
Осыған байланысты келесі екі тапсырманы шешу қажет: біріншіден, ұлттық экономика салаларын өзіндік белгілеріне сәйкес реттелетін, әрекет етуші тәсілдерді қолданудың барынша мәнді және сәтті комбинацияларын табу; екіншіден, экономика саласына тоғысқан, орын алуы мүмкін жағымсыз әсерлерді есепке алу. Экономика әдебиетінде экономиканы мемлекеттік реттеу тәсілдерінің жіктелуінің әртүрлі нұсқалары беріледі. Қолданыста барынша орын алған жіктелулер:
1. Субъектілердің басқару
шешімдерін қабылдау үрдісінде
мемлекеттің тікелей қатысу
2. Ұйымдық-институционалдық өлшем бойынша әкімшілік және экономикалық тәсілдер болып бөлінеді.
Тікелей әсер ету тәсілі мемлекет тарапынан келесідей реттеуді ұсынады, яғни бұл ретте экономиканың субъектілері, ерікті экономикалық таңдауға емес, мемлекеттің жазбаша өкіміне негізделген шешімге келуге мәжбүр. Жанама әсер ету тәсілінде мемлекет қабылданатын шешімге тікелей әсер етпейді, тек алғышарттарды ұсынады. Тікелей тәсілге субвенциялар, демеу қаржылар, мемлекеттік тапсырыстар, бағалар, инвестициялар және т.б.жатады. Жанама тәсілге - қаржылық, салық реттегіштері жатады. Әкімшілік тәсілдер тыйым салу, рұқсат беру және мәжбүрлеу шараларына бөлініп, мемлекеттік билік күшіне негізделеді. Экономикалық тәсілдер қаржы-несие қаражаттары және бюджеттік саясат болып бөлінеді. Әкімшілік иінтіректердің жиынтығы құқықтық инфрақұрылымды қамтамасыз етумен байланысты реттеуші іс-әрекеттерді қамтиды. Әкімшілік шаралар тыйым салу, рұқсат беру және мәжбүрлеу болып бөлінеді. Олардың қызметі - іскерлік жағдайда өмір сүру үшін тұрақты заңды жай-күйді қамтамасыз ету, бәсекелес ортаны қорғау, меншік құқын және экономикалық шешімдерді еркін қабылдау мүмкіншіліктерін сақтау. Институциондық шараларға мыналар жатады: мемлекеттік биліктің атқарушылық құрылымдарын қалыптастыру, экономикалық бағдарламаларды және болжамдарды дайындау, экономиканың түйінді мәселелері бойынша сараптау кеңестері және кеңесшілері институттарының қызмет етуін қамтамасыз ету, экономиканың түйінді мәселелері бойынша зерттеу орталықтарына, басқа да экономикалық акпарат институттарына қолдау көрсету. Көлік жиынтығында тікелей қолданылатын мемлекеттік реттеудің тәсілдерін сараптау кезінде, жоғарыда керсетілген тәсілдердің жіктелуімен қатар жалпы қабылданған әдістердің түрін біршама өзгертетін өзге тәсілдер ұсынылады. Атап айтқанда, реттеу әсерінің мағынасы бойынша көлік нарығын және көлік қызметін реттеу тәсілінің жіктелуі ұсынылады. Осыған сәйкес, реттеу тәсілдері үш топқа бөлінеді: нормативтік-құқықтық, экономикалық, жиынтықтық. Нормативтік-құқықтық жол қозғалысы ережелері, рұқсат берулер, квоталар, лицензияландырулар жатады. Экономикалыққа - салықтар, тарифтер, айыппұлдар, несиелер жатады. Бірмезгілде реттеудің нормативтік-құқықтық және экономикалық тәсілдерін қамтушы жиынтық тәсіл болып табылады. Мемлекеттік реттеу бойынша қолданылатын тәсілдерді үйлестіру көлік жиынтығы қызметінің барлық аясын қамтуы тиіс екені айқын - құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік, ғылыми-ағарту, экологиялық. Реттеудің осы бағыттарының әрқайсысы өзінің реттеу құралымен жүзеге асырылуы қажет.