Мемлекетаралық стандарттау жүйесінің жұмысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2012 в 16:51, реферат

Краткое описание

1992 жылдың 13 наурызында стандарттау саласында «Келісілген саясатты жүргізу туралы» ТМД елдерінің Келісіміне қол қойылып, мемлекетаралық стандарттау жүйесінің негізі қаланды. Бұл құжат бойынша мыналар танылды: қолданылып жүрген мемлекеттік стандарттар мемлекетаралық стандарттар ретінде, бұрынғы КСРО эталондың базасы ортақ мүлік ретінде, стандарттау, сертификаттау және метрология жүйелерін өзара тану үшін екі жақты келісімдердің қажеттілігі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мемлекетаралық стандарттау жүйесінің жұмысы.docx

— 52.12 Кб (Скачать документ)

[өңдеу]Стандарттардың әр түрлі санаттарының жалпы сипаттамалары


Қазақстан Республикасының  мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде нормалар мен нормативтік құжаттарға мыналар жатады:

  1. Халықаралық стандарттар.
  2. Өңірлік стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар.
  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері.
  4. Ұйымдар стандарттары.
  5. Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары.
  6. Шет мемлекеттердің үлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелері, нормалары мен ұсынымдары. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар төмендегілерге сәйкес әзірленеді және бекітіледі (қабылданады). Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты ҚРСТ.1.2 бойынша.

ТЭЭА мемлекеттік сыныптауыштары - ҚР СТ. 5.0, ҚР СТ. 5.1. ҚР СТ.5.2 бойынша мемлекетаралық стандарттар мен сыныптауыштар MEM СТ.1.2. Стандарттау және сертификаттаусалаларындағы шетелдік нормативтік құжаттар - ҚР СТ. 1.9. Стандарттау саласындағы ережелер мен ұсыныстар ЕР 50.1.20 бойынша техникалық шарттар - ҚР СТ. 1.3 бойынша. Халықаралық стандарт - стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт. Өңірлік стандарт - стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт. Мемлекеттік стандарт - уәкілетті орган бекіткен және тұтынушылардың халық көпшілігінеқолжетімді стандарт. Ұйым стандарты - ұйым бекіткен стандарт. Үйлестірілген стандарт - техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін стандарт. Ұлттық стандарт - шет мемлекеттің стандарттау жөніндегі уәкілетті органы қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт.

[өңдеу]Стандарттардың түрлері


Стандарттау объектісінің ерекшелігіне және оған белгіленген талаптардың мазмұнына байланысты стандарттардың мына түрлері әзірленді:

  • негізге алынатын стандарттар;
  • өнімге (көрсетілетін қызметке) стандарттар;
  • процеске стандарттар;
  • бақылау әдістеріне (сынау, өлшеу, рөсімдеу) стандарттар.

Негізге алынатын стандарттар - қолданылу саласы кең немесе техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарттар. Олар басқа стандарттарды шығаруға негіз болатын стандарттар немесе әдістемелік құжаттар түрінде қолданылады. Өнімге (көрсетілетін қызметке) стандарт біркелкі өнімдер (көрсетілетін қызметке) топтарына немесе нақты өнімге (көрсетілетін қызметке) талаптар белгілейді. Өнімге, көрсетілетін қызметке әзірленетін стандарттар әр түрлі болады: жалпы техникалық шарттар түрінде, техникалық шарттар түрінде. Бірінші жағдайда стандарттар біркелкі өнімдер (көрсетілетін қызмет) топтарына қойылатын жалпы талаптарды, ал екінші жағдайда - жекелеген өнім түрлеріне қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл стандарттар жалпы жағдайда - жекелеген өнім түрлеріне қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл стандарттар жалпы жағдайда мынандай бөлімдерден тұрады:жіктеу, негізгі параметрлер мен мөлшерлер, жалпы техникалық талаптар, қабылдап алу, таңбалау, буып, тасымалдау және сақтау ережелері. Біркелкі өнімдер топтарына шағын сұраныстағы стандарттар әзірленуі мүмкін: техникалық талаптар стандарттары: қабылдап алу ережелерінің стандарттары, таңбалау, буып, тасымалдау және сақтау ережелерінің стандарттары. Процестерге стандарттар әзірлеу, дайындау, сақтау, жүк тасу, пайдалану, өнімді кәдеге жарату мен жөндеудің технологиялық үдерістерінде әр түрлі жұмыстарды орындау әдістеріне (орындау жолдары, тәсілдер, режимдер, нормалар) негізгі талаптарды белгілейді. Жаңа өнімді игеруді жеделдету жұмыс тарында авто- матты жобалау жүйелеріне байланысты әзірленген стан- дарттардың атңаратын рөлі үлкен. Мысалы, осындай стандарттарды қолдану негізінде Жапонияда жеңіл ма- шиналар шығаратын фирмалар жаңа модельдерді жоба- лауға жүмсалатын уақытты 2-8 есе қысқартқан. Саудада тамақ өнімдерін сақтау және сату алдындағы дайындау әдістеріне қатысты стандарттар маңызды рөлатңарады. Қазіргі кезде өнім (қызмет) сапасын қамтамасыз ету жүйелерінің шеңберінде қолданылатын басқару процестеріне қатысты стандарттар - құжаттарды сатып алуды, мамандарды дайындауды, т.б. басқару стандарттарының маңызы артып отыр. Бақылау әдісіне стандарттар өнімді жасап шығару, сертификаттау және пайдалану кезінде оған сынақ, өлшеу, талдау жүргізу әдістерін белгілейді. Әрбір әдіске олардың ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді:

  • сынау құралдары және басқа да керек- жарақтар;
  • сынауды өткізуге дайындалу тәртібі;
  • сынауды өткізу тәртібі;
  • сынау кезінде алынған деректерді өңдеу ережелері;
  • сынау нәтижелерін дайындау ережелері;
  • сынау қателігінің мүмкін деңгейі.

[өңдеу]Стандарттарды әзірлеу және бекіту тәртібі


Ұлттық стандарттар

  1. Стандарттау жөніндегі ұлттық орган стандарттарды шығару бағдарламасын әзірлейді және бекітеді. Стандартты өзірлеуші ұлттық стандарттың жасалып жатқаны туралы хабарламабереді. Хабарламаға жобаның сәйкес халықаралық стандарттың өзгешелігін көрсететін ақпарат болуы керек. Стандартты өзірлеуші мүдделі тұлғалардың жобасымен танысуын қамтамасыз етеді.
  2. Стандартты дайындаушы мүдделі тұлғалардың пікірлерін ескере отырып стандарт жобасын жетілдіреді, жобаны көпшіліктің талқысына салады. Талқылау мерзімі екі айдан кем болмауы керек.
  3. Ұлттық стандарттың жобасы мүдделі тұлғалардан жазбаша түрде алынған пікірлермен қоса стандарттау жөніндегі техникалық комитетке жіберіледі, комитет жобаны сараптамадан өткізеді. Техникалық комитет сараптау нәтижесі бойынша жобаны бекіту немесе қабыл алмау жөнінде дәлелді ұсыныс жасайды. Техникалық; комитет ұсынысты ұлттық стандарттау органына жібереді, орган комитет жіберген құжаттар негізінде шешім қабылдайды.

Үлттық стандарттың бекітілуі туралы хабар органның баспасөз беттерінде және электронды сандық жалпы қолданыстағы ақпарат жүйесінде жарияланады. Жариялану мерзімі стандарт бекітілгеннен кейін бір айдан аспауы керек.

  1. Ұлттық стандарттау органы техникалық регламенттер мен еркінді негізде үйлестіруге болатын ұлттық стандарттардың тізімін бекітіп, баспасөз бетінде және ақпараттық жүйедежариялайды.

Ұйым стандарттары Ұйым стандартын, соның ішінде коммерциялық, қоғамдық, ғылыми мекемелердің, заңды тұлғалар бірлестіктерінің стандарттарын қажет болғанда олар өз бетімен әзірлеп, бекіте алады. Қажеттілік мына жағдайларға байланысты болуы мүмкін:

  • өндірісті жетілдіруге және өнім сапасын жақсартуға;
  • қызмет көрсетуге;
  • зерттеулердің (сынақтардың), өлшеулердің және басқа да жаңалықтардың нәтижелерін таратуға және пайдалануға.

Ұйым стандартын дайындаушы жобаны сараптамадан өткізу мақсатында, техникалық комитетке жіберуі мүмкін. Сараптама нәтижесі бойынша техникалық комитет қорытынды шығарып, оны стандарт жобасын дайындаушыға жібереді.[1]

 

 

 


Информация о работе Мемлекетаралық стандарттау жүйесінің жұмысы