Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 22:16, реферат
1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстан унитарлы мемлекет болып табылады. Мемлекеттік өкіметтің бірден-бір қайнар көзі — халықтың өзі. Мемлекеттік өкімет бірегей, ол заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары болып бөліну қағидасына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясы негізі мен заңдарына сүйенеді.
Тәуелсіздік алғаннан бастап республикада демократияландыруға бағытталған саяси өмір өзгерістері байқала түсті. Бұрынғы уақытта «өкімет—қоғам» формуласы іс жүзіне асырылса, ендігіде, керісінше, «қоғам — өкімет» негізге алынды. Мемлекеттік басқару органдары халыққа қалтқысыз қызмет ету арқылы құқықтық мемлекет пен еркін нарықтық экономикаға негізделген алдыңғы қатарлы азаматтық қоғам қалыптастыруы керек.
Мемлекеттік басқару органдары
1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстан унитарлы мемлекет болып табылады. Мемлекеттік өкіметтің бірден-бір қайнар көзі — халықтың өзі. Мемлекеттік өкімет бірегей, ол заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары болып бөліну қағидасына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясы негізі мен заңдарына сүйенеді.
Тәуелсіздік алғаннан бастап республикада демократияландыруға бағытталған саяси өмір өзгерістері байқала түсті. Бұрынғы уақытта «өкімет—қоғам» формуласы іс жүзіне асырылса, ендігіде, керісінше, «қоғам — өкімет» негізге алынды. Мемлекеттік басқару органдары халыққа қалтқысыз қызмет ету арқылы құқықтық мемлекет пен еркін нарықтық экономикаға негізделген алдыңғы қатарлы азаматтық қоғам қалыптастыруы керек. Мазмұндық және құрылымдық жағынан келгенде, Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы 10 жылы ішінде мемлекеттік басқару органдары бірқатар өзгерістерді басынан кешірді. Құрылымдық өзгерістер мына төмендегіше көрініс тапты:
Мазмұндық сипаттағы өзгертулер 1997 жылғы 10 қазандағы Қазақстан Республикасының стратегиялық дамуында («Кәсіптік мемлекет») нақты атап көрсетілді:«Біздің міндет — Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатынмемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы, тиімді жүйесін жасау;
Аталған басымдылықты жүзеге асыру үшін 1999 жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға өзгертулер мен қосымшалар енгізілді. Осы шешімге сәйкес алдағы уақытта кадрларды таңдау, аттестациялау және қызметке тағайындау механизмі реттеліп отыратын болды. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік қызметке кадрлар даярлау үшін Мемлекеттік басқару академиясы мен Мемлекеттік қызмет агенттігі құрылды.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998—2000 жылдарға арналған іс-әрекет бағдарламасынан:«Үкіметтің алдағы үш жылға арналған басым міндеттері: стратегиялық жоспарлау мен бақылаудың бірыңғай жүйесінің негізінде ведомствоаралық жене салааралық үйлестіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, кадрларды даярлау және іріктеу жүйесін жетілдіру, мемлекеттік органдардың функциясын орталықсыздандыру, олардың жұмысына жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, тиісті заңдармен қамтамасыз ету болады».
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы жауапты қызметкері, ал мемлекеттің ішкі және сыртқы негізгі бағыттарын анықтайды, сондай-ақ ішкі халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан сөйлейді. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді қызметін және биліктің халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртүтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.
Ресми резиденциясы |
Ақ Орда (Астана) |
Тағайындалды |
тікелей дауыс беру арқылы |
Өкілеттігінің мерзімі |
5 жыл, қатарынан екі рет мерзімнен артық емес |
Лауазым пайда болды |
24 сәуір 1990 жылы |
Лауазымдағы алғашқы қызметші |
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев |
Сайты |
http://www.akorda.kz |
Қазақстан Республикасының Парламенті
Қазақстан Республикасының Парламенті республиканың заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілетті орган. Парламенттің өкілетті мерзімі — төрт жыл. Парламент екі палатадан: Сенат пен Мәжілістен тұрады. Парламент сессиясы палаталардың біріккен немесе бөлек отырыстары түрінде өтеді. Заң шығару ынтасы құқығы парламент депутаттарына, республика үкіметіне берілген. Парламент өз палаталарының бөлек отырысында мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды; республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептердi, бюджетке енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды талқылайды, мемл. салықтар мен алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды; ҚР-ның әкiмшілік-аумақтық құрылымына қатысты мәселелердi шешу тәртiбiн белгiлейдi; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актiлер шығарады; палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң жартысын сайлайды; Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, оларды қол сұғылмаушылық құқығынан айырады; Үкiмет мүшелерiнiң есептерiн тыңдайды; палаталардың үйлестiрушi және жұмысшы органдарын жасақтайды, регламент қабылдайды, ҚР Конституциясында (54-бап) көзделген басқа да өзгерiстердi жүзеге асырады.Парламент Палаталардың бiрлескен отырыстарында: Президенттiң ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; Конституциялық заңдар қабылдайды, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; республикалық бюджеттi және Үкiмет пен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетiнiң бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi; Президенттiң қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша Президент қарсылық бiлдiрген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткiзедi (бұл мерзiмнiң сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын бiлдiредi); Президенттiң бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауыс беруiмен Президентке бiр жылдан аспайтын мерзiмге заң шығарушылық өкiлеттiк бередi; Президенттiң Премьер-министрдi; Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келiсiм бередi; Премьер-министрдiң Үкiмет бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды (Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен Үкiмет бағдарламасының екiншi рет қабылданбауы Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрген болып табылады); әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiрiнiң бастамасы бойынша Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiредi; соғыс және бейбiтшiлiк мәселелерiн шешедi; Республикалық референдум белгiлеу туралы ұсыныс енгiзедi, т.б.Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар ҚР-ның Заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары түрiнде заң актiлерiн қабылдайды. Республика Заңдары Президент қол қойғаннан кейiн күшiне енедi. Парламент пен оның палаталарының заң актiлерi, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады, ал конституц. заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады. Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiргенде, Парламент Премьер-министрдi тағайындауға екi мәрте келiсiм бермесе, Парламенттiң Палаталарының арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік билiктiң басқа тармақтары арасындағы келiспеушiлiк салдарынан саяси дағдарыс болғанда — Президент Парламенттi тарата алады. Бiрақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңiнде, Президент өкiлеттiгiнiң соңғы 6 айында, сондай-ақ, алдыңғы таратудан кейiнгi 1 жыл iшiнде Парламенттi таратуға болмайды.Парламенттiң ағымдағы қызметi тұрақты атқарылады, олардың саны әр Палатада жетеуден аспауға тиiс. Палаталардың бiрлескен қызметiне қатысты мәселелердi шешу үшiн Сенат пен Мәжiлiс тепе-тең негiзде бiрлескен комиссиялар құруға құқылы. Заң жобасы Мәжiлiстiң тұрақты к-тiнде алдын-ала қаралып, ол бойынша қорытынды бергеннен кейiн — Мәжiлiстiң жалпы отырысында талқыланады. Әдетте, талқылау екi оқылымда өтедi. Ал Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және конституция заңдар қабылдау немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мәселелерi бойынша кемiнде екi оқылым өткiзiлуi мiндеттi.Сенаттың қаралған заң жобасы бойынша қарсылық бiлдiруге құқы бар. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданбаған жоба Мәжiлiске қайтарылады. Егер Мәжiлiс депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен жобаны қайтадан мақұлдаса, онда жоба Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға берiледi. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгiзуге болмайды.Әр Палатаны депутаттардың арасынан сайланатын, мемл. тiлдi еркiн игерген төраға басқарады. Төрағалар палаталардың жұмысын жүргiзедi.Тұтастай алғанда, Парламенттiң қос палаталы құрылымы Қазақстанның жоғары заң шығарушы органы қызметiнiң пiкiр алшақтықтарын азайтып, өзара ынтымақтаса жұмыс iстеуiн мақсат етедi: палаталар бiр-бiрiне бағынбайды, бiр-бiрiне тәуелсiз құрылады; палаталардың әрқайсысы жеке жұмыс тәртiбiнде қызмет атқарады, өздерiнiң қызмет аясы мен мiндеттерi бар. Сонымен қатар олар көптеген мәселелер бойынша бiрлесiп қызмет атқаруға мiндеттi.
Парламент Сенатының әр кездегi төрағалары:
Парламент Мәжiлiсiнiң төрағалары: М.Оспанов (1995 — 99), жылы Тұяқбай (1999-2004), 2004 жылдан Орал Мұхамеджанов
Үкімет
Үкімет Қазақстан Республикасы атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Республика Премьер-министрі қызметіне парламенттің келісімімен Президент сайлайды. Премьер- министрдің ұсынысымен Президент үкіметтің қызметін анықтайды, оның мүшелерін қызметіне тағайындайды және босатады, сондай-ақ республиканың үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, жояды немесе қайта құрады. Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясының V тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкімет туралы заңы бойынша реттеледі. Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі — мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген (64-бап). Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституц. Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды. Үкiметтi Республика Президентi ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Премьер-Министр Үкiмет басшысы болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша үкiмет құрылымын анықтайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орт. атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орт. атқарушы органдар құрайды.
Қазақстан Үкiметi
— алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет
мүшелерi — республиканың Премьер-
Coт билігі
Қазақстан Республикасында әділеттілікті тек кана сот жүзеге асырады.Coт билігі азаматтардың құқығын, бостандығын және заңды мүдделерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғайды, Қазақстан Республикасы Конституциясының, тағы басқа құқықтық-нормативтік актілердің, халықаралық келісім- шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасындағы сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мен жергілікті (облыстық және оған теңестірілген Қазақстан Республикасы әскерінің әскери соты), аудандық (қалалық) заңмен бекітілген соттар құрайды.
Қазақстан Республикасында coтбилігі тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда кезделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық. сот ісін жүргізуге тартылған алка заседательдері аркылы соттарға ғана тиесілі. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Соттың ерекше өкілеттіпн басқа органдарға беруді көздейтін заң актілерін шығаруғатыйым салады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге құқығы жоқ. Сот ісін қарау тәртібімен қаралуға тиіс өтініштерді, арыздар мен шағымдарды баска ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.
Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырыладыжәне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының. өзге де нормативтік құқықтық актілерінің халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Сот билігі азаматтық, қылмыстық және заңда белгіленген өзге де сот ісін жүргізу нысандары арқылы жүзеге асырылады
Құқық қорғау органдары
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасы Прокуратурасы және Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары жатады. Прокуратура заңдардың, Президент жарлықтары мен өзге де құқықтық-нормативтік актілердің республика аумағында нақты әрі бірыңғай қолданылуына, жедел іздестіру өрекетінің, жауап алу және тергеу, әкімшілік және атқарушылық міндеттердің заңдылығына жоғарыдан бақылау жасайды.
Қазақстан Республикасы Ішкі
істер органдары қоғамдық тәртіпті
сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету, адам және азаматтың
құқықтары мен бостандығына, қоғам
мен мемлекет мүдделеріне қол
сұғушылық түрлері мен
Ішкі істер министрлігі (ІІМ), оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, оған бағынатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ішкі істер басқармалары және қалалык, аудандық, ауылдық, көліктегі жол бойының ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу орындары мен өзге де ұйымдары ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.
Ішкі істер органдарының
бүкіл жүйесінің қызметіне лауа
Ішкі істердің аумақтық органдары — облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Ішкі істер департаменті (ІІД) және көліктегі, қалалық, қалалардағы аудандық (ҚІІБ, АІІБ), ауылдық, жол бойының ішкі істер бөлімдері ішкі істер органдары жүйесінің негізгі буыны, аталған органдар ішкі істердің өздерінен жоғары тұрған органдарына және жергілікті атқарушы органдарға тікелей бағынады.
Ішкі істер органдарының негізгі қызметі
Қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, жол бойының ішкі істер бөлімдері өздері қызмет көрсететін аумақта қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды тікелей қамтамасыз етеді.
Қалалық ішкі істер бөлімі
Қалалық (аудандық) ішкі істер бөлімінің құрылымына кіретіндер: әкімшілік қызметтің кезекшілік бөлімімен қоса жедел-іздестіру бөлімдері (бөлімшелер, топтар), МАИ, алдын ала тергеу, анықтау бөлімдері, секретариат, штаб, кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі инспекция, полицияның аумақтық бөлімшелері.
Сонымен бірге бұларға: кәмелеттік жасқа толмағандарды қабылдап таратушы; әкімшілік тәртіп бұзуға қатысты ұсталғандарды арнайы қабылдаушы; медициналық айықтырғыш; қаңғыбастығы мен қайыршылығы үшін ұсталғандарға арналған қабылдап таратушы жоғарыда аталған Ішкі істер органдарына тікелей бағынады.
ІІM ішкі әскерлері маңызды
мемлекеттік нысандармен