Мемлекетаралық стандарттау жүйесінің жұмысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2012 в 16:51, реферат

Краткое описание

1992 жылдың 13 наурызында стандарттау саласында «Келісілген саясатты жүргізу туралы» ТМД елдерінің Келісіміне қол қойылып, мемлекетаралық стандарттау жүйесінің негізі қаланды. Бұл құжат бойынша мыналар танылды: қолданылып жүрген мемлекеттік стандарттар мемлекетаралық стандарттар ретінде, бұрынғы КСРО эталондың базасы ортақ мүлік ретінде, стандарттау, сертификаттау және метрология жүйелерін өзара тану үшін екі жақты келісімдердің қажеттілігі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мемлекетаралық стандарттау жүйесінің жұмысы.docx

— 52.12 Кб (Скачать документ)

Мемлекетаралық стандарттау жүйесінің жұмысы


1992 жылдың 13 наурызында стандарттау саласында «Келісілген саясатты жүргізу туралы» ТМД елдерінің Келісіміне қол қойылып, мемлекетаралық стандарттау жүйесінің негізі қаланды. Бұл құжат бойынша мыналар танылды: қолданылып жүрген мемлекеттік стандарттар мемлекетаралық стандарттар ретінде, бұрынғы КСРО эталондың базасы ортақ мүлік ретінде, стандарттау, сертификаттау және метрология жүйелерін өзара тану үшін екі жақты келісімдердің қажеттілігі. Мемлекетаралық деңгейде стандарттау, сертификаттау жәнеметрология бойынша мемлекетаралық кеңес құрылды. Оның негізгі функциялары: стандарттау саласындағы қызметтің басты бағыттарын айқындау; мемлекетаралық стандарттардыңжобаларын бекіту, стан- дарттау саласындағы жұмыстардың негізгі бағыттарын және оларға қажетті шығынның сметасын талқылау және қабылдау. Кеңестің қабылдаған шешімдері оған өкілдері кірген мемлекеттерге міндетті. Келісімге қатысқан ТМД елдерінің стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі ұлттық органдардың басшылары мемлекетаралық кеңестің мүшелері болып табылады. Мемлекетаралық жұмыстың негізгі органы - стандарттың, метрология және сертификаттау жөніндегі Минск қаласында орналасқан бюросы. Қалыптасқан дәстүр бойынша кеңестің жиналыстары Келісімге енген елдердің әрқайсысында кезектесіп өткізіліп отырады. Мемлекетаралық кеңестің жұмысы арқасында КСРО- да қолданылған нормативтік құжаттар қоры мен эталондық база (шамамен 25 мың мемлекеттік, 40 мың салалық стандарттар, 35 техникалық-экономикалық ақпаратты жіктегіштер, 140 физикалық шамалар өлшемдерінің метрологиялық эталондары) сақталып қалды. Қазіргі уақытта ТМД елдерінің ұлттың сертификаттау жүйелерін өзара тану үдерісі толығымен аяқталды. Мемлекетаралық кеңестің жұмыс органы - мемлекетаралық техникалық комитеттер. Олар мемлекетаралық стандарттарды әзірлейді және мемлекетаралық стандарттау саласындағы басқа да нақтылы жұмыстарды жүргізеді. Мемлекетаралық стандарттар және оларға енгізілетін өзгерістер кеңес шешімімен қабылданады, ал кеңес жиналыстары жылына екі рет өткізіледі. Бес жылда (1992-1997 жж.) Кеңестің шешімімен 2500 нормативтік құжаттар қабылданды. Олар негізінде міндетті сертификаттауға жататын өнімдерге техникалық талаптарды белгілеу бағытталған. Қабылданған стандарттар халықаралық стандарттармен үйлестірілген, яғни ТМД елдерінің дүниежүзілік нарыққа шығуына мүмкіндік туғызады. Мемлекетаралық кеңестің атқарып отырған нәтижелі жұмыстарын бағалай отырып, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ИСО) оны стандарттаудың халықаралық аймақтық мекемесі ретінде таныды.

[өңдеу]Стандарттау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың мәселелері


Халықаралық байланыстың  даму жағдайында стандарттау саласындағы жұмыстарды тек қана бір ел шеңберінде жүргізу мүмкін емес. Барлық елдердің арасында сауда, экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастығын құру үшін халықаралық стандарттаудың маңызы өте зор. Халықаралық стандарттардың қажеттілігі уақыт өткен сайын айқындалып келе жатыр, өйткені, халықаралық нарыққа шығарылатын өнімдер түрлеріне тағайындалған ұлттық және халықаралық стандарттардың арасындағы айырмашылықтар халықаралық сауданы дамытуға кедергі жасауда. Халықаралық сауданы дамытудың проблемаларын шешуде стандарттардың арақатынастық функциясы анық көріне бастады. Халықаралық стандарттау адамдардың, энергияның және ақпараттық алмасуына жәрдемдеседі. Осыған байланысты халықаралық стандарттар рыноктарды ашатын құлып деген ұғым қалыптасқан. Стандарттау саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың негізгі мәселесі - үйлестіру, яғни Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесін басқа елдердің халықаралық, аймақтың, ұлттық жүйелерімен қиыстыру. Мұның мақсаты отандық өнімдердің сапасын және әлемдік нарықта оның бәсекеге жарамдылығын жоғарылату. Стандарттау жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты халықаралық, аймақтық мекемелер жүзеге асырады.

[өңдеу]Стандарттау саласындағы халықаралық мекемелер


Халықаралық стандарттау саласында стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (ИСО), Халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК), Халықаралық электр байланыстары одағы (ХЭО) жұмыс атқарады. Стандарттау жөніндегі халықаральщ үйым (ИСО) 1947 жылы құрылған. ИСО-ның қызметі электроника мен электротехникада басқа стандарттау салаларының барлығын қамтиды. 1999 жылдың 1 қаңтарынан ИСО жұмысына 178 ел қатысты. ИСО-ның органдары - Бас ассамблея, ИСО кеңесі, Кеңес комитеттері, техникалық комитеттер және орталық секретариат, Жоғарғы органы - Бас ассамблея .

Бас ассамблея сессияларының арасында ұйым жұмысын ИСО-ның Кеңесі басқарады. Кеңеске стандарттаудың үлттық мемлекеттік өкілдері кіреді. Кеңес жанынан техникалық комитеттердің жұмысын басқаратын атқарушы бюро құрылған. Халықаралық стандарттардың жобасын техникалық комитеттер шеңберінде жұмыс атқаратын жұмыс топтары дайындайды. Техникалық комитеттер жалпытехникалық және техниканың нақтылы саласына қатысты болып екіге бөлінеді. Жалпытехникалық топқа жататын техникалық комитеттер (ИСО құрамында олардың саны 26) жалпытехникалық және салааралық мәселелермен шүғылданады. Оларға жататындардың ішінде «Өлшем бірліктері» (ТК 12), «Ерекше сандар» (ТК 19) ж.б. бар. Қалған техникалық комитеттер (ИСО құрамында олардың саны шамамен 140) техниканың нақты салаларына қатысты. Мысалы, «Автомобильдер» (ТК 22), «Станоктар» (ТК 39) ж.б. ТК күрделі салаларға қатысты болған жағдайда (химия, космостың техника ж.б.) олардың құрамында комитет бөлімдері және жұмыс топтары құрылады. Халықаралық стандарттың жобасын қабылдау үшін ТК мүшелерінің 75%-ның келісімі болуы керек. 2000 жылдың басында шамамен 12 мың халықаралық стандарттар қолданыста болған. Халықаралық стандарттарды қолдану міндетті емес, яғни әрбір ел оны толығымен, тек қана кейбір бөлімдерін қолдануына болады немесе жалпы қолданбауы да мүмкін. Бірақ та халықаралық нарықтағыбәсекелестіктің артуы жағдайында өндірушілер өз өнімдерінің бәсекелесу деңгейін көтеру мақсатында халықаралық стандарттарды қолдануға мәжбүр. Шетел мамандарының бағалауларына қарағанда кейбір өндірістері дамыған елдерде ИСО-ның стандарттар қорының 80%-ына дейін қолданылады. Халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК)электротехника, радиоэлектроника және байланыс салаларында қолданылатын стандарттарды дайындайды. Ол 1906 жылы, яғни ИСО-дан көптеген жылдар бұрын құрылған. Әр уақытта құрылғандықтан және жұмыс бағыттары әр түрлі болғандықтан, осы халықаралық мекемелердің екеуі де бүгінгі күнде жұмыстарын жалғастыруда. ИСО мен ХЭК алдындағы мәселелердің тұтастығын ескере отырып және жекелеген техникалық органдардың жұмыстарында жарыса жүргізуді болдырмау үшін мекемелер арасында өзара келісім жасалған. Келісім, біріншіден, іс-қимылдар шеңберін шектеуге, екіншіден, техникалық қимылдарды үйлестіруге бағытталған. Біраз елдерде электротехника, электроника және байланыс салаларының дамуы деңгейінің төмендігіне байланысты ХЭК мүшелерінің саны (шамамен 60) ИСО мүшелерінің санынан аз.ХЭК жоғарғы органы - барлық ұлттық комитеттер өкілдерінқамтитын Кеңес. ХЭК бюджеті ИСО бюджеті сияқты үйым мүшелерінің жарна төлемінен және халық- аралық стандарттарды сатудан түскен қаржылардан құрылады. ХЭК техникалық органдарының құрылымы ИСО құрылымына ұқсас - техникалық комитеттер (шамамен 80), комитеттер бөлімі және жұмыс топтары. Осы органдар қазіргі кезде 3000-нан астам стандарттар дайындаған. Халықаралық стандарттау саласында ИСО, ХЭК-тен басқа да ұйымдар бар. Олар - Біріккен Ұлттар Үйымының (БҮҮ) Еуропалық экономикалық комиссиясы, Халықаралық сауда палатасы. Стандарттау жұмыстарына БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО, МАГАТЭ ж.б. ұйымдар да қатысады. Дүние жүзіндегі стандарттау саласында жеті аймақтың ұйымдар жұмыс істейді. Скандинавияда, Латын Америкасында, Арабия аймағында, Африкада, Еуропалық Одақ (Е.О). Бұлардың ішінде ЕО жұмыс тәжірибесін ерекше атауға болады.

[өңдеу]Стандарттау жұмыстарын Еуропалық Одақ (ЕО) шеңберінде ұйымдастыру


Қазіргі кезде экономиканы интеграциялауға, аймақтық біріккен нарықтар құруға бетбұрыс айқын байқалады. Интеграцияның кең дамыған аймағы - Еуропалық Одақ шеңбері (ЕО).1993 жылы Еуропаның 15 елі бірігіп құрған нарық осы елдердің шамамен 400 млн. тұрғындарын қамтиды. Осыған байланысты ұлттық кедергілерді жою мақсатында аймақтық стандарттарға басты назар аударылып отыр. 1961 жылы стандарттау жөніндегі Еуропалық коми- тет (СЕН ЭЛЕК) құрылды. Бұл комитеттердің құрамын- да 239 техникалық комитеттер бар. Біріккен нарық жағдайына сәйкес ЕО «Еуропаның жасыл кітабы» деп аталған (Еуропада техникалық интеграцияны жеделдету үшін еуропалық стандарттарды дамыту) бағдарлама жасалды. Бұл бағдарламада Еуропада стандарттауды ңайтадан құру және дамыту жоспа- ры қарастырылған. «Жасыл кітапта» көрсетілгендей, еуростандарттар техника мен технологияның ең соңғы жетістіктерін қамтуы керек, ал директивалар - тұрғындар мен қоршаған ортаға қауіпсіз емес немесе зиянды өнімдерді Қоғамдастыққа енгізбеу үшін тиімді шараларды қарастыру қажет. Осындай шаралар негізінде стандарттау жұмыстарында көптеген ілгерілеу жасалды. Мысалы, 1991 жылы ЕО 200 директива және 1200 еуростандарттар болған болса, 1993 жылы директивалар саны екі есе үлғайтылып, еуростандарттар саны бірнеше мыңға жеткізілді. Қазіргі жағдайда СЕН жәнө СЕНЭЛЕК-тің басты саясаты - ИСО/МЭК халықаралық стандарттарын аймақтық ретінде кеңінен қолдану. Осының нәтижесінде ЕО шеңберінде қолданылатын нормативтік құжаттардың 45% -ын ИСО/МЭК шығарған халықаралық стандарттар.

 

 

 

 

 

Жүйенің жалпы сипаттамасы және оны реформалау бағыттары


Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі - өз құзыреті шегінде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ техникалық регламенттердің, стандарттардың жиынтығы. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңын қабылдағаннан кейін мемлекеттік стандарттау жүйесін реформалау басталды. Бұл жұмыстың үш кезеңін атап өтуге болады.

  1. кезең - алғашқы (2005 ж.) - мемлекеттік стандарттау жүйесінің Қазақстан егемендік алғаннан бастап атал- ған заң қабылданғанға дейінгі жағдайы.
  2. кезең - өтпелі (2005-2012 жж.) - жүйе жұмыс ының құқықтың статусын мемлекеттіктен еріктілікке өзгер- ту үшін мемлекеттік стандарттау жүйесін үлттың стан- дарттау жүйесі етіп қайта құру.
  3. кезең - ңорытынды, яғни стандарттаудың үлттық жүйесін қалыптастыруды аяңтау. Бұл жүйені мемле- кеттік емес үйымдар басқаруға тиісті жене жүйе ерікті қолданылатын үлттық стандарттарға негізделеді.

Алғашқы кезеңде Қазақстанның мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізін осы саладағы заңнамалар қоры, Заңдарды іске асырушы актілер және нормативтік құжаттар құрды. Өтпелі кезеңде адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін өнімге және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілейтін техникалық регламенттер және олармен үйлестірілген стандарттар қолданысқа енгізілгенге дейін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Техникалық регламенттердің қолданысқа енгізілуіне қарай олар қамтитын немесе оларға қайшы келетін нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылуға тиіс. Қорытынды кезең. 2013 жылға дейін ұлттың жүйе біржолата шет елдердегі практикаға ауысуға тиісті. Жүйені мемлекеттік емес мекеме басқарады. Қажетті техникалық регламенттер қоры қалыптасқандықтан, ұлттың стандарттарда тек қана ұсынылатын талаптар қарастырылады. Ұлттық жүйенің статусының өзгеруі бұл жұмысқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мүлдем қатыспайды дегенді білдірмейді. Үкіметтің реттеудегі жұмысы стандарттау саласының мақсаты мен принциптерін, Қазаңстанның стандарттау саласындағы үлттың орган- ның жұмыс ын, үлттың стандарттарды әзірлеу және іске асыру ережелерін регламенттеу болып табылады. Стандарттардың екі категориясының болуы - « ұлттың стандарттық» және «ұйым стандарттарының» - әрекет өрісіне байланысты екі жүйенің болатынын айқындайды, яғни, бүкіл Қазақстан аумағында іс-әрекет жасайтын ұлттық жүйе және іс-әрекеті жекелеген ұйым шеңберінен аспайтын жергілікті жүйе. Стандарттаудың ұлттық жүйесіне мыналар кіреді:

  • ұлттық стандарттар;
  • стандарттау ережелері, стандарттау саласындағы нормалар мен ұсыныстар;
  • техникалық-экономикалық ақпараттардың мемлекеттік жіктеуіші.

Стандарттаудың жергілікті жүйесі ұйым стандарттарына негізделген. Бұл стандарттар Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңында келтірілген мекеме қоғамдардың жәнеқоғамдық бірлестіктердің стандарттарын алмастырады.

[өңдеу]Қазақстан Республикасының стандарттау


Стандарттау саласындағы органдар мен қызмет атқаратын мекемелернегізгі іс-әрекеттерді стандарттау саласындағы жұмыстарды немесе белгіленген функцияларды атқаратын мекемелер, бірлестіктер және олардың бөлімшелері. Стандарттау саласындағы органдардың негізгі функциясыстандарттау жұмыс тарын басқару. Қазақстанда стандарттау саласындағы ұлттық органның функциясын атқаратын стандарттау саласындағы іс-қимылдарды басқару органы«Техникалық реттеу және метрология комитеті». Комитет стандарттау саласында мына функцияларды атқарады:

  1. Мемлекеттік стандарттарды және техникалықэкономикалық ақпараттың жіктеуіштерін әзірлеудің, келісудің, есепке алудың, бекітудің, сараптаудың, өзгертудің, жоюдың және қолданысқа енгізудің тәртібін белгілейді.
  2. Техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттермен үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзірлеуді ұйымдастырады.
  3. Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелері мен ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртібін белгілейді.
  4. Мемлекеттік, халықаралық және өңірлік стандарттардың, шет мемлекеттер стандарттарының ресми басылымдарын, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелері мен ұсынымдарын басып шығаруды және таратуды ұйымдастырады, олар туралы ақпаратты жариялайды.
  5. Мемлекеттік стандарттаудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу төртібін белгілейді.
  6. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады. Техникалық реттеу және метрологиялық комитеті өзінің функциясын тікелей және өзі құрған органдар арңылы атқарады. Стандарттау саласында қызмет атқаратын мекемелербелгіленген басқару деңгейінде стандарттау жұмыстарын жүргізу үшін арнайы құрылған мекемелер мен бөлімшелер. Олардың қатарына ғылыми-зерттеу институттары және стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер жатады.
  7. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделі тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін экономика салаларында құрылады. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрамына мемлекеттік органдардың және мүдделі тараптардыңөкілдері кіреді.
  8. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құзыретіне мыналар кіреді:
  • бекітіліп берілген объектілер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындау жөніндегі үсыныстарды дайындау;
  • Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттар мен шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін және оларға енгізілетін өзгерістерді өзірлеуге, оларға сараптама жасауға белгіленген тәртіппен қатысу;
  • Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамыту бағдарламаларына техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттер мен мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жөніндеұсыныстар дайындау.

Информация о работе Мемлекетаралық стандарттау жүйесінің жұмысы