Меншіктің экономикалық және құқықтық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 18:29, реферат

Краткое описание

Меншік, маңайындағы барлық тұрақты қоғамдық қатынастарды қалыптастырып және дамытып отыратын қоғамдық ұмтылыс болып табылады. Меншік формасынан көбінесе шаруашылық өмірдің құбылыстарын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тетік, мемлекеттік институттар, қоғам өмірінің әлеуметтік және мәдени деңгейі тәуелді болып келеді. Меншік қатынасының сыртқы көрінісіне дәстүр мен әдет-ғұрып, адамгершілік, мәжбүр ету, құқық жатады. Дәл осы құқықтар (заңдық) меншік құқығын заңды түрде реттеп, өзгерістерді есепке алуға (пайда болу, шеттеу, тоқтатылу және меншік құқығын қайта қалпына келтіру) мүмкіндік береді.Меншік қатынастарының мазмұны өндіріс, оны бөлу (қайта бөлу), өнімдерді айырбастау және тұтыну бойынша адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды құрау. Бұл экономикалық теория пәнінің меншіктік қатынастарды реттеп, оған анықтама беріп, жасаған негізгі түсінігі. Экономикалық теория меншіктік қатынастарда барлық өндірістің өсу ауқымдарын, олардың қайталану-шылық, ұдайы өндірушілік негізі екенін көрсетеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экономикалық теорияның функциясы.docx

— 47.60 Кб (Скачать документ)

 Пайдалылық теориясының  іргетасын қалаған австрия мектебінің  өкілдері (К.Менгер, Е.Бем-Баверк, Л.Вальрас,  У.Джевонс және т.б) құнның мөлшерін  сатып алушының субъективті баға  беруі арқылы анықтайды. Тауарға  субъективті баға беру екі  факторға, яғни: қолдағы бар игіліктер  қорының көлеміне және оған  деген қажеттіктердің қанығу  дәрежесіне тәуелді болады.

 Мысалы, шөл жерде қалдыңыз  және өте шөлдедіңіз делік.  Бұл жағдайда ең қымбат, әрі  сирек зат, сіз үшін өте пайдалы,  әрі тәтті – су, бірақ суды  ішіп, шөліңіз басылғаннан соң,  сіз үшін судың пайдалылығы  кеми береді. Ең соңғы ішкен  бір шыны судың сіз үшін  пайдалылығы бірінші шыныдан  төмен.

 Сонымен, шектеулі пайдалылық деп - тауарлар мен қызмет көрсетулердің әрбір келесі кезектегі үстеме мөлшерінен тұтынушының алатын қосымша пайдалылығын айтады. Ол - -жалпы пайдалылықтың көлемін тұтынудың өзгерген мөлшеріне бөлу арқылы анықталады.

 Шығындар тұжырымдамасы  Джеймс Милльдің, Мак-Кулохтың еңбектерінде  орын алған. Олар өндіріс шығындарын, яғни өндіріс құрал-жабдықтары  мен еңбекке ақы төлеуге жұмсалған  шығындар арқылы құн мөлшерін  анықтауды ұсынды. Осы аталған  үш теорияны біріктіруге А.Маршалл.  Дж.Кларк, П.Самуэльсон ұмтылыстар  жасады.

 Олардың ішінде А.Маршалдың  концепциясы сәтті шықты, ол  құнды жасаудың тек жалғыз  ғана себебін іздестіруден бас  тартты, ол алдымен шектеулі пайдалылық  теориясы және сұраныс пен  ұсыныс теориясын өзара біріктірді  және оларға өндірістік шығындар  теориясын қосты. Осылайша жасалған  оның зерттеу әдісінде - пайдалылықтың,  сұраныс пен ұсыныстың, шығындар  мен бағалардың өзара әрекеттесу  нәтижелері арқылы – бағаны  анықтау проблемасы өз шешімдерін  тапты.

 

Ақшаның пайда болуы, мәні және теориясы

 

Әр халық бағалылығы жойылмайтын, әрі көпке әйгілі түрлі бағалы заттарды ақша ретінде пайдаланды. Оған жататындар: балта, пышақ, найза, қалқан, садақ және т.б. Осындай сан алуан  заттардың ақша қызметтерін атқарды, кейбір экономистердің ақша дегеніміз - тауарлар мен қызмет көрсетуде  айырбастауға жарайтын «түрлі заттар»  деп мәлімдеуіне себеп болды. Бірақ, бұлайша, тегін зерттеу себебінен  субъективтік және объективтік екі  көзқарас қалыптасты.

 Субъективтік көзқарастар - адамдардың бұл жөнінде өзара келісімдер жасауының нәтижесінде “ақша” пайда болған деп пайымдалды.

 Объективтік көзқарастар - тауар-ақша қатынастары-ның дамуы нәтижесінде, бүкіл тауарлар арасынан дара бөлініп шыққан, әрі жалпыға бірдей баламалы рөл атқаратын ерекше тауарды “ақша” деп аталды.

 

 Бұл теория тауар айырбасының  дамуын және ақшаның пайда  болуын өзара байланыстырып зерттеді. Қоғамның бастапқы даму сатыларында,  бір өнімді екінші өнімге тікелей  алмастыру кезінде кездейсоқ  сәттерде, айырбас пайда болды. 

 Екі тауарды өзара алмастыру  кезінде біреуінің құны екіншісінің  құнына теңестірілетін болды.  Өндіріс пен қоғамдық еңбек  бөлінісінің дамуы салдарынан  нарыққа тауарлар көптеп түсетін  болды. Біреудің қолындағы артық,  жалғыз тауарын басқа тауарлардың  құнын кездейсоқ теңестіру, заман  талабын қанағаттандыра алмады.

 Уақыт озған сайын бүкіл  тауарлар арасынан бір зат  (мысалы, қой) дара бөлініп шықты,  ол өзінен басқа тауарларға  айырбасталды. Мұндай жалғыз тауар  басқа тауарлардың құнын анықтайтын  болды. Айырбастың тарихи ұзақ  даму нәтижесінде айрықша тауар,  яғни ақша пайда болды. Ақша  дегеніміз - жалпылама балама  рөлін атқаратын ерекше тауар.

 Түрлі елдерде бірнеше ғасырлар  бойы ақшаның рөлін әртүрлі  заттар атқарып келді. 

 Жылдар өткен сайын жалпылама  баламалық рөлді алтын атқаратын  болды. Оған себепші оның төменде  аталған қасиеттері, яғни алтынның: :

-сапасының біртектілігі;

-бөлінгіштігі;

-икемділігі (портативтілігі);

-сақталғыштығы.

 Қазіргі кездегі ақша тұжырымдамалары  ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. өмірге келген теориялармен  өзара сабақтас. Оларға жататындар  ақшаның металдық, номиналды және  мөлшерлік теориялары.

 Бұрынғы теориялар өзгерістерге  ұшырап, олардң жаңа түрлері пайда  болды. Бұрынғы теориялар ақшаның  шығу тегі, мәні, ақша құнының  қалыптасу проблемаларына баса  назар аударған еді, ал қазіргі  кездегі ақша теориялары нарық  экономикасының дамуына ақшаның  әсер етуі жөніндегі мәселелерді зерттейді.

 Ақшаның металдық және номиналды  теориялары - осы теориялар авторларының  ақшаның қандай қызметтеріне  баса мән беруіне байланысты  бір-бірінен өзгешіліктеріне байланысты.

 Ақшаның металдық теориясы  капиталдың алғашқы қорлануы  кезеңінде пайда болды. Оның  өкілдері У.Стаффорд. Т.Манн, Д.Норс  және басқа да меркантилистер  болды. Олар ақшаның қазына  құралы және дүниежүзілік ақша  қызметтерін шектен тыс бағалап,  соның салдарынан ақшаны асыл  металдармен шатастырды. Мемлекеттің  монеталарды көздің қарашығындай  сақтауын талап етті. Ақшаны әлеуметтік  қатынастар ретінде емес, оны  зат ретінде қарастырды.

 Ақшаның номиналды теориясын  Римнің және орта ғасырдың  заңгерлері жасады. Кейінірек оны  Дж.Беркли мен Стюарт одан әрі  дамытты. Олар ақшаның металдық  теориясын сынады, ал өздері ақшаның  айналыс құралы және төлем  құралы сияқты қызметтерін шамадан  тыс бағалады.

"Номиналистер" - ақшаны - тауарлар айырбасына - қызмет ететін шартты белгілер, есеп айырысу өлшемдері деп жариялап, оны мемлекет үкімінің жемісі ретінде түсіндірді.

 Ақшаның мөлшерлік теориясының  іргетасын қалағандар Дж.Локк, Ш.Монтескье,  Д.Юм, Д.Рикардо болды. Олар ақшаның  құн мөлшері қызметін жоғары  бағалады. Бүл теорияны жақтаушылар  құнның ақшалай құнның ақшалай  өлшемі мен тауарлар бағаларының  деңгейін - айналыстағы ақша массасы  анықтайды деген пікірді қуаттайды.  Ақшаның мөлшерлік теориясын  осы заманға лайықты жетілдіруге  үлес қосқандар И.Фишер мен  А. Пигу болды. 

 

 

 

Ақша мен ақша айналымының  эволюциясы

 

Ақша жүйесі деп елде белгілі бір тарихи жағдайда қалыптасқан және қабылданған заңдарға сәйкес, мемлекет-тің ақша айналысын ұйымдастыру формасын айтады.

 Ақша айналысы дегеніміз - айналыс құралы мен төлем құралы қызметтерін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы болып табылады.

 Ақша жүйесінің элементтеріне  жататындар:

-ақша бірлігі, яғни елде қабылданған  ақша өлшемі (теңге, сом, доллар  және т.б.);

 

- баға масштабы, яғни елде қабылданған  ақша бірлігі мен оның құрамындағы  ақша металының салмақ мөлшері  (мысалы, бір сом 100 тиыннан құралады, ал 1960-80 жылдары бір руб. 0,987672 г.  алтынға теңестірілді);

- эмиссиялық жүйе, яғни ақша  мен бағалы қағаздарды жасап  шығаратын мекемелер (мысалы, Қазақстан  Республикасында - Ұлттық банк, Ресейде  - Орталық банк және т.б,);

-ақша рәміздерінің түрлері,  яғни айналымда заңды төлем  құралы болып саналатын - несие  қағаз ақшалар, айырбас монеталар  жүйесі;

- ақша жүйесінің ұйымдары, яғни  ақша айналысын реттейтін мемлекеттік  және мемлекеттік емес мекемелер.

Металл ақшалардың айналыс жүйесі өзінің тарихи дамуында биметализм және монометализм дәуірін бастан өткерді.

 Биметализм ақша ретінде  екі металды - алтын мен күмісті  (ХҮІ-ХІХ ғ.) пайдалануға негізделді.

 Монометализм ақша ретінде  тек қана алтынды пайдаланды  және несие ақшалар оған еркін  айырбасталатын болды

 Монометализмнің - үш түрі  қалыптасты:

1) алтын монеталық стандарт (1821 жылдан бірінші дүниежузілік  согысқа дейін) айналыста алтын  монеталардың жүруімен сипатталады,  қағаз және несие ақшалар алтынға  еркін айырбасталды.

2)құйма алтын стандарты (бірінші  дүниежүзілік соғыс жылдары Англия  мен Францияда қалыптасты) алтын  стандарты құймасына сәйкес келетін,  құн рәміздерін алтынға айырбастауды  жүзеге асырды (мысалы, егер картинаның  бағасы бір грамм құйма алтынның  бағасына сәйкес болса, онда  картина 1 грамм құйма алтынға  айырбасталатын болды).

3) алтын таңбалы (алтын девизі) стандарт (XX ғ. 20-30 жж.) алтынға алмастырылатын  шетелдік валюталарды (девиздерге) банкноттарды айырбастауды жүзеге  асырды.

1929-1933 жж. дағдарыстан соң банкнотты  алтынға айырбастау тоқтатылды, осылайша монометализм дәуірі  келмеске кетті.

1930 ж. бастап алмастырылмайтын  несие ақша жүйесі қалыптасты. Оның белгілері: алтынның айналыстан  шеттетілуі (алтынды демонетизациялау); банкноттарға алтынды айырбастаудан  бас тарту және олардың алтын  құрамын жою несие ақшалардың  беделін күшейтіп, айналымдарда  қолма-қол емес есеп айырысуды  кеңейту; ақша массасын көбейту  мемлекеттің қағаз ақшаларды  шығаруы мүмкіншілік берді.

 Ақша айналысы мен ақшалардың  эволюциясы - тауар өндірісінің тарихи  объективтік даму процесі болып  табылады.

 Айналыстағы ақшалардың міндеті  - алмастырылатын тауарлар құндарының  өзара баламалы болуын қамтамасыз  ету болды, бірақ олардың өздерінің  құны болуды қамтамасыз ете  алмады.

 Алтынның несие ақшаларды  алмастыруы ақша қызметтерін  атқаратын несие карточкалардың (банкнот, вексель, чек) одан  әрі күшейтіп жіберді.

 Несие карточкалардың төлем  құралы ретінде ақша қызметін  атқаратын түрлері:

1. Қайта жаңартылатын карточкалар.  Бұлар дүкен-дерде, мейрамханаларда  және т.б. жерде қолданылады.  Қарызды өтеген соң, бұл карточкалар  қайта жаңартылады.

2. Бір айлық карточкалар, олар  туристік фирмалармен есеп айырысу  үшін пайдаланылады. Фирмалық  карточ-калар әр айдың қарыздарын  міндетті түрде төлеуі тиіс.

3. Фирмалық карточкаларды байланыстың  әр-түрлі шығындарын төлеу үшін  түрлі фирмалар шығарады.

4. Сыйға тарту, немесе «алтын»,  несие карточкаларын тек қана  жылдық табыстары жоғары клиенттер  үшін арнайы шығарады. Қазіргі  таңда ақша эволюциясына электрондық  ақша жүйесі тән, олардың көмегімен  - банк шотынан ақшаны алу, салымдарды, төлемдерді қабыл-дау, чек кітапшаларын, дебет-карточкларын беру және  т.б. сияқты ақша операциялары  жүзеге асырылады.

 

Тауарлардың бір-бірімен белгілі  пропорцияда айырбастау қабілетін  – айырбас құны деп атайды. Ал адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыру қабілетін оның тұтыну құны дейді.

 


Информация о работе Меншіктің экономикалық және құқықтық негізі