Лизинг қатынастарының даму мәселелері және лизинг мәмелесін жасауды ұйымдастыру
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 12:17, курсовая работа
Краткое описание
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі өндірістік кәсіпорындар алдына бірқатар мәселелер қойып отыр. Соның ішінде өсіп бара жатқан бәсекелестіктің қазіргі ерекше жағдайларына бейімделу, өндірілген өнім бағасының жоғарылауына байланысты өтім нарқын қысқарту және төлемеушілік мәселелері, шикізатпен, материалдармен қамтамасыз етушілерді іздеудің қиындығы және қаржы ресурстарының шек телуі. Сол себепті қазіргі кәсіпорындар өз орнын сақтап қалу үшін икемділік және ассортиментін тез өзгерту қабілетін игере білулері қажет. 80-жылдардың аяғынан бастап өндірістік және ауылшаруашылық өнімін өндірушілердің ірі қарқында баланстық байланыс айтарлықтай өзгерді.
Содержание
Кіріспе……………………………………………………………………….. 3 §1. Лизингтің даму тарихы..........................................................................4 1.1 Лизинг туралы негізгі түсініктер……………………………………. 7 1.2 Лизингтің түрлері,нысандары……….....…………………………….. 10 1.2. Лизингке шолу жасау және оның дамуын талдау………………..….11 1.3. Лизинг шартының обьектілері мен субьектілері………………….…20 §2. Лизинг шартын құқықтық реттеу; лизинг түрлері және олардың ерекшеліктері…………………………………………….…..27 2.1. Қазақстан Республикасында лизинг шартының құқықтық реттелуі……………………… ………………………………………….27 2.2. Лизинг түрлерін дәрежелеу, лизингтің арендадан айырмашылығы………………………………………………………..34 2.3. Дамыған елдерде қаржылық лизингке сипаттама беретін негізгі ерекшеліктер (халықаралық лизинг)………………………………42 §3. Лизинг қатынастарының даму мәселелері және лизинг мәмелесін жасауды ұйымдастыру……………………………….…….50 3.1. Қазақстан Республикасындағы лизинг………………………………50 3.2. Лизинг мәмілесін жасаудағы негізгі кезеңдер………………………55 3.3. Лизинг мәмілесін жасауға дайындық және оның тиімділігін талдау……………………………………………………..….56 Қорытынды………………………………………………………….……60 Қолданылған әдебиеттер…………………………………………..……64
1.2. Лизингке шолу жасау
және оның дамуын талдау………………..….11
1.3. Лизинг шартының обьектілері
мен субьектілері………………….…20
§2. Лизинг шартын құқықтық реттеу;
лизинг түрлері және
олардың ерекшеліктері…………………………………………….…..27
2.1. Қазақстан Республикасында
лизинг шартының құқықтық
реттелуі……………………… ………………………………………….27
2.2. Лизинг түрлерін дәрежелеу,
лизингтің арендадан
айырмашылығы………………………………………………………..34
2.3. Дамыған елдерде қаржылық
лизингке сипаттама беретін
негізгі ерекшеліктер (халықаралық
лизинг)………………………………42
§3. Лизинг қатынастарының даму
мәселелері және лизинг
мәмелесін жасауды ұйымдастыру……………………………….…….50
3.1. Қазақстан Республикасындағы
лизинг………………………………50
3.2. Лизинг мәмілесін жасаудағы
негізгі кезеңдер………………………55
3.3. Лизинг мәмілесін жасауға
дайындық және оның
тиімділігін талдау……………………………………………………..….56
Қорытынды………………………………………………………….……60
Қолданылған әдебиеттер…………………………………………..……64
Кіріспе
Қазақстанның нарықтық экономикаға
өтуі өндірістік кәсіпорындар алдына
бірқатар мәселелер қойып отыр. Соның
ішінде өсіп бара жатқан бәсекелестіктің
қазіргі ерекше жағдайларына бейімделу,
өндірілген өнім бағасының жоғарылауына
байланысты өтім нарқын қысқарту және
төлемеушілік мәселелері, шикізатпен,
материалдармен қамтамасыз етушілерді
іздеудің қиындығы және қаржы ресурстарының
шек телуі. Сол себепті қазіргі кәсіпорындар
өз орнын сақтап қалу үшін икемділік және
ассортиментін тез өзгерту қабілетін
игере білулері қажет.
80-жылдардың аяғынан бастап
өндірістік және ауылшаруашылық өнімін
өндірушілердің ірі қарқында баланстық
байланыс айтарлықтай өзгерді.
Бұрынғы КСРО аймағындағы дезинтеграция
мен Еуропадағы валюттік-кедендік бірлестік
осы факторларды туғызып отыр. 90-жылдардың
басында ТМД және нарқының жалпы жүйесінде
Орта Азия елдері мен Қазақстанға қиын
құрылымды мемлекеттер деген баға берілді.
Сондыктан бұрын-соңды ұлттық табысқа
едәуір үлес қосып жүрген онеркәсіп және
агросектор саласындағы көптеген мамандандырылған
кәсіпорындар өзі өндірген және импорттық
өнімдерімен ТМД елдерінде орын алған
болатын. /1; 17/
Несиелер мен инвестициялар,
ұлттық несие мен инвестицияны қоспағанда
дүние жүзі мен Еуропа банктерінің белгілі
бір шарттарын орындамайынша жұмсалмаған.
Сыртқы нарық жергілікті өндірушілердің
алдын-ала мақтап шығарған өнімін, сонымен
қатар көлемі мен сапасын да қабылдауға
дайын емес еді. Экономикалық динамикада
белгілі бір әсер ету Түркия мен Корея
республикаларының экономикасына тікелей
еліктеу концепцияларымен тікелей байланысты.
Басқа сөзбен айтқанда, индустриялық елдердің
қаржы деректері мен технолОгиялары жөнінде
хабардар болу ин-директивтік жолдар жүйесі
бойынша жүзеге асырылған.
Соның нәтижесінде, бірінші
жағынан, тендерлік жобалардың бәсекестілігі
аса қымбат жобалардың (мұнай, газ өндіру,
автокөлік құрылысы саласында), екінші
жағынан, ерекше шағын шетелдік қор инвестициясы
саласында орын алды.
Үкімет қабылдаған кешенді
бағдарлама бойынша офшорлық аймақ құру
арқылы индустриялық елдердің қаржы көздері
мен технологгияларына жол ашу, кіші және
орта кәсіпкерлікті қолдау, мүлікті толығымен
жеке меншікке бере отырып, қоғамды демократияландыру
– еліміздің жастарына дүние жүзілік
өркениетке жету жолын ашып беріп отыр.
§1. Лизингтің даму
тарихы
Лизингтің идеясы жас
емес. Берілген деректер бойынша адамзатқа
лизингтің ертеден болуы белгілі. Көптеген
тарихшылар мен экономистердің пікірінше,
лизинтік келісім-шарттар б.э.д. Шумер
мемлекетінде де жасалды. Аристотельдің
(б.э.д. 384 / 383 - 322 ж.ж.) “Богатство состоит
в пользовании, а не в праве собственности”
атты еңбегінде лизинг идеясы туралы пікірлер
жазылған. Басқа сөзбен айтқанда, пайда
алу мақсатында мүліктің иесі болуы міндетті
емес, осы мүлікті пайдалану құқығы болу
керек, соның нәтижесінде пайда алу мүмкін
болады дейді. Лизинг ертеде тек белгілі
бір меншік түрлерін жалға алумен шектелген
жоқ. Тарихи мәліметтер бойынша, ауылшаруашылық
техниканың түрлері және шеберлік құрылғылар,
сонымен қатар әскери техника да жалға
алынды.
Венецияда 11 ғасырда лизингтік операцияларға
ұқсас мәмілелер жасалынды: венециандықтар
сол уақытта өте қымбат болған якорьларды
саудагерлер мен сауда қайықтарын жалға
берді. Жүзі аяқталғаннан соң якорьлар
өз иелеріне қайтарылған және қайтадан
жалға берілді. Ұлыбританияда лизингтік
қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін
алғашқы нормативтік акт болған 1284 жылы
Уэльс заңы болды (Statute of Wales).
1572 жылы Ұлыбританияда тек қана нақты
лизингті қолдануға рұқсат беретін заң
актісі шығарылды. Осы заңның мәні: осы
уақытта келісім-шарт жасасқан жақтардың
мүліктің нақты иесі кім екені жасырылды,
ол несие берушілерді адастыру мақсатында
жүргізілді, сондықтан оны реттеу үшін
қолданылады.
1930 жылдары Генри
Форд өз автокөліктерін өткізу
мақсатында жалға беруді кеңінен
қолданды. Бірақ автокөліктік лизингтік
бизнестің бастамашысы ретінде Золли
Фрэнкті есептейді. Ол 1940 жылдары алғаш
рет автокөліктерді ұзақ мерзімді жалға
беруді ұсынушы сауда агенті
болды.
Жалға беру қатынастарында болатын құбылысты
Америкада 1950 жылы революция деп атауға
болады. Осы уақытта өндірістің көптеген
құралдары жалға берілді: технологиялық
құрылғылар, машиналар мен механизмдер,
кемелер, ұшақтар, т.б.. АҚШ Үкіметі осы
құбылысты бағалап, оны ынталандыратын
мемлекеттік бағдарламаны жедел түрде
әзірледі және жүзеге асырды. Экономикалық
лексикалық терминологияға жаңа “лизинг”
терминінің енгізілуін (ағыл. lease – жалға
беру) “Белл” телефон компаниясының операцияларымен
байланыстырады. Осы компанияның басқармасы
1877 жылы өз телефон аппараттарын сатпайтыны
туралы, оны жалға беру туралы шешім қабылдады.
Сан-Францискода белгілі болған “United
States Leasing Corporation” американ компаниясы
1952 жылы лизингтік операциялар іскерліктің
негізгі болған алғашқы акционерлік қоғам
болып саналады. Сонымен, АҚШ жаңа бизнестің
отаны болды. 60 жылдардың ортасында лизингтік
операциялар 1 млрд.$, ал 80 жылдары олар110
млрд.$-дан асып түсті. Осындай жоғары қарқынды
темптің болу себебі лизингтік мәміле
бойынша серіктестктер ала алатын артықшылықтарға
байланысты болды. Лизингтік операциялар
өте тез АҚШ шекарасынан өтіп, халықаралық
лизингке айналды.
АҚШ-та лизинг экономикалық бизнестің
негізгі түрлерінің бірі болып табылады.
Өз қызметтерінің кең спектрін ұсынған
жаңа лизингтік компания- лар санының
өсуі, және лизингтік келісім-шарттарының
үлкен модифи- кациясы экономиканың әртүрлі
сфераларында кәсіпкерлердің инвестициялық
қаражаттарын алудың әртүрлі нұсқаларын
анықтады. Кейіннен лизингтік компаниялар
“қаржы-лизингтік қоғамдар” деген атқа
ие болды.
Батыс Еуропада алғашқы алғашқы қаржы-лизингтік
қоғамдар 50-60 ж.ж. пайда болды. Бірақ та
лизингтік операциялардың дамуына көптеген
факторлар әсер етті, т.қ. салықтық заңнамада
лизингтік келісім-шарттардың заңды түрде
қабылдауы көптеген қиыншылықтардан шығуға
мүмкіндік берді.
Мысалы, алғашқы француз лизингтік компания
“Локафранс” 1982 жылы құрылды. Ал төрт
жылдан кейін лизингтік компаниялардың
жалпы саны 30 тең болды. 1987 жылы елде жылжыйтын
мүлікпен айналысатын 56 лизингтік компания
жұмыс істеді, олардың жылдық келісім-шарттар
саны 57 тең болды. Ал жылжымайтын мүлікпен
айналысатын компаниялар саны 94-ке тең
болды. Франция мемлекетінің ірі компаниялары
“Локафранс”, “Слибай”, “Локабай”,
“Софимобай”, “Слиминико”, т.б..
Италияда алғашқы лизингтік компания
1963 жылы құрылды, бірақ та лизингтік бизнестің
кең өріс кезеңі 70-80 ж.ж. болды. Олардың
ішінен 50 ең ірі компаниялар “Ассима”
ұлттық ассоциациясының мүшелері болып
табылады. осы уақытта он ірі лизингтік
компаниялардыңлизингтік операциялар
санының жалпы үлесі 80%-ға тең болды.
60 жылдары лизингтік бизнес Азия континентінде
дами бастады.
Қазіргі уақытта лизингтік қызметтерің
негізгі бөлігі “АҚШ – Батыс Еуропа -
Жапония” мемлекеттерінде шоғырланды.
Батыс Еуропада лизинг берушілер ретінде,
көбінесе, арнайы лизингтік компаниялар
бола алады. Осы лизингтік компанияларды
75-80%-ға жуық банктер немесе оларды еншілес
қоғамдар бақылайды. Жапония үшін сипатты
белгі ретінде лизингтік операциялардың
қаржыландырудан “қызметтер пакетіне”
дейін ұлғайтты.
КСРО-да лизингтік бизнестің дамуы 1989
жылы басталды. Лизингті қолданудың бастапқы
ережелерінің белгілі құбылысы ретінде
жалға беру туралы 23 қарашаның 1989 жылы
№ 810-1 КСРО заңнаманың және 16 ақпанның
1990 жылы қабылданған, лизингті бухгалтерлік
есепте көрініс табу тәртібі көрсетілген
№ 270 “бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары”
КСРО Мемлекеттік Банктің хаты негізі
болды.
1991 жылдың маусым айында халықаралық кеңес-неміс
лизингтік компания “Евролизинг”құрылып,
ал желтоқсан айынан бастап өз қызметін
жүзеге асырды. Оның құрылтайшылары болып,
кеңес жағынан КСРО-ның Сыртқы экономикалық
банк, КеңесМорфлот және КСРО-ның Госснаб
болды, ал француз жағынан – Еуропаның
бір ірі лизингтік компаниясы “ Насиональ
де Пари Банкісі”, ал неміс жағынан –
Батыс Германияның ірі лизингтік компания
- “Митфинанц ГмбХ” болды.
Лизинг түсінігі мен лизингтік операциялардың
негізгі элементтері
Әлемдік тәжірибеде “лизинг” термині
ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды
жалға беру негізінде, әртүрлі мәмілелерді
белгілеу үшін қолданылады.
Аренда келісім-шарты жасалу мерзіміне
байланысты арендалық операциялардың
үш түрі бар:
- Қысқа мерзімді аренда (рентинг) – бір
күннен бір жылға дейін;
- Орта мерзімді аренда (хайринг) – бір
жылдан үш жылға дейін;
- Ұзақ мерзімді аренда (лизинг) – үш жылдан
жиырма жылға дейін.
Әрбір күрделі экономикалық ұғымдар секілді
лизингте де бірнеше анықтамалар бар.
Ең біріншіден, лизинг - бұл ағылшын сөзі
to lease – уақытша жалға беру немесе жалға
алу деген мағынаны білдіреді.
1.1 Лизинг туралы
негізгі түсініктер
1. Лизинг – бұл жалға
берушінің уақытша бос немесе тартылған
қаржы қаражаттарын инвестициялау. Бұл
кезде жалға беруші белгілі бір сатушыдан
өз меншігіне келісім-шартта көрсетілген
мүлікті сатып алуға міндетті болады және
осы мүлікті жалданушыға уақытша пайдалануға,
ақылы негізде, беруге міндетті болады
және оны кейін сатып алу құқығының бар
болуын көрсетеді.
2. Лизинг дегеніміз аренда келісім-шарты.
Ол жалға беруші өз иелігіндегі жабдықтарды,
машиналарды, ЭЕМ, оргтехниканы, транспорттық
құраларды, өндірістік, сауда және қойма
мәні бар құрылғыларды жалданушыға белгілі
бір мерзімге, өзіне проценттік ставканы
қосатын, жалданушының ақша нарығындағы
тартылған қаражаттардың құнын жабатын,
банктің пайдасын есепке алатын және мүліктің
амортизациясын ескеретін, анықталған
арендалық төлем негізінде беруді білдіреді.
Сонымен қатар, лизингті үшінші тұлға
үшін мүлікті сатып алатын және оған ұзақ
мерзім периодына беретін, мамандырылған
(лизингтік) компанияның делдалдық қызметі
арқылы негізгі қорларға салымдарды қаржыландырудың
арнайы нысаны ретінде де қарастыруға
болады. Яғни, лизингтік компания нақты
түрде жалданушыны несиелендіреді. Сондықтан
лизингті кейде “несие - аренда” деп атайды.
Сатып алу-сату келісім-шартында тауарға
иелік ету құқығы сатушыдан сатып алушыға
өтеді, ал лизингте аренда келісім шартын
жасасқан кезінде, мүлікке ие болу құқығы
жалға берушіде қалады. Лизингтік келісім
шартының мерзімі аяқтаған соң, жалданушы
лизингтік жабдықты келісілген бағада
сатып алу, келісім шарт мерзімін ұзарту
немесе жалға берушіге жабдықты қайтару
мүмкіндігі болады.
Лизингтік қаржыландырудың несиеден айырмашылығы:
Қазақстан Республикасында лизингтік
операцияларды реттеу 2000 жылдың шілде
айында қабылданған “Қаржы заңынан”
кейін ғана қолға алынған болатын. Бүгінде
бұндай қаржылық қызмет көрсету түрі өзге
елдердегідей қарқынды даму үстінде. Еліміз
дамушы мемлекет болғандықтан, көптеген
өндіріс салалары, ауыл шаруашылығы техникалық
жағынан жаңартуды, жаңа технологиялармен
жабдықталуды қажет етеді. Алайда, барлық
өндіріс көздерінің мұндай игі шараларға
қорларындағы қаржылары жете бермейді
және де барлығының да банктерге кепілдік
қойып, несие алуға мүмкіндіктері жоқ.
Осындай сәттерді ескере отырып, лизингтік
компаниялар ашылып, жұмысы да сол бағыт
бойынша жүргізіледі.
Республика экономикасының
басты бағыттарын дамытуда орта және кіші
кәсіпкерлікке аса көңіл аударылады. Батыс
елдерде кеңінен қолданылатын кәсіпкерлікті
жүзеге асыру, біздің ойымызша, индустриялық
елдердің қаржы көздері мен технологияларына
жол ашуды ұйымдастыру тәсілдерінің бірі
бола алады және ол жаңа инвестициялардың
маңызды көзі ретінде қызмет атқара алады.
Тұтынушылары аз, сол сияқты
нақты қойылған шарттарды орындауға бейімделмеген
өндіріс орындары банкротқа душар болулары
әбден мүмкін. Технологияның күрделенгені
соншалықты, еңбекті ұйымдастыру мен бөлуге,
бақылаудың жаңа түрлерін ұйымдастыруға
тура келеді. Қаржы айналымын тездетуге,
артылған тауарлар санын қысқартуға, өнімнің
өтуін тездетуге көңіл аудару қажет болады.
Реформаларды дамыту және Қазақстан
экономикасын тұрақтандыру бағдарламасы
нарықты (рынокты) жоғары технологиялы
және бәсекелестікке жарамды өніммен
қамтамасыз ететін, әлеуметтік дұрыс бағыттағы
тиімді экономика құруды алдын-ала қарастырады.
Қазақстан Республикасының
2003-2015 жылдарға арналған Индустриалдық
иновациялық даму стратегиясына сәйкес
17 мамыр 2003 жылғы № 1096 Президент жарлығы
қабылданды. Бұл жарлық 2001 жылғы есеп бойынша
біздің өндіріс құралдарының 29 пайызы
ескірген бұлай болса 2008 жылы 50 пайызға
баратындығы қорқысымен өндіріс құралдарын
жаңарту мәселесі қолға алынды. Осы жаңартудың
жолдарының бірі лизинг әдісі.
Қазақстан экономикасы өзінің
ішкі ресурстары негізінде өсіп- дамуы,
ғылыми жетістіктерді зерттеуі, экономикалық
зақымсыздық-пен және экологиялық қауіпсіздікпен
қамтамасыз ете отырып, дүниежүзілік шаруашылық
байланыстарға қосылуы тиіс.
Қазақстан өнеркәсібін осылай
қайта құру үшін қазіргі таңда жетіспей
отырған инвестициялар қажет-ақ.
Сондықтан инвестициялардың
қалыптасқан түрімен қатар, оның басқа
ерекше түрі де өзіне көңіл аудартып отыр.
Инвестицияның бұл түрі лизинг деп аталады.
Лизинг өзінің мүмкіншіліктерінің арқасында
техниканы қайта жабдықтауда итермелеуші
күшке айналады, өндірістік кәсіпорындардың
қажетті күшін құрай алады, сонымен қатар
экономиканы толығымен қайта құруға себін
тигізеді.
Кәсіпкерлік қызметті инвестициялаудың
ерекше түрі ретінде саналатын осы механизмнің
маңызына сүйене отырып, Қазақстан Үкіметі
лизинг қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік
туғызатын бірқатар қаулылар қабылдады.
Қазақстан Республикасы Үкіметі
мен Парламентінің және жергілікті атқарушы
органдардың лизингті дамыту жөніндегі
қолданған шаралары оны қолдану мүмкіншіліктерін
анағұрлым кеңейтуге себін тигізеді. Лизинг
қызметі нарқында көптеген лизингтік
компаниялар жұмыс істейді. Олар көптеген
кәсіпорындардың өндіріс техникасын жаңалай
отырып, қаржы ресурстарының тапшылығы
кезінде көмек береді. Яғни дағдарыстан
шығудың және болашақта экономиканың
көтерілу негізін қалайды.
Қазіргі таңда лизинг өндірістік
кәсіпорындарға инвестицияларды жұмылдырудың
жалғыз ғана перспективалық түрі болып
саналуда. Шаруашылықта қолданудың нәтижесінде
жетістіктерге жеткен лизинг шартының
тиімділігі инвестициялық процестерді
активтендіруден, лизинг алушы кәсіпорындардың
қаржылық жағдайын жақсартудан, кіші және
орта бизнестің бәсекелестік қабілетін
арттырудан байқалады.
Лизинг қатынастарының экономикалық-құқықтық
қамсыздан-дырудың жоғарғы деңгейі жағдайында
ғана табысты болатындығын лизингті ендірудің
алғашқы кезеңі көрсетіп отыр. Осы жоғарыда
айтылғандардың жарығында лизинг қатынасының
практикалық тұрғыдан реттелуі және құқықтық
тұрғыдан дамуының маңызы өте зор. Осының
өзі лизинг шартының күніміздегі өзекті
мәселелердің бірі екендігінің дәлелі.
1.2 Лизингтің
түрлері,нысандары:
Лизингтік қызметтердің
қазіргі нарығы лизинг нысандармен, лизингтік
келісім шарт үлгілермен және лизингтік
операцияларды реттейтін заңды нормалардың
алуан түрлілігімен сипатталады.
1. Қаржылық
лизинг. Жалға беруші төлейтін
төлем есебінен, жалға алынатын жабдықтың
толық амортизациясын білдіретін ұзақ
мерзімді келісім-шарт.
Қаржылық лизинг келесі негізгі белгілермен
сипатталады: Қаржылық лизингте лизинг
алушыдан ешқандай мүлікті кепілдікке
қою талап етілмейді, тек қана алынған
соманың жарты ақшасын құйса болды. Яғни,
аздаған соманы кұю арқылы алушы өзінің
қажеттіліктерін игере алады және лизингтік
қаржы операциялары кезінде екінші рет
қосымша қаржы алу мүмкіндігі қарастырылған.
Сонымен қатар, лизинг алушыларға мемлекет
тарапынан да бірқатар жеңілдіктер жасалған.
Мәселен, лизинг алушылар кейбір салық
төлемдерінен босатылған. Лизингтік операцияларда
несиеге қарағанда пайыздық көрсеткіштері
жоғары. Оны лизингтік компаниялардың
керекті қаржыны банктерден қарызға алатындығымен
түсіндіруге болады.
Лизингтік операциялардың нысандары мен
түрлері
Лизингтік қызметтердің қазіргі нарығы
лизинг нысандармен, лизингтік келісім
шарт үлгілермен және лизингтік операцияларды
реттейтін заңды нормалардың алуан түрлілігімен
сипатталады.
• Үшінші тұлғаның қатысуымен;
• Келісім-шарттың мерзімі аяқталуына
дейін келісім-шартты бұзу мүмкіндігінің
болмауы;
• Лизингтік келісім периодын одан әрі
жалғастыру мүмкіндігінің жоқтығымен;
• Қаржылық лизингте негізінен объектілер
жоғары құнға ие болады.
Осындай келісімдер аренданың уақытына
дейін аяқталуын көздемегендіктен, арендалық
төлем сомасын дұрыс есептеу өте маңызды
болып келеді, себебі осы мүліктің иесіне
жабдықты сатып алуға және қолдануға байланысты
барлық жоғалтуларды, сонымен қатар табыстылықтың
қажетті нормасын өтеуге мүмкіндік береді.
Лизингтің осындай нысанында мүлікті
орнату мен сақтауға, ағымды қызмет көрсетуге
байланысты шығындарды, көбінесе, жалға
алушы өзіне алады. Көп жағдайда осындай
келісімдер жалға алушының келісім-шарт
аяқталған соң, мүлікті қалдықты құн немесе
жеңілдікпен сатып алуға құқық береді.
Жедел лизингкке қарағанда, қаржы лизингі
мүлік иелерінің тәуекелін төмендетеді.
Қаржылық лизингтің объектілеріне жылжымайтын
мүлік (жер, ғимараттар мен құрылғылар),
сонымен қатар, өндірістің ұзақ мерзімді
құралдары жатады. Қаржылық лизинг ұзақ
мерзімді аренданың басқа екі түріне,
қайтарымды және үлестік негіз болады.
2. Жедел лизинг.
Ағымды аренда туралы келісім-шарт болып
табылады. Жабдықты сатып алу мен қолдануға
байланысты шығындар арендалық төлемдер
есебінен бір лизингтік келісім-шартта
өтелмейтіндіктен, осы жабдықты жалға
бірнеше рет беруді талап етеді. Ол, көбінесе,
2 – 5 жылға келіседі. Жедел лизинг кезінде
объктіге қатысты залал шегу мен жоғалтуға
байланысты шығындарды жалға беруші өзіне
алады. Лизингтік төлемдер ставкасы, көбінесе,
қаржылық лизингке қарағанда жоғары болады,
себебі шығындардың толық өтелетіндігіне
ешкім кепілдік бермейді.
Жедел лизингтің негізгі объектілеріне
жабдықтардың жедел тозатын түрлерін
жатқызамыз: компьютерлер, көшірме және
көбейткіш техника, оргтехниканың әр түрлі
нысандары, т.б. және тұрақты сервистік
қызметті талап ететін күрделі техникалық
жабдықтар: (жүк және жеңіл автомобильдер,
әуе лайнерлер, темір және теңіз транспорт).
Жедел лизингтің шарттары жалға алушы
үшін тиімдірек кенін байқауға болады.
Мысалы, егер жалға алушы моральды тозған
жабдықтан келісім-шартты уақытының аяқталуына
дейін күшін жойса, жалға алушының жаңа
жоғары технологиялы және бәсекелесті
құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жалға алушы әртүрлі қолайсыз
жағдай туындаған жағдайда, осы іскерлік
түрінен бас тартуы мүмкін. Ол мүлік иесіне
уақытына дейін жалға алынған мүлікті
қайтарып, өндірістің жойылуына және қайта
құруына байланысты шығындарды азайтуға
мүмкіндігі болады. Егер бір жолғы жобаларды
немесе тапсырыстарды жүзеге асыру кезінде,
жедел лизинг одан әрі қажетсіз болатын
жабдықтар мен құралдарды сатып алудан
босатады.