Маржинализмнің пайда болуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 10:39, лекция

Краткое описание

Ақша тауарлы өндірістің өнімі яғни ақша жаратылысы оның тауарлы шығу тегіне байланысты. Тауар сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі, ал еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуына обьективтік алғы шарттарын туғызады. Қоғам дамуымен ақшаның маңызы арта түседі. Жоспарлы экономикада ақшаның мәні шектеулі болады. Ақша есеп жүргізу, бақылау құралы. Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын еді.
Қоғам дамуымен байланысты әр түрлі формасында, сол уақыттың талабына сай ақша жүйесі дамыды. Олар металл ақша айналысы және несие-қағаз айналысы типі болып табылады. Олардың экономикалық қызметі жүзеге асыруда алатын орны өте зор.

Содержание

Кіріспе

І. Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы

Ақшаның пайда болуы және оның мәні
1.2 .Ақшаның қызметтері және экономикадағы ролі
1.3. Ақшаның теориясы
а) Ақшаның металдық теориясы.
б) Ақшаның номиналистік теориясы.
в) Ақшаның сандық теориясы.


Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

акшаны тутуну тарихы жане теориясын зерттеу.doc

— 114.50 Кб (Скачать документ)

Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар, оларды жинақтау немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп, тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.

Ақшаның қор жинау  қызметін толық бағалы емес ақшалар  атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ.. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға жүктелген. Біздің елімізде, алтын қоры ҚР Ұлттық банкінде жинақталған.

Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану  екі формада жүзеге асырылады десе болады:

    1. Кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттардағы, сол сияқты банктегі басқадай шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану формасында;
    2. Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке қорлану формасында;

Несиелік механизмнің арқасында  кәсіпорындар мен халықтың ақшалары банктен берілетін қарыздар түрінде  қайтадан айналыс процесіне түседі. Сөйтіп, ақшалар бұл қызметінде ұлттық табыстың қалыптасу, бөлу және қайта бөлу процесіне дәнекер болады.

Ақша айналыс саласынан уақытша  шығып қалғаннан кейін олар қорлана  бастайды. Қорлану қызметінде ақша өзінің сол формада сақтай отырып, олар кез-келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы ретінде түсе алады. Шынында да бұл елдегі ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болуына байланысы ғана мүмкін.

Дүниежүзілік  ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар, сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде дүнижүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір елге займ немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.

Егер де еліміздің  ішіндегі ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттық ақша бірлігі формасында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К. Маркс өз еңбегінде: «ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы формасы ретіндегі металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар формасына өтеді » - деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретінде алтынның қызмет етуі сипатталады.3

Алтын монета стандарты  тұсында дүниежүзілік ақша қызметін алтын және алтынға ауыстырылатын  жекелеген елдердің несиелік ақшалары (банкноталар) көбіне АҚШ доллары және ағылшын фунт стерлингі атқарған.

Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша қызметін көбіне АҚШ – доллары, неміс – маркасы, ағылшын –  фунт стерлингі, Еуропалық Одақтың  қазіргі валютасы – еуро, сол  сияқты СДР атқарады.

Бреттон –Вудстағы (1944 ж.) мемлекетаралық келісімге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтік валюталар мәртебесін берді. Кейіннен дүниежүзілік ақшалардың жаңа формалары: СДР – арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ – еуропалық есепке алу бірлігі пайда болды. Ал 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердің ортақ ақша бірлігі «еуро» айналысқа шықты.

 

 

 

 

 

1.3. Ақша теориясы

 

Әр түрлі кезеңде  жетілдірілген ақша теориясы мен  ақша айналымын зерттеу ақша-несиелік механизмі және экономиканың қаржы  құралы ретінде жетілдіру тұрғысынан мүдделі, сондықтан ақша теориясының  дамуы іргелі тарихи кезеңдерді зерттеуі қажет.

Ақша теориясының үш негізгі бағыт бөліп көрсетіледі: ақшаның металдық теориясы, номиналистік және сандық.

 

а. Ақшаның  металл теориясы.

 

Ақшаның металл теориясы XV – XVII ғғ. ерте кезеңдерінде, яғни капиталдың алғашқы қорлану дәуірінде қалыптасқан. Оның аса танымал өкілдері Англияда – У. Стэнфорд, Т. Мэн, Д. Норе, Францияда – А. Монкретьен болды. Олар ақшаны қоғам байлығымен, яғни асыл тастар – алтын және күміспен теңестіріп, олардың бүлінуіне қарсы шықты. Сонымен қатар, олар нағыз байлық – табиғатынан шын мәнісінде ақша болып табылатын тек алтын мен күміс деп есептеді. Бұл ақша теориясы фетишизмге (киелі затқа табынуға) жатады, себебі ақшаны алтын мен күміске теңеп, тауар шаруашылығындағы қшада адамдардың өндірістік қтынастарын назардан тыс қалдырады.

Аталған теорияны ұстанушылар  қоғам байлығының қайнар көзі сыртқы сауда болып табылады – дейді  және белсенді сальдо мемлекетке алтын  мен күмістің келуін қамтамасыз етеді  – деп пайымдайды. Қазіргі авторлар ерте металлизм теориясының қателігі – біріншіден, байлықтың көзі ретінде қоғамда еңбек етудің нәтижесінде өндірілген материалдық құндылықтардың жиынтығы еме, асыл металлдар болса; екіншіден, металл ақшалардың айналымында олардың (металл ақша) орнын басатын, яғни қағаз ақшаларға ауысудың мақсатқа лайықтылығы мен қажеттілігі теріске шығарылып келуінде деп есептейді.

Германияда XIX ғ. екінші жартысында алтынмоне арлық стандарттың  енгізілуімен металл ақшаның теориясы дүниеге келді. Бұл оның бірінші  метаморфозасы болды, неміс экономистері (К. Книс және т.б.) ақша деп тек асыл металдарды емес, металға ауыстырылатын банкноттарды да санады.

Екінші метаморфоза  бірінші дүниежүзілік соғытан кейін  болды, оның өкілдері алтынмонетарлық  стандартты қалпына келтірудің мүмкін еместігін мойындап, алтын монометаллизмнің жаңа кесілген формаларын: алтын құйма және алтын – дивиздік стандарттарды енгізуге, теорияларын әдістеуге тырысты.

Ақшаның металл теориясының  үшінші метаморфозасы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болды. Оның өкілдері (Ж. Рюэфф, М. Дебре, Р. Харрод) халықаралық айналымға алтын стандартты енгізуге қажеттілік идеясын ұсынды.

Бреттон-Вуд валюта жүйесі қирағанда XX ғасырдың 70-жылдарының басында  алтын стандартты қалпына келтіру  қажеттілігін негіздеу қайта байқалды. АҚШ-та 1981 ж. осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрылды, бірақ ол алтын стандартты енгізуге пайдасыз болады деп есептеді.

Сонымен, ҒТП-тің, өндірістің, тауар айналымының дамуымен металл айналысының ауқымы XX ғасырда тар  болып шықты және металл жүйесінің  ішінде несиеде негізделген, сапалы жаңа төлем әдістері мен айналыс формалары пісіп-жетіле бастады.

 

б. Ақшаның  номиналистік теориясы

 

XVII – XVIII ғғ. аақшаның  номиналистік теориясы өкілдері  ағылшын ғалымдары Дж. Беркли  мен Дж. Стюарт, А. Смит болып  табылады. Бұл теория ақша айналымында құнсыз монеталар қаптап кеткен кезде қалыптасты. Бұл ғалымдар ақшаны мемлекет жасайды деп және оның бағасы атаулы құнмен (номинал) және ақша болып табылатын баға масшабымен анықталады деп есептеген. Олар ақшаны тек техникалық ауыстырудың таза құралы деп қарастырып, оның құндылық табиғатын толық теріске шығарды.

Ақшаның номиналистік теориясының  негізгі идеялары төменде келтірілген:

    • ақша тамаша есептеу бірлігі болып табылады, оның көмегімен ақшаның салыстырмалы құны анықталады;
    • бірдей бөліктері бар тамаша масштаб болып табылатын аталған бірлікте ешқандай ішкі құн болмайды.

Номинализм үстемдік жағдайға XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында

қол жеткізді. Бірақ, оның ерте кезеңдік номинализмнен айырмашылығы – оның қорғау объектісі болып  құнсыз ақша емес, ол қағаз ақша болды.

Неміс ғалымы Г. Кнаптың  ақша теориясында («Ақшаның мемлекеттік  теориясы») басты мақсат – мұрат анық қалыптасады:

    • ақша – мемлекеттік құқық тәртібінің өнімі, мемлекет билігінің туындысы;
    • ақша – бақылау төлем құралы, яғни мемлекеттік мұратты төлем күшімен иемденген белгілер;
    • ақшаның негізгі қызметі – төлем құралы. Ол ақшаның мәні белгілердің материалында емес, олардың қолдануын реттейтін құқықтық нормаларда, деп жазды.

1929 – 1933 жж. Экономикалық  дағдарыс кезеңінде номинализм  алтын стандарттан кетуді ақтау үшін теориялық база ретінде ары қрай дамуға бет ады.

Мемлекеттік капиталистік монополизмнің идеологы, ағылшын  экономисі Дж. Кейнс өзінің «Ақша  туралы трактатында» қағаз ақша алтынға  қарғанда айналымда ыңғайлы толыққұндытөлем  құралы болып табылады және олар қоғамның үнемі өркендеуін қамтамасыз етеді – деп жазды. Қағаз ақша алтынды айналымнан ығыстырып, бұл құбылыс ақшаны алтын әсерінен азат етті және дәл осы жайт Кнапп теориясының жеңісі ретінде қарастырылды.

Сонымен, Кейнс номинализмнің  тәжірибелік мақсаты – алтын стандартты жойып, қағаз ақшаның айналымға еркін енуін және экономиканы инфляциялық процесті басқару арқылы реттеуін тәжірибелік негіздеуінде болды.

Қазіргі таңда номинализм – ақша болмысының мәселесі жөніндегі  үстем теориялардың бірі. Осылайша, әйгілі американдық экономист П. Самуэльсон ақша шартты белгілер болып табылады деп санайды. «Экономика» шығармасында ол: «Тауарлы ақшаның дәуірін қағаз ақша дәуірі ауыстырады. Қағаз ақша ақшаның мәнін, олардың ішкі табиғатын кейіптейді ... Ақша – жасанды әлеуметтік шарт» - деп жазды.

Номиналистік теорияның  пайымдауынша, қағаз ақш адам еркімен  пайда болды, мемлекетпен жасалды, ал шын мәнінде ақша – металды  қатынастардың белгілі заңдылығы  мен айналымның қосымша құралға  қажеттілігі туындағаны, бағалы металдарды өңдеу өндірісінің жетімсіздігі нәтижесінде пайда болды. Қағаз ақшаның өлшем мөлшерінің қызметі мен өткіншілігі – мінсіз қатынас құралы ретінде тиімділігіне байланысты болып шықты.

Сонымен, ноинализм теориясының  сипаты: ақша тауардан ғана пайда болмайды, олардың көп қызметтерінен бас тарту, ақшаны құн масштабымен теңдестіру, өте онды сан бірлігі болып табылады.

в. Ақшаның сандық теориясы

 

Ақшаның сандық теориясы XVI ғ. пайда болды, ол тауарлық құн деңгейі мен ақшаның құны айналымдағы санына байланысты деп түсіндіреді. Бұл жорамалды француз Жан Боден ойлап тапты. Ның пайымдауынша, Батыс Еуропада тауардың қымбаттауына бағалы металдардың көп әкеліне бастауы әсерін тигізді, сол себепті, бұл жағдай ақша санының көбеюіне әкеліп соқты, ақша санымен тауардың бағасы да өсті.

Кейінірек мұндай пайымдауды ақшаның сандық теориясының басқа  өкілдері Д. Рикардо, III. Монтескье, Д. Юм, Дж. Миль т.б. қолдады. Олар аталған теорияға айналымдағы ақшаның сандық өзгерісі мен оның құнының арасындағы пропорционалдылықты әкеліп қосты.

XX ғ. басында ақшаның  сандық теориясы батыс экономикалық  ілімінде классикалық емес өндіріс  теориясының маңызды бөлігі ретінде  үстемдік алды. Негізінде, трансакциондық  және кембридждік бағыттар пайда  болды.

Трансакциондық ақшаның  сандық теориясының негізін американдық ғалым М. Фишер қалады. Оның теориясында белгілі бір мерзімді тауар айналымының саны – орта жылдамдықта ақша санының өндірілуі және сатылған тауарлардың аны орта бағамен аңықталады делінген. Сонымен қоса, осы тұрғыда олар екі элементтің: ақша айналымының жылдамдығы сатылған тауарлардың санына әсер етпейді деп есептелген. Ол қысқа мерзім ішінде аталған шамалар өзгеріссіө қалады деп болжады: ақша айналымының жылдамдығы несие дамуының деңгейі, байланыс құралының күйі сияқты ресурстардың жетімсіздігімен шектеледі. Сонымен, М. Фишер, «Ақшаның саны – баға деңгейі» - жалғыз себепті байланыс болып табылады – деп қарастырады, яғни айналымдағы ақшаның саны баға деңгейіне тікелей әсер етеді.

Алдымен баға өзгерісінің  бірінші себебі ақша салмағы (ақша саны) болып табылады. Ақша салмағының өзгерісі бағалардың өзгерісіне сәйкес келеді. Оның негізгі сандық теориясының формуласы MV=PQ теңдеу болып көрсетіледі,

Мұнда, Q – тауарлық мәмілелердің саны,

              V – ақша айналымының жылдамдығы,

              M – ақша салмағы, P – баға.

Бұл теңдеу ауыстыру теңдеуі  деп аталады. Ол ақша айналымында  маңызды өзара қатынастарды қалыптастыруға мүмкіндік туғызады, М (ақша салмағы) мен Р (баға деңгейі) көрсеткіштерінің арақатынасын нақтылап берді.

Ақшаның сандық теориясының кембридждік бағытын ағылшын экономистері Кембридж университетінің профессорлары А. Маршалл, А. Пигу, Д. Робертсондар дамытты, оларды монетаристер деп атады. М. Фишерден бір айырмашылығы, олардың теориясының негізіне ақша айналымы емес, шаруашылық субъектілердегі қаржылардың ахуалы алынды.

Кембридждік бағыт тауар  айналымы мәмілелерінің сомасы М. Фишердің есептеуі сияқты сатылған тауарлар санын  орташа бағаға көбейтіліп, анықталады. Бірақ , сонымен қоса, егер М. Фишер  айналым  жылдамдығын константа ретінде қабылдаса, Кембридждік бағыт бұл жағдайды психологиямен, яғни айналым  қатысушылардың әдетімен байланыстырады.

Кембридж мектебінің формуласы мынадай:

                        PV – TV + DV*,

мұнда, P – бағалардың жалпы деңгейі;

            V – өндірістің көлемі;

            T – ақша белгілерінің саны;

            D – депозиттер;

    V және V* акша мен депозиттердің айналым жылдамдығы;

Бірақ, екі бағыттың соңғы  қорытындысы бірдей. Ақша санының  өзгерісі тауар бағасы өзгерісінің  жалғасы емес, себебі болып табылады.

Батыс елдеріндегі экономикалық даму барысы мен 1929-1933 жж. болған ұлы  депрессия кезінде осы теорияның  өкілдері өзгермейтін деп санаған  ақша айналымының жылдамдығы кенет  тербеліске душар болды, сондай-ақ кризис – ресурстарды түгелдей пайдаға асыру туралы шарттың қателігін айқын ашып көрсетті. Осы тұжырымдама баға қалыптасу тәжірибесіне монополистік бірлестіктердің тигізер әсерімен санаспай, мұндай процестің тек айналымдағы ақша санының өзгеріс нәтижесі деп есептейді. Осының бәрі ақшаның сандық теориясы маңызының уақытша төмендеуіне әкеліп соқтырады.

Информация о работе Маржинализмнің пайда болуы