Мемлекеттік басқару органдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 22:16, реферат

Краткое описание

1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстан унитарлы мемлекет болып табылады. Мемлекеттік өкіметтің бірден-бір қайнар көзі — халықтың өзі. Мемлекеттік өкімет бірегей, ол заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары болып бөліну қағидасына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясы негізі мен заңдарына сүйенеді.
Тәуелсіздік алғаннан бастап республикада демократияландыруға бағытталған саяси өмір өзгерістері байқала түсті. Бұрынғы уақытта «өкімет—қоғам» формуласы іс жүзіне асырылса, ендігіде, керісінше, «қоғам — өкімет» негізге алынды. Мемлекеттік басқару органдары халыққа қалтқысыз қызмет ету арқылы құқықтық мемлекет пен еркін нарықтық экономикаға негізделген алдыңғы қатарлы азаматтық қоғам қалыптастыруы керек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мемлекеттік басқару органдары.docx

— 48.79 Кб (Скачать документ)

Криминалдық полицияның негізгі міндеттері

Қылмыстарды ашу, алдын алу, жою және тергеу; Ішкі істер органдарының қарауына жататын қылмыстар жөніндегі істер бойынша анықтауларды жүргізу, тергеу амалдарынан, ісін жалпы анықтаудан және соттан, қылмыстық жазасын өтеуден жалтарып жүргендерді, хабарсыз жоғалып кеткендерді іздестіруді ұйымдастыру мен жүзеге асыру.

Әкімшілік полицияның негізгі міндеттері

Қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік  тәртіп бұзушылықтарды ашу, алдын алу  және тоқтату, қылмыстарды ашу, анықтау  мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру, ұсталған және тұтқындалған, тұратын орны, құжаттары жоқ адамдар ұсталатын орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету. Сонымен бірге кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қараусыздықты және құқық бұзушылықты ашу және тоқтату, жол қатынасы кауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік қадағалау, бақылау, төлқұжат беру жұмысын жүзеге асыру.

Учаскелік инспекторлар және кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторлар күзет қызметін, лицензиялық және рұқсат беру жүйесін, табиғатты корғау және мал дәрігерлік полициясы, төлқұжат қызметі, жол полициясы бөлімшелері, Ішкі істер органдарының арнаулы  мекемелері әкімшілік полициясы құрайды.

Әскери-тергеу органдарының негізгі міндеттері

Ішкі істер органдарының тергеуіне жататын әскери қызметшілер  жасаған қылмыстар мен әскери қылмыстардың алдын алу, тоқтату, жою, ашу және тергеу болып табылады. Әскери тергеу органдарын — әскери-тергеу департаменті, тергеу, жедел-іздестіру, жедел-техникалық және өзгеде бөлімшелерден тұратын әскери-тергеу басқармалары мен гарнизондар бойынша бөлімдер құрайды.

ІІМ-нің әскери полициясы — ішкі әскерлерді құқықтың тәртіпті қамтамасыз етуге, әскери қылмыстар, сондай-ақ ішкі әскерлер мен әскери қызметшілер жасаған өзге де қылмыстар бойынша анықтау ісін жүзеге асыруға, олардың арасындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, олардың бетін ашуға, тоқтатуға, жоюға, әскери қылмыстарды ашуға, ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін іздестіруге арналған арнаулы орган.

Ұлттық қауіпсіздік  органдары

Ұлттық қауіпсіздік органдары  тікелей Президентке бағынады, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және жеке адам мен қоғамның қауіпсіздігін, Конституциялық құрылысты, мемлекеттің егемендігін, аумақ тұтастығын, елдің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс қуатын қорғауды қамтамасыз етеді.


Мемлекеттік органдар арасында құқық қорғау органдары  айрықша орын алады. Олар қоғамдағы  құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органдарына: сот, прокуратура, Ішкі істері органдары, Ұлттық қауіпсіздік, Әділет органдары, Кедендік бақылау органдары, жемқорлық және басқа кәсіби қылмыстармен күрес органдары жатады.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық қауіпсіздік органдары

Ұлттық қауіпсіздік органндары — Қазақстан Республикасының  қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің  құрамдас бөлігі болып табылатын  арнаулы мемлекеттік органдар. Олардың  міндеті — өздеріне берілген өкілеттіктер мен жеке адамдар мен қоғамның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты, мемлекеттің егемендігін, аумақтық тұтастығын; елдің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс қуатын қорғауды қамтамасыз ету.

Ұлттық қауіпсіздік органдары:

  • жеке адамдардың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігі қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жасап, іске асыруға қатысады;
  • Қазақстан Республикасының мүдделеріне сәйкес барлау ақпараттарын іздестіріп табады;
  • Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға, қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталган терроризм сияқты қауіпті қылмыстар мен өзге де әрекеттерден сақтандырып, олардың жолдарын кеседі;
  • мемлекеттік органдарды, еліміздегі ұйымдар мен әскери құрылымдарды ақпараттық және кодталған (астыртын) байланыстармен қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік  комитеті, оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де қүрылымдық бөлімшелер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы үкіметтік байланыс органдары, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен өзге де ұйымдар ұлттық қауіпсіздік органдарының біртүтас жүйесін құрайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етуге тілек білдірген, өздерінің моральдық (өнегелік) және іскерлік қабілеттеріне, жасы, білімі мен денсаулығына қарай өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті азаматтар ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке орналаса алады. Кедендік бақылау органдары Қазақстан Республикасындағы Кедендік қызмет республиканың кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының (тасымалдаушының) қозғалысына кедендік иідемдер мен салықтар алу, кедендік рәсімдеу, кедендік бақылау және кедендік саясаттың, басқа да құрамаларын іске жұмылдырудың шарттары мен тәртіптерін құрайды. Кедендік органдардың лауазым иелері билік өкілдері болып табылады, олардың заңды талаптары мен өнімдерін мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар орындауғa міндетті.

Кедендік органдар жүйесіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрамындағы кедендік бақылау агентігі, кедендік басқармалар, кедендер, кедендік бекеттер кіреді. Сонымен, құқық қорғау қызметі дегеніміз — заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі арнайы мемлекеттік органдардың қызметі. Бұл қызмет мемлекеттің, жалпы қоғам мен әрбір жеке адамның құқықтары, еріктері мен заңды мүдделерін қорғаудан тұрады. Құқық қорғау қызметі заңды ықпал ету шараларымен заңға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады.

Мәслихат


Жергілікті мемлекеттік  басқаруды тиісті аумақтағы жағдайға жауапты жергілікті өкілетті және атқарушы органдар жүзеге асырады. Жергілікті өкілетті орган — мәслихат тиісті әкімшілік- аумақтық бірліктегі тұрғындар еркін  білдіреді және жалпымемлекеттік мүддені  ескере отырып, оны жүзеге асыру  шараларын анықтайды. Жергілікті атқару органдары Қазақстан Республикасы атқару органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтағы мүдде мен  қажеттіліктер дамуына үйлестіре  отырып, атқару билігінід жалпымемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.Мемлекеттік  органдар мен ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттік қазақ тілімен бірге орыс тілі де қолданылады.Негізінен, мемлекеттің саяси жүйесіндегі өзгерістер 10 жылғы даму ішінде (1991—2001 жылдары) саяси жүйенің жаңа типін құруға қол жеткізді.

1995 жылы жаңа Конституция қабылданған соң Қазақстанның саяси жүйесінде тұрақтану басталды. Жаңа саяси жүйенің негізгі сипаты 2001 жылдың соңына қарай айқын байқалды:

  • бірыңғай мемлекеттік биліктің атқарушы, заң шығарушы және соттық тармақтарға бөліну принциптері іске қосылған;
  • Президент биліктің үш тармағының бірлікте әрекет етуін қамтамасыз етеді;
  • мемлекеттік қызмет лауазымдары 1999 жылы 23 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына орай саяси және әкімшілік болып екіге бөлінді;
  • демократиялық сайлау институты жетілу үстінде;
  • көппартиялық жүйе қалыптасты.

Мәслихат— тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс қарамағындағы аймақтың жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік орган. Ол сол аймақ халқының қалауын, ықтиярын білдіреді және жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру шараларын белгілейді әрі атқарылу барысын бақылайды.

Мәслихатты сайлау және оның пайда болуы халықаралық стандарт талаптарына жауап береді. 2001 жылдың 23 қаңтарында қабылданып, 2006 жылдың 10 қаңтарында өгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жергілікті мемлекеттік басқару  туралы» Заңына сәйкес мәслихат өкілетті орган ретінде төмендегі функцияларды орындайды:

  • аумақтың жоспарын, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын, жергілікті бюджетті, оның атқарылуы туралы есепті бекіту;
  • қоршаған ортаны қорғау бойынша бағдарламаларды бекіту;
  • әкім ұсынған әкімшілік — аумақтық бірлікті басқару сызбасын бекіту;
  • әкімнің ұсынысы бойынша әкиматтың жеке құрамын мәслихат сессиясының шешімімен келісу;
  • атқарушы органдар жетекшілерінің есептерін қарау, мәслихат шешімін орындамаған ұйымдардың, мемлекеттік басқару органдарының лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту бойынша тиісті органдарға ұсыныс беру;
  • ҚР заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету өкілеттіктерін іске асыру;
  • ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес тәртіпті бекіту;
  • жергілікті бюджеттің, жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларының орындалуына бақылау;
  • мәслихаттың тұрақты комиссиясын және басқа да органдарын құру, олардың қызметтерінің есептерін тыңдау;
  • халықты еңбекпен қамту және кедейшілікпен күресу бағдарламасын бекіту;
  • ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша акимат жанынан консультативтік-кеңестің жеке құрамын әкімнің ұсынысымен бекіту;
  • ҚР Жер заңдары бойынша жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
  • ҚР Конституциялық нормаларын, заңдарын, Президенттің актілерін, ҚР Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін орындауға қатысу.

Мәслихат сессиясы

Мәслихат өзінің өкілетін сессияда (сессия жылына 4 рет өткізіледі), өзінің тұрақты комиссиясы, мәслихат сессиясының төрағасы, бюджеттіңдепутаттар, мәслихат хатшысы арқылы жүзеге асырады. Мәслихат сессияның төрағасы мен оның хатшысын сайлайды, олардың есептерін тыңдайды, тұрақты комиссияны қалыптастырады, мәслихаттың шығындарын анықтайды, ревизиялық комиссияның актілерін бекітеді, мәслихат аппаратының құрылымын бекітеді.

Мәслихат сессиясы ашық түрде  жүреді. Сессия төрағасы жергілікті атқарушы органдардың жетекшілерін шақыруға құқылы. Мәслихат өзінің мерзімінде тұрақты  комиссияны құрады, онда жеті депутаттан артық болмайды. Тұрақты комиссия жылына бір рет есеп беріп тұрады. Мәслихат қызметінде ревизиялық комиссияның атқаратын рөлі жоғары. Ревизиялық комиссия мәслихат өкілетінің мерзіміне сайланады, олар жергілікті бюджеттің орындалуына бақылау жасайды. Тексеру нәтижесімен ревизилық комиссия мәслихат пен акиматты ақпараттандырады.

Мәслихат немесе оның хатшысы  мәслихат сессиясында қарауға мәселелерді  енгізу жөнінде уақытша комиссия құруға құқығы бар. Уақытша комиссияның  құрамын, міндетін, өкілетін, құқығын  мәслихат анықтайды. Уақытша комиссия жұмысына қатынасқаны үшін еңбек ақы төленбейді.

Хатшы

Мәслихат құрылымында  хатшының атқаратын рөлі зор, ол мәслихаттың  ағымдағы барлық жұмыстарын орындайды. Бұл лауазымды тұлға, ол тұрақты  негізде жұмыс істейді. Мәслихат хатшысының оның тұрақты комиссиясының  құрамында болуға құқығы жоқ. Мәслихат функциясын жүзеге асыру үшін шағын  аппарат құрылады, оның құрылымы мен  сандық құрамы орындалатын жұмыстың деңгейіне, сипатына, көлеміне байланысты. Мәслихат аппараты ұйымдастырушылық, құқықтық, материалды — техникалық және басқа да мәслихаттың органдарын қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асырады.

Мәслихат аппараты жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік  мекеме болып табылады.

Саяси реформалар кезеңдері


Жылдар

Саяси реформалар кезеңдері

1991—1995 жылдар

I кезең — Қазақстан  мемлекеттілігінің 
іргетасын қалау, көппартиялық жүйенің 
дамуына жағдай жасау

1995—2000 жылдар

II кезең — 1995 жылғы Конституция негізінде 
жаңа саяси мәдениетті қалыптастыру, 
Президенттік республиканың дамуы, сайлау 
жүйесіндегі өзгерістер

2001—2006 жылдар

III кезең — жергілікті билік органдарының 
өкілеттілігін кеңейту, сот жүйесін жетілдіру, 
атқарушы биліктің есеп беруін жеткілікті 
деңгейде арттыру (Үкімет мүшелерінің 
Парламент алдында, әкімдердің халық 
алдында есеп беруі)


 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиет

  1. Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык- гуманитарлык бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 304 бет,суретті. ISBN 9965-36-106-1
  2. Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык- гуманитарлык бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 304 бет,суретті. ISBN 9965-36-106-1
  3. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

 


Информация о работе Мемлекеттік басқару органдары