Международные отношения

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 11:29, курсовая работа

Краткое описание

Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері. «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша магистратурада білім алуға қажетті емтихан тапсырушының аналитикалық қабілеттілігін анықтау, ой-өрісінің мүмкіндігін саралау, білім, дағды және біліктілік дәрежелерін бағалау болып табылады, таңдап алынған ғылым бағыты мен педагогикалық қызмет бағдарына сай магистрлер даярлаудың жеке тәжірибелік және теориялық білімдерін тереңдету.
Емтиханды қабылдау түрі жазбаша ауызша аралас. Емтиханды тапсырушы емтихан билетінің сұрақтарына өз жауаптарын қағазға жазбаша жазып, сосын емтихан қабылдаушы комиссияға ауызша жауап береді. Аппиляция берілген жағдайында жауап қағазындағы жазылған жауап негіз болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Международные отношения каз.doc

— 164.00 Кб (Скачать документ)

Халықаралық келісімге  қол қою өкілеттігі. Келісімге  қол қоюдың қатысушылары. Көпжақты келісімге қол қою тәртібі. Келісім-шартты парафирлеу. Көпжақты келісім-шарттарға қосылу. Жеке шетел мемлекеттердің көпжақты келісім-шарттарды ратификациялау және денонсациялау заңдары. Көпжақты келісім-шарттың күшіне енуі. Келісім-шарттың күшінің мерзімі. Келісім-шарттың пролонгациясы. Көпжақты келісім-шарттың негізгі мазмұны.

 

4. Әлемдік тәртіп және көпжақты дипломатия. Жаңа дүниежүзілік жаһандық мәселелер және оларды шешудегі БҰҰ-ның  негізгі мақсаттары. Белгілі халықаралық мәселелерді талқылау және халықаралық құжаттарды дайындау. Даярлық және көпжақты пікір алмасулар.

Әлемдік мәселелер және оларды шешу жолдарын айқындау. Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты және негізгі қағидаларының бірі, әлемдегі қауіпсіздікке қауіп төнген жағдайда тез арада оның алдын алу, жою және бейбітшілікті сақтау жолдарын анықтауы. 2007 ж. Таяу Шығыстағы Ирак мәселесіне аса қатысты БҰҰ назар аударуы. 2006 жылы Ливанда болған саяси тұрақсыздыққа қатысты  БҰҰ-ның ұстанымы. Непалдағы дағдарысты БҰҰ –ның бақылауында болуы.

Ашхабадтағы БҰҰ-ның аймақтық орталығының қызметі.  БҰҰ-ның Африка құрлығындағы превентивті дипломатиясы. Бейбітшілікті сақтау іс-әрекеттері жөніңдегі департамент қарамағындағы миссиялар. БҰҰ-ның Таяу Шығыс бейбіт үрдісі жөніндегі арнайы үйлестіру кеңсесінің қызметі. БҰҰ-ның Бурундидегі біріккен өкілдігі.

БҰҰ-ның Гвинея-Бисаудағы  бейбітшілікке  қолдау көрсету жөніндегі бөлімі. Иракқа қолдау көрсету жөніндегі БҰҰ-ның мисссиясы. Бас хатшының Ливан бойынша жеке өкілділігінің кеңсесі. БҰҰ-ның Сомалиге арналған саяси бөлімшесі. БҰҰ-ның Сьерра-Леонедегі өкілдігі. Орталық Азиядағы БҰҰ-ның аймақтық орталығы. Орталық Африкалық республикаларда бейбітшілікке  қолдау көрсету жөніндегі БҰҰ-ның бөлімшесі.

 

5.Халықаралық  ұйымдар және халықаралық шенеуніктер. Халықаралық ұйымдардың құрылуындағы жеке тұлғалардың рөлі. 

Ұйымдардың теоретиктері. Қазіргі саяси және әлеуметтану әдебиетіндегі бюрократияның, бюрократтық институттар мен орындаушылардың (шенеуніктердің) жіктелуі.

 ұйымдардың легитимизация,  Ұйымдардың рационалдығы. Ұйымдардың, комитеттердің, ассоциациялардың  және т.б. құрылуындағы негізгі  тұжырымдамалар. БҰҰ тұжырымдамасын ресімдеуге қатысты ұсыныстар. БҰҰ-ның қағидалары мен құзіретін талқылаған Думбартон-Окс мәслихатындағы көпжақты дипломатия тәжірибесі. Қырым мәслихаты, Сан-Франциско мәслихатындағы талқыланған кейбір мәселелерге қатысты ымыраға келу үрдісі. Әлеуметтік тапсырыс ретінде. Халықаралық ұйымдардың мақсаттары мен міндеттері. Олардың функциональдық артықшылықтары. Халықаралық ұйымдарға тән басқару институттары. Нормативті және мәдени ортаның ұйымдарды қалыптастырудағы рөлі.

Халықаралық шенеуніктер қазіргі күрделі бюрократтық ұйымдардың бөлігі ретінде. БҰҰ-ның Бас Хатшысы: құзіреті, қызметі мен иммунитеттері. БҰҰ-ның Бас Хатшысының өкілеттілігінің сипаты.

Халықаралық ұйымдарда  қызмет ететін дипломаттар, олардың  құқықтық мәртебелері. Халықаралық шенеуніктерді таңдап алу және дайындау.Оларға қойылатын негізгі талаптар. Халықаралық ұйымдардағы дипломатиялық протокол.

 

6.Көпжақты  дипломатияның аймақтық қақтығыстарды  реттеу әдісі мен тәсілдері. Қақтығыс түсінігі. Қақтығыстар классификациясының негізгі белгілері. Қақтығыстарға тән негізгі сипаттамалар. Американ саясаттанушысы А.Рапопорттың қақтығыстардың түрлеріне қатысты тұжырымы. Посткеңестік кеңістікке тән әскери қақтығыстардың  негізгі түрлері. Я.Этингердің этникалық қақтығыстардың топтамасы жөніндегі ұстанымы. Қақтығыстарға тән функциялар. Қақтығыстардың кезеңдерге бөлінуі.

Қазіргі жағдайларда қақтығыстарды  бейбіт жолмен реттеу технологиясын  қарастырудың маңызы. Құқықтық және саяси  құралдардың қақтығыстарды реттеудегі өзара байланысы. Халықаралық қақтығыстарды шешудің шарттық-құқықтық негізі.

Халықаралық ұйымдардың аймақтық қақтығыстарды шешудегі рөлінің  арта түсуі. Қақтығыстардың алдын алудағы, шешудегі Ұлттар Лигасының, БҰҰ-ның  қызметі. БҰҰ және оның аймақтық қақтығыстарды  реттеуге қатысуы. БҰҰ Жарғысының 33 бабына сәйкес халықаралық дауларды шешуде жалпы танылған тәсілдері.

  ЕҚЫҰ шеңберінде аймақтық қақтығыстарды шешудің үш деңгейі. НАТО-ның жаңа рөлі және оның қақтығыстарды шешу үрдісіне қатысуы.

Қатерлі халықаралық қақтығыстарды  шешудегі көпжақты дипломатияның рөлі.  Келіссөздер қақтығыстарды реттеудің маңызды құралдарының бірі ретінде. Халықаралық қатынастардағы қауіпсіздік мәселелерінің жаңа түсінігі.

 

«Қазақстан Республикасының  сыртқы саясаты» пәні

 

1. Қазастан  және БҰҰ. Қазақстанның БҰҰ на мүше болып кіруі. Нью-Йоркте ҚР тұрақты өкілеттілігінің ашылуы. Алматыда БҰҰ ның өкілеттілігінің ашылуы. Қазақстан және Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселелрі. Космос кеңістігін меңгеру саласындағы Қазақстанның БҰҰ мен байланыстары.  Қазақстанның негізгі комитеттердің жұмысына қатысуы. БҰҰ реформалау жөніндегі Қазақстанның ұстанымы.

Қазақстанның БҰҰ арнайы ұйымдарымен  қатынастары. Генеральный хатшы  Кофи Аннанның  Қазақстанға сапары.

 

2. ТМД шеңберіндегі  Қазақстан Республикасының саясаты.  Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістер. Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістердің ерекшеліктері. Қазақстанның Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құрудағы бастамалары. ТМД құру туралы Алматы Декларациясы. ТМД ның даму сатыларымен жолдары. Қатынастардың заңды негізінің қалыптасуы.

ТМД шеңберіндегі дағдарыстық жағдайлар. ТМД территориясындағы үш интеграциялық қауымдастықтар. Кедендік Одақ жіне біртұтас экономикалық кеңістік. Аймақтық интеграцияның тереңдеуі. ТМД-ның ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің қалыптасуы. ТМД елдерінің интеграциялық бастамаларының жаңа сатысы.

Еуразиялық Одақ құру ойы және үрдісі.Н.Назарбаевтың Еуразиялық Одақ құру жобасы.

Аймақтық экономикалық интеграция механизмінің жетістіктері. Еуразиялық экономикалық қауымдастықта Кедендік одақтың құрылуы.

 

3. Азиялық  бағыттағы Қазақстан Республикасының  сыртқы саясаты. Қазақстан қытай қатынастарының қазіргі кепзі мен болашағы. ҚХР мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауы. Жетекші шенеуліктердің ресми сапарлары. Қатынастардың құқықтық –келісім шарттық негізі. Қытайдағы этникалық сепаратизм мәселесі және оған Қазақстанның көзқарасы. БҰҰ, «Шанхай бестігі», СВМДА, «Еуроазиялық экономикалық саммит» шеңберіндегі Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы. Шекара мәселелері. Азиялық қауіпсіздік мәселелері. Қытайдағы этникалық қазақтар мәселесі. Ертіс Іле шекара көлдері мәселелері. Қазақстанның экономикалық және экологиялық қауіпсіздік мәселелері.Сауда-экономикалық қатынастар. Екі елдің мұнай саласындағы қатынастары. Мәдени және гуманитарлық саладағы қатынастар. Қазақстан-қытай қатынастарының болашағы.

Қазақстан-жапон қатынастары.

Дипломатиялық қатынастардығ орнауы. Ресми сапарлар мен кездесулер. Қатынастардың  негізгі салалары: экономикалық, инвестициялық, ғылым мен техника, экологиялық мәселелер.

Қазақстан мен Корей Халықтық Демократиялық  Республика қатынастары. Дипломатиялық қатынастардығ орнауы. Ресми сапарлар мен кездесулер. Қатынастардың негізгі салалары. Қазақстандағы корей диаспорасы.

Қазақстанның Қиыршығыстағы саясаты  және араб елдерімен қатынастары.

Араб мемлекеттері: Мысыр, Сауд Аравиясы елдерімен дипломатиялық қатынастардың  орнауы және қатынастардың негізгі  салалары.

 

4. Қазақстанның  Америка құрлық мемлекеттерімен қатынастары. АҚШ-Қазақстан қатынастары. Қазақстан АҚШ тың стартегиялық серіктесі. Екіжақты қатынастардың негізгі кезеңдері.Ядролық қауіпсіздік саласындағы қатынастар.

Каспий мұнайы, энергетика, Қазақстаннан әлемдік рыноктарға көмірсутегі  шикізатын экспортық шығару мәселелері және АҚШ тың ұстанымдары. Ғылым мен техника саласындағы үкіметаралық қатынастар. АҚШ тың ҚР ғы білім беру бағдарламалары. Қазақстанның Латын Америка мемлкеттерімен қатынастары.

 

5. Қазақстанның  Еуропалық бағыттағы сыртқы саясаты. Қазақстан және ЕО. ЕО байланысты Қазақстанның сыртқы саясаты. Парламентарадық байланыстар. Қатынастардың заңдық негізі.

ЕО – Қазақстанның ірі сауда  – экономикалық серіктесі. ЕО Қазақстанға  қатысты инвестициялық саясаты. ЕО Қазақстанның энергетикалық секторындағы мүдделері. Қазақстандағы “ТАСИС” еуропалық бағдарламасы. Транзиттік магистраль жобалары: “ИНОГЕЙТ” и “ТРАСЕКА”. “ИНТАС”, “TEMPUS” бағдарламалары.

 

6. Қазақстан  және аймақтық ынтымақтастық  пен аймақтық қауіпсіздік мәселелері. Каспий теңізі мәселесі.  Каспий теңізі аумағындағы қазіргі геосаяси жағдай. Каспии мәселесі бойынша Қазақстанның сыртқы саясатының стратегиялық сипаты. Қазақстандық дипломатияның міндеттері. Каспии түбінің делимитациясы мәселесі. Каспий аймағы мемлекеттерініңкөпжақты және екіжақты келісімдері. Аймақтағы әлемдік державалардың мүдделері. Каспий аймағы мемлекеттерінің экспорттық құбырлар саясаты. Каспий мұнайын тасымалдау жолдары. Каспий теңізіне ядросыз аймақ статусын беру мәселесі.

Қазақстан жән аймақтық қауіпсіздік  мәселелері.

Қауіпсіздік саласындағы Қазақстанның бастамалары және оларды жүзеге асыру. Азиядағы превентивтік дипломатия. СВМДА. Құрылу кезеңдері. Мүше елдер.  Институциализациясы. Тәжікістандағы бейбіт шараларды аяқтаудың Қазақстандық бастамасы. Ауғаныстандағы бейбіт өмір орнатудағы қазақстандық бастамалар.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ШЫҰ. Қазақстан  және Ұжымдық қауіпсіздік келісімі.

 

«Дипломатиялық және консулдық қызмет» пәні

 

  1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық тәжірибесі. Дипломатиялық қызмет органдарының негізгі функциялары: әлемдегі қазіргі даму үрдістерін сараптау. ҚР өкілдіктерінің шетелдік мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынасуы. ҚР халықаралық саясат стратегиясын жүзеге асыру шетелдерде ҚР-ның сыртқы және ішкі саясаты туралы ақпараттар таратуға ықпал жасау.

Мемлекеттік және дипломатиялық протокол. ҚР дипломатиялық протокол нормаларының халықаралық тәжірибемен сәйкестігі. Мемлекеттік протоколды өткізу салтанатының ұлттық ерекшеліктері.

 

2. Дипломатиялық  жұмыстың негізгі түрлері мен  әдістері. Дипломатиялық өкілдік жұмысының дәстүрлі бағыттары. Дипломатиялық қызметкерлердің қабылдаушы елдегі ақпараттық қызметтері және оның маңызы. Өз елінің ұстанымы туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыс. Сараптамалық жұмыс. Дипломатиялық өкілдіктің хаттамалық функциялары. Дипломатиялық жазбалардың дипломатиялық өкілдік жұмысындағы маңызы.

Дипломатиялық өкілдіктің дәстүрлі емес жұмыс түрлері: мәдени, лингвистикалық, экономикалық, әскери көмек, гуманитарлық көмек. Істерді шешудің қарапайым  түрлері, жұмысты үйлестіру.

 

3.  Хаттамалық жұмыс. Дипломатиялық қызметтегі хаттамалық жұмыстың рөлі. Хаттамалық шаралардың негізгі міндеттері. Елшіліктерді ұйымдастыру мен ашу рәсімдері. Ресми сапарлар мен ресми байланыстардың хаттамасы. Жоғары деңгейдегі мемлекеттік сапардың өлшемдері мен тәжірибесі. Шетелдік дипломаттар мен делегацияларды қарсы алу дайындығы.          

Дипломатиялық қабылдаулар: қабылдаулардың мақсаттары, негізгі түрлері. Қабылдауларды  дайындау әдістерінің халықаралық  тәжірибесі және оның дипломатиялық  этикеті. Халықаралық хаттамалық тәжірибенің этикеті. Өкілеттілік шаралардың түрлері. Дипломаттың визиттік карточкалары.

Дипломатиялық өкілдіктің негізгі  хаттамалық функциялары. Жекелеген елдердің дипломатиялық хаттамасының ерекшеліктері. Қазақстан Республикасының дипломатиялық хаттамасы.

 

  1. Дипломатиялық байланыстар, тікелей сапарлар мен сұхбаттар. Дипломаттардың байланыстарының, сапарларының және сұхбаттарының рөлі. Ресми байланыстар. Байланыстарды дипломатиялық қабылдаулар, протоколдық шаралар және басқа да кездесулер көмегімен дамыту. Дипломатиялық сұхбаттардың маңызы. Дипломатиялық сұхбаттарды дайындау техникасы. Дипломатиялық сұхбаттардың схемасы. Тапсырмалар бойынша сұхбаттар және олардың сипаты. Жеке өз бастамасымен өткізілетін сұхбаттар. Баспасөз өкілдерімен кездесу.

Сұхбаттарды өткізудегі дипломаттардың жеке қасиеттері мен өнері. Дипломатиялық сұхбаттар жазбасының ережелері.

 

  1. Келіссөздер дипломатияның құралы ретінде. Келіссөздер дипломатиялық жұмыстың маңызды түрлерінің бірі ретінде. Қазіргі келіссөздер барысының ерекшеліктері. Келіссөздердің типологиясы және оның негізгі белгілері. Келіссөздер құрылымы. Келіссөздердің негізгі функциялары. Келіссөздердің түрлері. Келіссөздерді ұйымдастыру дайындығы. Келіссөздерге дайындалу әдістері.

Келіссөздердің кезеңдері: пікір-таластық (бастапқы); аргументация және болашақ келіссөздердің жалпы ауқымын анықтау; ұстанымдарды келістіру және уағдаластыққа қол жеткізу (қорытынды). Келіссөздердің мазмұнды бөлігі. Ортақ тәсілдің қалыптасуы және оның келіссөздер барысындағы маңызы. Келіссөздердің қорытынды құжаттары және олардың түрлері.

 

6. Қазіргі  кездегі дипломатияның ұйымдастырылуы  мен тәжірибесіндегі өзгерістер. Мемлекеттердің санқырлы сыртқы саяси қызметінің күн санап арта түсуі және қазіргі дипломатия қызметінің жаңа салалары. Коммуникацияның қазіргі кездегі құралдары және дипломатия. Технологиялық революцияның жаңа мүмкіндіктерін пайдалану.

Информация о работе Международные отношения