Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 20:24, реферат
Сапалы экономикалық білім алу барысында «Микроэкономика» пәнін зерделеудің маңызы зор. Жеке экономикалық субъектілері қызметінің деңгейінде шаруашылық механизмінің жұмысын зерттеу микроэкономиканың пәні бола келе экономика теориясын зерделеу үдерісінде алған теориялық білімдерді бекітуге, ресурстардың (қорлардың) шектелген жағдайларында тиімді экономикалық ойлау дағдыларына ие болуға, соның негізінде осы салада өткізіліп жатқан мемлекеттік саясатты бағалауға мүмкіндік береді. Микроэкономика – динамикалы және қызықты ғылым, осымен қатар оны тәжірибелік бағыттылығы да айырады. Теория мен тәжірибе арасындағы байланысты көрсетіп, теориялық білімдерді практикалық есептер шығару барысында қолдануға мүмкіндік береді.
КІРІСПЕ
МИКРОЭКОНОМИКА ПӘНІ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯСЫ
1. Микроэкономика теориясының пәні
2. Микроэкономика методологиясы
Сұрақтар мен тапсырмалар
СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. Нарық – игіліктерді үлестірудің қоғамдық механизмі
2. Сұраныс және ұсыныс моделі (үлгісі)
3. Нарықтың тепе-теңдігі
4. Бағалардың мемлекеттік реттеуі
Сұрақтар мен тапсырмалар
СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ. САЛЫҚТАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ
1. Баға бойынша сұраныстың икемделігі. Сұраныстың айқас икемделігі
2. Табыс бойынша сұраныстың икемділігі
3. Ұсыныс икемділігі
4.Салықты тұтынушылар мен өндірушілерге үлестірудегі икемділіктің рөлі
Сұрақтар мен тапсырмалар
ТҰТЫНУШЫНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ТЕОРИЯСЫ
1.Пайдалылықты анықтаудың кардиналистік және ординалистік жолдары (тәсілдері)
2.Тұтынушының ұнатулары және талғаусыздық қисық сызықтары
3. Тұтынушының бюджеттік шектеуі
4. Тұтынушының тепе-теңдігі
Сұрақтар мен тапсырмалар
САЛЫСТЫРМАЛЫ СТАТИКА ЖӘНЕ СҰРАНЫС ТАЛДАУЫ
1. «Табыс – тұтыну» қисық сызығы және Энгельдің қисық сызығы. «Баға – тұтыну» қисық сызығы
2. Табыс әсері мен ауысу әсері. Слуцкойдың теңдеуі
3. Игілікті тұрмыстың, әл-ауқаттың өзгеруі. Нақты табыс индекстері
Сұрақтар мен тапсырмалар
ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ПЕН КАПИТАЛ ҰСЫНЫСЫ
1. Өндіріс факторлар нарығындағы үй шаруашылықтары. Еңбек ұсынысы
2. «Табыс – демалыс» моделі (үлгісі)
3. Капитал ұсынысы
Сұрақтар мен тапсырмалар
ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫ
1. Өндіріс пен технология. Өндірістік функция
2. Изокванта. Технологиялық ауысу нормасы
3. Қайтарымның кемушілік заңы. Ауқым әсері
Сұрақтар мен тапсырмалар
ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ
1. Шығындар. Шығындарды жіктеу
2. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары
3. Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар
4. Өндірушінің тепе-теңдігі. Изокоста
Сұрақтар мен тапсырмалар
БӘСЕКЕЛЕС ФИРМА ПАЙДАСЫНЫҢ КӨБЕЮІ
1. «Табыс» және «пайда» экономикалық категориялардың мәні
2. Нарық құрылымдардың түрлері (тұрпаттары)
3. Қысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес фирма. Бәсекелес фирманың пайдасын көбейту ережесі
4. Бәсекелес фирманың ұзақ мерзімді тепе-теңдігі
Сұрақтар мен тапсырмалар
МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПСОНИЯ. НАРЫҚ БИЛІГІ
1. Монополияға тән сипаттар
2. Монополист (алпауыт) пайдасының көбеюі. Қысқа мерзімді тепе-теңдік
3. Монополистің ұзақ мерзімді тепе-теңдігі
4. Монополияның қоғамдық шығындары. Монополия билігінің көрсеткіштері
5. Монополиялардың мемлекеттік реттеуі
Сұрақтар мен тапсырмалар
МОНОПОЛИЯ БӘСЕКЕЛЕСТІГІ
1. Монополия бәсекелестік нарығының сипаттамасы
2. Монополия бәсекелестігіндегі тепе-теңдік
3. Монополия бәсекелестігінің салдары
Сұрақтар мен тапсырмалар
ОЛИГОПОЛИЯ
1. Олигополия нарығы. Фирманың стратегиялық іс-әрекеті (мінез-құлқы)
2. Олигополия үлгілері
3. Бәсекелестіктің бағалық кемсітуі және бағадан тыс факторлары
Сұрақтар мен тапсырмалар
ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТАРЫ
1. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына деген сұраныс
2. Ұзақ мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына сұраныс. Тепе-теңдік
3. Монопсониялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары
4. Монополиялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары
Сұрақтар мен тапсырмалар
ЖАЛПЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
1.Жалпы тепе-теңдікті талдау. Бір адам экономикасының үлгісі
2. «Таза» айырбас экономикасының үлгісі. Эджворт диаграммасы
3.Өндіріс нәтижелілігінің үлгісі. Парето – нәтижелілік
4.Игілік, әл-ауқат экономикасының негізгі теоремасы
Сұрақтар мен тапсырмалар
СЫРТҚЫ ӘСЕРЛЕР – ЭКСТЕРНАЛИЯЛАР
1. Жиынтық және шекті сыртқы шығындар. Жағымды және жағымсыз сыртқы әсерлер
2. Коуз теоремасы. Мемлекеттің рөлі: түзету салықтары мен жәрдемақылар
Сұрақтар мен тапсырмалар
ҚОҒАМДЫҚ ИГІЛІКТЕР
1. Жеке және қоғамдық игіліктер. Қоғамдық игіліктердің бәсекелессіздігі мен қосылушылығы
2. Қоғамдық игіліктер сұранысы мен ұсынысының қисық сызықтары.Тепе-теңдік
3. Қоғамдық игіліктерді пайдалануға беру тәсілдері Сұрақтар мен тапсырмалар
СИММЕТРИЯЛЫҚ ЕМЕС (БІР-БІРІНЕ САЙ ЕМЕС) АҚПАРАТЫ БАР НАРЫҚТАР
1. Сапаның белгісіздігі
2. Нарық белгілері. Кепілдіктер мен міндеттемелер рөлі
3. Моральдік тәуекел. «Тапсырыс беруші – агент» мәселесі
Сұрақтар мен тапсырмалар
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
МИКРОЭКОНОМИКА ПӘНІ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯСЫ 1. Микроэкономика теориясының пәні 2. Микроэкономика методологиясы Сұрақтар мен тапсырмалар
СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ 1. Нарық – игіліктерді
үлестірудің қоғамдық 2. Сұраныс және ұсыныс моделі (үлгісі) 3. Нарықтың тепе-теңдігі 4. Бағалардың мемлекеттік реттеуі Сұрақтар мен тапсырмалар
СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ. САЛЫҚТАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ 1. Баға бойынша сұраныстың икемделігі. Сұраныстың айқас икемделігі 2. Табыс бойынша сұраныстың икемділігі 3. Ұсыныс икемділігі 4.Салықты тұтынушылар мен өндірушілерге үлестірудегі икемділіктің рөлі Сұрақтар мен тапсырмалар
ТҰТЫНУШЫНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ТЕОРИЯСЫ 1.Пайдалылықты анықтаудың кардиналистік және ординалистік жолдары (тәсілдері) 2.Тұтынушының ұнатулары және талғаусыздық қисық сызықтары 3. Тұтынушының бюджеттік шектеуі 4. Тұтынушының тепе-теңдігі Сұрақтар мен тапсырмалар
САЛЫСТЫРМАЛЫ СТАТИКА ЖӘНЕ СҰРАНЫС ТАЛДАУЫ 1. «Табыс – тұтыну» қисық сызығы және Энгельдің қисық сызығы. «Баға – тұтыну» қисық сызығы 2. Табыс әсері мен ауысу әсері. Слуцкойдың теңдеуі 3. Игілікті тұрмыстың, әл-ауқаттың өзгеруі. Нақты табыс индекстері Сұрақтар мен тапсырмалар
ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ПЕН КАПИТАЛ ҰСЫНЫСЫ 1. Өндіріс факторлар нарығындағы үй шаруашылықтары. Еңбек ұсынысы 2. «Табыс – демалыс» моделі (үлгісі) 3. Капитал ұсынысы Сұрақтар мен тапсырмалар
ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫ 1. Өндіріс пен технология. Өндірістік функция 2. Изокванта. Технологиялық ауысу нормасы 3. Қайтарымның кемушілік заңы. Ауқым әсері Сұрақтар мен тапсырмалар
ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ 1. Шығындар. Шығындарды жіктеу 2. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары 3. Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар 4. Өндірушінің тепе-теңдігі. Сұрақтар мен тапсырмалар
БӘСЕКЕЛЕС ФИРМА ПАЙДАСЫНЫҢ КӨБЕЮІ 1. «Табыс» және «пайда» экономикалық категориялардың мәні 2. Нарық құрылымдардың түрлері (тұрпаттары) 3. Қысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес фирма. Бәсекелес фирманың пайдасын көбейту ережесі 4. Бәсекелес фирманың ұзақ мерзімді тепе-теңдігі Сұрақтар мен тапсырмалар МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПСОНИЯ. НАРЫҚ БИЛІГІ 1. Монополияға тән сипаттар 2. Монополист (алпауыт) пайдасының көбеюі. Қысқа мерзімді тепе-теңдік 3. Монополистің ұзақ мерзімді тепе-теңдігі 4. Монополияның қоғамдық шығындары. Монополия билігінің көрсеткіштері 5. Монополиялардың мемлекеттік реттеуі Сұрақтар мен тапсырмалар
МОНОПОЛИЯ БӘСЕКЕЛЕСТІГІ 1. Монополия бәсекелестік нарығының сипаттамасы 2. Монополия бәсекелестігіндегі тепе-теңдік 3. Монополия бәсекелестігінің салдары Сұрақтар мен тапсырмалар
ОЛИГОПОЛИЯ 1. Олигополия нарығы. Фирманың стратегиялық іс-әрекеті (мінез-құлқы) 2. Олигополия үлгілері 3. Бәсекелестіктің бағалық кемсітуі және бағадан тыс факторлары Сұрақтар мен тапсырмалар
ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТАРЫ 1. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына деген сұраныс 2. Ұзақ мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына сұраныс. Тепе-теңдік 3. Монопсониялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары 4. Монополиялық билігі
бар өндіріс факторлар Сұрақтар мен тапсырмалар
ЖАЛПЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК 1.Жалпы тепе-теңдікті талдау. Бір адам экономикасының үлгісі 2. «Таза» айырбас экономикасының үлгісі. Эджворт диаграммасы 3.Өндіріс нәтижелілігінің үлгісі. Парето – нәтижелілік 4.Игілік, әл-ауқат экономикасының негізгі теоремасы Сұрақтар мен тапсырмалар
СЫРТҚЫ ӘСЕРЛЕР – ЭКСТЕРНАЛИЯЛАР 1. Жиынтық және шекті сыртқы шығындар. Жағымды және жағымсыз сыртқы әсерлер 2. Коуз теоремасы. Мемлекеттің рөлі: түзету салықтары мен жәрдемақылар Сұрақтар мен тапсырмалар
ҚОҒАМДЫҚ ИГІЛІКТЕР 1. Жеке және қоғамдық игіліктер. Қоғамдық игіліктердің бәсекелессіздігі мен қосылушылығы 2. Қоғамдық игіліктер сұранысы мен ұсынысының қисық сызықтары.Тепе-теңдік 3. Қоғамдық игіліктерді
пайдалануға беру тәсілдері Сұр
СИММЕТРИЯЛЫҚ ЕМЕС (БІР-БІРІНЕ САЙ ЕМЕС) АҚПАРАТЫ БАР НАРЫҚТАР 1. Сапаның белгісіздігі 2. Нарық белгілері. Кепілдіктер мен міндеттемелер рөлі 3. Моральдік тәуекел. «Тапсырыс беруші – агент» мәселесі Сұрақтар мен тапсырмалар
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
|
7
8
8 9 10
12
12 13 18 23 25
29
29
33 34 35
37
40 40
45
48 50 51
54
54
57 60
61
65
65
66 70 75
77 77 79 81 85
88 88 90 93 95 99
102
102 103 104
109 111 116
116 118
120 122
124 126
129 129 129 131 132
133 133
134 145
146
149 149
152
156
157
159
162 162
166
167 169 171
174 174
177
178
180 180
181
184 185
187
187 189 191
193
194 |
КІРІСПЕ
Сапалы экономикалық білім алу барысында «Микроэкономика» пәнін зерделеудің маңызы зор. Жеке экономикалық субъектілері қызметінің деңгейінде шаруашылық механизмінің жұмысын зерттеу микроэкономиканың пәні бола келе экономика теориясын зерделеу үдерісінде алған теориялық білімдерді бекітуге, ресурстардың (қорлардың) шектелген жағдайларында тиімді экономикалық ойлау дағдыларына ие болуға, соның негізінде осы салада өткізіліп жатқан мемлекеттік саясатты бағалауға мүмкіндік береді. Микроэкономика – динамикалы және қызықты ғылым, осымен қатар оны тәжірибелік бағыттылығы да айырады. Теория мен тәжірибе арасындағы байланысты көрсетіп, теориялық білімдерді практикалық есептер шығару барысында қолдануға мүмкіндік береді. Оқу-тәжірибелік құрал микроэкономика курсында дәстүрлі зерделеуге арналған негізгі мәселелерді қисынға сәйкес, дәйекті жүйелі түрде ашатын 17 бөлімдерден тұрады. Материалды баяндау барысында автор микроэкономика мәселелерін студенттер жеңілдікпен игеру үшін түсінерлік, тығыздық қағидаларды басшылыққа алды. Оқу құралының мазмұны «Микроэкономика» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес келеді. Экономикалық мамандықтарда оқитын студеттерге осы оқу-тәжірибелік құрал пайдалы болатындығына сенімдеміз.
МИКРОЭКОНОМИКА ПӘНІ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯСЫ
1. Микроэкономика теориясының пәні
Экономика теориясы кейнсиандықтан бұрын микроэкономика теориясы болған. Осы кезеңде макроэкономикалық ретінде жіктеуге болатын теориялар пайда болып, дамыған, барлық сол кездің зерттеулері жеке экономикалық субъктілердің қызметін зерделеуіне негізделген. Сонымен бірге, микроэкономика өзінің шын дамуына неоклассикалық экономикалық теориясының, ең алдымен, маржинализмнің үстемдігі кезеңінде жетті.
Неоклассиктердің экономикалық көзқарастар негізін тиімді (оңтайлы) ойлау мен экономикалық агенттердің (субъектілердің) мінез-құлқы, олардың әл-ауқатын жоғарылату, еркін бәсекелістік, өзін-өзі реттейтін нарық, мемлекеттің экономикаға кіріспеу қағидалары құрады. Әуелі ол баға теориясы, сонан соң – фирма теориясы, кейінірек – «микроэкономика» деп аталды. 1937 жылы шыққан Дж.М.Кейнстің «Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы» деп аталатын кітабы макроэкономикалық мәселелерді зерттеуге шақырды. Макро- және микроэкономиканы бір-біріне қарсы қоюға болмайды, өйткені экономика теориясы бөлімдерінің пәні бірдей: игіліктерді өндіру, үлестіру, тұтыну бойынша заңдылықтар мен адамдардың қызметімен байланысты қатынастарды зерделеу, шексіз қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатымен шектелген қорларды тиімді пайдалану жолдарын іздеу. Бұл жағдайда бөлімдердің әр қайсысы осы мәселеге өз тұрғысынан келеді. «Экономикс» авторлары К.Р. Макконелл мен С.Л. Брю айтқандарын сәл өзгертсек; «Егер микроэкономика ағашты зерттесе, макроэкономика – орманды зерттейді», – деп айтуға болады.
Микроэкономиканың зерделеу пәні – жеке экономикалық субъектілердің қызметі болып табылады. Нарық экономикасы жағдайларында олар, бір жағынан, сатып алушылар (тауарлар мен қызмет етуге ие болатын тұтынушылар; өндіріс факторларын еңбек пен капиталды сатып алушы фирмалар), екінші жағынан – сатушылар (тауарлар мен қызметтерін сататын фирмалар, жалданатын қызметкерлер мен ресурстар (қорлар) иелері). Олар өндіріс факторлар нарығында қорларды сатады. Сонымен, сол субъектілер бірдей (бір мезгілде) сатушы да, сатып алушы да болады. Олардың өзара қатынастар барысында (үдерісінде) нарық пайда болады – айырбас, ауыстыруды іске асыратын сатушылар мен сатып алушылар жиынтығы. Әр айырбас қатысушы өз әл-ауқатын жақсартуға тырысады: сатушы – табысты көбейтуге, сатып алушы – пайдалылықты өсіруге.
Экономикалық агенттердің қызме
2. Микроэкономика методологиясы
Микродеңгейдегі (солай макродеңгейдегі де) экономикалық талдау оң немесе нормативті тәсілді үйғарады. Оң талдаудың мәні мынада: ол сипаттайтын болып келеді, яғни нақты болып жатқан экономикалық құбылыстардың зерделеуін, олардың себеп-салдар байланыстарын жобалайды.
Нормативті талдау – бұл үдерістер мен құбылыстар қандай болу керек екені жөніндегі бағалау пікірлер, ол мақсаттық нұсқамаларды дамытуға бағдар береді. Тұтастай алғанда, микроэкономика үшін экономика теориясына сияқты бірдей тану әдістері қолданады: формальды логика, диалектикалық логика, математикалық модельдеу. Осылармен бірге микроэкономикада келесі әдістер кең қолданады: шекті талдау, функционалды талдау, графикалық сызу әдісі, экономикалық-математикалық модельдеу.
Шекті талдау – маржиналистік теориясының негізгі әдісі. Бұл шекті (маржиналды) шамаларды және олардың динамикасын (өзгеріп, дамуын) зерделеу. «Шекті» деген терминді экономика теориясына маржинализм мектебінің өкілдері еңгізді. Олардың түсінігі бойынша «шекті» – «қосымша», «келесі» деген ұғымдарды білдіреді.
Функционалды талдаудың мақсаты – бір шамалардың екінші (басқа) шамалардан математикалық функциялар арқылы тәуелдігін тауып, зерттеу. Функциялардың графикалық бейнелеуі графикалық сызу әдісі болып табылады. Шамалардың бір бағытта өзгеруін көрсететін тура (оң) тәуелді графикта ұлғаймалы қисық сызық түрінде суреттеледі. Кері (теріс) – сәйкес төмен түсетін сызық бойынша.
Экономикалық-математикалық модельдеу әдісі нақты, шын объектінің сипаттарына ие жасанды объектінің модельдеуі мен талдауына негізделген. Экономикалық модельдеу мысалдары: сұраныс және ұсыныс моделі, кіріс (табыс) пен шығыс айналымының моделі, мультипликатор моделі, олигополия моделі және т.б. Осылардың біреуі де шын экономикалық өмірде болып жатқан процестер (үдерістер) жиынтығын бейнелемейді, бірақ осы нақты мәселенің зерттеушісін қызықтыратын дәл сол өзара байланыстар мен өзара тәуекелдіктерді табуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты модель (үлгі) ғылыми абстракция әдісін қолдануын үйғарады. Бұл әдіс – экономикалық құбылыстарда және үдерістерде негізгі, ең маңызды үрдістер мен ерекшеліктерді табу.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Талқылауға арналған сұрақтар
1. Микроэкономиканың зерделеу пәні не болып табылады?
2. Микроэкономиканың негізгі қағидаларының мәнін түсіндіріңіз: қажеттіліктер шексіздігі мен ресурстар (қорлар шектеулігі, ресурстарды (қорларды) қолданудың балама нұсқамалары (түрлері), экономикалық агенттердің оңтайлы тәртібі (мінез-құлқы)).
3. Микроэкономикада қандай әдістер қолданады? Олардың ерекшелігі неде?
4. Шекті талдау, функционалды талдау, графикалық сызу, математикалық модельдеу әдістерінің мәнін түсіндіріңіз.
Есептер, жаттығулар, тестілер
1. Жаңа стадион құрылысының балама шығындары – ол:
а) стадионды пайдалану нәтижесінде алынған кіріс (табыс).
б) оның күзеті мен басқа персоналына (қызметкерлер құрамына) жалақы төлеу
в) осы стадионның құрылысы үшін өндірісі тоқтатылған тауарлар мен қызметтердің бағасы
г) стадион кірістерінен (табыстарынан) төленетін салықтың нақты (шынайы) мөлшерінің өзгеруі
д) стадион құрылысының келесі жылғы бағасы
2. Туристік жорықтың балама шығындарына кіреді:
а) жиналу пунктіден (орнынан) үйге дейін жету үшін кететін шығын (жол шығыны)
б) туристік жорық кезінде кететін шығындар
в) осы уақыт ішінде алуы мүмкін болатын кіріс (табыс)
г) үйден жиналу пунктіне (орынға) дейінгі жол шығыны
д) туристік жорығы дайындығына кететін шығындар
3. Экономика теориясында «шекті» терминнің мағынасы:
а) экономикалық шаманың сәл өзгеруі
б) экономикалық шаманың шекті өзгеруі
в) экономикалық шаманың қосымша өзгеруі
г) экономикалық шаманың едәуір (айтарлықтай) өзгеруі
д) экономикалық шама өзгермейді
4. Экономикалық-математикалық модельдеу үйғарады:
а) шекті шамалар динамикасын зерделеу
б) математикалық функциялар арқылы экономикалық шамалар тәуелдігін зерттеу
в) экономикалық функцияларды графикалық бейнелеу
г) экономикалық құбылыстарды және үрдістерді төменнен жоғарыға дейінгі қозғалыста зерттеу
д) нақты, нағыз, шын объектінің қасиеттеріне ие жасанды объектіні модельдеу және талдау.
СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. Нарық – игіліктерді үлестірудің қоғамдық механизмі
Экономикалық әдебиетте «нарық» категориясының көптеген анықтамалары мен түсініктері бар. Қазіргі замаңғы түсініктің мәнін келесі анықтамада қорытындылауға болады: нарық – негізгі теңгеруші фактор ретіндегі баға механизмі арқылы өндіріс аясы мен тұтыну аясының өзара әрекеттігін қамтамасыз ететін қоғамдық өндірісін ұйымдастыру формасы (түрі). «Нарық экономика» түсінігі «нарық» түсінігінен кеңдеу: бұл экономикалық жүйеде ресурстарды (қорларды) басқару және оларды пайдалануын бақылау тек қана нарық механизмі арқылы жүзеге асырылады. Нарық механизмі – оның негізгі элементтерінің (ұсыныс, сұраныс, баға, бәсекелестік) жиынтығы болып табылады. «Айырбас» пен «нарық» деген түсініктер синонимдер еместігін атап өткен жөн. «Айырбас» – еңбек пен маманданудың қоғамдық бөлінуінің барын жобалайды, ал «нарық» – игіліктерді айырбас арқылы үлестіру механизмі. Ресурстарға жеке меншік нарық айырбасының негізі және міндетті шарты болып табылады. Нарық белгіленген міндеттерді атқарады (үлестіру, делдалдық, ақпараттық, сауықтыру, реттеу), олардың арасында үлестіру міндеті негізгісі ретінде есептеліп, экономикалық игіліктерді үлестіру нарық механизмі негізінде іске асырылады. Тәжірибе көрсеткендей, экономикалық тұрғыдан алғанда, дәл осындай үлестіру ең нәтижелі болып келеді. Сонымен бірге, нарық механизмі көптеген мәселелердің, ең алдымен, әлеуметтік әділдік мәселелерінің шешімін қамтамасыз етпейді, сондықтан оның түзету қажеттілігін ұйғарады. Жоғарыда айтылғандардың бәрі микроэкономиканың зерттеу пәні, енді тікелей нарық тепе-теңдігі моделін қарастырайық.
2. Сұраныс пен ұсыныс моделі (үлгісі)
Сұраныс – сатып алушы осы баға бойынша алуға дайын тауарлар саны. Сұраныс міндеті – тауарға сұраныс пен оның шамасы мен көлемін анықтайтын факторлар араларындағы тәуелділік. Оны мына түрде көрсетуге болады:
Qd = f (P, I, T, Ps, Pс, N), мұнда
Qd – тауарға сұраныс (guantity of demand)