Меншіктің экономикалық және құқықтық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 18:29, реферат

Краткое описание

Меншік, маңайындағы барлық тұрақты қоғамдық қатынастарды қалыптастырып және дамытып отыратын қоғамдық ұмтылыс болып табылады. Меншік формасынан көбінесе шаруашылық өмірдің құбылыстарын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тетік, мемлекеттік институттар, қоғам өмірінің әлеуметтік және мәдени деңгейі тәуелді болып келеді. Меншік қатынасының сыртқы көрінісіне дәстүр мен әдет-ғұрып, адамгершілік, мәжбүр ету, құқық жатады. Дәл осы құқықтар (заңдық) меншік құқығын заңды түрде реттеп, өзгерістерді есепке алуға (пайда болу, шеттеу, тоқтатылу және меншік құқығын қайта қалпына келтіру) мүмкіндік береді.Меншік қатынастарының мазмұны өндіріс, оны бөлу (қайта бөлу), өнімдерді айырбастау және тұтыну бойынша адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды құрау. Бұл экономикалық теория пәнінің меншіктік қатынастарды реттеп, оған анықтама беріп, жасаған негізгі түсінігі. Экономикалық теория меншіктік қатынастарда барлық өндірістің өсу ауқымдарын, олардың қайталану-шылық, ұдайы өндірушілік негізі екенін көрсетеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экономикалық теорияның функциясы.docx

— 47.60 Кб (Скачать документ)

 Әлемдік тәжірибе негізінде  республикада жүргізілген реформалардың  нәтижелері, негізінен келесі әдістермен  іске асырылған:

- нарықты бейтараптандыру;

-аралас кәсіпорындарды құру үшін жағдайлар жасап, оларды дамыту;

 -бәсекелестік ортаны қалыптастыру;

- мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру жолымен меншікті мемлекет иелігінен алу.

Реформа кезінде Қазақстан  нарықты бейтараптандырудың жоғарғы  дәрежесі мен экономиканың ашықтығына жетті, жеке меншік жалпылық сипатқа  ие болды. Бірақ жүргізілген жекешелендіру еңбек өнімділігі мен құндылықтардың күрт төмендеуіне әкелді.

 

Сонымен, ҚР-да жүргізілетін экономикалық реформаның негізіне мыналар жатады:

1. Шаруашылық субъектілеріне  меншік формасының ерікті және  сапалы түрлерін таңдауға мүмкіндік  беру. Меншік оны кім билейтініне  қарамастан жұмыс істейді, ал  ол жұмыс жасаудан бас тартты деген пікірлер туындаған.

2. Меншіктік қатынастар  меншік субъектісі мен объектісін  жақындатуға тырысады. Субъектіге -еңбек  етушілер, жеке меншік иелері, кәсіпорын  ұжымдары жатады. Егер меншікті  шеттету жеңіп шықпаса немесе  осы жеңіп шығу тек қағазда  жазу түрінде ғана болса, онда  қазіргі меншік өзінің мотивациялық  күшінен айрылып, шығармашылық  бастамашылық болуын доғарады. Нарық  пен жеке меншіктің басты артықшылығы  - бөлу және ынталандыруды жоғалтпай,  нарықтың өзін-өзі реттеушілік  заңы «көрінбейтін қол» әрекетін  жоймауы.

3. Жеке кәсіпкерді заңдық  және қаржылық қатынастарда қолдау, меншік иесін, шағын және орта  бизнесті жеңілдетілген несие,  шикізат, материалдарға жеңілдікті, жалгерлікті қамтамасыз ету.

 4. Қазақстанның өтпелі экономикадағы жеке меншіктік қатынастарының өзгерудегі ең қиын мәселе - мемлекеттік меншікті билейтін органдарға бақылау жүргізу болып табылады. Олар мемлекет иелігінен алып, жекешелендіруді жүргізе отырып, еңбек етуші меншік иелерінің пайдасын қорғау ісіне үнемі қатыспайды. Экономикалық қылмыс, алдау, сату, сатып алу қылмыстың жай түрлеріне айналуда. Осының барлығын жеңу үшін қандай тәсілдермен болмасын «өзін-өзі сыйлауға» мәжбүр ететін күшті және беделді мемлекеттік билік қажет. Ол үшін, мемлекет меншіктік қатынастардың тиімді және әлеуметтік әділ жүйесін құру керек.

 

Тауарлы шаруашылықтың  пайда болуы

 

Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың тарихи бірінші түрі- натуралды шаруашылық.

 Натуралды деп адамдар өнімді айырбасқа, нарыққа жеткізбей, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндіретін шаруашылықты айтамыз. Ол әмбебап қолөнердің анағұрылым таза түрі қоғамдық еңбек бөлінісінен хабары жоқ және өнімдерін өзара айырбастамаған, алғашқы қауымдық халықтарда болды. Өндіргіш күштермен оларды ұйымдастыру аса қарапайымдылығымен сипатталды; өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен, жылдан жылға бірдей көлемде өндірілді (жай ұдайы өндіріс).

 Не, қалай және кімдер  үшін өндіру сияқты өзекті  мәселелерге шешімдерді өз шаруашылығының (патриархалды жан ұяның) талабына  сәйкес, шарушылық иелері (жұмыскерлер)  шешеді. Натуралды шаруашылықта  қалыптасқан дәстүрлер мен көсемдердің  шешімдері басты рөл атқарды.  Натуралды шаруашылықтың “өндіру-тұтыну”  принципі (яғни, айырбас пен қоғамдық  бөлудің болмауы ) өз өміршеңдігін  көрсетті, оның элементтері біздің  қоғамымызда микро және макро  деңгейде кездеседі. Микро деңгейдегі  натуралды шаруашылыққа бау-бақша  жеріндегі жұмыс, саяжай мысал  бола алады. Ал, макро деңгейдің  мақсаты- бір елдің шеңберінде  өздерін қамтамасыз ету болып  табылатын, шетелдер мен жабық  жағдайдағы шаруашылықты құруға  бағытталған автаркия саясаты  мысал бола алады.Мұндай саясат елді әлемдік, нарықтан шектетіп, экономиканы мешеулік күйге түсіреді; шаруашылықты кіріптарлыққа апарады, сол себепті ол керітартпа сипатта болады.

 Тауар өндірісі  деп - өнімдерді сатуға арналып өндірілетін, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар нарық арқылы жүзеге асырылатын шаруашылықты айтады.

Тауар өндірісінің пайда  болуының қажетті шарты қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады, бұл  кезде өндірушілер нақты өнімдерді жасауға маманданады.

 Қоғамдық еңбек  бөлінісінің тарихи үш кезеңі  болды. 

 Бірінші кезеңінде  мал шаруашылығы егін шаруашылығынан  бөлініп шықты, мұның өзі тайпалар  арасында тұрақты айырбастың болуына жағдайлар туғызды.

 Екінші кезеңінде қол  өнеркәсібі егіншіліктен бөлініп  шықты, бұл тауар өндірісінің  өмірге келуінің бастауы болды.

 Үшінші кезеңінде сауда  өндірістен оқшауланды және көпес,  саудагерлер өмірге келді. Осы  кезден бастап тұрақты, нарықты байланыстар орнады.

 Тауар өндірісінің  пайда болуының тағы бір себептеріне  меншік қатынастары арқылы өндірушілердің  бір бірінен экономикалық жағынан  өзара оқшаулануы болып табылады.

 

 Ол алғашқы қауымдық  қоғам ыдырау кезінде, яғни  жеке меншік орнағаннан соң  пайда болды. Тауар өндірісінің  даму кезеңдері - айырбастың, нарықтың  дамуы мен тығыз байланысты. Нарықтың  төмендегідей типтері бар, олар  дамымаған, еркін,реттелетін, бұзылған.

 Осы аталған нарық  типтеріне сәйкес, тауар өндірісінің  ерекше үлгілері қалыптасады:

1. Дамымаған нарыққа негізделген тауар өндірісі;

2. Еркін нарыққа негізделген  тауар өндірісі;

3. Реттелетін нарыққа негізделген тауар өндірісі;

 4.бұзылған нарыққа негізделген тауар өндірісі.

 

1. Дамымаған нарыққа негізделген тауар өндірісі (жай тауар өндірісі) - қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндірісі құрал жабдықтарына, жеке меншікке, тауар өндірушілердің өз еңбектеріне негізделген. Жай тауар өндірісі кезінде жасалған өнімнің бір бөлігі ғана нарыққа шығарылады. Сондықтанда, ол, бүкіл, экономиканы қамтымайды, яғни оның жалпылама сипаты бола алмайды.

II. Еркін нарыққа негізделген тауар өндірісі (нарықтық экономика) - өзіне тән ерекше белгілері бар. Оған жататындар:

 а) адамның жұмыс  күші тауарға айналады және  өндірушінің өз еңбегін жалдамалы  еңбекке алмастырады;

 б) қоғамда өндірілген  өнімнің басым бөлігі жекелей  тұтыну үшін емес, нарыққа, сатуға  арналады.

 Бұл кездегі тауар  өндірісі еркін бәсекеге негізделеді,  сондықтан да оны еркін бәсеке  дәуіріндегі капитализм немесе  “еркін экономика ” деп атайды.

Шаруашылық қызметтерін  ұйымдастыруда нарықтар мен баға жүйесін кеңінен пайдаланатын тауар  өндірісінің мұндай түрін нарықтық (капиталистік) экономика деп атайды.

III. Реттелетін нарыққа негізделген тауар өндірісі – экономикада екі сектордың болуымен, яғни: елдегі материалдық игіліктер мен бүкіл ресурстарды өндіруде, бөлуде айырбастау мен тұтынуда мемлекеттік және жеке сектор үлестерінің жоғары болуымен ерекшеленеді.

 Мемлекет нарықтық  экономикаға белсенді түрде араласады,  дегенмен оның реттеушілік рөлін,  оның “көрінбейтін қолы” принципін  сақтайды.

 Реттелетін нарық экономиканы  монополияландыру барысында қалыптасады,  бұл кезде үкіметтің алдында  бір ғана мәселе- монополияны  тежеу міндеті тұрады.

 Мемлекеттік реттеудің  негізгі формалары - заңдар шығару, салық салу, басқаруды қаржы арқылы  жүзеге асыру.

 Реттелетін нарыққа  негізделген тауар өндірісінің  бірнеше үлгілері бар:

1. Әлеуметтік нарық;

2. Аралас экономика

3. Корпоративтік экономика.

 Олар мемлекеттік бағдарламаның  нысанды мақсаттары бойынша бір-бірінен  ерекшеленеді.

 Әлеуметтік нарық шаруашылығының басты мақсаты - адамзаттың мүдделерін қорғау; аралас экономиканың мақсаты - кәсіпкерліктің дамуына жағдайлар туғызу; ал корпоративтік экономиканың мақсаты - ірі бизнестің мүдделерін қорғау болып табылады. Бірінші үлгі -Германияға, екіншісі - АҚШ-қа, үшіншісі - Жапония мен Швецияға тән.

IV. Бұзылған нарыққа негізделген тауар өндірісіне жататын әміршіл-әкімшіл экономикалық жүйеге тән белгілер: жетілген қоғамдық еңбек бөлінісінің жүйесі; ірі машина өндірісі, ұлттық экономиканы ұдайы және үздіксіз реттеу, еркін нарықтық қатынастарға тосқауыл қою. Әкімшіл-әміршіл экономика жоспарлы нұсқаулық және нормативтік болып екі үлгіге бөлінеді.

 Жоспарлы әкімшілдік жүйе – ресурстарды пайдалану және бағаларды белгілеу жөнінде шаруашылық қызметтерін түгелімен бір орталыққа бағындыруға негізделген.

 Нормативтік үлгі - өндірушілердің дербестігін нығайтуға кедергі жасайды: әрбір кәсіпорын өздері орындауға міндетті жоспар – нұсқау орнына, нормативтер мен бағдарламалар жүйесін жетекшілікке алады.

 Қазақстан Республикасының экономикасын реформалау дегеніміз бұрынғы әкімшілдік-әміршілдік жүйеден (қазіргі заманға лайық) нарықтық әдістерге негізделген шаруашылыққа өту болып табылады. Осыған орай, біз қандай экономика құрудамыз және қандай үлгіні таңдадық деген орынды сұрақтар туындайды.

 Нарықтық экономиканың моделін таңдау деп – мемлекеттің ұлттық экономикаға ықпал жасайтын жүйесін таңдап алуын айтады.

 Еркін кәсіпкерлік  экономикасында (АҚШ) қаржы жүйелері  арқылы нарыққа ықпал жасайтын  монитарлық құралдар басым болады.

 Әлеуметтік нысаналы  нарықты экономикада фискальді  саясатты жүзеге асыратын әдістердің  маңызы зор.  Баршаға белгілідей, мемлекет тарапынан ұлттық нарыққа  үлкен қолдау жасалатын және  қаржыны қайта бөлу процестерін  зор сенімділікпен жүзеге асыратын  әлеуметтік нысаналы нарықтық  экономика, жұрттың бәріне де  ұнайды.

 Тауар өндірісінің  даму кезеңдеріне жасалған мұндай  қысқаша шолу, тауар өндірісі  мен нарықтық экономика арасында  айырмашылықтар бар екендігін  білдіреді.

 Сөзсіз, нарықты экономиканың  негізін тауар өндірісі құрайды.

 Бірақта нарықтық экономика  (капитализм) пайда болғанға дейін,  тауар өндірісі бірнеше жүз  мың жылдар бұрын өмір сүрді.  Сонымен қатар, тауар - ақша  қатынастары, әкімшіл-өмірде жүйеден  орын алды.  Демек, "тауар өндірісі" категориясының тарихи шежіресі "нарықтық экономика" категориясымен  салыстырғанда көп терең екендігін  мойындаған жөн.

 

 

 

 

Тауар және оның қасиеттері

 

Тауар өндірісінің өзекті категориясы - тауар болып табылады. Оның мәнін әртүрлі түсіндіреді. Солардың ішіндегі басты екеуіне  тоқтайық.

 I. Маркстік теорияда, тауар - сатуға арналған, адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде қарастырылады. Бұл анықтамадан туындайтын салдарлар:

 а)тауар деп адамның  белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыратын  заттарды айтады;

 б) тауар деп еңбек  жұмсалған заттарды айтады. Мысалы, ормандағы жидектер оларды жинаушылар  үшін тауар болмайды, бірақ оларды  жинауға еңбек жұмсалған соң,  олар тауарға айналады.

 в) тауар деп сатуға  арналған заттарды айтады.

 II. Австрияның экономикалық мектебі (оның көрнекті өкілі К.Менгер) тауар айырбасқа арналған игіліктердің ерекше түрі деп анықтама береді.

 Экономикалық игіліктерге,  К.Менгер, шектеулі мөлшерде кездесетін - экономикалық қызметтің объектілері  мен нәтижелерін де жатқызды.

 Бұл анықтаманың екеуіне  де ортақ тұжырым бар, олар  тауарды еңбек өнімі ретінде  қарастырады. Ерекшелігі, екінші  анықтамада шектеулі игіліктер  мен шексіз қажеттіктердің арақатынасы  ескеріледі, ал бірінші анықтамада  бұл мәселе қарастырылмайды. Бұл  концепцияларда әртүрлі көзқарастардың  болуына қарамастан, олар тауар  - еңбек арқылы жасалған өнімдер  және адамның нысаналы мақсатты  еңбегі жұмсалған дайын табиғи  заттар, сонымен бірге түрлі қызмет  көрсетулер де тауарға айналатынын  дәлелдейді. Әрбір тауардың тұтыну  құны болады. Ол өндірушінің емес, басқа адамдардың қажеттіктерін  өтейді, яғни оның қоғамдық тұтыну  құны бар. Тауар өндірушіге  ең қажетті нәрсе өз тауарының  басқа тауарларға айырбасталу  қабілетінің болуы.

 Тауардың өзінен басқа  тауарларға белгілі пропорциялық  мөлшермен айырбасталу қабілетін  оның айырбас құны деп атайды. .

 Қызмет көрсетулердің  ерекшелігі, олардың өздеріне тән  натуралды-заттай формасы болмайды, бірақ пайдалы әсерлері бар  және адам қызметінің нәтижесі  болып табылады.

 Тауарлардың материалдық  және материалдық емес сипаттары  болады. Тауардың екі қасиеті  бар:

 а) адамның белгілі  бір қажеттіктерін қанағаттандыру  қабілетін оның тұтыну кұны  деп атайды.

 б) әрбір тауардың  жалпылай айырбастау құны

 Бір тауар өзінен  басқа тауарларға айырбасталу  кезінде, олардың өзара пропорциялық  мөлшерде алмасуына себепші болатын  мәселенің шешімін табуды алғашқы  рет Аристотель ұсынды. Бұдан  кейінгі кезендерде түрлі экономистер  бұл мәселеге өздерінше жауап  іздеді.

Құнның еңбек теориясын  жақтаушылар, тауарлардың құнын  жасауға жұмсалған еңбек шығындары, олардың өзара айырбасталуына ортақ, жалпылама негіз болады деген  пікірді айтады.

 

 Шектеулі пайдалылық  теориясын жақтаушылар - айырбастың  негізін пайдалылық құрайды деген  пікірді ұсынады. Шығындар тұжырымдамасының  өкілдері тек шығындар арқылы  ғана құнды анықтауды қолдайды.

Енді осы аталған тұжырымдамаларға арнайы тоқталайық. Құнның еңбек теориясы XVIII және XIX ғғ. аралығында қалыптасты. Оның іргетасы саяси экономия классиктерінің еңбектерінде қаланған, олар құнды  тауарды өндіруге жұмсалған еңбек  арқылы анықтайды. К.Маркс пен Ф.Энгельс  қоғамдық абстракті еңбек, құнның негізін  құрайды дейді. Маркстің пікір бойынша, тауар өндіруші еңбегінің екі  сипаты болады. Бір жағынан, бұл еңбектің нақты түрі. Ол жұмыскердін кәсіпқой біліктілігіне, қажетті еңбек құралдарын пайдалануына байланысты болады және нақты нәтижеге қолы жетуімен, яғни белгілі бір тұтыну құнының жасалуымен сипатталады. Осылайша жұмсалған еңбекті  нақты еңбек деп атайды. Екінші жағынан, бұл еңбек өзінің нақты  жұмсалу формасы болмайтын, жиынтық  қоғамдық еңбектің құрамдас бір бөлігі, яғни ол жалпы жұмыс күшінің жалпылама  жұмсалу процесі болып табылады. Мұндай еңбекті абстракты еңбек  деп атайды. Ол құнды жасайды, өйткені  ол сан алуан мамандардың еңбектерінен құралады және әртүрлі тұтыну құндарын бір-бірімен, өзара теңестіруге мүмкіндік  беретін жалпылама категория.

 Құн мөлшерін анықтауға  байланысты әртүрлі көзқарастар  қалыптасты. А.Смит құн мөлшерін  жұмыс уақытымен анықтады. Ал  Д.Рикардо нашар өндірістік жағдайдағы  тауарды өндіруге жұмсалған жұмыс  уақыты арқылы құн мөлшерін  іскерлік пен еңбек интенсивтілігінің  орташа деңгейіне негізделген,  қоғамдық өндірістің қалыпты  жағдайында өнімді өндіруге жұмсалған  қоғамдық қажетті жұмыс уақыты  арқылы анықтады.

Информация о работе Меншіктің экономикалық және құқықтық негізі