Микроэкономика теориясының пәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 20:24, реферат

Краткое описание

Сапалы экономикалық білім алу барысында «Микроэкономика» пәнін зерделеудің маңызы зор. Жеке экономикалық субъектілері қызметінің деңгейінде шаруашылық механизмінің жұмысын зерттеу микроэкономиканың пәні бола келе экономика теориясын зерделеу үдерісінде алған теориялық білімдерді бекітуге, ресурстардың (қорлардың) шектелген жағдайларында тиімді экономикалық ойлау дағдыларына ие болуға, соның негізінде осы салада өткізіліп жатқан мемлекеттік саясатты бағалауға мүмкіндік береді. Микроэкономика – динамикалы және қызықты ғылым, осымен қатар оны тәжірибелік бағыттылығы да айырады. Теория мен тәжірибе арасындағы байланысты көрсетіп, теориялық білімдерді практикалық есептер шығару барысында қолдануға мүмкіндік береді.

Содержание

КІРІСПЕ

МИКРОЭКОНОМИКА ПӘНІ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯСЫ
1. Микроэкономика теориясының пәні
2. Микроэкономика методологиясы
Сұрақтар мен тапсырмалар

СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. Нарық – игіліктерді үлестірудің қоғамдық механизмі
2. Сұраныс және ұсыныс моделі (үлгісі)
3. Нарықтың тепе-теңдігі
4. Бағалардың мемлекеттік реттеуі
Сұрақтар мен тапсырмалар

СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ. САЛЫҚТАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ
1. Баға бойынша сұраныстың икемделігі. Сұраныстың айқас икемделігі
2. Табыс бойынша сұраныстың икемділігі
3. Ұсыныс икемділігі
4.Салықты тұтынушылар мен өндірушілерге үлестірудегі икемділіктің рөлі
Сұрақтар мен тапсырмалар

ТҰТЫНУШЫНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ТЕОРИЯСЫ
1.Пайдалылықты анықтаудың кардиналистік және ординалистік жолдары (тәсілдері)
2.Тұтынушының ұнатулары және талғаусыздық қисық сызықтары
3. Тұтынушының бюджеттік шектеуі
4. Тұтынушының тепе-теңдігі
Сұрақтар мен тапсырмалар



САЛЫСТЫРМАЛЫ СТАТИКА ЖӘНЕ СҰРАНЫС ТАЛДАУЫ
1. «Табыс – тұтыну» қисық сызығы және Энгельдің қисық сызығы. «Баға – тұтыну» қисық сызығы
2. Табыс әсері мен ауысу әсері. Слуцкойдың теңдеуі
3. Игілікті тұрмыстың, әл-ауқаттың өзгеруі. Нақты табыс индекстері
Сұрақтар мен тапсырмалар

ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ПЕН КАПИТАЛ ҰСЫНЫСЫ
1. Өндіріс факторлар нарығындағы үй шаруашылықтары. Еңбек ұсынысы
2. «Табыс – демалыс» моделі (үлгісі)
3. Капитал ұсынысы
Сұрақтар мен тапсырмалар

ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫ
1. Өндіріс пен технология. Өндірістік функция
2. Изокванта. Технологиялық ауысу нормасы
3. Қайтарымның кемушілік заңы. Ауқым әсері
Сұрақтар мен тапсырмалар

ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ
1. Шығындар. Шығындарды жіктеу
2. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары
3. Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар
4. Өндірушінің тепе-теңдігі. Изокоста
Сұрақтар мен тапсырмалар

БӘСЕКЕЛЕС ФИРМА ПАЙДАСЫНЫҢ КӨБЕЮІ
1. «Табыс» және «пайда» экономикалық категориялардың мәні
2. Нарық құрылымдардың түрлері (тұрпаттары)
3. Қысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес фирма. Бәсекелес фирманың пайдасын көбейту ережесі
4. Бәсекелес фирманың ұзақ мерзімді тепе-теңдігі
Сұрақтар мен тапсырмалар
МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПСОНИЯ. НАРЫҚ БИЛІГІ
1. Монополияға тән сипаттар
2. Монополист (алпауыт) пайдасының көбеюі. Қысқа мерзімді тепе-теңдік
3. Монополистің ұзақ мерзімді тепе-теңдігі
4. Монополияның қоғамдық шығындары. Монополия билігінің көрсеткіштері
5. Монополиялардың мемлекеттік реттеуі
Сұрақтар мен тапсырмалар

МОНОПОЛИЯ БӘСЕКЕЛЕСТІГІ
1. Монополия бәсекелестік нарығының сипаттамасы
2. Монополия бәсекелестігіндегі тепе-теңдік
3. Монополия бәсекелестігінің салдары
Сұрақтар мен тапсырмалар

ОЛИГОПОЛИЯ
1. Олигополия нарығы. Фирманың стратегиялық іс-әрекеті (мінез-құлқы)
2. Олигополия үлгілері
3. Бәсекелестіктің бағалық кемсітуі және бағадан тыс факторлары
Сұрақтар мен тапсырмалар

ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТАРЫ
1. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына деген сұраныс
2. Ұзақ мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына сұраныс. Тепе-теңдік
3. Монопсониялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары
4. Монополиялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары
Сұрақтар мен тапсырмалар



ЖАЛПЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
1.Жалпы тепе-теңдікті талдау. Бір адам экономикасының үлгісі
2. «Таза» айырбас экономикасының үлгісі. Эджворт диаграммасы
3.Өндіріс нәтижелілігінің үлгісі. Парето – нәтижелілік
4.Игілік, әл-ауқат экономикасының негізгі теоремасы
Сұрақтар мен тапсырмалар

СЫРТҚЫ ӘСЕРЛЕР – ЭКСТЕРНАЛИЯЛАР
1. Жиынтық және шекті сыртқы шығындар. Жағымды және жағымсыз сыртқы әсерлер
2. Коуз теоремасы. Мемлекеттің рөлі: түзету салықтары мен жәрдемақылар
Сұрақтар мен тапсырмалар

ҚОҒАМДЫҚ ИГІЛІКТЕР
1. Жеке және қоғамдық игіліктер. Қоғамдық игіліктердің бәсекелессіздігі мен қосылушылығы
2. Қоғамдық игіліктер сұранысы мен ұсынысының қисық сызықтары.Тепе-теңдік
3. Қоғамдық игіліктерді пайдалануға беру тәсілдері Сұрақтар мен тапсырмалар

СИММЕТРИЯЛЫҚ ЕМЕС (БІР-БІРІНЕ САЙ ЕМЕС) АҚПАРАТЫ БАР НАРЫҚТАР
1. Сапаның белгісіздігі
2. Нарық белгілері. Кепілдіктер мен міндеттемелер рөлі
3. Моральдік тәуекел. «Тапсырыс беруші – агент» мәселесі
Сұрақтар мен тапсырмалар

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Микро. о_у __ралы.doc

— 1.74 Мб (Скачать документ)

 

∆Х/∆Р = (∆Х/∆Р)сотр – Х(∆Х/∆I) мұнда:

∆Х/∆Р – бағаның өзгеру ықпалынан болған тұтыну өзгерістері;

(∆Х/∆Р)сотр – ауысу әсері;

Х(∆Х/∆I) – табыс әсері

 

3. Игілікті тұрмыстың, әл-ауқаттың өзгеруі. Нақты табыс индекстері

 

Тұтынушы артығы –  ол тауарға деген тұтынушы сұранысының  бағасы мен қалыптасқан тепе-теңдік баға бойынша тауар үшін төленген баға араларындағы айырма. Тұтынушы артығы қоғамдық әл-ауқаттың маңызды көрсеткіші болып табылады. Егер нарықтық сұраныстың қисық сызығын сатып алатын тауардан тұтынушы алайын деп тұрған шекті пайдалылықтар сомасының графикалық бейнелеуі ретінде көрсетілсе, тұтынушының артығы – сатып алынатын тауарлардың жиынтық шекті пайдалылығы мен оларды сатып алуға кеткен нақты шығындар арасындағы айырма. Тепе-теңдік бағалары белгіленген нарық тауарларды үлестіргенде сатып алатын тауарлардың жиынтық пайдалылығы ең жоғары болып келеді. Тепе-теңдік бағаны (Р1 – Р2 дейін) көтеретін тауар салығын енгізу ахуалын қайта қарайық (37 сурет).

                       


 

 

           P2

                    A         B

           P1

 

 

             Q2               Q1

37 сурет. Бағаның өзгеру ықпалымен тұтыну артықтарының өзгеруі

 

Тұтыну сәйкес Q1 – Q2 дейін қысқарады (азаяды). Тұтынушы шығыны А+В фигурасының көлемін құрайды, мемлекет табысы – А фигурасының көлемі. В үшбұрыштың көлемі – қоғамның қайтпайтын шығындары, олар «өлі жүк» деп аталады (deadweight loss). Осы мысал тепе-теңдік бағаның өсуі қалайша қоғамдық әл-ауқатты өзгеретінін жақсы көрсетеді. өкінішке орай, нарық экономикасында бағалардың өзгеру себептері әр түрлі болады. Мысалы, мемлекеттің араласу ықпалымен (салық енгізу жолы). Бағалар өзгеріп тұрған жағдайда тұтынушының ақшалай табысы өз сатып алу қабілеттілігін өзгертеді. Осыған байланысты сұраныстың өзгеруін толық талдау үшін белгіленген және нақты табыс көрсеткіштерін қарау қажет.

Белгіленген табыс – осы мерзімнің ағымдағы бағаларында көрсетілген табыстың ақшалай сомасы.

Нақты табыс – базистік, (өткен) мерзімнің бағаларымен көрсетілген, белгіленген табыс, яғни белгіленген табыстың сатып алу қабілеттілігі. Нақты табысты есептеу үшін белгіленген табысты бағалар индексіне бөлу керек:

Нақты табыс = белгіленген табыс / бағалар индексі

Экономика теориясында  ең кең таралған бағалар индекстері: Пааше индексі мен Ласпейрес индексі.

Пааше индексі – базистік (өткен) мерзімнің бағаларындағы ағымдағы тұтыну себетінің құнын бағалау ретінде есептеледі. Тұтыну себеті – тұтынудың оңтайлы деңгейін қамтамасыз ететін тұтыну заттар жиынтығы.

IP = ∑P1 X1/∑P0 X1 – Пааше индексі, мұнда

P0 – өткен жылы ағымдағы тұтыну Х себетіне кіретін тауарлар бағалары

P1 – ағымдағы жылы ағымдағы тұтыну X1 себетіне кіретін тауарлар бағалары.

 Ласпейрес индексі – ағымдағы мерзімде болған базистік тұтыну себеті бағаларының өзгеруі ретінде есептеледі:

IL = ∑P1 X0/∑P0 X0 , мұнда

P0 – өткен жылы негізгі тұтыну, X0 – себетіне кірген тауарлар бағалары;

P1 – ағымдағы жылы негізгі тұтыну себетіне кірген тауарлар бағалары.

 

Сұрақтар мен  тапсырмалар.

Талқылауға  арналған сұрақтар

 

  1. Салыстырмалы статика теориясы нені зерделейді?
  2. «Табыс - тұтыну» қисық сызығы қалай сызылатынын түсіндіріңіз.
  3. Энгельдің қисық сызығы дегеніміз не? Энгель заңы дегеніміз не? Тауарлардың әр тобы үшін Энгельдің қисық сызықтары өз пішінін қалай өзгертеді?
  4. «Баға – тұтыну» қисық сызығын салыңыз (сызыңыз). Графикті түсіндіріңіз.
  5. Табыс әсері мен ауысу әсерінің әрекетін түсіндіріңіз. Хикс пен Слуцкой тәсілдерінің айырмашылықтары. Слуцкой теңдеуін түсіндіріңіз.
  6. Бағалардың өзгеру ықпалымен тұтынушының әл-ауқаты қалай өзгереді?
  7. Белгіленген және нақты табыс дегеніміз не? Нақты табысты есептеу үшін қандай индекстер қолданады (пайдаланады)?

 

Есептер, жаттығулар, тестілер

 

1. Егер бір игілікке  баға өссе, онда

а) бюджеттік сызық жарыспалы, параллельді солға жылжиды

б) бюджеттік сызықтың еңкіштігі өзгереді

в) бюджеттік сызық  өзгермейді

г) бюджеттік сызық жарыспалы, параллельді оңға жылжиды

2. Барлық табысыңызды  Сіз 2 тауарды сатып алуға жұмсайсыз. Талғаусыздық қисық сызықтарын талдау арқылы 2 тауардың сапасыз еместігін көрсетіңіз.

3. Сапалы тауарлар көбірек тұтынады (сатып алынады), егер:

а) нақты табыстар өссе

б) нақты табыстар төмендесе

в) баға өссе

г) тұтынушының ұнатымдары өзгерсе

4. Кестеде келтірілген мәліметтер бойынша талғаусыздықтың қисық сызығын шығарыңыз (салыңыз):

А тауардың бірліктер  саны

В тауардың бірліктер  саны

1

10,5

2

7

3

5

4

3


Бюджеттік шектеу сызығын  салыңыз (сызыңыз): тұтынушы табысы 1250 құрайды, ал А және В тауарлардың бағасы 250 және 100. Пайдалылық ең жоғары болу үшін тұтынушы А және В тауарлардың неше (қанша) бірлігін сатып алу керек? Егер табыс 2000 жетсе, бюджеттік сызық қалай сызылады? (жаңа бюджеттік сызығын салыңыз). Егер табыс бұрынғы деңгейде қалып, А және В тауарлардың бағасы 2 есе өссе, бюджеттік сызық қалай өзгереді?

5. Егер А  тауардың бағасы азайса, ал В тауардың бағасы өзгермесе, тұтынушының бюджеттік сызығы қалай салынады (сызылады)?

а) бастапқы бюджеттік  сызыққа жарыспалы параллельді жылжиды

б) В тауардың өсін бойлай, осы өспен қиылысу нүктесін көбейту жағына жылжиды

в) А тауардың өсін бойлай осы өспен қиылысу нүктесін көбейту жағына жылжиды

г) бюджеттік сызығының  орны өзгермейді

6. А тауар үшін әр түрлі сатып алушылардың төлеу қабілеттілігі мына кестеде көрсетілген:

Сатып алушы

А

Б

В

Г

Д

Е

А тауардың шекті пайдалылығы  доллар

1800

1600

1400

1300

1100

1000


А тауардың нарықтық бағасы – 1300 доллар. Әр сатып алушының тұтыну артығы неге тең (қанша?). Жиынтық тұтыну артығы қанша? Егер 100доллар көлемінде тауар салығы енгізілсе, жиынтық тұтыну артығы қалай өзгереді?

7. Кестеде берілген көрсеткіштер (мәліметтер) бойынша Пааше мен Ласпейрес әдістерімен бағалар индекстерін есептеңіз:

Азық-түлік өнімдері

Наурыз

Көкек

бағасы

тұтыну

бағасы

Тұтыну

ұн

25

3100

30

3550

сүт

10

590

12

600


 8. Тұтынушының тепе-теңдігі графикте көрсетілген


  Y

 

24

 

              E1             

                                E2

 

 

           10     16       24         32        X

Y тауардың  бағасы 4 тең. Х тауар бағасының  төмендеу нәтижесінде тұтынушының  бюджеттік сызығы жылжып кетті,  оған сәйкес тұтынушы тепе-теңдігі де жылжиды (Е1 → Е2)

а) тұтынушының табысы неге тең (қанша?)

б) тауар бағасы қалай  өзгерді?

в) «баға – тұтыну» қисық сызығын салыңыз (сызыңыз).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ПЕН КАПИТАЛ ҰСЫНЫСЫ

 

1. Өндіріс факторлар  нарығындағы үй шаруашылықтары. Еңбек ұсынысы

 

Үй шаруашылығы –  ол тауарлармен қызмет көрсетуін  тұтынатын, кейбір жағдайларда оларды өндіретін экономикалық қызмет субъектісі немесе адамдар тобы. Табыстар мен шығыстар айналымының моделі (үлгісі) – экономика теория негізгі үлгісінің бірі – 2 негізгі экономикалық субъектілері – өндіруші (фирмалар) және тұтынушы (үй шаруашылықтары), тауар мен қызмет көрсету нарығы және қорлар нарығы арқылы жүзеге асырылатын өзара әрекеттестікті көрсетеді. Үлгіде сағат тіліне қарсы нақты тауар ағындарының қозғалысы көрсетілген. Үй шаруашылықтары қорлар нарығына өндіріс факторларын шығарады, олардың ішіндегі негізгілері еңбек (өндіріс үдерісінде пайдаланатын адамдардың ақыл-ой және дене қабілеттіліктері) және капитал (инвестициялар негізі болып келетін халық жинақтары), оларды фирмалар сатып алады. Сонан соң, өндіріс үдерісінде тауарлар мен қызмет көрсетулер пайда болады,олар тауарлар мен қызмет көрсету нарығына түсіп, тұтыну мақсатында үй шаруашылықтарымен сатып алынады. Кері бағытта тауар ағындарына қызмет ететін ақша ағындары жылжиды.

 

РЕСУРСТАР (ҚОРЛАР) НАРЫҒЫ

                  Шығындар                                                            Табыстар


                             

                             Ресурстар (қорлар)              Өндіріс

 факторлары

ФИРМАЛАР                                                ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫ

                        Тауарлар мен   Тауарлар мен

қызметтер  қызметтер

       Табыстар                                                                          Шығындар

ТАУАРЛАР  МЕН ҚЫЗМЕТТЕР

НАРЫҒЫ 

38 сурет. Табыстар мен шығындар айналымының моделі (үлгісі)

Сонымен, үй шаруашылықтары өндіріс факторларының негізгі  жеткізушілері болып табылады, осы  тақырыпта соны қарастырамыз, бірақ  тұтыну теориясы тұрғысынан. Әр жеке адамның қарамағында белгіленген уақыты бар (ол уақыт шектеулі, аптада 7-24 сағат). Осы уақыттың жартысында адам жұмыспен айналысады, жартысы – бос уақыты. Жеке адам бос уақыттан (демалыстан) және барлық басқа тауарлардан алатын пайдалылықты талдай аламыз. Сол тауарларды алу үшін адамның табысы болу керек, сондықтан бос уақытының жартысын жұмысқа арнауға тура келеді. Әрине, жеке адам таңдау алдында тұр: қанша уақытын жұмысқа, ал қаншасын демалысқа арнау керек? Біздің мақсат: ең жоғары пайдалылық беретін табыс пен демалыстың сәтті үйлестіру амалын табу. Солай біз үй шаруашылықтардың еңбек ұсыну моделін (үлгісін) қарастырып, сол тұрғыдан капитал ұсынысын да талдаймыз. Сонымен, өндіріс факторларын ұсыну мәселесі оңтайлы таңдау мәселесі екен: өндіріс факторларымен байланысты шығындар мен пайдалар жөнінде ақпаратқа ие болып, жеке адам оның пайдалылығын көбейтетін оңтайлы (ұтымды) шешім қабылдайды. Сондықтан үй шаруашылығын өндіріс факторларын жеткізушісі ретінде талдағанда, оны тауарлар тұтынушысы рөлінде зерделеу үшін қолданған методологиялық аппарат пайдаланады.

 

2. «Табыс –  демалыс» моделі (үлгісі)

 

Жоғарыда айтылып кеткендей, «табыс – демалыс» моделін салу (құру) мақсаты: (кейбір көздерде ол «тұтыну  – демалыс» немесе басқаша аталады), оларды пайдаланудан пайдалылық деңгейін көтеретін осы игіліктердің жиынтығын табу болып келеді. Ең алдымен қол жетерлік табыс пен демалыстың үйлесуін сызайық, яғни бюджеттік шектеудің сызығын, мұнда «бюджет» ретінде жеке адамның қарамағындағы табыс пен демалыс арасында бөлінетін уақыты. Абцисс өсі бойынша демалысқа кеткен сағат санын санап, оларды n деп белгілейік, сағат санының жоғарғы шегі – уақыт салымын Т деп белгілейік (39 сурет).

Табысты координаттар өсі бойынша орналастырайық: егер 1 сағат істеген жұмыстың табысы 10 доллар болса, уақыттың кез келген кезеңіндегі табысты 10 доллар жұмыс сағатының санына көбейтіп есептей аламыз (жеке адам мүлде жұмыс істемесе, оның табысы 0 тең, ол І нүктесіне сәйкес келеді). Т және І нүктелерін қосып бюджеттік шектеу сызығын шығарамыз, оның еңкіштігі теріс белгімен алынған жалақының тарифтік мөлшеріне тең. Бюджеттік сызықтың еңкіштігі бір тауардың баламалық құнын көрсетеді (басқа тауар бірліктерінде көрсетілген). Мұнда бір демалыс сағаттың баламалы құны – бұл сағатта жұмыс істемей, тұтынушы бас тартқан тауарлардың бірқатар саны болып келеді, ол сан бойынша жалақының тариф мөлшеріне тең. Алынған (шығарылған) бюджеттік сызықтың теңдеуі стандартты бюджеттік шектеуге ұқсайды, бірақ бір айырмасы: оның оң жағында табыстың белгіленген (көрсетілген) сомасы бар.

Информация о работе Микроэкономика теориясының пәні