Лизинг қатынастарының даму мәселелері және лизинг мәмелесін жасауды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 12:17, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі өндірістік кәсіпорындар алдына бірқатар мәселелер қойып отыр. Соның ішінде өсіп бара жатқан бәсекелестіктің қазіргі ерекше жағдайларына бейімделу, өндірілген өнім бағасының жоғарылауына байланысты өтім нарқын қысқарту және төлемеушілік мәселелері, шикізатпен, материалдармен қамтамасыз етушілерді іздеудің қиындығы және қаржы ресурстарының шек телуі. Сол себепті қазіргі кәсіпорындар өз орнын сақтап қалу үшін икемділік және ассортиментін тез өзгерту қабілетін игере білулері қажет.
80-жылдардың аяғынан бастап өндірістік және ауылшаруашылық өнімін өндірушілердің ірі қарқында баланстық байланыс айтарлықтай өзгерді.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………….. 3
§1. Лизингтің даму тарихы..........................................................................4
1.1 Лизинг туралы негізгі түсініктер……………………………………. 7
1.2 Лизингтің түрлері,нысандары……….....…………………………….. 10
1.2. Лизингке шолу жасау және оның дамуын талдау………………..….11
1.3. Лизинг шартының обьектілері мен субьектілері………………….…20
§2. Лизинг шартын құқықтық реттеу; лизинг түрлері және
олардың ерекшеліктері…………………………………………….…..27
2.1. Қазақстан Республикасында лизинг шартының құқықтық
реттелуі……………………… ………………………………………….27
2.2. Лизинг түрлерін дәрежелеу, лизингтің арендадан
айырмашылығы………………………………………………………..34
2.3. Дамыған елдерде қаржылық лизингке сипаттама беретін
негізгі ерекшеліктер (халықаралық лизинг)………………………………42
§3. Лизинг қатынастарының даму мәселелері және лизинг
мәмелесін жасауды ұйымдастыру……………………………….…….50
3.1. Қазақстан Республикасындағы лизинг………………………………50
3.2. Лизинг мәмілесін жасаудағы негізгі кезеңдер………………………55
3.3. Лизинг мәмілесін жасауға дайындық және оның
тиімділігін талдау……………………………………………………..….56
Қорытынды………………………………………………………….……60
Қолданылған әдебиеттер…………………………………………..……64

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лизинг шарты.docx

— 39.21 Кб (Скачать документ)

Лизингтің нысандары: 
1. қатысушылар құрамына байланысты: 
• тура лизинг, келісім шарт екі жақ арасында жасалынады, яғни жалға беруші және жалға алушы арасында; 
• жанама лизинг, келісім шарт үш немесе одан да көп жақтар арасында жасалынады, яғни жалға беруші, жалға алушы және делдал арасында. 
2. мүлік нысанына  байланысты: 
- жылжитын мүлік лизингі ( жабдықтар, техника, автомобильдер, кемелер,ұшақтар, т.б.), соның ішінде жаңа және қолданыста болғандар.  
- жылжымайтын мүлік лизингі ( жалға беруші ғимараттарды, құрылғыларды жалға алушы тапсырысы бойынша салады немесе сатып алады). 
- қолданыста болған лизинг мүлігі. 
3. мүліктің өтелімділігі бойынша: 
• толығымен өтелінетін лизинг, келісім шарт мерзімі ішінде жалданатын мүліктің құны толығымен өтелінеді; 
• жартылай өтелінетін лизинг, бір келісім шарт мерзімі ішінде мүліктің жартылай амортизация өтеді және оның жартысы ғана өтелінеді.

4. амортизация деңгейіне  байланысты: 
- толық амортизация деңгейі; 
- толық емес амортизация деңгейі. 
5. қызмет көрсету мөлшері бойынша: 
• таза, мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады; 
• толық, мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады.  
• жартылай, мүлікке қызмет көрсетуге байланысты функциялардың жартысын лизинг берушіге жүктелінеді.   
6. Нарық секторына байланысты: 
- ішкі, келісім шарттың барлық тұлғалары бір елді ұсынады; 
- халықаралық, келісім шарттың бір ғана тұлғасы немесе барлық тұлғалар әртүрлі елдерде орналасса, сонымен қатар жақтардың бірі өзара кәсіпорын болған жағдайда. Халықаралық лизинг: 
• импорттық – егер лизинг беруші мен лизинг алушы бір мемлекетте, ал жабдықтаушы басқа елде болса.  
• экспорттық – егер жабдықтың өндірушісі және лизинг беруші бір мемлекетте орналасса, ал лизинг алушы басқа елде болса.     
• транзиттік – егер барлық қатысушылар әртүрлі мемлекеттерде орналасса.   
 7. лизингтік төлемдер сипатына байланысты: 
- ақшалай төлемді лизинг (барлық төлемдер ақшалай нысанда); 
- өтемақы төлемді лизинг  (жалға алынған жабдықта өндірілген тауарларды жеткізу); 
- аралас төлемді лизинг.  
8. Салық және амортизациялық жеңілдіктерге қатысты:  
• нақты – жалға беруші инвестициялық жеңілдік және жедел амортизация секілді, ал жалға алушы арендалық төлемдерді салықты төлеу үшін алынатын табыстардан шегере алу сияқты салықтық жеңілдіктерге ие болады.  
 жалған – мәліме спекулятивті сипатта болады және ең жоғарғы пайда алу мақсатында негіссіз салықтық және амортизациялық мәміле жасасу негізінде жүргізіледі.  
9. қаржыландыру әдісіне байланысты: 
• мерзімдік лизинг, бір жолғы аренда жүзеге асырылатын лизинг; 
• жаңғыртымалы лизинг, лизинг келісім-шарты бірінші келісім-шарт аяқталған соң қайта жалғастырылады.    
10. жалға алынатын мүлікке қатысты:  
• таза лизинг, бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға алушы өзіне алады; 
• толық лизинг, бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кеңестік кезеңнің құлауымен ТМД елдері жаңа азаматтық заңнамалармен лизинг шартын енгізді, осыған орай осы аталған елдерде лизмнг шартын және қатынасын құқықтық тұрғыдан зерттеуге кірісілді. Оларға, Груздева А.А., Кравчук Н.Р., Лисименко И.Г., Мегряна С.Г., Садикова О.Н., Сергеева А.П., Суханов Е.А., Толстой Ю.К. және тб еңбектерін көрсетуге болады.

Ал Қазақстандық ғалымдардан, Аубекеров С, Ахмадиева Г.Д., Басин Ю.Г. Дүйсенова А.Е., Джаналеева А.А., Жайлин Г.А., Жанайдаров И.У., Климкин С.И., Ильясова К.М., Мороз С.П., Осипов Е.Б., Сүлейменов М.К., және тб еңбектерін көрсетуге болады.

Қорғауға шығарылатын ұсыныстар:

- лизинг пен оның жеке  түрлерінің экономикалық мәнін  және лизинг шарттарының құқықтық  регламен-тациясын,

- лизинг шартының құқықтық  мәнін анықтап белгілеп негіздеу,

- қаржылық лизинг туралы  заң мен азаматтық кодекстің арақатынасын реттеу,

- лизингті ұйымдастырудың  негіздерін,

- лизинг операцияларын  жүзеге асырудың кезеңдері мен тәртібін суреттеу,

- лизинг істерімен айналысатын  әртүрлі коммерциялық құрылымдардың  жұмыс істеу принциптерін ашу,

- шетел тәжірибесін зерттеу  негізінде біз кәсіпкерлерге еліміздегі лизинг бизнесін дамытудың мүмкіншіліктері мен перспективаларын түсіндіру

Қазақстанда осы тақырып пен жалпы лизинг дамуының маңыз-дылығы, біріншіден, техникалық құралдар жағдайының қолайсызды-ғына (моральдық ескірген жабдықтардың едәуір үлес салмағына, оны қолдану тиімділігінің төмендігіне) байланысты.

Осы мәселелерді шешудегі варианттардың бірі – лизинг. Лизинг аренданың басқа түрлерінен кешендік өзгешіліктерімен, сыртқы сауда, несие және инвестиция операциялары элементтерін біріктірумен ерекшеленеді. Лизингтің басты артықшылығы несиелік қызмет түрінің кең көлемділігінен тұрады. Көбіне лизинг кеңес беру қызметтерін, көлікпен тасымалдауды ұйымдастыру мен несиелеуді, лизинг обьектілеріне техникалық қызмет көрсету мен сақтандыруды, монтаж, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Осының барлығы лизинг несиесінің икемділігін арттырады, қажетті құрал- жабдықтарды сатып алу кезіндегі нарықтық коньюктураның өзгерістеріне жедел түрде үйренуге ықпал жасайды.

Сонымен лизинг шаруашылық ұйымдардың өз бетінше жұмыс атқаруға ұмтылуына жауап беретін инвестициялармен несиелеудің демократиялық түрі болып табылады.

Қазақстанның шаруашылық субьектілері соңғы кездерге дейін осы несиелік тур жайында қажетті ақпараттың жоқтығына, құқықтық базаның дамымағанына байланысты лизингке аса көңіл аудармаған болатын.

Республика аймағында лизинг әзірге кеңінен таралған жоқ. Мұның себебі Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінің (ерекше бөлім) жаңа редакциясы осы уақытқа дейін қабылданбаған, ал Үкіметтің нормативті акт-қаулылары, уәзірліктер (министрліктер) мен ведомостволардың ережелері қоғамдық қатынастардың осы түрінің құқықтық реттелуін нақты түсіндіре алмай отыр. Нарықтық экономиканы қалыптастыру мақсатымен әртүрлі салалар ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін ендіруге, өнеркәсіптік өндірісті және импорттық-экспорттық операцияларды жаңартып, нығайтуға тиіс. Сонда ғана лизинг операциялары біртіндеп кеңейе түседі және олар Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастар жүйесінде нақты орын алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лизингтің экономикадағы мәні мен мазмұны 

 

 

 


Информация о работе Лизинг қатынастарының даму мәселелері және лизинг мәмелесін жасауды ұйымдастыру