Лизинг түрлері және қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2012 в 13:24, реферат

Краткое описание

«Лизинг» ағылшын тілінен аударғанда жалға беру деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді) жалға беруді айтады.

Содержание

Кіріспе.
 Лизинг түрлері және қызметі
 Лизинг және оның артықшылығы
 Лизингті маңызды келісім:
 Қазақстандағы қаржылық лизингтің дамуы: іске асырылуы және болашағы
Пайдаланған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 192.20 Кб (Скачать документ)

 

            Бүгінгі таңда Қазақстандық өндірушілердің  өнімдерін бәскелестік қабілеттілігінің  төмендігіне байланысты нарықтан  сапалы жоғары шетелдік тауарлар  ығыстыруда. Отандық өнеркәсіп техникалық  параметрлері бойынша өте артта  қалуда, өндірісте 70 - 90% тозған құрылғылар  пайдалануда.

            Қазақстанда кәсіпкерлік саласында  лизингтік қарым – қатынастарды  дамытуға сәйкес 2000 ж. 5 шілдесінде  «Қаржылық лизинг туралы» Заң  қабылданды. Бұл заң негізінен  ҚР лизингті қаржыландыруды нақты  дамытуға арналған басты нысан  болып табылады.

            Қаржылық лизинг - банктік несиелеудің  альтернативі болып табылатын  күрделі қаржыны қаржыландырудың  ерекше формасы. Ол өндірісті  компанияларға көп шығын жұмсамай  – ақ қажетті тауарларды алуға  немесе өндірістік құрал –  жабдықтардың ескіруімен байланысты  тәуекелдіктерден сақтауға мүмкіндіктер  береді.

            Қаржылық лизингтік қызметтерді  тұтынушылардың ішінен экономикалық  нақты секторларын, соның ішінде  шағын және орта кәсіпорындарды  ерекше бөліп қарастырудың маңыздылығы  зор. Бәрімізге белгілі шағын  және орта кәсіпорындардың өзіндік  қаражаттары өндіріске қажетті  мүліктерді сатып алу үшін  жеткіліксіз. Ал, алғашқы қаржылық  жағдайлардың және кепілдік қабілеттіліктерінің  төмендігі банктік несиелерді  алуда кедергілер туғызады. Міне, осындай жағдайларда нақты өндіріспен  айналысатын кәсіпорындар үшін  – лизинг құтқарушы құрал ретінде  көрінеді. Еліміздегі кәсіпкерліктің  шағын және орта формаларын  қолдауға қызығушылықтары бар  лизингтік компаниялар құрылғыларды  сатып алуға кететін алғашқы  шығындарды өздеріне алады. Шағын  кәсіпкерлікті жүргізу үшін қажетті  құрылғылар, яғни, сүт, ет сияқты  ауыл шаруашылық өнімдерін қайта  өңдейтін, өсімдік майларын, сусындарды  дайындайтын кіші зауыттар, асхана  және байланыс құрылғылары және  т.б. лизингтік келісімді қамтамасыз  ету үшін жеткілікті болып табылады.

            Сонымен бірге, қазіргі кезде  көптеген өнеркәсіптік, транспорттық  және ауыл шаруашылық кәсіпорындарында  негізгі құралдарын жаңартудың  құрылғылар мен машиналар паркін  дамытудың қажеттілігі кезек  күттірмес мәселелердің бірі  болып табылады.

            Еліміздегі коммерциялық банктердің  несиелік портфеліндегі орта  және ұзақ мерзімді қаржыландырудың  инвестициялық жобаларының болуы  экономиканың нақты секторын  несиелеуге ақша қаражатынсыз  жеткілікті деңгейде бөлінбей  отыратындығын көрсетеді.  Сонымен  бірге, коммерциялық банктер несиелеудің  қайтарылмай қалу тәуекелдерін  төмендету мақсатында несие беру  шарттары күннен – күнге күшейтуде. 

            Жалпы лизингтік саланың дамуы  экономикалық дамуға бірнеше  бағыттар бойынша әсер етеді.  Лизинг ұзақ мерзімді қаржыландырудың  қомыша формасы болып табылатындықтан  күрделі салымдар көлемін ұлғайтады.  Сол сияқты қосымша қаржы ресурстарын  тарта отырып, негізгі құралдардың  жаңартылуын тездетеді. Лизинг  қаржылық қызметтер нарығында  қосымша бәскелестік туғызады.

            Міне, осындай мәселелерге байланысты  бүгінгі таңда Қазақстанда қаржылық  лизингтік қызметті жедел дамыту  үшін қажеттіліктер тууда. Экономиканың  нақты секторларын несиелеу мәселелерін  аз уақыт аралығында тек қана  лизинг арқылы шешуге болады.

            Қаржы министрлігінің мәліметі  бойынша кәсіпорындардың негізгі  қорларын жаңартуға 800 млрд. теңгеден  кем емес инвестиция талап  етіледі, бұл өткен жылдары  банкілер берген несиенің көлемімен  екі есе дерлік асады.

            Жыл сайын республикада негізгі  өндірістік қорлардың тек 0,8-1,2 – сі ғана жаңарады, ал бұл  кезде дамыған елдерде бұл  көрсеткіш 6-8% - ті құрайды.

            Банкілер олар құрған мамандандырылған  еншілес компаниялар («БТА –  лизинг», «Халық – лизинг»,  т.б.) арқылы тікелей лизингтік  операциялар жүзеге асады.

 

            Бүгінгі таңда қаржылық лизинг  көптеген әлеуметтік – экономикалық  проблемаларды шешуге мүмкіндік  береді.

            Қаржылық лизинг жағдайында лизинг  жөніндегі келісім – шарт кезінде  шаруа қожалағы жалға берушіге  жалға берілетін мүліктің тұтас  құнын қояды, нәтижесінде ол мүлік иесі атанады.

            Тағы бір айтатын жағдай экономиканың  нақты секторларын дамыту шеңберінде  қаржылық лизингтің кең түрде  дамуын төмендегідей жағдайлар  мүмкіндік береді:

1. Өнеркәсіптік өнімдер  өндірісінің көлемін жоғарылату  арқылы оларға деген сұраныс  үшін жеткілікті ұсынысты қамтамасыз  ету.

2. Экономиканың нақты  секторларынан яғни, өндіріске жаңа  техникалар мен технологияларды  ендіруді жеделдету. Елде бәсекелестік өндірісті құру.

3. Өндірістік салалық  құрылысын жетілдіру өнеркәсіптік  өндіріске дұрыс көңіл бөлген  жағдайда елдегі шикізат, қаржылық  ресурстарды тиімді пайдалануға  мүмкіндік береді.

4. Дайын өнімдерді шетелдерден  әкелу көлемін азайту. Себебі, ұлттық экономика шеңберінде де дайын өнімдер өндірілуі қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.      Исабеков Б. Н. Қазақстандағы аралас экономика кезіндегі индустриалды-инновациялық саясат жєне кәсіпкерлік: мәселелер, концепциялар, шешімдер.- Түркістан, 2004ж. 

 

2.      Шакирова  Г. М., Сүгірова Г.С. Лизинг-шағын  кәсіпкерлікті қаржыландырудың  қайнар көзі. // Қаржы- қаражат, 2008ж.

 

3.      Адамов  Н. А., Тилов А. А. Лизинг-Москва 2005ж.

 

4.      Изатуллаева Б., Диметова Р. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудағы лизингтің мєні мен қажеттілігі. // ХҚТУ Хабаршысы- Түркістан 2004ж.

 

5.      Арзаева А.Ж. Лизинг шағын және орта бизнестің белсенділігін арттыру  құралы ретінде// ҚҰУ хабаршысы.№5(57), 2006ж.

 

6.      Тұрғанбаев Қ.Д. Несиелік және лизингті бизнесті дамытудың жолдары//Экономика. Тараз қаласы,2007ж.


Информация о работе Лизинг түрлері және қызметі