Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 10:39, лекция
Ақша тауарлы өндірістің өнімі яғни ақша жаратылысы оның тауарлы шығу тегіне байланысты. Тауар сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі, ал еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуына обьективтік алғы шарттарын туғызады. Қоғам дамуымен ақшаның маңызы арта түседі. Жоспарлы экономикада ақшаның мәні шектеулі болады. Ақша есеп жүргізу, бақылау құралы. Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын еді.
Қоғам дамуымен байланысты әр түрлі формасында, сол уақыттың талабына сай ақша жүйесі дамыды. Олар металл ақша айналысы және несие-қағаз айналысы типі болып табылады. Олардың экономикалық қызметі жүзеге асыруда алатын орны өте зор.
Кіріспе
І. Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы
Ақшаның пайда болуы және оның мәні
1.2 .Ақшаның қызметтері және экономикадағы ролі
1.3. Ақшаның теориясы
а) Ақшаның металдық теориясы.
б) Ақшаның номиналистік теориясы.
в) Ақшаның сандық теориясы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қорытынды.
Қорыта келгенде, ақша – жалпыға бірдей эквивалент, ерекшке тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнелейді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді. Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бейім.
Сондай-ақ ақшаның тағы да бір басты қасиеті оның өтімділігінде. Ақшаны кез-келген тауарға айырбастауға болады. Тауар бағасының өзі тауар құнының ақшалай көрінісі.
Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады. Олар:
Ақшаның әсіресе мемлекет үшін маңызы зор, ол арқылы мемлекет бүкіл ел аумағын және сыртқы экономикалық қатынастарды қадағалап, реттеп отырады. Ал ақша айналысының дұрыс жүзеге аспауы ол ел экономикасына ауыр зардаптар тигізуі мүмкін, мысалы инфляцияны атап өтсек болады. Мемлекет сондай-ақ ақшаны реттеуші құрал ретінде де пайдаланады, «ақша-несие саясаттарын» жүзеге асырады. Ал бұларды орындау үшін ақшаның жалпы теорияларын білу қажет, ақша айналасындағы ақша айналыс заңы, ақша қызметтері және ақша жүйесі болып табылады.
Елімізде ақша жүйесі 1993 жылы 15 қарашадан бастап «ұлттық валютамыз» енгізілгеннен бастап қызмет етуде. Бүгінгі таңда теңгеміз халықаралық экономикада ашық айналысқа шығып, елімізде жүргізіліп жатқан қаржы шаралары өз жемісін беруде.
Қолданылған әдебиеттер.
1 Ақша несие банк, Оқулық Ғ.С. Сейітқасымов. А.2001 ж.
2 С.Б. Мақыш , Оқу құралы «Ақша айналысы және несие» А. 2000 ж. Қазақ университеті.
3 Б. Көшенова , Оқу құралы «Ақша несие банк, валюта қатынастары» А. 2000 ж. Экономика.